Тәуелсіз Қазақстан егеменді ел болғаннан кейінгі алдына қойған басты мақсатының бірі - адамдардың жақсы тұрмысын іс жүзінде қамтамасыз ететін қоғам орнату. Осы орайда әрбір адамға кәсіпкерлік еркіндік пен мүмкіндік туғызып, жоғары әлеуметтік мәртебеге жетуін қамтамасыз ету, экономиканың өсуі мен тұрақтануына және оның дүниежүзілік шаруашылық байланыстарына, интеграциялануына орай еңбек табыстарын, зейнетақыны және жәрдемақыны арттыру бүгінгі күннің қажеттілігінен туындап отыр. Әлеуметтік салада егемендікке жеткеніміздің басты көрсеткіштері: ұлттық байлықтың көбеюі, халықтың тұрмыс-тіршілігі дүние жүзіндегі озық дамыған елдермен арамыздағы артта қалушылық пен алшақтықты азайту, яғни технологиялық дамудағы және тұрмыс жағдайы деңгейіндегі айырмашылықты қысқарту. Бұл мақсатты жүзеге асыру ұлттың әлеуметтік қабілетіне байланысты. Оған құндылықтар жүйесі, оқу-білім, кәсіби шеберлік, білім-ғылым базасының деңгейі, ұлттық нарықтық қатынас, қоғамдық институттардың даму дәрежесі және т. б. жатады. Қазақстандағы ауыл мен селоларда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы Одақ кезінде де қала тұрғындарымен салыстырғанда кейін қалып келгені белгілі. Оның үстіне бізде ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен, тұрғындардың көп бөлігі ауылдық жерде тұрады. Осыған қарамастан дағдарыс алдымен ауыл тұрғындарына қаттырақ тиді. Мұның себептері де бар еді. Әуелі ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп және басқа салалар өнімдерінің бағасы арасында үлкен алшақтық туды. Тепе-теңдіктен өте алыс баға алшақтығы ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Әлеуметтік проблемадағы тағы бір шешімін табатын мәселе - ол шалғай аудандарда, шөл және шөлейт жерлерде, Арал, Семей полигоны сияқты экологиялық апат аймағында тұратын халықтың тұрмысын көтеру. Жасыратыны жоқ, ол жерлердің барлығында негізінен өзіміздің қандас-тарымыз, қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Сондықтан осы маңызды әлеуметтік мәселені қолға алмай, оны тиісті дәрежеде шешпей, Қазақстанның экономикасы жөнінде айту қиын.
1.1.Республика халқының әлеуметтік жағдайы Алайда, қоғамдық қатынастардың өзгеруімен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты XX ғ. 90-шы жылдары жақсы өмір сүру халықтың көпшілігінің көзінен бұл-бұл ұшты, оның тұрмыс жағдайы жыл сайын төмендеп отырды. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінше дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықтың материалдық-тұрмыстық жағдайының үнемі нашарлауы, баға мен ақшаның құнсыздану жылдамдығының өсуі адамдардың болашаққа деген сенімсіздігін, моральдық-психологиялық дағдарысқа ұрынуын күшейтті, рухани жүдеулік өрбіді. Еліміздің барлық аймақтарында өндірістің құлдырауы және соған байланысты халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі демографиялық жағдайға әсерін тигізді. Мұны бала туу мен өлім-жітімнің, сондай-ақ, халықтың республикадан тыс жерлерге көшіп кетуінің жай-күйін сипаттай-тын көрсеткіштерден анық байқауға болады. Мәселен, 1991-1995 жылдар аралығында он мың тұрғынға шаққанда бала туу деңгейі 21,0 адамнан 16,6 адамға дейін азайды. Сонымен қатар басқа жақтарға, соның ішінде Израильге, Германияға, АҚШ-қа, Ресейге т. б. жерлерге қоныс аударушылар көбейді. Олардың саны: 1992 жылы - 352 мың, 1993 жылы - 333 мың, 1994 жылы - 542 мың, 1995 жылы - 423 мың, 1996 жылы - 229,4 мың, 1997 жылы - 299,4 мың, 1998 жылы - 243,6 мың, 1999 жылы - 162 мың, 2000 жылы - 156,8 