Жаңа және тиімді әрекет ететін нарықтық жүйені қалыптастыру үшін экономикалық, ақша-несие, баға, валюта сфераларында, сонымен қатар заң шығару және монополияға қарсы реттеу облысында нақты және дәйекті саясатты жүзеге асыру керек. «Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында экономиканың нақты секторын дамытудың қажеттілігі ҚР Үкіметінің алдағы қызметінің бірден бір негізгі бағыты ретінде анықталды, ал нақты сектордың басымдылығы оның іс-әрекетінің негізгі принципі ретінде бекітілді (Президент Республики Казахстан. О дальнейших мерах по реализации стратегии развития Казахстана до 2030 года. Указ от 17 февраля 2000 года №344: официальный текст).
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік. Ол 2000 жылы 18-наурызда құрылған. Меншік түрі - жеке. Негізгі қызмет түрі – жиһаздарды сату және сатып алумен айналысады. Шетелдерден жиһаздарды дайын өнім ретінде алып келеді. «Футура» ЖШС-ң өзінің балансы, банкте есеп айырысу және өзге де шоттары, мөрі, эмблемасы және сауда белгісі бар.
Курстық жүмыстың мақсаты: «Футура» ЖШС-ң экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылған :
- Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары;
- Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және жетілдіру жолдары;
- Кәсіпорын табыстылығы (рентабелъділігі) мен іскерлік белсенділігін талдау және жетілдіру жолдары.
Осы міндеттері орындау барысында кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы көрсеткіштерін талдау, сонымен қатар оның экономикалық қауіпсіздіген жалпы жетілдіру жолдары, актив кұрамы мен құрылымын, меншікті капиталын, міндеттемелерін, олардың қауіпсіздіге мен қозғаласын жетілдіру жолдары, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін талдау, табыстылық, іскерлік белсенділік көрсеткіштерін және кәсіпорын кызметінің қаржы шаруашылық тиімділігін жетілдіру жолдары жүзеге асырылады.
Курстық жұмысты орындау барысында «Футура» ЖШС-ң есеп беру формалары пайдаланылады. Атап атқанда 2007, 2006 жылдың Бухгалтерлік балансы, Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп, Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, Түсініктеме хат және «Футура» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктің Жарғысы.
I Бөлім. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
1.1. Кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады .
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып , мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндергенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, комерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға , ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. комерциялық делдалдылық, сол сияқты құнды қағаздар опериациялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
- Қазақстанның азаматтары
- Шетел мемлекетінің азаматтары
- Адамдардың бірігуі(кәсіпкерлер ұжымы)
Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.
Экономикалық талдаудың мақсаты – енді пайда болып келе жатқан мәселелерді экономикалық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау фирманың экономикалық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын экономикалық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері
Принциптері | Принциптердің мазмұны |
Нақтылығы | Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады. |
Жиынтылығы | Процесті объективті жетілдіру жолдары мақсатында оны жан-жақты зерделеу |
Жүйелілігі | Бір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес. |
Тұрақтылығы | Талдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес. |
Объективтілігі | Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау. |
Пәрменділігі | Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы. |
Үнемділігі | Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек. |
Салыстырымдылығы | Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет. |
Ғылымдылығы | Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек. |
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы қауіпсіздігеның бағалылығы болып табылыады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі экономикалық коэфициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
- өтімділік (төлем қабілеттілігі);
- пайдалылық (табыстылық);
- активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға қауіпсіздіге болса.
- Тез өтімділік коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің үлесін көрсетеді.
- Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда бірнеше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
- Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу үшін орта уақытын көрсетеді. Бұл коэффициент ақы төлеу қауіпсіздігена жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
- Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивиденттермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
- Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері ) ара салмағын бейнелейді.
Бұл коэффициент көрсеткіштер кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен қорыта айтқанда, бұл көрсеткіштер неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрым оның тұрақсыз ақуалы да орын алады.
Айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан (өзінің нысанын өзгертіп) тұратын ауыпалы айналым жасайды. Бірінші сатыда фирма ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп , әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Сонымен, бұдан ескеретін жай – әрбір сатыдағы айналым қаражаттарының тұрған уақыты бірдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және оны өндіру және сату ерекшеліктеріне байланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А – Қ ... Ө ... Д – А1 ,
мұнда А- шараушылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д - дайын өнім;
А1- өнімді сатудан түскен және өзіне қосылған пайданың ақша қаржаттары.
Шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе қауіпсіздігенда кәсіпорын эконмикасын дамытуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар. Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіштер болады. Олардың ішінде ең қарапайымы – айналым қаражатының айналымдылығының коэффициенті. Ол мына формуламен анықталады:
мұнда, Өқ – белгілі бір кезеңде өткізілген өнімнің құны.
Оқ – сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде , онда айналым қаражатының орташа қалдығы сол жылға алынады.
Ақпарат жүйесін тұрғызу мақсаты – коммерциялық банктің экономикалық қауіпсіздіген талдау, рейтингін анықтау операцияларын автоматтандыру.
Ақпараттық жүйені тұрғызудағы мақсат – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.
Қазіргі уақытта кез келген ұйымды, бірлестікті және мемлекеттік органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезекке қойылып отыр. Ол шетелдерде қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды айтып отыр. Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар.
Мемлекет, Үкімет және де қарапайым халық үшін фирманың рейтингін талдаудың маңызы өте зор. Әрине, оны халық анықтамайды, жоғарыда айтып кеткенімдей оған Шағын Кәсіпкерлік Ұйымдастыру Ұйымы басшылық етеді. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру өте бір маңызды шаралардың бірі болып отыр. Фирманың рейтингін жариялау тек оның таза жұмыс істейтінін, көрсеткіштерінің жоғары не төмен екендігін білдіріп қоймай, фирма компания корпорация дәрежесіне жетіп елімізде ғана емес сондай-ақ шетелдерде де танымал бола бастайды. Оның өзі фирманың басқа елдерде филиалдарын ашуға көмектеседі. Бұның барлығы сол дұрыс құрылып, дұрыс жұмыс істейтін ақпарат жүйесінің қызметіне тікелей қатысты.
ІІ. Бөлім. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіге мен экономикалық потенциалын талдау және жетілдіру жолдары.
2.1. Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау және жетілдіру жолдары.
Іс жүзінде қолданылып жүрген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің экономикалық көрсеткіштері әдетте екі үлкен топтарға бөлінеді. Бірінші топқа нормативтік мәндері бекітілген көрсеткіштер жатады. Бұл: экономикалық тұрақтылық, төлем қабілеттілік пен өтімділік көрсеткіштері. Екінші топтағы көрсеткіштер бойынша нормативтік мәндер бекітілмейді. Бұл топқа табыстылық (рентабельділік), тиімді басқару мен іскерлік белсенділік көрсеткіштері жатады.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы деген ұғым келешектегі төлем қабілеттілікпен тығыз байланысты. Экономикалық тұрақтылықты жетілдіру жолдары талдаудың сыртқы субъектілеріне (әсіресе инвесторларға) кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін ұзақ мерзімге (бір жылдан аса) анықтауға мүмкіндік береді. Нарықтық экономика қауіпсіздігенда өндіріс процесін жүзеге асыру, оны ұлғайту, кәсіпорынның әлеуметтік және басқа да мұқтажын өзін-өзі қаржыландыру, яғни меншікті қаражаттар, ал олар жеткіліксіз болғанда - қарыз қаражаттары есебінен жүргізілетіндіктен, сыртқы қарыз беру көздерінен экономикалық тәуелсіз болудың мәні зор, алайда оларсыз да жұмыс жүргізу қиын, ал кейде тіпті мүмкін емес. Сондықтан заемдық, меншікті және жалпы капиталдардың ара-қатынастары әр түрлі қырынан зерттеледі. Ол үшін бірнеше жылдардағы К³1, K³2, К³3 капитал құрылымының коэффициенттері есептеледі және талданады:
K³1 = Заемдық қаражаттар
Жалпы капитал
Осы жағдайдағы заемдық қаражаттар кәсіпорынның міндеттемелерін білдіретін ағымды пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді, басқа да пассивтерді білдіреді (яғни II және III баланс пассиві бөлімінің қорытындысы ).
