Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

PR саласындағы «Ақ мерген» жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

PR саласындағы «Ақ мерген» жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды

Кеше Алматыда қоғаммен байланыс саласы үздіктерін анықтайтын «Ақ мерген» жүлдесі аяқталып, жеңімпаздары марапатталды.

«Әлеуметтік коммуникация және қайырымдылық саласындағы үздік жоба» аталымында «Kaspi Bank» АҚ-ның «Өзімді өзгертемін», «Бизнес коммуникация саласындағы үздік жоба» аталымында «Black & White» компаниясының «Шұбаркөл көмірі туралы» жобасы үздік деп танылды. «Интернеттегі үздік жоба» аталымында Movators және «Комбинат креативных решений" топтарының «Қазақстандықтар бақыт туралы» жобасы жеңімпаз болды. «Жыл шебері» атағына PR саласына қосқан үлесі мен ҚР қоғаммен байланыс ұлттық қауымдастығының дамуына қосқан үлесі үшін Ренессанс агенттігінің басқарушы серіктесі Светлана Крутских марапатталды. «Қазпошта» АҚ мен Константин Пименов «Похудей с Milavitsa» жобасы үшін арнайы жүлдеге ие болды. «Ақ мерген» жүлдесі ҚР қоғаммен байланыс ұлттық қауымдастығынің бастамасымен Қазақстанның PR нарығын дамыту, корпоративтік және мемлекеттің қоғаммен байланыстағы мәдениеті мен құндылықтарын қалыптастыру, тәжірибе алмасу мақсатында 2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

Похожие материалы