Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Отандық балалар әдебиеті жаңа ертегілермен толықты

Отандық балалар әдебиеті жаңа ертегілермен толықты
Жақында отандық балалар әдебиеті қорына балалық қиялды шарықтатып, ертегілер еліне еліктіретін «Алуан түсті балықтар және Дария», «Даниялдың ғажайып әлемі» деп аталатын екі тамаша кітап қосылды. Бұл туралы Ұлан газеті жазды.  Кітаптың авторы - Амани Жан. Әдебиет әлеміне үлкен жауапкершілікпен, зор дайындықпен келген жас автор өзінің тырнақалды туындыларын қағаз бетіне түсіріп, кішкентай оқырмандарына ұсыну жолында он жылдай еңбектеніпті. Үш тілде (қазақша, орысша және ағылшынша) аудио нұсқасымен бірге шыққан бұл кітаптардың соңғы бетіне үңілсек, ертегілерді жарыққа шығарарда: редакторлар, аудармашылар, дизайнер, суретші, дубляж режиссері, дыбыс режиссері, сазгер, көркемдік редактор, дыбыстаған әртістермен қосқанда жалпы саны жиырма шақты маман жұмыс жасағандығын көреміз. Сондай-ақ, белгілі суретшілер А.Хәкімжанова мен А.Састың бірегей иллюстрациялары ертегі мазмұнын толықтырып, тартымды етеді.

Похожие материалы