Әр ғасырдың, меніңше, белгілі бір «дәуірі» бар сияқты. Мысалы, Ренессанс, философиялық тұрғыдан, Шытырман оқиғалар Дәуірі деп аталған. Он жетінші ғасырдағы Ақыл дәуірінен соң Ағарту дәуірі орын алған. Он тоғызыншы және жиырмасыншы ғасырлар тиісінше, Идеология мен Талдау дәуірлері болды. Жиырма бірінші ғасырға келетін болсақ, менің ойымша, бұл - Күрделілік дәуірі.
Бір жағынан алғанда, ғылым және технологиялар дамуы арқасында адамдар жаңа өмір жарата алады, және озық геномды өзгерту технологиялары арқылы, тіпті жаңа тірі зат түрлерін де шығара алады. Футуролог Юваль Ной Харари Homo Deus туындауын күтуде, бұл «Құдай сияқты» табиғатта түрлі өзгерістер жасап, тіпті өлімді ары жылжытып немесе жеңіп ала алатын адамзаттың түрі. АҚШ Қорғаныс департаменті алдағы жылдары маңызды деп белгіленген технологиялық үрдістер туралы 30 жыл бұрын тіпті ешкім білмеген еді.
Екінші жағынан, адамзат өзін қатты ластану және климаттың өзгеруі, бітпес радикализм мен лаңкестік сияқты шешілмейтіндей көрінген қиындықтардан дәрменсіз және бақытсыз сезінеді. Экономикалық теңсіздік, автоматтандыру салдарынан жұмыс орындарын жоғалту, терең тамыр жайған әлеуметтік тапсырыстар, және жойқын саяси күштер дамуымен қоса келіп, осы дәрменсіздік сезімінің күшеюіне көп үлесін қосты.
Біздің жарату күшіміз жойып тастау қуаттылығымызбен сай келіп, жойқын деңгейге жеткенде, бір қаруды қолдану бүкіл тарих барысын өзгерте алатын кезде неғұрлым әділ және тиімді жүйені дамыту аса өзекті мәселе болып тұр. Осы күрделілікке толы дәуірде, біз бейбітшілік пен өркендеуге апаратын, әлем туралы ойлаудың жаңа парадигмасын енгізуіміз қажет.
Басым дүниетаным әрқашан адам тағдырын қалыптастыру үшін маңызды болды. Ұлы Александр өзінің философ-ұстазы Аристотель ықпалынсыз, оның уақытындағы белгілі болған әлемнің көп бөлігін жаулай алмас еді. Және ол жалғыз емес: әрбір үлкен империяның артында империялық алға басуды дүниетанымы арқасында заңдылық, тіпті қасиетті маңыздылықпен толтырған ұлы философ немесе тарихшы болған. (Тарих беттерін жеңіске жеткендер емес, зардап шеккендер жазғанда, империяны құрау соншалықты даңқты көрінбес еді).
Біз болашағымызды алға бастайтын жаңа дүниетанымды дамыту кезінде жаһандық көзқарасты да қамтуымыз керек. Өткен жылдары, адамзат дүниетанымы эволюциясын талдау үрдісі Батысқа бас назар аударған, және ол еуропалық, содан кейін, американдық даму моделі бойынша барлау, отарлау, империя құрудан индустрияландыру, нарықтық қатынастардын кең таралуы мен технологиялық инновацияларға қарай жылжыды.
ХХІ ғасырда, алайда, бұл үрдіс қайта қарастырылып жатқандай. 2007 жылы Америка Құрама Штаттарында пайда болған жаһандық экономикалық дағдарыс озық ел моделінің нәзіктігін байқатты, және Қытай, Үндістан мен Ресей бастаған дамушы экономикалар барған сайын статус-кво жайында дауласа бастап, жаңа, неғұрлым көпполярлы дүниетанымның пайда болуына әкелді.
