Қазақстандықтар ақшасын қандай банктерде сақтайды

119
бөлшек
Фото: geometria.ru

Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі бөлшек салымдардың көлемі 8,9 трлн теңгені құрады. Мұндай депозиттердің 94,3%-ы немесе 8,4 трлн теңге ірі он коммерциялық банкке шоғырланған, деп хабарлады Ranking.kz.

Айта кетейік, 10 жыл бұрын бөлшек салымдар нарығында 36 банк, ал бес жыл бұрын — 38 ЕДБ өз қызметтерін ұсынған. 2017 жылы — 33, 2018 жылы — 28 банк жұмыс істеді. Ал осы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша елде тек 27 банк қалды.

Бір айда (2019 жылдың қыркүйек-қазан айлары) бөлшек салымдардың көлемі 1,1%-ға өсті. ТОП-10 ЕДБ 2019 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда жиынтығына 1%-ды қосты. Оң көрсеткішті 10 ірі банктің 8-і көрсетті.

Халық салымдарының айлық өсімінің көшбасшысы — ForteBank: өсім — 4,9%, немесе 26 млрд тг, 559,9 млрд теңгеге дейін. Бұл бөлшек салымдар нарығының 6,3%-ы.

Жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша көшбасшы үштігіне АТФБанк (+4,7%, немесе 14,5 млрд теңге, 321,1 млрд теңгеге дейін) және RBK Банкі (+3,3%, немесе 5,5 млрд теңге, 173,3 млрд теңгеге дейін) кірді.

Жалпы сектор бойынша жеке тұлғалардың салымдары бір жыл ішінде 5,7%-ға немесе 484,1 млрд теңгеге өсті.

Сондай-ақ, 8,9 млрд теңге бөлшек салымы ҚР ЕДБ депозиттерінің жалпы көлемінің 49,9%-ын құрайды.