Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2017 жылы Қазақстанда бензин қымбаттай береді - сарапшы

2017 жылы Қазақстанда бензин қымбаттай береді - сарапшы

Астана. 10 наурыз. 7kun.kz - АИ-92 жанармайының бір литрі үшін орташа баға наурыз айында 140 теңгеден 143 теңгеге дейін көтерілді, АИ-95 және АИ-96 бензині бағасы 152 теңгеден 155 теңгеге дейін артты. Экономист Сергей Смирновтың айтуынша, жанармай бағасы ары қарай да өсе береді. Бұл туралы sputniknews.kz жазды.

Мұнай және газ саласының сарапшысы, экономист Сергей Смирновтың айтуынша, ақпан айында бензин екі рет өсті, наурыз айында тағы бір баға өсімі тіркелді, біздің бағалар Ресейдікімен теңелгенше осылай жалғаса береді.  

«ЕАЭО аясында 2025 жылға қарай энергия ресурстарының бірыңғай нарығын құру туралы шешім қабылданды, тарифтер унификациясы Қазақстанның ішкі нарығында бағалардың қымбаттауына алып келеді. Мұнай өңдеу зауыттарын модернизациялау да қарыз ақшаға жүргізіліп жатыр, кейін оларды үстеме пайызымен қайтару керек болады. Ал ақшаны қайдан алмақ? Әлбетте, автокөлік жүргізушілерден. Тұтынушылардың наразылығын тудырмас үшін жанармай бағасын осылай біртіндеп өсіреді», - дейді сарапшы.

Басылымның «министр неге бағаларды төмендейтіндігі туралы сөз қозғады?» деген сұрағына сарапшы: «Меніңше, бұл халықты тыныштандырып, болашаққа сеніммен қарауы үшін айтылған сөз. Уәде беру оңай ғой, бірақ сол уәденің орындалуы екіталай. Жоспар бойынша МӨЗ модернизациясы 2009-2015 жылдары жүргізілуі тиіс еді, іс жүзіне келгенде уақытты жылжыта береді», - деп жауап берді.

Похожие материалы