мың, 2001 жылы - 143,6 мың болды. Осы себептермен байланысты халықтың саны жылдан-жылға қысқарды. Егер 1992 ж. Қазақстанда - 17 млн. халық болса, 1993 жылы - 16 млн. 871 мың, 1995 жылы - 16 млн. 539 мың, 1996 жылы - 16 млн. 41 мың, 1997 жылы - 15 млн. 860 мың, 1999 жылдың басында 14 млн. 951 мың, ал 2002 ж. басында 14 млн. 820 мың адам болған, немесе 1992 жылмен салыстырғанда республикада тұратын халықтың саны 2 миллион 180 мың адамға қысқарған. Соңғы кезде елдің экономикалық жағдайының жақсаруымен байланысты халықтың саны да өсе бастады. 2004 жылы республика халқының саны 15 миллионға жетті, қалада тұратын халық көбейді, еліміздегі барлық халықтың 57 %-ы қалаларда, ал қалған 43%-ы ауыл-селоларда тұрады. Республика көлемінде 131 ұлт пен ұлыстың өкілі тұрып жатыр. Бір айрықша бөліп айта кететін жайт, қазақтар саны бірте-бірте басымдыққа ие болып келеді. Мәселен, XX ғ. 60-шы жылдары қазақтар елде тұратын халықтың үштен бірін қамтыса, 1997 жылдың басында олар республика халқының тең жарымын құрады. 1999 жылғы халық санағы бойынша қазақтардың саны 8,2 млн. адамға жетіп, жалпы халықтың 53,4 %-ін қамтыса, 2004 ж. 8,6 млн.-нан асып, республика халқының 58 пайызын құрады. Экономикалық реформалар процесі тереңдеп, еңбек рыногіндегі жағдай неғұрлым шапшаң шиеленіскен сайын халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. Адамдардың еркін еңбек етуге және қалаған мамандығын таң-дап алуына деген құқықтары сөз жүзінде қалды. Нәтижесінде 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық басталды. Бұған басқа елдерден жүмыскерлер алып келуінің де кері әсері тиді. Елдегі жұмыссыздардың саны, әсіресе, 1997-1999 жылдары едәуір өсіп, еңбек етуге жарайтын барлық халықтың 13-13,5 пайызын қамтыды. Олардың қатары республика экономикасының қайтадан көтерілуімен байланысты тек 2000-шы жылдан кейін кеми бастады. Сөйтіп, 2004 жылы жұмыссыздар саны жалпы жарамды халықтың 7,9 пайызына дейін төмендеді. Нарықтық өзгерістер жұмыспен қамтылғандардың жаңа категориясын - жұмыспен өзін-өзі қамтушыларды қалыптастырды. Олар соңғы жылдары жұмыс істейтін халық санының 40 пайызына дейін жетті. Бүған жеке меншік сектордың серпінді дамуы жағдай жасады. Қазақстандағы ауыл мен селоларда тұратын халықтың әлеуметтік жағдайы Одақ кезінде де қала түрғындарымен салыстырғанда кейін қалып келгені белгілі. Оның үстіне бізде ауыл шаруашылығының үлес салмағы үлкен, тұрғындардың көп бөлігі ауылдық жерде тұрады. Осыған қарамастан дағдарыс алдымен ауыл тұрғындарына қаттырақ тиді. Мұның себептері де бар еді. Әуелі ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп және басқа салалар өнімдерінің бағасы арасында үлкен алшақтық туды. Тепе-теңдіктен өте алыс баға алшақтығы ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды. Оған колхоздар мен кеңшарларда тез арада жекешелендіру науқаны қосылды. Көптеген бұрынғы кеңшарларда жыл бойы еңбек ететін 600-800 адамның үштен бірі, кей жерде жартысы жұмыссыз қалды. Жастар лек-легімен жұмыс іздеп қалаға ағылды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жұмыспен табыс жоқ, сенделіп жүріп азын-аулақ саудамен, рэкетпен, ұрлық-қарлықпен шұғылданып, мыңдаған казақ жастары қылмыскерлер қатарын толтырды. Сондықтан бүгінгі ауыл жастарының болашағы бұлыңғыр екенін жан-жақты ескеріп, оларды қаладан кетіп жатқан басқа ұлт өкілдерінің орнына жұмысқа орналастыру шаралары жүргізілді. Осымен байланысты Елбасы Н. Назарбаев 2002 жылы Ақтау қаласында республика жастарының