«Қазатомөнеркәсіп» қосымша акцияларын қор биржасына орналастыруды жоспарламайды

36
Фото: Zakon.kz

Алматы. 14 қараша. 7kun.kz — «Самұрық-Қазына»  «Қазатомөнеркәсіптің» қосымша акцияларын орналастыруды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлады Ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Пірматов ХФО биржасында сауда-саттық ашылған күні өткен баспасөз мәслихатында: «Бастапқыда 25% деген шешім қабылданған еді. Қазір «Самұрық-Қазына» 15%-ын сатты және менің түсінуімше «Самұрық-Қазынада» жақын арада қандай да бір акцияларды қосымша сату жоспарда жоқ», — деп мәлімдеді.

Сейсенбі күні «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қоры Лондондық қор биржасында (LSE) және АХҚО (AIX) биржасында «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының 15%-ын орналастырды деген хабар шыққан еді. IPO аясында мемлекеттік қор 451 млн доллар тартты. IPO-дан кейін компаниядағы мемлекеттік қордың үлесі 100%-дан 85%-ға дейін қысқарды.