Сандық экономика кішігірім фирма немесе фирмалардың тобына нарықтың айтарлықтай үлкен үлесін жаулап алуға мүмкіндік беру есебінен, барған сайын капитал мен жұмыс күшінің арасындағы жаңа алшақтықты жасап отыр. «Супер» компаниялар жаһандық жұмыс жасап және бір мезгілде бірнеше елдердің нарықтарын басып алды. Нәтижесінде, соңғы 15 жылда 20 дамыған және ірі дамушы экономикалар тобының нарықтық шоғырлануы айтарлықтай өсті.
Бұл мәселені шешу үшін, G20 елдері капитал және жұмыс күші арасындағы табыс теңсіздігін шешіп, нарықтағы бәсекелестікті қалпына келтіру үшін Дүниежүзілік бәсекелестік желісін құруы қажет. Көптеген G20 елдеріндегі жалпы табыстағы капитал үлесінің өсу барысында, әлемдік бәсекелестік желісі ЖІӨ-дағы еңбек үлесінің төмендеу үрдісін кері бұрар еді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде ұлттық ЖІӨ-нің 70 пайызы еңбек табысына қатысты болды, ал қалған 30% капитал табысына тиесілі болған. Джон Мейнард Кейнс еңбек үлесінің тұрақтылығын «керемет» нәрсе ретінде сипаттаған. Бірақ сосын бұл ереже бұзылды. 1980 жылдардың ортасы мен бүгінгі күн арасындағы уақытта, әлемдік ЖІӨ-дегі еңбек үлесі 58% -ға дейін төмендеп, ал капитал үлесі 42% -ға дейін өсті.
Бүгінгі сандық экономикасында жалпы табыстағы еңбек үлесінің жаһандық төмендеуін тудыратын екі күш байқалады. Бірінші, әдетте, капиталға байланған сандық технологиялар болып табылады. Робототехникада, жасанды интеллект, және машиналық оқытудағы жетістіктер автоматтандыру салдарынан жұмысшы орындарының жойылуын тездетті.
Екінші күш, ол «жеңімпаз барлығын алатын» сандық экономиканың жаңа нарықтары. Олар басым фирмаларға көптеген клиенттерін жоғалту тәуекелені қарамастан бағаны көтеруге шамадан тыс мүмкіндік береді. Бүгінгі супер компаниялар өз лауазымды орны үшін сандық технологияның желі әсеріне қарыздар, себебі көп адамдар өнімді пайдаланған сайын, ол өнім одан да тартымды болады. Электронды платформалар және онлайн қызметтер жобалары іске қосу кезеңінде қымбат болғанымен, оларды кеңейту салыстырмалы түрде қымбат емес. Демек, қазірдің өзінде нарықта нық орын алған фирмалар бұрынғыда қажет болғаннан енді әлдеқайда аз қызметкерлерімен бірге өсіп, кеңейе алады.
Бұл факторлар сандық экономикалар еңбек күшінде қажеттілігі төмен ірі фирмаларды неліктен тудырғанын түсіндіруге көмектеседі. Бұл фирмалар таңдаған нарықтарында нық орнығып, үстемдік құрған сайын жаңа экономика оларға олардың орнын даулай алмайтындай етіп, нақты және әлеуетті бәсекелестері алдында бәсекелестікке қарсы іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Ал, Дэвид Автор, Дэвид Дорн, Лоуренс Кац, Кристина Паттерсон, және Джон ван Ренен тәрізді экономистер нарықтық концентрациясы ең жылдам дамып келе жатқан АҚШ өнеркәсіп салаларында сондай-ақ табыстағы еңбек үлесінің ең үлкен төмендеуін көрсетті.
Бұл нарықтық концентрациясының өсуі роботтары (капитал) бар компаниялар мен осы роботтар (еңбек) алмастыратын жұмысшылар арасында алшақтықты ұлғайтады. Бірақ осы мәселені шешу үшін бізге сандық дәуірге сәйкес жаңа монополияға қарсы нормаларды ойлап табу керек. Бірақ қазір G20 елдерінің ұлттық бәсекелестік органдары ғаламдық корпорациялардың жұмысын реттеуге жеткілікті жабдықталмаған.
Сонымен қатар, G20 жай жаһандық бәсекелестік нарық концентрациясының өсу үрдісін өзі түзете алатын болады деп сене алмайды. Эндрю Бернард Америка Құрама Штаттары үшін, ал Еуропа үшін Тьерри Майер және Джанмарко Оттавиано көрсеткендей, халықаралық сауда ірі фирмалардың дамуын қолдайды. Шынында да, жаһандану әр саланың ірі және ең нәтижелі фирмаларына артықшылықтар бере алады және оларды кеңейтуге итере отырып, кішірек және аз өнімді фирмаларды нарықтан шығуға мәжбүрлейді. Нәтижесінде, бұл салаларда барған сайын қосылған құнында еңбектің үлесі төмен керемет фирмалар басым бола бастайды.
АҚШ жақсы бір мысал бола алады. Бұл елде бүгінгі Супер фирмалардың көбі шоғырланған, және әлі де АҚШ-тың монополияға қарсы реттегіші сол фирмалардың нарықтық қуатын тоқтата алар емес. G20 елдері нарықтық шоғырлану проблемасын шешу жолдарын іздеу барысында, осы АҚШ-тың тәжірибесінен сабақ алып, жетілдіру жолдарын іздеуі керек.
Біз бәрін нөлден бастамай, ұлттық деңгейдегі бәсекелестік органдарының институционалдық тәжірибесін қолданып, процеске тәжірибелі кадрларды да қосуымызға болады. Еуропалық бәсекелестік желісі G20 деңгейдегі желі үшін негіз бола алады.
Әлемдік бәсекелестік желісінің мақсаты бәсекелестікті шектейтін трансшекаралық іскерлік шараларды қолданатын компанияларға қарсы бәсекелестік туралы заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тиімді нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру болып табылады.
Бұл желі монополияға қарсы тергеу мен реттеуді үйлестіріп және сандық экономикадағы нарықтық қуат пен астыртын сөз байласу тәжірибесін бақылау үшін жаңа нұсқауларды әзірлеу алады.
Өткен жылы, G20 назары көпұлтты фирмалардың юрисдикциялық айырмашылықтар беретін артықшылықтарды салықтан жалтаруға қолданбауын қамтамасыз етуде болды. Бірақ қазір G20 назар аясын кеңейтуі керек, себебі сандық технологиялар нарығы жаңа әлемдік бәсекелестік жасап, ол желі арқылы бақыланбаса, көпұлтты компаниялардың жұмысшылар есебінен пайда табуы жалғасатын болады.
Автор туралы: Далия Марин - Мюнхен университетінде халықаралық экономика кафедрасының басшысы және Брюссельдегі Breugel экономикалық зерттеулер орталығында аға ғылыми қызметкері.