Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2021 жылға дейін мұнай бағасы 51 доллар деңгейінде болады (Видео)

2021 жылға дейін мұнай бағасы 51 доллар деңгейінде болады (Видео)

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сарапшылары 2021 жылы мұнай бағасы барреліне 51 доллар көлемінде болады деп есептейді. Бұл туралы ұйымның есебінде жазылған.   

Зерттеуге сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 36 доллар болады. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 42 долларға дейін өсуі қажет.

ХВҚ сарапшылары болжамды 2016 жылдың сәуіріндегі мұнай бағасы бойынша жасалынғанын атап өтті.

Еске салайық, 8 маусымда Brent маркалы мұнай бағасы лондондық биржада өткен жылдың қазанынан бері алғаш рет 52 доллардан асты.

Похожие материалы