Қазақстанда экспортталатын тауарлар бағасы 13,8% артты

экспортталатын
Фото: invest-ivanovo.ru

Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда экспортталатын тауарларға баға – 13,8%, импортталатындарға 7,9%-ға жоғарылады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.

Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы темір кендеріне – 26%, табиғи газға – 25,7%, марганец кендеріне – 22,1%, мысқа – 16,8%, мұнайға – 14,9%, ферроқорытпаларға – 14,3%, қара метал илегіне – 10,5%, көмірге 6,1%-ға жоғарылады, хром кендеріне – 13,9%, қорғасынға – 12,4%, мырышқа 8%-ға төмендеді. Бағаның арпаға – 21,5%, бидайға – 21%, мақтаға 8,9%-ға жоғарылауы, олардың жүнге 3,1%-ға төмендеуі тіркелді.

Импортталатын өнімдерден құс еті – 34,7%, темекі – 31,8%, көкөністер – 15,2%, балық – 14,3%, қант – 13,2%, шай – 9,1%, маргарин – 3,7%, фармацевтикалық өнімдер 3,4%-ға қымбаттады, какао – 4,3%, өсімдік майы – 5%, кофе 0,3%-ға арзандады. Баға аяқкиімге – 27,9%, шиналарға – 21,7%, құрылыс материалдарға – 15,8%, қағазға 15,1%-ға жоғарылады.