Экономикалық тұақтылық дегеніміз сенімді кепілдігі бар төлем қабілеттілік, нарық конъюктурасының кездейсоқтығы мен серіктестердің әрекеттеріне тәуелді болмау. Сондықтан жетілдіру жолдарыдың осы түрі, жақыннан қараған кезде, төлем қабілеттілікке жатады. Көбінесе төлем қабілеттілікті өтімділікке ұқсатады және керісіше. Сондықтан кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы деп, менің ойымша, экономикалық тұрақтылықты біршама ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін экономикалық теңдестік нүктесін түсіну керек. Теңдестік нүктесі - бұл нормативтік база емес, қауіпсіздік алаңы, бұл қаражаттарды қарызға алуға тиым салуды және меншікті қаражаттарды жинауды емес, керісінше тек теңдестіктің ұтымды деңгейін білдіреді. Яғни бір сөзбен айтқанда мүмкін болатын шеткі деңгей (өзін-өзі өтеу нүктесі).
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігенының маңызды сипаттамаларының бірі - ұзақ мерзімді болашақ позициясынан қызметінің тұрақтылығы. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі жан-жақты сипатталуы мүмкін, бірақ ең жалпы жағдайда оны ақша қаржаттарының кезектескен ағып келуі мен ағып кетуінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Ақша ағымының бір бөлігі кәсіпорын қызметінің кысқа мерзімді болашағы сипаттамасына жатады, ал екінші бөлігі осы қызметті ұзақ мерзімді аспектіде сипаттайды. Соңғысы ең алдымен кәсіпорынның жалпы экономикалық құрылымына және кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты болады (Ковалев В.В.,2003).
Кез келген кәсіпорынның көптеген қаржыландыру көздері бар. Олардың мөлшерін, құрамы мен құрылымын таңдай отырып, кәсіпорын белгілі мүмкіндіктер алады да, өзіне кейбір міндеттемелерді жүктейді. Қаражаттарды қатыстыру әдісін басқару мүмкіндігі нарықтық қатынас жүйелерінің келесі ерекшеліктерімен анықталады.
Біріншіден, ресурстар (материалды, экономикалық, интеллектуалды, ақпараттық және т.б.) жеке меншік иелері арасында тең бөлінбеген.
Екіншіден, белгілі көлемді және құрылымды ресурстарды қалай және қайда пайдамен салуды білетін, бірақ ресурстары жоқ, немесе, керісінше, уақытша бос ресурстарды иемденетін, бірақ оларды қолданудың нақты жолын білмейтін көптеген жеке және заңды тұлғалар кездеседі.
Үшіншіден, ресурстарды қайта бөлуді реттеу жүйесінің екі жағы бар: нормативті (бизнес жүргізудің әртүрлі аспектілері заң жүзінде реттеледі, мысалы, кредиторлар талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі) және көтермелеу (ресурстарды уақытша пайдалануға беру кейбір сыйақы орнату жолымен көтермеленеді: еңбекақы, жалдық төлем, пайыздар, дивидендтер және т.б., көтермелеу мөлшері көптеген факторлармен белгіленеді, соның ішінде ұсынылған ресурстарды жоғалту тәуекелі факторларымен).
Экономикалық ресурс қосымшасында нарықтың қалыптасқан ерекшеліктері капиталды оның иелері қарыз алушыларға ұсынуында көрінеді. Бұл процедура екі жаққа да пайдалы екен; кейде қарыз алушы позициясынан капиталды негіздеген түрде қатыстыру меншікті қаражаттар көздерін қосымша мобилизациялаумен салыстырғанда эконмикалық жағынан тиімдірек болуы мүмкін.
Сонымен бірге қандай да бір пайда алу тілегі әрқашанда міндеттемелерді орындау қажеттілігімен үйлесіп жатады, соның ішінде өзіне белгілі бір тәуекелді алумен байланысты. Уақытша алынған ұзақ мерзімді болса да, акша қаражаттарын пайдалану үшін міндетті түрде төлем жасап түру қажет; одан басқа, қатыстырылған қаражаттарды қайтару керек.
