2016 жылғы ақпанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 20 380 теңгені құрады. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарланды.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда 1,2%, 2015 жылғы ақпанмен – 7%-ға жоғарылады.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,1%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқа – 17,9%, жемістер мен көкөністер – 9,8%, нан және жарма өнімдері – 8,6%, қант, шай және дәмдеуіштер – 2,6%-ды құрады.
[caption id="attachment_38179" align="alignnone" width="672"] Дереккөз: Статистика комитеті[/caption]