конгресінде сөйлеген сөзінде болып жатқан қиындықтарды жеңе білуге, аянбай еңбек етуге, ең басты болашақ қоғамның жақсы азаматы болу үшін тиянақты білім алуға шақырды. Егемен мемлекеттің әлеуметтік саладағы жүзеге асыратын істерінің бірі - еңбекақыны жолға қою, өнімді еңбек еткен адамның жалакысын үнемі өсіріп отыру. Ол саудамен, алып-сатарлықпен шұғылданатын адамнан кем таппауы керек. Бірақ іс жүзінде бұл аса маңызды мәселе XX ғ. 90-шы жылдары өзінің шешуін таппады, әсіресе, мемлекеттік бюджеттің қарауындағы халыққа білім беру, денсаулық сақтау, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мәдениет пен ғылым саласының қызметкерлерінің алатын жалақысы оте томен деңгейде қалып қойды. Жалақыны бетімен жіберу үкіметтің реформа жасаудағы қателіктерінің бірі болды. Елдің көбі әліде болса жұмысты аз істеп, ақшаны көп алғысы келді. Халык шаруашылығы жетекші салаларының жұмысшылары мен қызметкерлері мемлекеттік бюджетте тиісті ақшаның болмауы себепті жалақыларын бірнеше ай бойы ала алмайтын халге жетті. Міне, осының салдарынан шахтерлердің, мектеп мұғалімдерінің, дәрігерлердің ереуілге шығуы орын алды. Әлеуметтік проблемадағы тағы бір шешімін табатын мәселе - ол шалғай аудандарда, шөл және шөлейт жерлерде, Арал, Семей полигоны сияқты экологиялық апат аймағында тұратын халықтың тұрмысын көтеру. Жасыратыны жоқ, ол жерлердің барлығында негізінен өзіміздің қандас-тарымыз, қазақ ұлтының өкілдері тұрады. Сондықтан осы маңызды әлеуметтік мәселені қолға алмай, оны тиісті дәрежеде шешпей, Қазақстанның экономикасы жөнінде айту қиын. Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі зейнеткерлерді - зейнетақымен қамтамасыз ету. Көптеген аймақтарда халықтың осы әлеуметтік тобы өзінің маңдай тер, табан ақысының қайтарымын ала алмауы олардың наразылығын туғызды. Сондықтан үкімет, оның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы қарызынан құтылу мақсатында басты үш бағытта бірқатар жұмыс жүргізді. Біріншісі - зейнетақының бұрынғы қарыздарын жабу, екіншісі - қазіргі зейнетақыны уақытында төлеу, ал үшіншісі - зейнетақы жүйесін реформалау. Бүл үш бағытта жүргізілген іс-шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, жеті-сегіз ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл түрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Нәтижесінде қазіргі кезде зейнетақы республиканың барлық аймақтарында уақытылы төленеді.
1.2.Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясаты Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясатының маңызды бір саласы зейнетақыны арттыру болып табылады. Бұл бағытта елімізде оң қалыпты үрдіс жалғасын табуда. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1998 жылы 3 мың теңге болса, 1999 жылы үкімет оған 500 теңге қосты. 2000-жылы тағы да 500 теңге қосылып, 4 мың теңгеге жетті. Үкімет зейнеткерлердің өтініш тілектеріне байланысты 2002 жылы қосымша 455 теңгені ең теменгі мөлшердегі зейнетақы алатындарға қосумен бірге, 10 мың теңгеден төмен алатындарға да қосты. Ал ондай зейнеткерлердің саны бір миллион 100 мың адамды қамтыды. Жалпы 2000-2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мәрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен зейнетақы көлемі тағыда 12 пайызға көтерілді, сөйтіп ең төменгі зейнетақының көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылы Қазақстанда 3,5 миллионнан астам адам, немесе халықтың 23,6 пайызы әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған. Әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығыстар 1999 жылмен салыстырғанда бір жарым еседен астам өсті. Республикалық және жергілікті деңгейде халық-тың түрлі санаттарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін әлеуметтік төлемдердің, жәрдемақылар мен жеңілдіктердің және басқа да көмектердің 34 түрі белгіленді. Халықтың тұрмысындағы елеулі көрсеткіш, ол – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Кеңес өкіметі тұсында да, одан кейінгі жылдарда да тұрғын үй адамдардың ең басты мұқтажы болып қала берді. Осыған қарамастан республикада тұрғын үй салу жылдан-жылға азайған үстіне азайды. Мәселен, 1988 жылы үй салу көлемі елімізде 8,8 миллион шаршы метрге жетсе, 1993 жылы ол 3,5 миллионға дейін кеміді, 1995 жылы тек 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 1996 жылы оның көлемі бір миллиондай ғана болған, ал кейінгі 1997-1999 жж. одан әрі төмендеді. Тек Қазақстан экономикасының 2000 жылдан бастап ілгерілеуімен байланысты тұрғын үй құрылысы соңғы жылдары қайтадан көтерілді. 2002 жылы үй құрылысына 29,4 миллиард теңге инвестициялық қаржы жұмсалды, немесе 2001 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артты. Жаңадан 1402,7 мың шаршы метрді қамтитын 11,2 мың пәтер іске қосылды. Ал 2003 жылы республикада екі миллион шаршы метрден астам тұрғын үйі салынды. Бұл 2002 жылы пайдалануға берілген үй санынан 30 пайызға көп. Үй құрылысы, әсіресе, Алматы мен Астана қалаларында кең өріс алды. 2004 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы ¥лттар Кеңесінің мәжілісінде елімізде тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы мақұлданды. Онда тұрғын үй құрылысы бағытындағы жүзеге асырылатын нақты шаралар атап көрсетілді. Олар: бірінші, ипотекалық несиеленуді дамыту; екінші, тұрғын үй құрылыс жинақтамалары жүйесін жетілдіру; үшінші, қолжетімді жаңа тұрғын үй құрылысы үшін жергілікті атқарушы органдарды несиелеу; төртінші, ком-муналдық тұрғын үй құрылысы; бесінші, құрылыс материалдары, тиімді конструкциялар мен технологиялар өндірістерін дамыту; алтыншы, инженерлік инфрақұрылымды өркендету. Республикада бір кезде әжептәуір дамыған жеңіл өнеркәсіп салалары кейіигі жылдары қысқарды. Шет елдерден келіп жатқан сапасыз тауарларға бөгет қою іске асырылмады. Жеңіл өнеркәсіп саласында өсім азайған сайын баға өсіп отырды. Мәселен, халық тұтынатын тауарлардың бағасы 1992 жылы 31 есе, 1993 жылы 23 есе қымбаттады. Ал халықтың жан басына шаққандағы табысы 14 ссе ғана өсті, немесе 534 теңге болды. Тек 1992-1993 жылдардың өзінде табыстың өсуінен бағаның өсуі он есе артты. Коммуналдық қызмет көрсету айтарлықтай қымбаттады. Пәтер ақы, телефон, газ бәрінің бағасы көтерілді. Осыдан келіп, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс деңгейі, хал-ахуалы төмендеді. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстан өкіметі халықтың әл-ауқатын жақсарту, соның ішінде халық шаруашылығы салаларында еңбек ететін адамдардың жалакысын көбейтуге назар аударды. Экономиканың ар-туы әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54 пайызға, немесе 1999 жылғы 9400 теңгеден 18 мың 500 теңгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы кәлемі 5 мың теңгені құра-ды. Бұл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге коңіл болді. 