Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бензин бағасы АҚШ-та литрына 43,38 теңгеге дейін төмендеді

Бензин бағасы АҚШ-та литрына 43,38 теңгеге дейін төмендеді

АҚШ-тағы бензиннің орташа бағасы бір галлонына (3,8 литр) 1 доллар 89 центке арзандады. Бұл 2015 жылдағы орташа бағадан 17 центке төмен, деп хабарлайды Livecars.ru.

Жексенбі, 17 қаңтар күні Мичиган штатындағы Хоутон қаласында орналасқан Beacon Bridge Market жанармай құю бекеті бензинді галлонына 47 центке сатқан.  Бұл баға Виргиния штатындағы жанармай бекеттерінің құнынан 82 центке арзан. Жаңа баға соңғы 10 жыл ішіндегі рекордты төмен баға болып отыр. Алайда, сол күні АҚШ-тың өзге қалаларында бензинді бұндай төмен бағада сатқан жанармай бекеті болмады. Дегенмен, 18 қаңтар күні Beacon Bridge Market жанармай құю бекеті бензинді бұрынғы бағада (бір галлонына 1,40 доллар көлемінде) сатты. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы АҚШ-тағы мұнай бағасы бір галлонына орта есеппен 4,12 долларға жеткен еді. Фото: economics-prorok.com

Похожие материалы