Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІ

КӘСІПОРЫННЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕСЕБІ
 

Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі – бұл  экспорт және импорт   тауарлары мен қызметін халықаралық  өндірістік және ғылыми- техникалық  кооперацияларымен байланысты  өндірістік-шаруашылық  салаларының қызметтері. Тауарларды экспорттау - тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға салу; импорттау – тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірленген халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.

«Инкотермстің» барлық термині төрт базалық ктегорияға топтастрылған. Ол №1 кестеде көрсетілген.

Кесте №1

Топ Жабдықтаудың шартты  белгілері Франкировка жағдайы (тасымалдау шарттары)
Е EXW Завод франкосы
F FCA FAS FOB Еркін тасымалдаушы Еркін кеме бортының жағасына    дейін әкелу Еркін бортқа әкелу
C CFR CIF CPT CIP Құны және фрахтысы Құны,сақтандыру және фрахтысы Тасымалдауға дейін төленген... Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген
D DAF DES DEO     DDU DDP Шекараға дейін жеткізілген Кемеден жеткізілген Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа дейін өткізілген (баж салығы қосылған) Баж салығын төлемей жеткізілген Баж салығын төлеп жеткізген

«Е» тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «Ғ» тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген.

«С» тобының  шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жеткізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.

СІҒ тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп, оны өз есебінен мерзіміне сәйес порт кемесіне тиейді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.

Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.

DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.

FAS – жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту, фрахт) сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады.

ҒОВ - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құнын, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстар, т.б. кіреді

«Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдаланылуы тараптардың келісіміне байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауралардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:

-     кедендік баж салығы;

-     кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;

-     таурады сақтауға алынатын кедендік алымдар;

-     шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;

-  Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия брегені үшін алынатын алым;

-    кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым;

-      алдын ала қабыладанатын шешімдер үшін төлем.

Бұл төлемдердің көбісінің мөлшерін кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шет елдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелдік төленеген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысын жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және сатып алушы өтейді.

Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны  құрайды, тек кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгіленген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны; шот-фактурада көретілген тауар бағасына, сондай-ақ егер шот-фактураға енгізілмеген болса, онда мынадай нақты шығындар: тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге жұмсалған шығындар; тауарды Қазақстан Республикасының  кедендік аумағынан сыртқары жерлерге шығару шығындары; сатушының шығарған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлік сыйақылары; сондай-ақ Сыртқы экономикалық қызметтің  тауар номенклатурасына  сәйкес бағаланатын тауарлармен біртұтас нәрсе ретінде қаралмаса, контейнерлердің немесе бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары негізінде анықталады.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына сырттан әкелетін тауардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы анықталады: сырттан әкелелінетін тауарларға жасалған мәміле бойынша; ұқсас тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша; құннан шегеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады. Кедендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:

Адволарлық – салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептеледі;

Ерекше  - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;

Аралас – салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерінің екеуіне де үйлестіріледі.

Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып:

-  Техникалық құжаттаулар – техникалық төлқұжаты (паспорты), сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеуі, техниалық жағдайын сипаттайтын құжат (спецификациясы) және т.б.

-     Тауарлы-ілеспе құжаттаулары- тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы; құрастырушы тізімдемесі (ведомосы) т.б.;

-  Транспорттық, экспедиорлық және сақтандыру құжаттаулары – теміржол наклоднойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық наклоднойы т.б.), сақтандыру полисі немесе сертификаты;

-     Қойма құжаттары – экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы  қойманың қолхаты, басқа да кепілдік куәлігі т.б;

-  Есеп  айырысу құжаттаулары – шот-фактурасы, аударм векселі (тратты);

- Банкі құжаттаулары – валютаны аудару  өтініші, инкассо тапсырмалары, акредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық  шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі;

-    Кедендік құжаттаулар – кедендік жүк декларациясы (КЖД), тауардың шығуы (немесе шығарылған жері) туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер, алымдар;

- Талап (шағым) құжаттаулары – шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арыз;

-  Бұзылған немесе кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар – кем шыққанға жасалған коммерциялық актілер, авария сертификаты.

Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы  кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін  солай толып жатқан жағымды  мезеттерге әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет  ұлттық экономиканы тұрақтандыруда  қосымшы ынталандырудың  елеулі факторы  болып  табылады. Нарыққа өту кезеңінде  дағдарыс құбылыстарын  жеңудің бірден-бір бағыты – сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру.  Бұл жөнінде срңғы кездерде  республикамызда атқарылып    жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден , кәсіпорын сыртқы   экономикалық  факторларға икемді  және жедел сезінуі  дүниежүзілік   шаруашылық  байланыстарын ұтымды  пайдалану мақсатында  белгілі өндірістік ресурстарды  оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері  байланысты да болады: түрлі елдердің серіктестері  шаруашылық ынтымақтыстық  шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті  нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалық  және технологиялық  деңгейінің артуы, ең  ақырында экономиканың  өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші,  тек ұлттық шаруашылық кешенінде  тұйық оңашаланған, сыртқы пайдалы бәсекеден  айырылған кәсіпкерлік,  белгілі тиімділік дәрежеге жете алмайды.

Солай болғандықтан, сыртқы экономикаылқ қызмет  ел экономикасындаүлкен маңызды болғандықтан, оған мемлекет тарапынан  барынша ынталы қамқорлық жасау  қажет-ақ.  Мемлекет дүниежүжілік рыноққа  шығатын  ұлттық кәсіпорындарды  реттестіреді және қолдайды.  Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі -  активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті одан әрі дамытуды амтамасыз ететін нысаналы  саясат.

Сыртқы экономикалық қызметте  экспорттық, импорттық , реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілелер болып ажыратылады.

Экспорт- бұл елдің кеден аумағының  шекарасынан кері әкелуге  міндеттемесіз шығарылатын  тауарлар және шетел азаматтарының  қызметі мен зиялылық  меншіктің нәтижесіне  мүмкіндік беретін құқық.

Импорт- шетел сатушыларынан сатып алынатын, сөйтіп,  елдің кеден аумағына сатып алушылардың  алып келетін тауарлары.

Реэкспорт- шетел сатушыларынан сатып алынатын  тауарлар, елдің аумағына олады әкелу,  осы тауарларды  өзінің бастапқы түрінде  шетелдің сатып алушыларына  қайта сату.

Ыңғайласпа сауда (ыңғайласпа мәміле)-  экспортты, импортты  операцияларды  ұйымдық ұштастыру болып табылады.   Экспортшы өзінің  тауар құнының барлығын  немесе сатып алушының  ыңғайласпа тауар құнының  бір бөлігінің  төлемін қабылдауға міндеттенеді. Бұған ыңғайласпа мәмілесі  тауар айырбасы негізінде  баспа-бас ынтымақтастық  мысал бола алады.

1.2 Кәсіпорынның экспорттық  саясатының ерекшеліктері

Экспорттық қызметті іске асыра отырып, кәсіпорын экспортының  мақсаты  экспорттық қызметтің стратегиясы, сыртқы рыноктың талабы, қазіргі кездегі және болашықтағы  өзінің мүмкіншілігі мен ресурстары  жөнінде  айқын мағұлматы болуы тиіс.  Басқаша айтқанда, қәсіпорын өзінің нақты  экспорттық саясатын әзірлеу керек.

Кәсіпорынның экспорттық саясаты сыртқы  рынокта кәсіпорын  қызметінің стратегиясы мен  принциптерін, тауарлардың экспорттық  сұрыптамаларын болжамдайды, сол сияқты экспорттық  өнімдерді жаңарту құқығын , бағаны   сапалық деңгейін, кепілдікті және сервистік қызмет көрсетуді анықтайды.

Кәсіпорынның экспорттық саясатының  маңызды құрамды бөлігі  тауарлардың экспорттық сұрыпталымын  қалыптастыру және  басқару болып табылады.  Негізгі міндеті мынадан тұрады:  экспорттты дер кезінде   тауарладың  бөлігі жиынтығына  ұсыныс жасауды, оның өндірістік  іс-әрекетінің бейініне (профиль)  сай болуын және шет  елдің сатып алушыларын белгілі санатының  талаптарын толық қанағаттандыру.

Кәсіпорын – экспортшы сыртқы рынокта халықаралық бәсекемен  айналыса бастайды.

