Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЕО Түркиядан БАҚ еркіндігін сыйлауды талап етті

ЕО Түркиядан БАҚ еркіндігін сыйлауды талап етті

Еуропалық одақ Түркиядағы Feza Media Group және Zaman газетімен байланысты жағдайларды және полицияның баспаға қатысты әрекетін жіті бақылап отыр. Еуропалық сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі осындай мәлімдеме жасады.

"ЕО Түркияның жоғары демократиялық стандарттар мен тәжірибені құрметтеп, БАҚ еркіндігін сыйлауы керектігін бірнеше рет ескерткен еді",- делінген Брюсселде таратылған хабарламада.

Еуропалық одаққа кіруге келіссөз жүргізіп жатқан кез-келген ел Еуропалық адам құқығы бойынша конвенцияда жазылған заңдық нормалардың орындалуына, ой еркіндігіне кепілдік беруі керек деп жазылған құжатта.

Еске салайық, төртінші наурызда түрік билігі ресми пікірден бөлек мазмұнда хабар таратқан Feza Media Group холдингі мен Zaman газетіне қысым көрсетті. Полиция холдингтің штаб-пәтерінде тексеру жүргізді. Үкімет әрекетіне қарсы Стамбулда жүргізілген наразылық шарасын полиция қатаң түрде басып, шерушілерге қарсы көз ашытатын газ пайдаланды.

Похожие материалы