«Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық компаниясының кірісі 272 млрд теңгені құрады

22
«Қазақтеңізкөлікфлоты»

Алматы. 21 қыркүйек. 7kun.kz – Бүгін Маңғыстау облысында «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясының 20 жылдығына орай мерекелік шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында компания қыметкерлері Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Инвестициялар және даму министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ,  «Kazenergy» қауымдастығының төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС медалімен марапатталады.

«20 жылда Қазақтеңізкөлікфлоты кемелерімен Каспий және басқа да ашық теңіздерде 100 миллионнан аса мұнай тасымалданды. Қашаған жобасы бойынша Компанияның қызмет көрсету флоты жасанды аралдар құрылысына арналған 6 млн тоннадан астам тас өнімдері тасымалдады», — деді Маңғыстау облысының  әкімі Ералы Тоғжанов.

Компания кірісі 272 миллиардтан астам теңгені құрап, еліміздің бюджетіне 6 миллиардтан астам теңге корпоративтік табыс салығын аударды.