  • функциялық бәсеке – кез-келген қажеттілікті түрлі тәсілдермен  қанағаттандыруға байланысты  болады. Сондықтан да, барлық тауарлар, қанағаттандыруды  қамтамасыз ететін осындай  қажеттілікті функциялық  бәссеке деп атайды.
  • Көріністі бәсеке- нақтылы қажеттілікті  қамтамасыз етуге арналған  тауарлардың елеулі параметрлерінің  өзгеше көрінуі салдарынын  болуы мүмкін.
  • Заттық бәсеке- ұқсас тауарлар тек өзінің сапалық сипаттамасының  ерекшелену мүмкіндігінің  нәтижесі.
  • Бағалық бәсеке- біркелкі тауарларды түрлі бағалармен ұсынуды ұйғарады. Тура бағалық бәсекеде кәсіпорын шығарған немесе  сатуға  арналған  қолда бар тауарлардың  бағалары төмен екендігін хабарлайды.
  • Бағадан тыс бәсеке - әдепкіде бәсекелестерге қарағанда, сенімділік, аз болғанда және қазіргі дизайннан тым көбірек  жоғары бағаны  ұсынады. Экспорт(импорт) бойынша есеп айырысулар:
  1. Резиденттер тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу валютасын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспорты күнiнен бастап 180 күн iшiнде немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жекелеген тауарлар экспорты күнiнен бастап 365 күн iшiнде алуға және уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс.

Резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу ретiнде алған олардың шетелдiк банктердегi шоттарындағы валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негізiнде шетелдiк банктерде ашылған шотқа аударуына жол берiледi.

  1. Резидент емеске коммерциялық кредит шарттарымен тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн резиденттің резидент еместiң пайдасына аударған валютасын, резидент емес мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, аудару күнiнен бастап 180 күннен кешiктiрмей резидент алуға және оны уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс.
  2. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, 180 күннен астам мерзiмге берiлген коммерциялық кредиттеp бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер тiркеу режимiнде жүзеге асырылады.
  3. Резиденттердің резидент еместерге 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттері бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялау режимінде жүзеге асырылады.
  4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбеге кіретін тауарлар экспорты кезінде, егер резидент коммерциялық кредитті резидент емеске 365 күннен аспайтын мерзімге берген жағдайда, төлем мерзімін кейінге қалдыру шарттарымен жасалған резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялауға жатпайды.

365 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзгеше орындауының нақты мерзімі 365 күннен асып кеткен жағдайларда, резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы уәкілетті банктердегі шоттарға ұлттық валютаны және шетел валютасын есептеуге немесе резидент негiздеген мерзiмде мiндеттемелердi өзгеше орындауға құқық бередi.
  2. 180 күннен астам мерзiмге берiлген коммерциялық кредиттерге қатысты осы бапта белгiленген тәртiп 180 күннен аспайтын мерзiмге берiлген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттiң немесе резидент еместiң қаражатты қайтаруының немесе мiндеттемелердi өзгеше орындауының нақты мерзiмi 180 күннен асып кеткен жағдайларда да қолданылады.
  3. Уәкiлеттi банктер импорты жүзеге асыруға байланысты резиденттер арасындағы комиссия шарттары бойынша резидент еместердiң пайдасына аккредитивтер аударуды көздейтiн шетел валютасымен аударым аккредитивтерiн резиденттердiң пайдасына ашуға құқылы.

Экспортқа тауарлар өткізу бойынша айналымға нөлдік ставка бойынша  салық салынады .

ҚР кеден аумағынан  тауарлар әкету тауарлар экспорты деп аталады.

1.3 Кәсіпорынның импорттық операциясы

Импорттық тауарлар және  қызмет көрсету кәсіпорынның  сыртқы сауда қызметінің  негізгі құралы болып  табылады және де  тауарладың кеден тәртіптемесі  болып саналатын  кері импорт (реимпорт)   тіршілік етеді.  Онда қазақстандық тауарлар  экспортқа жеткізіліп, Қазақстанның кеден аумағына  уақытылы,  белгіленген тауарлардың кері  импорты ережесіне  сай жаңадан келтіріледі. Бұл тәртіптеме экономикалық әдістің  мемлекет тарапынан қосылған құнға  салынатын салық, акциздер ықпалына  шек қояды, оның ішінде кеден бажы   есептелінбейді.

Ыңғайласпа сауда өзінің  экспорттық және импорттық  мәмілелерінің  ерекшеліктерін біріктіреді . Ыңғайласпа  мәмілелерін  жүргізгенде экспортты өзінің тауарларының  барлық құнын немесе  сатып алушының импорттық  тауарларының ыңғайласпа құнының  бір бөлігін төлеуге  міндеттенеді. Осыған мынау мысал бола алады:  бартерлік ынтымақтастық тауар айырбасы негізінде, соңғы жылдары  сирек кездеседі, себебі қазір кәсіпорындарда  қалыптасқан салық  заңдылықтарында  көптеген бұрмалаушылықтар  орын алып келеді.

Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден  алынған табыстар  деп төленген  жеріне  қарамастан  Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыс болып табылмайтын  барлық табыс  түрлері танылады.

Ыңғайласпа сауда  сонымен қатар  жүзеге асырылуы да мүмкін:

  • бірлескен кәсіпкерлік негізінде
  • ыңғайласпа жеткізілімнің негізінде жатқан өндірістік  кооперацияларда
  • сатушының қатысуымен тауарларды сатып алушыларға сату.

Сонымен, ыңғайласпа сауда сыртқы  экономикалық қызметінде  өнеркәсіптік ынтымақтастықты  және өндірістік  кооперацияны  жүзеге асыруда ең маңызды  нысаны болып табалады.

II Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты әр түрлі операцияларының есебі

2.1 Валюта шоттарындағы  операцияларының есебі

Шетел валютасымен жасалатын айырбастау операциялары:

Ұйымдардың шетелдік валютамен  жасаған операцияларын  жүргізу тәсілі, ҚЕҰС 2 «Шетелдік валютамен  операция жасау» 30 бөлімінде  және ХҚЕС 21 «валюталық курс  өзгерісінің әсері»  деп аталатын бөлімдерде қаралады.

Валюталық операцияларды анықтау кезінде, аталған  стандарттарды, және төменде көрсетілген  түсініктерді пайдаланады:

Қолданыстағы валюта- қаржлық есеп берілетін валюта;

Шетелдік валюта -  кәсіпорын есеп беретін  функционалдық валютадан басқа валюта;

Валюталық курс- қаржы рыногында сұраныс пен ұсыныстың   нәтижесінде анықталған, бір валютаны екіншісіне  аудару үшін қолданылатын  олардың ара – қатынасы;

Курс айырмасы-  бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп  барысында, шетелдік валютаның  курсы өзгерген кезде пайда болатын айырмашылық;

Соңғы немесе жобалау кезіндегі курс-  белгілі есепті кезеңдегі   қолданыстағы валютаның, шетелдік ваютаға  шаққандағы курсы.

Заңды тұлғалар   шетелдік валютамен атқаратын  қаржылық- шаруашылық  операцияларының бухгалтерлік есебін, ҚР ұлттық валютасы теңгемен жүргізеді. Осыған сәйкес, шетелдік валютамен жасалған  операцияның бухгалтерлік есебі, шетелдік валютамен және  нарықтық курс бойынша  теңгемен  жүргізіледі.

  1. Уәкiлеттi банктер өздерiне берiлген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен берiлген құқыққа сәйкес шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елде де еркiн сатуы және сатып алуы мүмкiн.
  2. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер тек қана уәкiлеттi банктер, олардың айырбастау пункттерi, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген тәртіппен жүргізедi.

Шетелдік валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін  № 9 ХБЕС ережелерін пайдаланады. Шетелдік валюталық операцияларына шетелдік валютада жасалатын мәмілелер жатады, олардың қатарына:  шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер;  шетелдік    валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т.б.        Бухгалтерлік есептің  Бас шоттар  жоспарында шетелдік  валютадағы  ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған : 1050,1060,1020. Ал  басқа активтері мен міндеттемелерін есептеу үшін мына шоттарға субшоттар ашылады: 2110, 2150, 5020, 3110, 4170  т.б., демек, шетел валютасында жасалған операцияларын бөліп көрсету мүмкіндігі зор. Бірақ ол операциялар бухгалтерлік есеп жазбасында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгіленген бағамы бойынша қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы құжаттарда (касса кітабында, кіріс және шығыс касса ордерлерінде, есеп регистрларында) номиналдық түрі бойынша көрсетілуі мүмкін.

№1 мысал. «Узень» ЖШС 27 қаңтар 2002 ж. «Werbe» шетел кәсіпорнына жеткізіп берілетін (немесе әкелінетін) тауар үшін аванс ретінде ақша қаражатын аударған. Аударылған аванстың соммасы 3500 АҚШ долларын құраған. 27 қаңтар 2002 жылы ҚР ҰБ бағамы бойынша 1 доллар 151,00 теңге тұрған. Олай болса,  «Узень» ЖШС – тің бухгалтерлік есеп регистрларында жалпы сомаға келесі жазба жазылады:

528500 теңгеге ((3500*151,00)немесе3500) - 1610 шоты дебеттеледі де, 1050 шоты кредиттеледі.

