Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алаяқтар Өзбекстанда қамауға алынған Қазақстан азаматы үшін ақша жинап жүр

Алаяқтар Өзбекстанда қамауға алынған Қазақстан азаматы үшін ақша жинап жүр

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz - Виталий Ненченкоға қаражат қажет деген желеумен белгісіз біреулер жұрттан жылу жинамақ болған.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Тіпті, киви әмиян номерін де жарнамалап, ғаламторға шығарып үлгеріпті. Ал, Виталийдің туыстары болса, бұған біздің қатысымыз жоқ деп отыр.

Юлия Медведева, Виталий Ненченконың қарындасы:

-Біз киви әмиян жасаған жоқпыз. Сондықтан жұртқа алақан жаятын жағдайда емеспіз. Алайда, біреулер біздің атымыздан ақша жинамақ болған. Бұл масқара ғой.

Виталийдің жақындар жарнамадағы нөмірге хабарласып та көрген. Алайда, онымен байланысқа шығу мүмкін емес. Сондықтан жұртты алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға шақырады. Өздері де полицияға шағым жазып жатыр. Ал, көріші елдің абақтысында жатқан отандасымыздың жағдайы сол күні белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, демалысында отбасымен бірге Өзбекстандағы туыстарын араламақ болған Виталий Ненченко қамауға алынған болатын. Бұған WhatsApp месенджері арқылы келген екі бейнеролик себеп. Енді оған Өзбекстан заңы бойынша, экстремизмді насихаттады деген желеумен 10 жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр.

Похожие материалы