2002 жылы мұғалімдердің жалақысы 35 пайыздан астам көбейтілді. Бұл мұғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың теңгеден 9300 теңгеге дейін, жоғары оқу орындары профессор-оқытушылардың орташа айлық жалақысын тиісінше 10 мыңнан 17215 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бұған қоса студенттердің айлық стипендиясының мөлшері 1500-ден 2016 теңгеге дейін өсті. Еңбек адамдарының жалақысының артуы 2003-2004 жылдарда одан ары жалғасты. Мысалы, 2003 жылы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға, мемлекеттік қызметкерлер оның ішінде әскери қызметкерлердің жалақысы орташа есеппен 50 пайызға өсті. Сөйтіп, еліміздегі ең аз жалақы мөлшері 6600 теңгені құрады, ал орташа жалақысы 14,3 мыңнан 24,8 мың теңгеге дейін көбейді. XX ғасырдың 90-жылдары еліміздің нарық қатынасына көшу, Кеңестер Одағының тарауы және керші республикалармен экономикалық-сауда қатынастарының қысқаруы көптеген материалдық қиындықтарға ұшыратты. Халық тұтынатын өнеркәсіп тауарлары, киім, аяқ киім, балаларға қажетті киімдер, тоқыма бұйымдары жетіспеді. Бұл жылдары халық тұтынатын тауарлардың азайғандығын төмендегі деректер көрсетеді: Тауар түрлері 1991 1993 1995 1997 1999 2000 2001 2002 Барлық мата тауары (млн. шаршы м) 249 188 30,4 19,6 12,5 6,8 9,6 19,1 Шөлки-шұлық (млн. жүп) 83 71 11,1 4,0 1,2 1,7 1,2 1,7 Аяқ киім (млн. жұп) 43 16 2,1 1,6 0,6 1,2 2,6 2,1 Тоқыма бұйымдары (млн. дана) 112 50 9,0 3,7 1,0 0,5 0,8 0,5 Кестедегі деректерден байқалатыны 2002 жылы барлык мата тауарлары 1991 жылмен салыстырғанда - 13 еседей, тоқыма бұйымдары - 225 есе, жылы шөлки-шұлық - 48,8, аяқ киім - 21 есе қысқарған. Халықты жеңіл өнеркәсіп тауарларымен қамтамасыз ету жайы кейінгі жылдары да өзінің тұрақты толық шешімін тапқан жоқ. Елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру жылдан-жылға азайып кетумен байланысты 1997-1998 жылдары малдан, астықтан алынатын тағамдар көлемі қысқарды және ондаған есе қымбаттады. Халық негізінен нан, сүт, картоп пен күнелте бастады. Оны төменде келтірілген деректерден көруге болады:
Азык-түлік тауарларын өндіру көлемі 1991-2002 жж. Өндіру көлемі (мың тонна) 1998 2000 2001 2002
1991 1993 1995 1997
Ет өндіру (мың тонна) 1524 1312 985 717 636 623 654,5 672 Сары май 76 67 30,1 68,5 43,5 43,5 - - Сүт өнімдері 5555 5575 4619 3335 3364 3730 3923 4109,8 Жұмыртқа (млрд) 4075 3288 1841 1266 1388 1692,2 1855,3 2102,1 Кондитерлік бұйымдар 210 111 29,8 25,2 25,9 28,2 - - Кестедегі деректер тамақ өнеркәсібінің күйзеліс күйінен біраз мағлұмат береді. Ет өндіру 1991 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 2,2 есе, сүт өнімдері-1,3 есе, жұмыртқа -2 есе, кондитер бұйымдары 2000 жылы 9 есеге жуық, сары май - 1,7 есе кеміген. Бұл жылдары шет елдің колбасасын (Франция, Ресейдің т. б. елдердің), қантын (Ресейдің, Қытайдың), тауығын (АҚШ-тың, басқа да елдердің), сырын (Ресейдің, Голландияның), өсімдік майын, арағын (10-15 елден) сатып алу артты. Әсіресе, астық жеткілікті бола тұра макарон, печенье, пряник шығаруды азайту бұқара халық үшін түсініксіз болды. Азық-түлік түрлерінің азаюы адамдардың тағам рационының құрамдық сапасының төмендеуіне әкеп соқтырды. Сондықтан осы жоғарыда көрсетілген жағымсыз деректерден тиісті қорытынды шығарып, қайткен күнде де экономиканы, соның ішінде аграрлық сектор саласы арқылы халықтың тұрмысын, тамақтануын, әл-ауқатын жақсарту үкімет алдында жақын арадағы өзекті мәселелердің бірі болып қойылды. Ауылды өркендетудің басты факторы агро өнеркәсіп кешенін тұрлаулы әрі серпінді дамыту және оның экономикасын осы заманғы нарық қағидаттары негізінде шапшаң ілгерілету шаралары жүзеге асырылды. Мүның өзі ауыл шаруашылығы салаларын 2000 жылдан бастап едәуір деңгейде дамытуға қол жеткізді. Жоғарыдағы деректер көрсеткендей, ет өндіру 2002 жылы 672,6 мың тоннаға, сүт өнімдерін өндіру 4 млн. 109мың тоннаға, жұмыртқа 2,1 миллиард данаға көбейді. 