Экономика
Медиа
Қазақстандық қоғамдық ұйымдар "Ашық Үкімет" бастамасына қосылмақ
Қазақстандық қоғамдық ұйымдар мен халықаралық ұйым өкілдері ҚР Үкіметінің халықаралық "Ашық Үкімет" серіктестігі" (OGP) бастамасына қосылу туралы шешімін қолдауға дайын. Бұл туралы Сорос-Қазақстан қорының ұйымдастыруымен өткен баспасөз конференциясында мәлім болды.
Баспасөз конференциясына Қазақстандағы Internews Network өкілдігінің директоры Ержан Сүлейменов, "Экономикалық және құқықтық реформаларды қолдау орталығы" ҚБ-ның директоры Әсел Қырықбаева және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы директорының орынбасары Татьяна Зинович қатысты.
Конференцияда сөз сөйлегендер аталған бастамаға Қазақстанның қосылуы маңызды екенін атап өтті. "Ашық Үкімет" Серіктестігіне" қатысу Қазақстанның басқару ісінің тиімділігін арттырып, Үкімет қызметінің ашықтығын көрсетеді және шешім қабылдау процесінде азаматтардың еркін болуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, "Ашық Үкімет" серіктестігі (Open Government Partnership, OGP) — мемлекеттік басқару ісін жақсартуға бағытталған халықаралық бастама. Бастамаға қосылу арқылы үкіметте тиімді алғышарттар құрылады. Яғни азаматтарға толық есеп бере отырып, бірге жұмыс істей алады.