Нығматулин Ерлан Зайроллаұлы – 1962 жылы 31 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1983 жылы — Қарағанды кооператив институтын экономист мамандығын тәмадаған.
Ресей-Қазақстан Қазіргі заманғы Гуманитарлық университетін бітірген.
Ғылыми атақтары:
Экономика ғылымдарының кандидаты. 1999 жылы «Әлемдік экономиканың жаһандану және дағдарыс жағдайындағы Қазақстанның инвестициялық саясатының басымдықтары» атты дессертацияны қорғаған.
Еңбек жолы:
1983-84 жылы — Жезқазған облыстық сауда басқармасының ревизоры болды.
1984-1990 жылдары — Жезқазған асхана және рестораңдар трестінің директоры лауазымына тағайындалды.
1990-1991 жылдары — Облыстық сауда басқармасының сауда-саттық базасының директоры болып қызмет етті.
1991-1993 жылдары — «Жезқазған түсті металл» ғылыми-өндірістік бірлестігінің жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің бастығы болды.
Балқаш қалалық сауда бөлімінің директоры қызметінде жұмыс істеді.
1993-1998 жылдары — «Ерқанат» сауда үйінің директоры болып тағайындалды.
1998 жылдары — «Пульс» ЖШС-нің директоры болды.
1999 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі II-III-IV шақырылымының депутаты, Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.
2011 жылы — Қазақстан Парламентінің Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшелігіне кірді.
1999-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
2011-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде қызмет етті.
Қоғамдық қызметі:
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясының мүшесі.
Америка Құрама Штаттары Конгресімен ынтымақтастық тобының мүшесі.
Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисімен (Ұлттық Жиналысы) ынтымақтастық тобының мүшесі.
Марапаттары:
- «Шапағат» медалі
- 2006 жыл — «Құрмет» ордені
- 2008 жыл — «Достық» ордені
- бес медальмен марапатталған.
- Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы мен Приозерск қаласының Құрметті азаматы
- 2011 жылы — РФ Мемлекеттік Думасының құрмет грамотасы
Еңбектері:
«Инвестиция и инвестициялық саясат» (1999) кітабының және бірқатар жарияланымдардың авторы.
Отбасы:
Әкесі — Зайролла Гершанұлы Нығматулин.
Әйелі -Серикбаева Бақыт Карибекқызы, 1962 жылы дүниеге келген.
Балалары: Малика — 1982 жылы туған.
Мәдина — 1984 жылы туған.
Кәрім – 1995 жылы туған.
Активтері:
Нығматулин Ерлан — «Вираж Сервис Қарағанды» ЖШС, «Auto logistic Қарағанды» ЖШС, «Qaz Qarbon» ЖШС, «Кварцит» тау-кен компаниясы, «Shygys Ondirisi» ЖШС, «ЭКО ГлобалИнвест» ЖШС, «Ұлытау Нан» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы. «AgroCapital» ЖШС, «Тренд Капитал» ЖШС, «Trend Плюс» ЖШС, «YDD Corporation» ЖШС, «Тобыл Нан» ЖШС, «Сарыарқа Нан Қарағанды»ЖШС-де үлесі бар.
Бизнесмен — «Атамекен» ҰКП Төралқа мүшесі, ҚР ІІМ жанындағы полиция қызметін бақылау жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.
Дереккөз: forbes.kz, kk.wikipedia.org, online.zakon.kz