2002 жылы 1992 жылмен салыстырғанда Республика тұрғындарының жан басына шаққанда қант - 2,1 килә, өсімдік майы - 6,5 килә, көкөніс - 23 килә, жеміс-жидек - 4 кило өсті. Өтпелі кезеңде басқа салалар секілді медицина саласы да айтарлыктай қиындықтарды бастан кешірді. Қаржының тапшылығынан ауруханалар мен емханалар тұрғындарға ойдағыдай қызмет көрсете алмады. Әсіресе, шалғай ауылдардағы ауруханалар мен дәрігерлік қызмет көрсететін пункттердің жағдайы тым нашар болды. Кейбір ауылдарда медициналық мекемелер жұмыс істемеді. Қаржының жетіспеушілігінен жабылып қалған ауруханалардың саны көбейді. Денсаулық сақтау саласында істейтін дәрігерлер мен медбикелердің қатары қысқарып, 1997 жылы республикада 57 мың дәрігер және 150 мың медбике қалды. Міне, осындай себептерден келіп, елдің тұрғындары, әсіресе ауылдық жерлерде дәрігерлік көмекке зәрулік күшейді. Әлеуметтік зардабы зор ауру түрлері, соның ішінде жұқпалы, тері-венерологиялық аурулар, өкпе, жүрек, қан тамырлары аурулары, аналар мен балалардың анемеяға шалдығуы көбейді, өлім-жітім өсті. 1991-1995 жж. аралығында әр мың тұрғынға шаққанда өлім-жітім 8 адамнан 10,1 адамға дейін көбейді, ал әр түрлі себептермен қайтыс болған адамдардың саны 1991 жылы 134,5 мың болса, 1995 жылы 168,3 мыңға жетіп, 25,0 %-ке артты. Сондықтан осы жағдайларды ескере отырып, үкімет тарапынан медицина саласына жұмсалатын қаржы 1997 жылы 21,4 миллиард теңгеге өсірілді. 1998 жылы 29 миллиард теңге болса, 1999 жылы 54,1 млрд. теңге бөлу қарастырылды. Сонымен қатар саланы экономикалық басқару әдісіне көшіруді тездету, дәрігерлік сақтандыруды бірте-бірте енгізу, оны мемлекет меншігінен алып, жекешелендіруді қолға алу, дәрігерлік мекемелерді бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін кеңейту, сондай-ақ "Халық денсаулығы" ұлттық бағдарламасын және т. б. іс-шараларды жүзеге асыру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде соңғы бес жылда сәбилердің шетінеу көрсеткіші 7 пайызға, аналардың қайтыс болуы 36 пайызға төмендеді. Тұтастай алғанда бала туудың және халықтың табиғи өсімінің артуы байқалды. Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейін көтеру максатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл - Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер ғимаратта-ры жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. Олардың қатарында Атырау мен Қызылордадағы облыстық ауруханалар бар. Бір аудандық аурухана, 16 ауылдық учаскелік аурухана, 71 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 25 фельдшерлік-акушерлік пункт қалпына келтірілді және жаңадан ашылды. Бірінші кезекте, қант диабетімен, туберкулезбен және онкологиялық аурулармен ауыратындарды дәрілік препараттармен жабдықтау жақсарды. Денсаулық жылы шеңберінде 12-18 жасқа дейінгі бір миллион 690 мың оқушыға медициналық тексеру жүргізілді. Мұның өзі балалар денсаулығын уақытылы анықтауға және қолданылатын шараларға жоспар жасауға мүмкіндік берді. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі, жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Фармация комитеті құрылды. Мұндай медициналық мекемелер бұрын республикада ұйымдаспаған болатын. Жалпы 2000-2003 жылдары денсаулық сақтау саласын республикалық бюджеттен қаржылаидыру екі еседен аса, жергілікті бюджеттен - 50 пайызға дерлік ұлғайды. Мұның өзі медицина қызметкерлері жалақысының өсуіне жағдай жасады. 