Шетелдік валютада операцияны жасау кезінде операцияның жасалған күнін білу керек, онсыз операция дұрыс жасалған болып саналмайды. Төмендегі  №2 кестеде шетелдік валютада жасалған операцияның күнін анықтаудың  тәртібі келтірілген.

Кесте №2

Шетелдік валютада жасалатын операциялардың мазмұны Шетелдік валютада жасалған операциялардың күні Операциялардың жасалған күнін қуаттайтын құжаттар
 Валюталық шоттар бойынша банктік операциялар және валюталық акредтивтер Валюталық шотқа ақша қаражатын аударған, немесе субъектінің банкідегі акредитивке аударған немесе есептен шығарған күні      Валюталық (акредитивтік) шоттардағы ақша қаражатының қозғалысы және қолма-қол қаражаттың бар екендігін қуаттайтын банктің берген көшірмесі
Шетелдік валютамен жасалатын кассалық операциялар Шетел валютасының кірістелген немесе субъектінің кассасына берілген күні Есеп айырысу шотынан валюталық қаражатты алғаны туралы банкі көшірмесі, кассаның кіріс ордері; кассаның шығыс ордері
Шетелдік валюта сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер және басқа да мүліктер: -          экспорттау кезінде -          республиканың ішінде сатылған кезде Экспортталатын тауардың кедендік ресімдеу күні Көрсетен қызметті, нақты орындалған жұмысты, басқа да мүлікті, тауарды жөнелткен (босатқан) кезде сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) ұсынылған шоттың және басқа да ұқсас құжаттардың берілген күні  
Тауар айырбастау операцияларының барысында шетелдік валютаға сатылған тауарлар, жұмыстар, қызметтер және  басқа да мүліктер: тауар айырбастау операцияларының барысында жасалған экспорттаулар Экспортталатын тауардың кедендік ресімдеу күні Экспортқа тауарды ресімдеу кедендік декларациясы  
Республика ішіндегі тауар айырбастау кезінде Көрсеткен қызметтері, нақты орындалған жұмыстары, басқа да мүлікті, тауарды жөнелткен (босатқан) кезде сатып алушыға (тапсырыс берушіге) ұсынылған шотың және басқа да ұқсас құжаттардың берілген күні Қызметті, жұмысты, тауарды сатқандығын қуатайтын, құжаттары (накладнойы, орындалған жұмыс актісі)
Республика аймағында шетел валютасына басқа да мүліктерді, ТМЗ алу Тауардың басқа  да мүліктің меншік құқығының сатып алушыға өткен күні Тауардың алынғанын растайтын  құжаттар (накладнойы)
Басқа да мүліктерді, тауарлады импорттау Импортталатын ТМЗ кедендік рәсімдеуден күні, яғни ҚР аймағына кеден ұйымдарының жүкті еркін айналысқа жіберген күні Импорттауға тауарды рәсімдеу, кедендік декларациясы
Импорттау қызметі Қызметің нақты танылған күні Қызметтің нақты тұтынылғандығын растайтын құжаттар (орындалған жұмыс актісі)
Шаруашылық шығыстарын жүзеге асыру үшін  бұрындары есеп беретін тұлғаға берілген шетелдік валютасындағы қарызы өтелді Аванстық есеп беруді бекіткен күні Аванстық есеп беру
Іссапар шығыстарын жүзеге асыру үшін бұрындары есеп беретін тұлғаға берілген шетелдік  валютасындағы  қарызы өтелді Іссапардан оралған күні Аванстық есеп беру
Субъектінің жарлық капиталын қалыптастыру және соған салым бойынша, олардың иесінің қарыздарының пайда болуы Құрылтайшылық ұжаттарының мемелекеттік тіркеуден өткен күні Субъектінің мемлекеттік тіркеуден өткені туралы берілетін куәлігі

Ақша қаражаты  мен есептесулер (шетел валютасында алынған (берілеген) дебиторлық және кредиторлық қарыздар, несиелер, арнайы қаржыландыру қаражаттарының қалдықтары) міндетті түрде, ҚР ҰБ белгіленген бағамы бойынша ең соңғы есептік кезеңінің күніне қайта есептелуіне жатады.

Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі құралдардың құны, аяқталмаған күрделі құрылыстар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының өзгеруіне  байланысты қайта  есептеулер жүргізілмейді. Ондағы орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы табысты және шығысты ажырата білу керек. Ол үшін баға белгілеу агенттігінің ақпарттарына сүйену керек.

№2 мысал. «Цемент» ААҚ берген өтініші бойынша, оған қызмет көрсететін банк 1000 АҚШ долларына теңгені ковертациялауға және 20000 Ресей Рублін алған.ҚР ҰБ бағамы: 1 долларға – 152 теңге; 1 Ресей рубліне – 4,8 теңге. Ал банкінің есеп айырысу бағамы бойынша : 1 доллар – 153 теңге; 1 Ресей рублі – 4,5 теңге құраған. №2 Мысалдың есебі №3 кестеде көрсетілген.

Кесте №3

  Шаруашылық операцияларының мазмұны Сомасы, Мың теңге Шоттар корреспонденциясы
дебет кредит
1 2 3 4 5
  Валютаны сатып алу      
1 Есеп айырысу шотынан ресейдің рублін алу үшін бөлінеген қаражат (қызмет көрсететін банкінің бағамы бойынша) 90000 теңге (20000*4,5)               90000               2180               1040
2 Валюталық шотқа ресейдің рублінде қаражаты аударылды (ҚР ҰБ бағамы бойынша ) 96000 теңге (20000*4,8)             96000               1050               2180
3 Оң бағамдық сомалық айырмасы табыс ретінде көрсетілегн 6000 теңге (96000-90000) 6000             2180             6280
  Валютаны сату      
1 Конвертациялау кезінде валюталық щотынан есептен шығарылған қаражат (қызмет көрсетуші банктің бағамы бойынша ) 153000 теңге (1000*153) 153000                   2180                   1050
2 Теңге  түрінде есеп айырысу шотына аударылған қаражат (ҚР ҰБ бағамы бойынша) 152000 теңге (1000*152)   150000             1040             2180    
3 Теріс бағамдық аырмасынан алынған сомасы шығыс ретінде көрсетілді           1000           7450           2180

Бағамдық айырма есеп және есеп беруде келесі тәртіп бойынша көрініс табады:

  • - Шетел валютасында көрсетілген дбиторлық және кредиторлық қарыздарды өтумен байланысты, операциялары бойынша жасалған ҚР есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте көрсетілген қарыздың бағамынан ерекшеленетін болса;
  • - Әрбір есептік күндегі шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық құнын (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты операциялар бойынша және әрбір операцияның алдында осы шоттардағы қаражаттардың қозғалысы бойынша айырмашылығы болса.

Төменде бағам айырмасының өте жиі кездесетін жағдайлары келтірілген:

  • - Таурларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік  құнымен  және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма  (жабдықтаушылармен есеп айырысу кредиторлық қарыздардың төмендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша);
  • - Көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде – осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында пайда болған айырма;

      -        дебиторлық және  кредиторлақ қарыздардың пайда болуы мен  олардың өтелу кезеңіне күнінің арасындағы болатын айырма;

      -         валюталық қаражаттар бойынша қарызы бар болған жағдайда, яғни несиелік мекемелерден немесе  басқа да қарыз берушілерден алынған қарызды теңгелік тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады.

Бағамдық айырманың пайда болу кезеңінен бастап қарыздың өтелу кезеңіне дейін есептеу арқылы анықталуы керек.

Бухгалтерлік есепте оның ішінде есеп беру кезеңінде бағамдық айырма көрініс табады, оған оның пайда болу күні мен қаржылық есеп беруді жасаған күнінің арасындағы айырма жатады. Бағамдық айырма не табыстың (оң болса), не шығыстың (теріс болса) құрамына жазылады, олар мынадай арнайы синтетикалық шоттарда көрініс табады:

6250 Бағамдық айырмадан түскен  алынған табыс  және Бағамдық айырма бойынша шығыстар. Төменде  шетел валютасындағы   операциялардың қайта бағалануына және бағамдық айырманың есебіне бір мысал келтіріп көрейік.

№3 мысал: «Узень» ЖШС қаржылық есебінде  тауар үшін 3500 АҚШ  долларында дебиторлық қарызы көрсетілген, осы аталған  қарыз 27 қаңтар 2002 жылы пайда болған, ол кезде  1 доллардың бағамы 151 теңгеге тең болған . «Узень» ЖШС 2 ақпан 2002 жылы «Global» компаниясы 3000 АқШ долларға тауар алған; осы операцияның  жасалған күні ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар шін 151,20 теңге құраған. Осыдан басқа операциялар жасалған жоқ, ал 200 жылдың  28 ақпанында  «Global» компаниясының  дебиторлық қарызы 500 АҚш долларын құраған.

Есеп беру күніне , яғни  31 қаңтар 2002 ж. Және 28 ақпан 2002ж.

