Қазақстандағы ең ірі бизнесмендер: Серікжан Сейтжанов

891
Фото: glavportal.com

Серікжан Сейтжанов — бизнесмен, меценат. 1949 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауданында дүниге келген.

Білімі:

1971 жылы — Қазақ химия-технологиялық институтын «инженер-құрылысшы (технолог)» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

Еңбек жолын «Шымкентпромстрой» трестінің материалдар комбинатында шебер болып бастаған. Цех бастығы, бас инженер және комбинат директоры қызметтерін атқарды. Басшы лауазымында 16 жыл жұмыс істеген.

Шымкент қалалық компартия комитетінде екінші хатшы болды.

Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі Мемлекеттік комитеттің Оңтүстік Қазақстан Басқармасының бастығы болып еңбек етті.

1994 жылы — Оңтүстік Қазақстан Мәслихатының депутаты болып сайланды.

2003 жылы — «САУТС-ОЙЛ» ЖШС мұнай компаниясының президенті болып тағайындалды.

Кәсіпкерлігі:

Серікжан Сейітжанов 2003 жылы Қызылорда облысында көмірсутегін барлау және өндірумен айналысатын «Саутс-Ойл» мұнай компаниясының президенті болды. Осы уақыттан бері компания белсенді түрде кеңейді. 2003 жылдың 11 тамызында «Тереңөзекмұнайөнімдер» акцияларының 43%-ын, ал 2005 жылы «Қызылордаснаб» өндірістік базасын барлық ғимараттармен сатып алды. Қазір компания Қызылорда филиалындағы өндірістік базаға, Қызылорда облысы Тереңөзек ауылындағы мұнай құю терминалына және Астана, Алматы, Қызылорда қаласындағы филиалға ие.

1999 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Саутс-Ойл» саланың көптеген компанияларымен тығыз әріптестік байланыс орнатты. Олардың қатарында ресейлік Novokor LTD (Москва), Petro Kazakhstan Kumkol Resources, Hilong, «Мұнайгазгеолсервис» (Шымкент), «АқАйконсалтинг», КАТЭК, «Азия Эколинг» (Алматы), «НИПИнефтегаз» (Ақтау), «Сырдария Мұнай» (Қызылорда) және «Заман Энерго» (Атырау) бар.

2008 жылы Серікжан Сейтжанов мұнай бизнесінің қажеттілігі үшін инновациялық цемент зауытын салды.

2014 жылдың соңында Шымкентте Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі ашылды. Бұл бизнес «ФТПК Оңтүстік», яғни Сейтжановтың отбасына тиесілі. Ғимаратты Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайының және «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының сәулетшісі болған Норман Фостер жобалаған.

2017 жылы қыркүйекте кәсіпкер Шымкент әкімдігінің Мұз сарайын сатып алды. Мәміле сомасы 128 млн теңгені құрады.

БАҚ хабарлауынша, бизнесмен облыс орталығы болған Түркістан қаласында Rixos Khadisha Turkestan бесжұлдызды қонақүйін салады. Жоспарға сәйкес, құрылыс жұмыстарына 10 млрд теңге бөлінеді.

Қайырымдылық қызметтері:

Серікжан Сейтжановтың тапсырысымен халық игілігі үшін мешіт салынды. «Саутс-Ойл» компаниясы Шілік ауылында мектеп және балабақша, Таскен ауылында мектеп, Қызылордада «Нұрсат» теннис орталығы және «Ақмешіт» мәдени-сауықтыру орталығы, Қамыстыбас көлінде шипажай, Шымкентте «Қос ана» бөбекжай-балабақшасын салды.

«САУТС-ОЙЛ» ЖШС қайырымдылық және демеушілік көмек көрсетті:

  • Оңтүстік Қазақстан мүгедектер қоғамына;
  • «Эдилет» академиясына;
  • «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы», «Шыңғысбай қажы», «А. Каттани» мешіттеріне;
  • ҚР каратэ-до федерациясына;
  • Сырдария қоғамдық қайырымдылық қорына;
  • Қызылорда қаласының Облыстық ауыр атлетика федерациясына.

Ғылыми атақтары:

1997 жылы Калифорнияда (АҚШ) Серікжан Сейтжанов Халықаралық ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының белсенді мүшесі болып сайланды.

1998 жылы докторлық дессертациясын қорғады.

Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының корреспондент-мүшесі болды.

Вена қаласының Халықаралық университетінің, М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің және Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің құрметті профессоры атанды.

«Құрмет Белгісі» халықаралық сыйлығының лауреаты болды.

Марапаттары:

  • «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
  • «Парасат» ордені;
  • «Қазақстанның даңқы» ордені;
  • «Құрмет белгісі»;
  • «Білім меценаты-2008 » алтын медальдары
  • «Алтын Жүрек» (2008 жыл);
  • «Қазақстан Көшбасшысы-2013»;
  • 2 рет «Парыз» алтын мүсіні.

Активтері:

Сейтжановтар отбасына «Оңтүстік» ФТПК, «Саутс Ойл» ЖШС, Smart-Oil бұрғылау компаниясы, «МұнайҚұрылысСервис» ЖШС, «Стандарт Цемент» зауыты, «КАС-бетон»ЖШС тиесілі. Сондай-ақ, Rixos Khadisha Shymkent, «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің 33%-на және «Стандарт Ресурсис» ЖШС-не иелік етеді.

2018 жылы Forbes сайты құрған “Қазақстандағы ең бай бизнесмендер” рейтингінде 17 сатыға орналасты. Өткен жылы Серікжан Сейтжановтың жағдайы 331 млн долларды құраған.

Отбасы:

Әйелі — Ханшайым Сейтжанова.

Балалары: қызы және үш ұлы бар.

Дереккөздер: forbes.kz365info.kz, informburo.kz.