2004 жылғы 13 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Онда 2005 жылдан бастап, бірден бес жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ диспансерлік есептегі балалар мен жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Сонымен қатар жасы үлкендерді жыл сайын тегін профилактикалық-медициналық қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықты экономика мен оның салаларының дамуын мемлекеттік реттеудің жалпы заңдылықтарын, теориялық-методологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерін зерттеу нәтижелері төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. І.Әлемге әйгілі экономист-ғалымдардың адамзат тарихында таза нарықтық экономиканың болмағаны және жоқ екендігі туралы сенімді пікірлерін ресми түрде тану керек;сөз әр елдің табиғи-тарихи, геосаяси, этно-демографиялық, экономикалық, техногендік, әлеуметтік, интеллектуалдық және басқа ерекшеліктерін ескере отырып шаруашылық жүргізудің жоспарлы және нарықты модельдерін жете үйлестіру туралы болуы мүмкін; шаруашылық жүргізу модельдерінің орнын ауыстыру эволюциялық жолмен жүргізілуі керек. Айта кететін бір жайт, бұл ұғымдарды қазіргі кезде алдыңғы қатарда саналатын нарықты экономикасы дамыған елдердің бірнеше ғасырлық тәжірибесін зерттеу нәтижесінде ғұлама ғалым-экономистер қалыптастырған. 2.Шаруашылық жүргізудің моделін, әдістері мен экономикалық механизмдерін таңдау олардың жағымды және жағымсыз салдарларын алдын ала болжауды және тыңғылықты ғылыми нақтылауды талап етеді. Осы талаптың орындалмауы, бір мезгілде жоспарлы басқарудан бас тарту және жедел түрде нарықты экономиканы құруға ұмтылу ақырында бұрынғы Одақтың республикаларының экономикасын терең дағдарысқа ұрындырды. Экономиканың, оның салалары мен аймақтарының дамуын жалпы мемлекеттік жоспарлау қажеттігін түсіну, бізге экономикалық және әлеуметтік аспекті бойынша өте қымбатқа түсті. З.Мемлекеттің заң шығару және атқару қызметі мына бағыттарға бейімделуі тиіс: өндіріс құралдарын жекешелендіру мен нарықтық қатынастарды дамыту "төменнен жоғары қарай", яғни табиғи-эволюциялық жолмен жүргізілуі керек; жекешелендіру процесі әкімшілік жеделдету элементтерінен арылуы және меншік субъектілерінің өндірістік қызметіне бағытталуы тиіс; шетелдік инвестициялар өндірістік бағытта пайдалануы керек. 4.Макроэкономикалық және оның салалық-аймақтық секторларының дамуын стратегиялық жоспарлауға деген жалпы мемлекеттік көзқарас әлі өте төмен деңгейде және оны әдістемелік қамтамасыз ету жаңа қолға алынуда. Дегенмен, бұл өте маызды сфера өзінің ғылыми-теориялық, методологиялық, ұйымдастырушылық базасын құруды талап етеді. Қазақстанның әлеуметтік дамуын мемлекеттік реттеу мен оны стратегиялық жоспарлау мәселелері экономика ғылымының арнайы саласының объектісі ретінде ресми статусқа ие болуы керек. Ол жас экономист ғалымдарды тарта отырып монографиялық және диссертациялық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді және де осы мәселелер бойынша фундаменталды оқулықтар мен оқу құралдарын жасауға септігін тигізеді.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1.(Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы, 1996. 2.(Назарбаев Н. Қазақстан — 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1998. 3.Мусин Чапай “Қазақстан тарихы” ,- Алматы 2000 ж. 4.Мамыров .Н.Қ, Акчура Ф. “Қазақстандағы адам дамуы”