Осы процестегі операцияларды көрсету үшін «Узень» ЖШС бухгалтерлік есебі №4 кестеде көрсетілген.

Кесте №4

    Шаруашылық операцияларының мазмұны Cомасы, мың теңге                              Шоттар корреспонденциясы
      дт кт
1 2 3 4 5
1 Есеп беру күні бойынша дебиторлық қарыздың қайта бағаланған сомасы көрсетілді 31.01.02  ж. – 1050 теңге (3500*151,3-3500*151) 1050    2180 6250
2 Келіп түскен тауар кірістелді (кедендік рәсімделген күніне ҚР ҰБ бағамы бойынша есептелінеді) – 453600 теңге (3500*151,2) 453600    1330 4110
3 Тауарды кірістеу кезінде болған бағамдық айырмасы  көрсетілді – 3000 теңге  (3000*151,3-300*151,2) 3000      7430 2180
4 Есеп беру күніне дебиторлық қарыздың қайта бағаланған сомасы көрсетілді 28.02.02.ж. (500*151*151,4-500*151,3) 50  2180 6250

Сонымен «Узень» ЖШС 2002 жылдың 28 ақпанындағы балансында «Global» компаниясының дебиторлық қарызы 75700 теңге (528500 + 1050  - 453600 – 300 + 50) құраған. Бағамдық айырмадан  пайда болатын жоғалтудан қорғаудың  бір тәсілі – хеджирование болып табылады, ал ол бағамдық жоғалту тәуекелділігін сақтандырудың бір түрі болып келеді.

Шетелдік  тәуелді еншілес заңды тұлғаларымен немесе бірлескен кәсіпорындармен есеп айырысу есебі жоғары айтылғандардан ерекше ереже бойынша жүреді.

Шетелдік тәуелді еншілес заңды тұлғаладың  немесе бірлескен кәсіпорындардың нетто – инвестициясын анықтау үшін осы кәсіпорындардың таза активіне келетін инвестицияның сомасын есептеп шығару керек. Егер де   субъект бөлімшелерінің 60% акциясына ие блса, онда оның таза активінің 60% нетто-инвестициясын құрайды; егер де ол 100% акциясына ие болса, онда нетто инвестиция сомасы болып табылады, және ол  кәсіпорынның  таза активіне тең болады. Субъектінің шетел валютасында дебиторлық пен кредиторлақ қарыздары болуы мүмкін, ал кәсіпорынның алашағы немесе берешегі болуы мүмкін. Нетто-инвестициясы бойынша бағамдық айырма есептен шыққанға дейін, кәсіпорынның меншік капиталы ретінде  5320 – «Басқа да» шотында көрініс табады.

Есептен шыққан кезде, ол не табыс ретінде (5320 шотының дебеті мен 6250 шотының кредиті) ; не шығыс ретінде (7430 шотының дебеті және 5320 шотының кредиті) танылады.

Баланстағы шет ел валютасының  ақшалай және ақшалай емес  бөлімдері №5 кестеде берілген.

Кесте №5

Шотта Шоттар   Монетарлы бөлім   Шоттар   Монетарлы емес  бөлімі
1020 Кассадағы валютамен ақша қаражаты 1250 Қызметкер-лердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегі
1030 Жолдағы ақша қаражаты 1610 Берілген қысқа мерзімді аванстар
1050 Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты 1620 Алдағы кезеңдердің шығыстары
1210 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың  қысқа мерзімді дебиторлық берешегі 2410 Негізгі құралдар
1280 Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек 2710 Гудвилл
3010 Қысқа мерзімді банктік қарыз 2730 Өзге материалдық емес активтер
4010 Ұзақ мерзімді банктік қарыз 2910 Берілген ұзақ мерзімді аванстар
3310 Жеткізушілер мен мердігерлерге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек 3510 Алынған қысқа мерзімді аванстар

№4 мысал. 15 қазан 2009 жылы  Қазақстандық кәсіпорын импорттық тауарға  алдын-ала төлем жасады. Көлемі-200000 АҚШ доллары.  Төлем кезіндегі 1доллар-119,87 теңгеге тең.  Тауар  11 желтоқсан 2008жыл әкелінді және кіріске алынды. Төлемге алынған күндегі  1доллар-120,46 теңгеге тең.

№4 мысалдың есебі №6 кестеде көрсетілген.

№6 Кесте

Күні Дт Кт Операцияның мазмұны Соммасы
15.10.2008ж. 1610 1030 Аванс-200000 доллар. Валюта курсы- 1доллар-119,87 тг 23974000
11.12.2008ж. 1330 3310 Импорт бойынша тауар келіп түсті 200000 доллар. 1доллар-120,46тг 24092000
11.12.2008ж. 1610 6250 Курстық айырма бойынша табыс 200000 доллар *0,59 (120,46-119,87) 118000
11.12.2008ж. 3310 1610 Өзара міндеттерді есептеу 24092000

№5 мысал. Қазақстандық кәсіпорын  6 желтоқсан 2008жыл сыртқы сауда келісім-шарты бойынша  100000 еуро көлемінде алдын-ала төлем жасады. 1Еуро- 153,89 теңге.  Құралды жеткізу  келісім бойынша  келесі 2009 жылы жеткізіледі. 31.12.2008 жыл кәсіпорынның  есебі жүргізіледі, 100000 еуро қысқа мерзімді дебиторлық берешек ретінде қаралады. 31.12.2008жыл 1 еуро-179,60 теңге. №5 мысалдың есептері №7,8 кестелерде берілген

Кесте №7

күні Дт Кт Операцияның мазмұны соммасы
06.12.08 жыл 1610 1030 100000 еуро көлемінде аванс берілді. 1 еуро-153,89 тг 15389000

01.10.2008жыл шетелдік сатып алушыдан аванс алынды. Аванс көлемі 1000000 ресей рублі.  Тауар 10.12.2008 жылы басылды  жалпы соммасы 1500000, қалған сома 29.12.2008 жылы келіп түсті.

Валюта курстары:

01.10.2008жыл -  4,72 теңге

10.12.2008жыл – 4,30 теңге

29.12.2008жыл – 4,25 теңге

Кесте №8

Күні Дт Кт   Операция мазмұны сомасы
01.10.2008 жыл 1030 3510 Аванс алынды. 1000000 ресей рублі. Курс бойынша 1 р.р-4,72 теңге 4720000  
10.12.2008 жыл 1210 6010 Тауар басылды. Жалпы соммасы – 1500000 ресей рублі.  Курс бойынша 6450000  
10.12.2008 жыл 7010 1330 Тауардың өзіндік құны шығаралды 4954350  
10.12.2008 жыл 3510 1210 1000000 р.р бойынша аванс есептелді. Курс 4,30 теңге 4300000  
10.12.2008 жыл 3510 6250  курстық айырма бойынша пайда есептелді: 1000000 * 0,42(4,72-4,30)   420000  
29.12.2008 жыл 1030 1210 Сатып алушының 500000 р.р қарызы төленді. Курс- 4,25 тг 2425000  
29.12.2008 жыл 7430 1210 Курстық айырма бойынша шығыстар есептелді 500000* 0,05(4,30-4,25) 25000  

№6 мысал.  Қазақстандық кәсіпорын  банктен несие алды 30.11.2008 жылы. Несие көлемі 1200000ресей рублі.   Несие 30 қараша кәсіпорынның шотына аударылды.  Несие алғандағы рублдің курсы 4,35 теңге.  Сыйақыны өтеу ай сайын жүргізіледі.   График бойынша  2008 жыл несиені өтеу  №9,10,11,12 кестелерде берілген.

Кесте №9

                                                                                                                Ресей рублі

күні Ай сайынғы төлем Соның ішінде сыйақы Негізгі төлем Қалдығы
31.12.2008 жыл 31792,60 11835,62 19957,04 118042,96

Кесте №10   31 желтоқсан 2008 жыл  4,40теңге-1 ресей рубліне тең

Күні Дт        Кт Операция мазмұны Сомасы
30.11.2008 жыл 1030 4010 Банктен несие алынды 1200000р.р / 5220000тг
31.12.2008 жыл 7310 4160 Ұзақ мерзімді несие бойынша пайыз есептелді 11835,62р.р / 52076,73тг
31.12.2008 жыл 4160 1030 Несие бойынша пайыз төленді 11835,62р.р / 52076,73тг
31.12.2008 жыл 7430 4010 Курстық айырма бойынша шығыстар 19957,04 * 0,05 (4,40-4,35) 997,8тг
31.12.2008 жыл 7430 4010 Несиенің активі бойынша қайта бағалау жүргізілді  1180042,96р.р * 0,05 (4,40-4,35) 59002 тг

Кесте №11

6250 «Курстық айырма бойынша түскен кірістер» шоты бойынша талдау
шот Шоттың дебетіне
1610 118000
3510 420000
Айналым 538000
Сальдо 538000

