Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

1,2 мыңнан астам үй жануары құтыруға қарсы егілді

1,2 мыңнан астам үй жануары құтыруға қарсы егілді

Алматы. 1 сәуір. 7kun.kz – Бүгін әкімдіктің апта сайынғы отырысында фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышевтің айтуынша, наурыз айының басынан елордада құтырмаға қарсы 1 220 үй жануары егілген. 

«2019 жылдың бірінші жартысында құтырмаға қарсы 2 600 ит, 1000 мысықты егу және сібір жарасына қарсы 350 бас қара мал, 1300 қой-ешкі, 410 бас жылқыны егу жоспарланып отыр», - деді Т.Құлышев.

Оның айтуынша, жыл басынан қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына түскен өтініштер бойынша 1 194 қараусыз қалған жануарлар ауланған.

Ауланған иттер мен мысықтар уақытша ұстау баспанасында күтіледі. Қазіргі уақытта бұл жерде 554 ит пен 30 мысық бар.

Бұдан басқа, қараусыз қалған иттер мен мысықтардың  санын азайту мақсатында осы жылдың маусымы мен желтоқсаны аралығында 1 800 жануарды зарарсыздандыру  жоспарлануда.

Похожие материалы