Сонымен қатар, елдер алдында тұрған міндеттер барған сайын өзара байланысты болып отыр, және климаттың өзгеруі, финансиализация сияқты жаһандық мега-үрдістер жеке үкімет құзыретінен шығып та кеткен. Эколог болып кеткен физик Фритьоф Капра мен химик Пьер Луиджи Луиси 2014 жылы шығарылған Өмірді жүйелер тұрғысынан қарастыру кітабында айтып кеткеніндей, Тиісінше, «біздің заманымыздың негізгі қиындықтары жүйелі болып табылады, олар өзара байланысты және өзара тәуелдi». Сондықтан «оларды шешу үшін жүйелі түрде қарастыру керек».
Сондықтан, география, дәстүр және басқару модельдері тұрғысынан әлемге плюрализм мен көптүрлілікті қабылдайды неғұрлым біртұтас дүниетаным қажет және де ол бүгінгі әлемдік үрдістердің күрделілігін көрсетіп, нығайтып отыруы да керек. Мұндай тәсіл елдердің әлемді қалыптастыруда бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін, сондай-ақ оны қалыптастыруда біздің қабілетіміздің шектеулі екенін де көрсетуі керек.
Адамзат ұзақ уақыт бойы детерминизм парадигма аясында жұмыс істеді; біз нәтижелерді болжауға және оларды басқаруға болады деп ойладық. Бірақ біз өмірдің оның қазіргі жай-күйіне қалай жеткендігін түсіндіре алатын немесе болашақта оның қалай дамитынын көрсете алатын бірде-бір табиғи заңдарды немесе теңдеулерді тапқан жоқпыз. Детерминизм ескіріп кетті, және оны белгісіздік өмірдің ажырамас бөлігі ретінде қабылданатын парадигмамен алмастыру керек.
Жаратылыстану ғылымдарында бұл қазірдің өзінде орын алуда. Кванттық механика, жалпы салыстырмалық және белгісіздік физика мен математикада алға барар жол ретінде қабылданды. Биология мен неврологияда, өмір өзін-өзі тану арқылы (өзі туралы хабардар болу және өзін-өзі ұғыну) туындайды және әрдайым өзгеріп тұрады деген пікір белгілі болып келе жатыр және бұл биолог Стюарт Кауфман айтқандай, ешқандай «алдын-ала белгіленген бола бастаудың» жоқ екенін білдіреді.
Дегенмен әлеуметтік ғылымдарда - экономикадан саясаттануға дейін - осы өтпелі кезең енді орын алмақ. Экономика он сегізінші ғасырдағы детерминистік Ньютон шеңберінде, негізінен сызықтық түрде болатын жұмысын жалғастыруда.
Бірақ қарапайым механикалық теориялар тірі, күрделі, және жиі кванттық болған жүйелерді шеше алмайды. Шынында да, бүгінде экономикада басым болған, оңайлатылған болжамдарға негізделген, жеңілдетілген логика толық емес және түбінде дұрыс емес болып табылады.
Сол сияқты, саясатта, біз жиі тап болған күрделі мәселенің табиғаты туралы келісе алмағандықтан, жүйелі шешімдерге жете алмай жатамыз. Бұл ішінара бүгінгі жаһандық қиындақтар сипатын, және оларға керек бастамалардың әртүрлілігін көрсетеді. Негізі, бұл жаңа «күрделіліктер экономикасы» әлі мойындауы керек болатын факті - адамдардың әрдайым рационалды емес екендігін көрсетеді.
Сонымен, жаңа «күрделілік дүниетанымының» адамның мінез-құлқына саясат пен экономика, мәдениет және психология, тіпті технолониялардың әсер ететінін қамтуы керек. Күрделілік дәуірінде, біз құрған мекемелер тез жанданып келе жатқан жаратылыстану ғылымдарымен қатар дамитын жүйелік тәсілді қажет етеді.
Авторлар туралы:
Эндрю Шэн Гонконг университетіндегі Азия жаһандық институтының құрметті қызметкері және тұрақты қаржы жөніндегі ЮНЕП Консультативтік кеңесінің мүшесі.Сяо Гэн - Гонконгтағы Халықаралық қаржы институтының президенті, Гонконг университетінің профессоры.