Кесте №12

7430 «Курстық айырма бойынша шығыстар» шоты бойынша талдау
шот Шоттың кредитіне
1210 25000
4010 60000
Айналым 85000
Сальдо 85000

№7 мысал. Кәсіпорын сыртқы  сауда жасау контрактысы бойынша , шетелдік компанияға  сомасы 100000 АҚШ доллары көлемінде  алдын-ала төлем жасаған . Төлем жасаған кездегі  бір доллардың нарықтық  курсы 153 теңге . Бухгалтерлік есеп былай жүргізіледі:

Дт 1610 немесе 2910- Кт 1050 15300000 теңге

Бухгалтерлік есеп бойынша  анықталған курстық айырма, валютаның теңгеге шаққандағы  нарықтық курсына  сәйкес анықталып, кәсіпорынның табысына, немесе  шығынына жатқызылады. 31 желтоқсанға дейінгі  атқарылған операциялар бойынша   есептелген курстық айырма, бухгалтерлік есеп стандарттарына  сәйкес, аяқталмай қалған  есептегі мерзім бойынша , табыстың құрамына қосылады.  Мысалы,  мекеменің есебіне сай, 1 желтоқсан 2000 жылы  шетелдік валюта бойынша  10000 АҚШ доллары   көлемінде алашақ  қарыздары болды делік.  Осы операция бойынша есептесу   келесі 2000  жылғы ақпан айы   болып белгіленгін. Алашақ қарыз пайда болған кезде , доллардың теңгеге шаққандағы бағамы  153 теңге  болған.  Есеп беру кезеңіндегі доллардың бағамы  155 теңге болды.

1 желтоқсан   сальдо Кт 3390, 3540,4170 немесе 4430-1530000

Дт                                 Кт

7430                             3390,3540,4170 немесе 4430-20000 теңге

                                     (155-153) *10000

31 желтоқсан сальдо  3390,3540,4170 немесе 4430-1550000 теңге

                                     (155*10000)

№8 мысал. Мекеменің есебі бойынша  1 желтоқсан 2000 ж 5000 АҚШ доллары көлемінде   борышкерлердің берешегі  есепке алынған . бұл операция  бойынша есептесу , келесі 2001 жылдың наурыз айы  болып белгіленген . Борышкерлердің берешегі  туындаған кездегі   доллардың теңгеге шаққан дағы бағамы 154 теңге болған . Есептесу кезіндегі  доллардың бағамы  155 теңге  болды.

1 желтоқсан   сальдо Кт1280,2180 – 77000 (154*5000)

Дт                           Кт

1280,2180                   6250            -  5000 теңге (155-154)*5000

                                                              Жыл соңындағы курстық айырма

31 желтоқсан сальдо  Дт 1280,2180 – 775000 теңге

Көрсетілген мысалдарда теңгенің долларға шаққандағы  бағамы өскен кездегі  жағдай көрсетілген . енді бағамның төмендеген кезіне орай мысалдарды қарастырып көрейік.

№9 мысал. 15 желтоқсан 2000 жылғыц  алашақ қарыздардың сомасы 1000 АҚШ долларын құрады . Қарыздар туындаған кездегі  АҚШ долларының теңгегі шаққандағы  бағамы 126 теңге . есеп беру кезінде 31 желтоқсан  АҚШ долларының бағамы 125 теңге болды .

15 қыркүйектегі сальдо: Кт 3390, 3540, 4170 немесе 4430 – 126000 теңге

Дт 3390,3540, 4170 немесе 4430  Кт 6250-1000 теңге (126-125)*1000

Жыл соңындағы  есептелген курстық айырма ;

31 желтоқсандағы сальдо   3390,3540,4170 немесе 4430- 125000 теңге

№10 мысал.  1Қыркүйектегі  алашақ қарыздардың сомасы  3000 АҚШ долларын құраған . Алашақ қарыз пайда болған кездегі  АҚШ долларының бағамы  127 теңге болды . Есеп беру кезеңіндегі  АҚШ долларының бағамы  126 теңге.

1 қыркүйектегі сальдо :  Дт 1280,2180 – 381000(127*3000)

                                Дт 7430 Кт 1280,2180 – 3000 теңге (157-156)*3000

31 желтоқсандағы сальдо: 1280,2180 -   378000 теңге

Шетелдік валютамен жасалатын  кейбір операциялардың жасалу мерзімі  мен ондай операциялардың  бухгалтерлік есеп шоттарында  көрсету тәртібін  қарастырып көрейік.

Шетелдік валютамен операция  жасалған күнгі уақыт , шетел валютасы  бойынша операциялар   атқарылған күн болып  саналады.

№11 мысал. Келіп түскен тауар үшін , валюталық шаттан алдын –ала 7000 АҚШ доллары төленген . Ақшаның банкілік  шотқа келіп түскен күнгі  доллар бағамы 125 теңге.

   Дт                        Кт

1610,2910             1030     -  875000 теңге (125*7000)

Мекеменің банкідегі  валюталық шотына  қарждының келіп түскен  немесе шоттан  аударылған күні , валюталық шот бойынша  банкілік операцияның  атқарылған мерзімі болып есептеледі .

№12 мысал.  Жеткізілген тауар үшін  валюталық шоттан 2000 АҚШ доллары аударылған, ақы  төленген күнгі  доллардың бағамы 150 теңге . көрсетілген  қызмет бойынша  2000 АҚШ доллары  көлемінде ақша келіп түскен. Ақшаның   есепке алынғакн күнгі   доллардың бағамы 151 теңге

  Дт                                                     Кт

1610,2910,                                     1030 - 300000 теңге (150*2000)

  1030                                           1210,2210   - 302000 теңге  (151*2000)

Тауар сату, жұмыс істеп, қызмет көрсету, басқа да шетелдік валютамен  активтер сатып алудың  мерзімі:

-   экспорттық  тауарайналымы кезінде  экспортталған тауардың  кедендік құжаттары  жасалған күнгі уақыт  бойынша анықталады

№13 мысал.  Жүк көлігінің  кедендік декларациясының  құжаттарын толтыру кезінде, АҚШ долларының курсы  150 теңге болған

Экспортталған тауардың құны  30000 АҚШ доллары

Дт                                             Кт

1210,2210                                     6010           - 4500000  теңге (150*30000)

Импортталған тауарлар мен  басқа да активтердің  мерзімі,  импортталған тауарлы-материалдық қорлардың  кедендік құжаттары толтырылып,  жүктің ҚР аумағанда  еркін түрде  қозғалуына   рұқсат берілген күндегі  уақыттан басталады .

№14 мысал. Кәсіпорын 15000 АҚШ  доллары көлемінде  тауарды импорттаған. Тауардың еркін қозғалуына рұқсат етілген    күндегі доллардың бағамы 125 теңге .

   Дт                                    Кт

1330                                 3310,41110,               1 875000 теңге (125*15000)

Импорттық қызметтің мерзімі, қызметті пайдаланған күнгі  уақыт юойынша анықталады.

№15 мысал.  Мекеме шетелдік компанияға  консультациялық  қызмет көрсеткен. Актіге қол қойылған кезде , ақы төлеу жөнінде  1000 АҚШ доллары  сомасында шот  берілген. Қызмет көрсетілген күндегі  доллардың бағамы 155 теңге.

   Дт                                  Кт

7010,7110,7210          3310,4110               -   155000 теңге (155*1000)

Жауапты тұлғаларға арнайы шығындар  үшін алдын-ала  шетелдік валютамен берілген  қаржылары бойынша  аванстық есептің   бекітілген күні, қарыздарының  өтелген күні болып саналады.

№16 мысал.  Мекеме басшысы 15 сәуір күні  сомасы 600 АҚШ  доллары көлемінде   аванстық есепті бекітті делік . Есепті бекіткен  күнгі доллардың  теңгеге шаққандағы бағамы  124 теңге болды.

     Дт                          Кт

7010,7110,7210             1230,2130   -  74400 теңге (124*600)

Құрылтай құжаттарының мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап , субъектілердің  жарғылық капиталаның  және меншік иелерінің  салымдары бойынша  қарыздарының қалыптасқан күні болып саналады .

№17 мысал. Құрылтайшылар жарғылық капиталын  100000 АҚШ доллары  сомасында қалыптастырған . Құрылтай құжаттарын тіркеу кезінде   доллардың бағамы 120 теңге. Тіркелген күні  жарғылық капиталға  25000 АҚШ  доллары салынған.

    Дт                                 Кт

5110,                                 5030,             - 12000000 теңге (120*100000)

1030                                  5110    -  3000000 теңге (120*25000)

Шетелдік валютаны теңгеге алмастыру кезінде,  оны бухгалтерлік есепте көрсету үшін , қайта есептелетін  күнгі уақыт басты  рөл атқарады.  Шетелдік валютамен операциялар  жүргізілді деп   төмендегі жағдайларға байланысты  айтылады:

-  бағасы шетелдік валютамен көрсетілген  активтерді сатып алу  немесе сату;

-  займдарды алу немесе беру, егер   ол сомаларды қайтару  мен алу,  шетелдік валютамен көрсетілдген болса ;

- басқа да шетелдік валютамен көрсетілген  активтер мен міндеттерді  сатып алу мен сату.

