Нұрбол Сарыбайұлы Сұлтан - 1976 жылы Алматы қаласында туған.
Білімі:
1997 жылы - КазГАУ - ды экономика мамандығы бойынша бітірген.
1997 жылы - Лондондағы Guildhall University қаржы менеджменті мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
1999 жылы - «ҚазТрансОйл» ҰМТК» ЖАҚ мемлекеттік активтерді басқару департаментінің бастығы болды.
2001 жылы - «Мұнай және газ келігі» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бастығы болып сайланды.
2001 жылы - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры болып жұмыс істеді..
2003 жылы - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорыныңдаму жөніндегі орынбасары ретінде еңбек етті.
2009 жылы - «ҚазТрансОйл»АҚ бас директоры лауазымына сайланды.
2004 жылы - «KazTransCom» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Отбасы:
Әкесі - Сарыбай Қалмырзаев (1949-2012) - ҚР Қаржы полициясы агенттігінің бұрынғы төрағасы және ҚР Президенті Іс Басқарушысы.
Анасы – Ахимбекова Үмітай Қасқатайқызы – 1949 жылы 1 қаңтарда туған.
Әйелі – Сұлтан Анжелика Салаватқызы – 1976 жылы 27 шілдеде туған.
Балалары: ұлдары – Сұлтан Әлнұр (2001 жылы 16 қазанда туған), Сұлтан Авраам ( 2013 жылы 1 маусымда туған), Сұлтан Әлен (2004 шілденің 9 дүниеге келген).
Активтері:
Нұрбол Сұлтан — «АзияКредит Банк» АҚ-ның иесі.
«KСЖ Aзия Life» АҚ-да 24% иеленіп, «Meridian Capital» ЖШС арқылы «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС үлесі бар.
«Ansagan Petroleum» ЖШС, «Maten Petroleum» АҚ, «TriasMunaiGas» ЖАҚ және «Petro Chemical Company» ЖСС-ның мүдделері бар.
2018 жылы Forbes сайты құрған «Қазақстандағы ең бай бизнесмендер» рейтингінде 42 сатыға орналасты. Өткен жылы Нұрбол Сұлтанның жағдайы 94 млн долларды құраған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024