Соңынан әрбір есеп беру кезеңінде, қаржылық статьялар бойынша , оның ішінде  шетелдік валюта бойынша   берешек және алашақ қарыздар,  бухгалтерлік есепте соңғы курс бойынша ( жабу кезіндегі курс) теңгемен көрсетіледі. Қаржылық емес статьялар  бойынша, оның  ішінде капитал, негігі құралдар, құндылықтар,  материалдық емес активтер, алғашқы  бағасы шетелдік  валютамен есептелгенмен, операция  жасалған күнгі  валюта бағамына  сәйкес теңгемен  көрсетіледі.

Курс айырмашылығы 

Мекеменің валюталық шотына   ақша келіп түскен күн, шетелдік валютамен операция   жасалған күн болып табылады. Экспортқа шығарылатын тауарлардың  кедендік құжаттары жасалған күн , тауарды сату бойынша  операция жасалған күн болып табылады.  Мысалы, 20 сәуір күні  экспортқа тауар жіберілген.  Экспортталған тауардың ақысы     ағымдағы жылдың 28 сәуір күні  төленген.  Мұндай жағдайда , егер тауарды жіберген күн мен   оның кеденедік құжаттарын рәсімдеу күні  сәйкес келетін болса, біздің мысалымыз бойынша  20 сәуір, онда  борышкердің берешегі сол күннен  бастап есептеледі.  28 сәуір күні келіп  түскен қаржы бойынша, 20 сәуірден бастап  туындаған курстықұ  айырмашалықта  есептеп шығару қажет.

Осығын орай, операция жасалған күн мен   оған ақы төлегенге  дейінгі аралықтағы  курс айырмашылығы, нарықтық бағам бойынша  есептеліп шығарылады.

Импортттық операциялар жүргізген кезде ,  кедендік құжатттарды рәсімдеу  кезіндегі тауардың   құны мен қаржы   аударылған күннің  арасында курс айырмашылығы  пайда болады , соның нәтижесінде  кредиторлық және дебиторлық  қарыздар бойынша  қайта есептеулер жүргізіледі.

№18 мысал.  Кәсіпорын  100000 АҚШ доллары  сомасында   импорттық тауарлар әкеліп , ақысын тауар жөнелтілгеннен кейін  төлеуге келіскен . Кедендік құжаттар жасалған күнгі  доллардың бағамы 124 теңге.  Есептесу күнгі бағамы – 125 теңге . Кедендік рәсімдеу 1 наурыз күні жасалған . Ақұысы 20 наурыз күні  төленген.

     Дт                              Кт

  • 3310,4110 – 100000 АҚШ доллары немесе 12400000 теңге

     3310,4110                 1030  -  100000 АҚШ доллары  немесе 12500000 теңге

     7430                          3310,4110  -  100000теңге  (12500000-12400000)

Курс айырмашалығы

Импорттық қызмет жасалған кезде, курс айырмашылығы қызмет  көрсетілген күн  мен ол үшін нақты   ақы төленген күннің   арасындағы бағамның  өзгеруіне орай  контрактылық құн  бойынша есептеледі .

№19 мысал.  Ұйымға шетелдік компания  10000АҚШ доллары сомасында  жарнамалық қызмет көрсеткен.  Алдын ала 1 сәуір 5000 доллакр төленген, ал қызмет көрсетіліп болғасын, толықтай есеп айырылысқан 30 сәуір күні.  Алдын ала ақы төленген күні  доллар бағамы 153 теңге, толық есептескен күні   155 теңге, нақты қызмети көрсеткен күні 25 сәуір  154,5 теңге.

Дт                           Кт

3310,4110               1030      -  765000 теңге  1 сәуір алдын ала жасалоды

7110                        3310,4110 – 1545000 теңге 25 сәуірдегі жасалған қызмет

3310,4110               1030      -  775000 теңге   есептесті  30 сәуір

7430                        3310,4110  -  5000 (765000+775000-1545000) курс айырмашылығы

Экспорттық – импорттық операциялар (бартерлік мәміле) бойынша курс айырмашылығы , экспортталған тауарды кедендік  рәсімдеу күнгі  бағам мен айырбасқа   алатын импорттық тауарды   кедендік рәсімдеу жасаған күні  валюта бағамының  айырмасынан құралады.

№20 мысал. Мекеме шетелдік компанияға бағасы  10000АҚШ доллары көлемінде  тауар жеткізген, ал айырбас ретінде  шетелдік компания да сомасы   10000 АҚШ доллары мөлшеріндегі  тауар жеткізіп берген.  Импорттталған тауарды   кедендік рәсімдеуден  өткізген күні бағам  156 теңге , экспортталған күні 155 теңге

Дт                                                   Кт

3310,4110                                      1330             -  1550000 теңге   экспорт

1330                                               1280,2180  -  1560000 теңге  импорт

1280,2180                                      3310,4110    -  1560000 теңге  есепке алу

3310,4110                              6250             -   10000 теңге , курс айырмашылығы

Жауапты тұлғалармен есептесу кезінде   дебиторлық және кредиторлық  қарыздар бойынша,  курстық   айырмашылық , қарыздың пайда  болған күнгі бағамымен, оны қайтарған кездегі   бағамның айырмашылығынан құралады.

№21 мысал. Ұйым шет елге қызметкерін  іссапарға жіберіп , оған іссапар шығындары  үшін 700 АҚШ долларын берген . Ақшаны берген күнгі бағам  126 теңге. Қызметкер  600 долларын жұмсап, 100 долларды мекеме кассасына  аванстық есепті бекіткен күні  қайтарып берген

Дт                     Кт

1250,2150        1010   - 87500 теңге (125*700)

7210                 1250   - 76500 теңге (126*600)

1010                 1250,2150  - 12600 теңге (126*100)

1250,2150        6250           -  700 теңге (87500-12600-75600) курстық айырмашылық

Валютаны сатып алу және сату

Шетелдік валютамен есептесу үшін  мекемелер оларды   валюта нарығынан сатып алады.  Шетелдік валютамен операция жасау   үшін арнаулы   келісім – шарттар жасалады.  Мекемелер ҚР Ұлттық банкісінің   тиісті лицензиясы бар  банктер арқылы шетелдік  валюталарды сатып алуға     және сатуға хақылы.  Сатып алынған шетелдік валюталармен  ағымдағы тауарларды сатып алу  және сату , жұмыстарды орындап , қызмет көрсету , сонымен қатар шетелмен  төлемақылар жүргізу операциясын  атқаруға болады.  Ондай төлемдер шетелдік валюта түрінде  алған займдар бойынша   сыйақы төлеуге , оларды уақытында қайтаруға  пайдаланылуы мүмкін . Есе шоттарында  валюталық қаржылардың   қозғалысы банкілік  құжаттардың негізінде көрсетіледі.

№22 мысал. Мекеме өкілеттік банк арқылы 1000 АҚШ долларын сатып алған . Сатып алын.ған күнгі доллардың курсы  155 теңге болды. Нақты мәміле жасалған кездегі  доллардың курсы 156 теңге болған.

Дт        Кт

3310     1030 – 155000 теңге ; шетелдік валюта төлеу үшін шығарылған

3310     1030 - 1000  теңге , нарықтық курс пен мәміле бағамының айырмасы

7210      3310  - 1085 теңге  банкке төленетін комиссиялық сыйақы (7 доллар)

1030      3310  - 153915  теңге , валюталық шотқа кіріске алынған  (993 доллар)

7470      3310  - 1000  теңге    шығарылған сомалық айырма

Егер валютаны сатып алу бірнеше  күнге созылатын болса , онда 1020 «жолдағы ақша қаражаттары» деп аталатын  шоттар тобын пайдаланады.

Мекеме  өкілетті банк арқылы , келісілген бағам бойынша  шетелдік валютаны  сата алады.

№23 мысал. Мекеме өзінің 1000 АҚШ долларын сатқан . Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 155 теңге.  Нақты мәміле кезіндегі бағамы 156 теңге.

     Дт           Кт

  • 1032     -    155000 теңге

1031         6280    -    156000теңге

7470         1020    -    155000 теңге

Мекеменің  1030  топтама шотында 1031 шот- теңге үшін, 1032 шот- АҚШ доллары үшін ашылған.

ҚР  аймағанда қаржылық міндеттемелер теңге арқылы жүргізілуге тиіс.(ҚР Азаматтық кодексінің 127,282 баптары)  ҚР аумағанда шетелдік валюталарды  пайдаланып , сонымен қатар міндеттемелерімен  есептесу кезінде  төлемдік құжаттар  бойынша шетелдік валюталарды қолдану  , ҚР заң актілері анықтаған шарттар мен талаптарға сәйкес іске асырыладыү (ҚР АК 282 бабы).

2.2 Тауарлардың  импорты  бойынша жасалатын операцияларының есебі

Шетелдерден материалдарды, құрал-жабдқтарды, тауарлады, материалдық  емес активтерді және басқа да мүліктерді сатып алумен байланысты импорттау операциялары жасалады, олармен есеп айырысудың есебі 4110 «Мердігерлермен және жабдықтушылармен есеп айырысу» шотында жүреді, ал ол келесі аналитикалық тұрғыда топтастырылады:

  • - Щетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу – есеп айырысу алдында инкассациялық тәртіпте есептелінеді, содан соң акцептеу, аккредитив, шотты ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша жүреді.
  • - Коммерциялық несие бойынша шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу.
  • - Шетелдік валютада берілген вексельдер (траттаттар).

Келіп түскен импорт тауарларының есебін мына формула бойынша көрестуге болады:

          Мұнда:

 - тауар бірлігінің құны;

   – жабдықтаушының бағасы ;

К – жалпы шығынның жабдықтаушының  шотында көрсетілген жалпы шығын сомасына қатынастық коэффициенті.

Өз кезегінде,

/СП

Мұнда:

ОЗ – жалпы шығын;

СП – жабдықтаушының шотында көрсетілген жалпы сомасы.

Әкелінген тауарлар бойнша ҚҚС мына формула бойынша есептеледі:

Мұнда:

 – кедендік құн;

- импорттық кедендік баж салығы;

 – кедендік алымдар

         А - акциздер

Н -  ҚҚС мөлщерлемесі

Кедендік құнды анықтаудың әдістері:

  1. Кедендік құнды сырттан әкелетін тауарларға жасалған мәміленің бағасы бойынша анықтау әдісі. Нақты төленген немесе Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен кезде төленуге тиісті баға Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауардың кедендік құны болып табылады.
  2. Кедендік құны ұқсас тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша анықтау әдісі. Ұқсас тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін тауардың кедендік құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда ұқсас тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасын осы топта көрсетілеген ережелерін сақтаған жөн. Мұндай ұқсас тауарлар деп бағаланатын тауарлармен қай  жағынан алып қарағанда да, оның ішінде мынадай белгілер барынша ұқсас болғаны  жөн: физикалық сипаттамасы; сапасы және нарықтағы орны; шығарған елі; өндірушісі бірдей тауарларды ұғынады.
  3. Кедендік құнды бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша анықтау әдісі. Бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы бойынша бағалау әдісін тауардың кедендік  құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда бірыңғай тауарлар жөнінде жасалған мәміле бағасы  осы бапта көрсетілген ережелер сақталған жағдайда қабылданады.
  4. Құннан шегеру негізінде кедендік құнды анықтау әдісі. Құннан шегеру негізінде бағалау әдісі бойынша кедендік құнды анықтау бағаланатын  біркелкі немесе бірыңғай тауарларды  бастапқы қалыптарынан өзгермей сатылған жағдайда қолданылады. Құннан шегеру әдісін тауардың кдендік құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланғанда тауар бірлігінің  бағасы алынады, бағаланатын, біркелкі немесе бірыңғай тауарлар  әкелінген күннен бастап, 90 күннен әрі асырмай, сол баға бойынша мейлінше көп партиямен сатылады.
  5. Құнға қосу негізінде кедендік құнды анықтау әдісі. Құнға қосу негізінде бағалау әдісін тауардың кедендік құнын анықтау үшін негіз ретінде пайдаланған кезде материалдың  құндары және бағаланатын  тауарды өндіруге байланысты  дайындаушының шығарған шығындары; сондай-ақ тауар түріндегі шығаратын елден Қазақстан Республикасына сатуға тән әкелінген шығындарды, соның ішінде тасымалдауға, жүкті тиеуге және түсіруге, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өтетін жерге дейін сақтандыруға жұмсалатын шығындарды және басқа да шығындарыды; мұндай тауарларды Қазақстан Республикасына жеткізу нәтижесінде, әдетте, экспорттаушы алатын пайданы қосу жолымен есептеп шығарылған тауар бағасы қабылданады.
  6. Кедендік құнды анықтаудың резервтік әдісі. Егер тауардың кедендік құнын мәлімдеуші кедендік құнды анықтаудың жоғарыда көрсетілеген әдістерді рет-ретімен қолдану арқылы анықтай алмаса немесе кеден органы дәлелдеп отырып, кдендік құнды  анықтаудың бұл әдістерін пайдалануға болмайды деп есептесе, кедендік құн резервтік әдіспен анықталады. Резервтік әдісті қолданғанда Қазақстан Республикасының кедендік органы  кедендік құнды анықтау үшін тауар бағасы негізінен  оның жіктелуіне, сапасының сәйкестігіне тәуелсіз түрде  сараптау нәтижелері бойынша алынған мәліметтеріне, сондай-ақ өздерінде  бар бағаға  сүйенеді.

Кеден құн бух есепте көрініс таппайды.

Консигнация жағдайында импортталған тауарлар. Консигнация жағдайында  импортталған тауарлар мен өнімдерді сатқанда консигнацияға консигнант пен консигнатор арасында келісім-шарт жасалынады. Траптар келісім-шарттың  барлық реквизиттерінің  толтырылуына жеке көңіл бөлуі қажет, ол екі данада жасалады, әрбір тараптар үшін бір-біреуден. Бұл операциялардың есебі валюталық операциялармен, бағамдық айырмамен, кедендік рәсімдеумен, консигнаторлармен есеп айырысу тәртібімен, бюджетке төленетін  қосылған құн салығымен, сақтау жағдайымен және консигнацияға алынған тауарларды рәсімдеумен байланысты болып ерекшеленеді.

2.3 Тауарлардың  экспорты бойынша жасалатын операцияларының есебі

Тауарды экспорттаубұл оларды сатып алушы елге жөнелтіп, шетел сатып алушыларына сатылған тауар.

Экспорттауға арналған тауарладың қозғалысын рәсімдеудің негізі болатын құжаттар қатарына мыналар жатады:

  • - Жабдықтаушылардың шоттары, көліктің барлық түріне жасалатын тауарлы-көліктік наклоднойлары, спецификациялау, сертификаттар, коносаменттер және тағы басқа да құжаттары қоса тіркелген төлемдік тапсырмалар;
  • - Материалды қабылдауға жасалған тауарладың станция жанындағы және тағы басқа да құжаттары қоса тіркелегн төлемдік талап-тапсырмалары;
  • - Тауарладың кем түскені, артық шыққан, бүлінген не табиғи кему фактілерін куәландыратын  коммерциялық актілері;
  • - Сақтандыру полисі (егер де жүк жабдықтаушымен сақтандырылса);
  • - Контракт бойынша қарастырылған басқа да құжаттар.

Экспортқа шығарылған тауарлардан түсетін түсімдердің  толық және дер кезінде түсуін қадағалау мемлекеттің сыртқы сауда жүйесін қадағалап отыратын органдарға жүктеледі.

Тауарды жабдықтауға шетел әріптестерімен  контракт  жасар алдында, экспортер мәмілені екі данада рәсімдейді және онда түсетін   түсімді бақылап отыратын банкі көрсетіледі, сол банкте  валюталық шот ашылады. Банк мәміленің дұрыс жасалғанын тексеріп қол қояды. Жасалған мәміленің  бір данасы – экспортерда, екіншісі – банкіде сақталады. Экспортер кедендік рәсімдеу кезінде кедендік жүк декларациясын және мәміленің  төлқұжатын ұсынады. Аталған   екі құжаттың мәліметін бір-бірімен салыстырып, нәтижесінде олар сәйкес келсе, онда кеден органы екеуіне мөр басады. Олардың көшірмесі кеден органдарында қалады, ал екіншісі  экспортерға беріледі, ал бұл  құжатты өзінің банкіне тапсырады.

Тауарды экспорттау бойынша жазылатын жазбаларды бухгалтерлік есепте рәсімдеу мәміленің нақты жағдайына  және валюталық есеп айырысу нысанына көп жағдайда  тәуелді бола келеді.

Экспорттан түсетін теңгедей немсе шетел валютасындай түсімнің дер кезінде және толықтай болуы және оның бақылауының жүзеге асырылуы , сондай-ақ импорттық мақсатқа теңгедей немесе валютасындай пайдалануы «Қазақстан Республикасының экспорттық – импорттық бақылауды ұйымдастыруы туралы» нұсқауында белгіленген. Егер де  түсім контрактіде белгіленге мерзімде түспесе және ол 180 күннен асып кетсе, ҚР құқықтық актілеріне сәйкес контрактіні тіркеуді жүзеге асыруына болады.

2.4 Сыртқы экономикалық  қызметпен байланысты  басқа да опрациялардың есебі

Атқарылған жұмыс, көрсетілген қызмет. Сыртқа экономикалық қызметінің мәмілесіне сай, тауарлардан басқа жұмыстардың атқарылуы, қызметтің көрсетілуі мүмкін. Сыртқы экономикалық қызметтегі бұл мәміленің артықшылық белгісі салық салу тәртібі болып табылады. Мысалға, қазақстандық кәсіпорындарының атқаратын жұмысын, көрсеткен қызметін сату орны Қазақстан Республикасы болмаса онда оларға қосылған құн салығы салынбайды.

Егер де шетелдік резидент емес – кәсіпорын Қазақстан салық төлеуші болып табылмаса  да, олар өз жұмысын, қызмтеін, оларға қосылған құн салығын, республиканың салық төлеушілеріне көрсетеді (қосылған құн салығынан басқа). Бұл кезде қызметті сату орны болып мыналар танылады:

  • - Қозғалмайтын мүліктер, егер де жұмыстар, қызметтер осы мүліктермен тікелей байланыста болса;
  • - Егер де көрсетліген қызметі, атқарылған жұмысы, осы аталған мүлікердің қозғалысымен нақты байланысты болса;
  • - Егер де көрсетілген қызметі, мәдениет, өнер, білім, спорт аясы осы аталғандармен нақты қатынаста болса;
  • - Кәсіпкерлік немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез-келген қызметі біршама байланысты болып келсе, атап айтқанда, меншік құқығын беру, кеңес беру, аудиторлық, инжинирингтік , бухгалтерлік, адвокаттық , жарнамалық, сондай-ақ ақпаратты өңдеу бойынша, жалға беру, тауарды алу бойынша агенттік қызмет көрсету, байланыс, туризм т.б. ;
  • - Кәсіпкерлік немесе басқа да кез келген жеке тұлғаның атқарған қызмет, жоғарыда аталғандардан басқасы, жүзеге асырылуы байланысты болып келсе.

Қазақстан Республикасының аймағында  қызмтін жүзеге асырған кезде, яғни  жұмысты, қызметті орындаған кезде  резидент еместердің табыс көзіне салық салынады. Бұл жағдайда  басқарушылық, қаржылық (сақтандыруды қоспағанда), кеңестік, аудиторлық, маркетингілік, заңдылық (адвокаттылықты қоспағанда, агенттік ақпарттық, сондай-ақ нақты көрсеткен қызметінің туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының  тұрақты мекемелері арқылы өз қызметтерін жүзеге асырған резидент еместер немесе резиденттер сияқты  оларға да қатысыт болады, яғни аталғандардың табысынан салық ұсталынады. Қазақстан Республикасының  резидент еместерінің де табыс көздеріне , қарастырылған  мөлшерлемесінде  салық салынады, олардың тұрақты кәсіпорынмен байланысына   қарамастан салық салынады. Резидент еместердің салық салу  ерекшіліктері осы кітаптың  9 – тарауында қаралған болатын.

Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебі. Франчайз – бұл кіші дербес кәсіпорын мен ірі шетелдік немесе отандық кәсіпорындарының арасында жасалатын келісімшарттық қатынас. Сол қатынастың мақсаты  біріншісіне белгілі бір қызметпен  және тауар түрімен  бәсекелестік нарығында бас кәсіпорынның сауда маркісімен  сатуына  және өндіруіне еркше құқық беру деп түсінеміз. Іс жүзінде франчайзингті үш түрге бөлуге болады: өндірістік – бұл кезде келісім-шартта қаралғандай, шағын кәсіпорын бас кәсіпорынның шығаратын өнімін шығарумен шұғылданады, бірақ оның сауда маркісін сақтайды; іскерлік – бұл кезде  нарықтағы жекелегн өнім түрлерінің  жұмыстардың, қызметтердің бағасы, тауар нарығы туралы ақпарттармен ой бөліседі; тауарлық – бұл кезде келісім-шарттық қатынаста қаралғандай бас кәсіпорынның  тауарын сатумен шұғылданады.

Франчайзингке қатысушылардың екі жағы болады : франчайзер және франчайзи.

Франчайзер – бұл нарықта үлкен сұранысқа ие өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді жасаушы ірі компаниялар.

Франчайзи – франчайзермен жасалған келісім-шарттың жағдайында франшиза құқығын алатын шағын кәсіпорындар.

А) берілген өнімнің нақты өзіндік құнына 7010 дебеттеліп, 1320 кредиттеледі;

Б) берілген өнімінің босатылған құнына: 1210 шоты дебиттеліп. 6010 шоты кредиттеледі;

В) есептелеген пайызды өтеу сомасына: 3220 шоты дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі.

Франшиздің өтелуі мен алынуы: 2730, 1620 шоттары дебеттеледі де, 1040 шоты кредиттеледі.

Халықаралық  іскерлік операциясын мемлекеттік бақылау.  Трансферттік бағаны пайдаланудың тәртібі.  Халықаралық іскерлік операцияларда мемлекттік табысты жоғалтудың алдын алу мақсатында  мемлекеттік органдар тауарды алып-сату бойынша экспорттық мәміледе пайдаланатын трансферттік  бағаларды бақылауды жүзеге асырады және салық салу объектілеріне түзетулер енгізеді.

Трансферттік баға – бұл халықаралық іскерлік  операцияларын жасау кезінде пайдаланатын баға, ал ол нарықтық бағадан өзгеше болып келеді. Мына мәмілелер бойынша трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін:

  • - Бір-бірімен тәелді тараптардың арасында;
  • - Тауар айырбастау операциялар бойынша;
  • - Мәміле бойынша міндеттемені орындау кезінде, біртектес қарсы талаптарды зачетқа жатқызуды жүзеге асыру барысында;
  • - Тіркелген тұлғамен мәміле жасаған кезде немесе шетел мемлекеттерінде банк шоттары бар тұлғалармен қаржылық операцияларды жүзеге асырған кезде, егер берілген ақпараттардың заң жүзінде ашылып көрсетілмегендігі  қарастырған болса немесе тіркеуден өткен жерінде салық  салу  тәртібінде жеңілдіктер қолданатын болса, оффшорлық зонаны қоса алғанда;
  • - Салық бойынша жеңілдігі бар заңды тұлғамен мәміле жасасқан кезде ол үшін қойылған салқ мөлшерлемесі заңда белгіленген мөлшерлемеден өзгеше болса;
  • - Кейінгі салықтық кезеңнің екі жылында салықтық декларациясының мәліметі бойынша зияны бар заңды тұлғамен мәміле жасақан кезде;
  • - Егер де тауардың нарық құнына кем дегенде 10% оң немесе теріс ауытқулары анықталған кезде.

Өкілетті орган нарықтық бағадан мәміле бағасының ауытқуын анықтаған кезде олар салық салынатын объектілеріне түзетулер енгізеді, корпоративтік табыс салығына, ҚҚС, акцизге, роялтиге және табысқа салынатын салықтарға, кеден төлемдеріне  қайта есептеулерді жүргізеді, демек, осы мәмілелерден түсетін табыстарын айыппұл мен өсімдерді қолдана отырып, нарықтың бағасынан шығарады.

Бұл жағдайда мәміленің келесі  шарттары ескеріледі:

  • - Жеткізіп берілген тауардың, атқарылатын жұмыстың, көрсетілетін қызметтің саны;
  • - Жеткізіп берілетін тауардың сапасы;
  • - Міндеттемені орындау мерзімі;
  • - Төлем шарты;
  • - Бір-біріне тәуелді кәсіпорындар өзара мәміле жасасқан кезде қолданылатын жеңілдіктер .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1) «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы , А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов 200-203 бет. Алматы, «Экономика» баспасы, 2003 жыл

2) «Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп» оқу құралы,  Н.Е. Оразбайұлы 61-75 бет. Алматы «LEM» баспасы, 2009 жыл.

3)  «Кәсіпорындардағы  бухгалтерлік есеп» В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И. Шмидт, 447-478 бет

4) ҚР салық кодексі 2009 жыл, 155 бет, 31-тарау, 242 –бап; 141 бет, 31-тарау, 221- бап.

5)  ҚР «Валюталық реттеу және ваюталық бақылау туралы»2005 жылғы 13 маусымдағы  № 57- III заңы

6) ҚР Азаматтық кодексі 2007 жыл, 127,282 бап

7) «Бюллетень бухгалтера»  журналы №3,4 қаңтар 2009 жыл, 22-24 бет; №31 тамыз 2009 жыл,17 бет

8)  «Алаш айнасы» газеті , №210 , 25 қараша 2009 жыл , сәрсенбі ,4 бет

9)  «Экономика»  республикалық апталық газеті , №43-44, (111-112) 19-25 қараша 2009 жыл, 1, 4-7 бет

10)  «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы , 06,03,2009 жыл

11) ҚР Кеден кодексі 2003 жыл

12) «www.google.kz» интернет сайты

Похожие материалы