Сондықтан кәсіпорын өзінің ұзақ мерзімді экономикалық міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттігін жетілдіру жолдары мәселесі туады – кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын жетілдіру жолдарыдың мәні осыда.
Мен ең алдымен баланс активтерінің және олардың құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдаймын. Ол үшін 2007, 2006 жылдардағы баланс мәліметтерін мұқият зерттеу қажет.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау — кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Экономикалық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтерінің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсетеді. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау үшін келесі аналитикалық кесте құрылады.
Кесте-1.
«Футура» ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымы
Көрсеткіштер | 2007 жыл басы | 2007 жыл соңы | Жыл бойындағы өзгеріс (+, -) | |||
сомасы мың тг | үлес і % | сомасы мың тг | үлесі % | мың тг (Згр-ігр) | 5:1*100 | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Активтер құны, барлығы соның | 53636,0 | 100 | 52810,3 | 100 | -825,7 | -1,5 |
Ішінде: | ||||||
1.1.Ұзақ мерзімді активтер: | 20553,5 | 38,3 | 25760,9 | 48,8 | 5207,4 | 25,3 |
-Негізгі құралдар | 20529,7 | 38,3 | 25723,5 | 48,4 | 5193,8 | 10,4 |
1.2.Ағымдағы активтер: | 33082,5 | 61,7 | 2709,4 | 51,2 | -6033,1 | -18,2 |
-Тауарлық материалды босалқылар | 27607,1 | 51,5 | 21822,8 | 41,3 | -5784,3 | -20,9 |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы мәліметтері негізінде жасалған.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы -825,7 мың теңгеге немесе 1,5%-ке төмендегенін көруге болады. Бүл кәсіпорынның қызметінің теріс нәтижесін сипаттайды. Сонымен қатар 3-1-кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорын активтерінің құрамында негізгі құралдар үлесі өте аз, себебі кәсіпорын қажетті негізгі құралдарды (ғимаратты, көлікті т.б.) жалға алады. Баланста тек өзге де негізгі құралдар есептеледі. Ал дайын өнім немесе тауар үлесі 100%-дай үлесін алады. Себебі кәсіпорынның негізгі қызметі - тауарларды сату болып табылады.
Кәсіпорын мүлкіндегі маңызды орынды айналым капитал-ағымдағы активтерге салынған капиталдың бір бөлігі алады. Айналым капиталын талдаудың негізгі мақсаттары:
- Айналым капиталының құрамы мен құрылымының өзгерістерін зерттеу;
- Айналым капиталын негізгі белгілері бойынша топтастыру;
- Айналым капиталының қалыптасуының негізгі көздерін анықтау;
- Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін көрсететін негізгі көрсеткіштерді анықтау.
Айналым капиталын талдаудың мәні өндірісті, айналымды, өнім, тауар, қызметті тұтынуды, ресурстарды тиімді пайдалануды т.б. сипаттайтын экономикалық көрсеткіштердің көлемін және өзгерісін анықтау. Нарықтық экономикаға өту кезеңінде көптеген қазақстандық кәсіпорындар банкроттыққа ұшырады. Оның көптеген себептері бар. Кәсіпорынды банкроттықтан сақтау үшін оның айналым капиталын (дебиторлық борыштарын, материалдық қорларын, ақшаларын) талдау маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорынның ағымдағы активтерін жан-жақты зерттеу қажет екендігін көрсетеді (Артеменко В.Г. жэне т.б.,1999; Абрютина М.С.,2000; Под ред. Л.Т. Гиляровской, 2001; Жүйриков К.К.,2003).
Тауарлы-материалдық қорларды талдау. Кәсіпорынға қалыпты өндірістік қызметпен айналысу үшін қажетті айналым қаражаттардың мөлшерін, айналым қаражаттардың нормалары мен нормативтерін жасау жолымен кәсіпорын анықтайды және бекітеді. Олар кәсіпорынның өндірістік қорларға, аяқталмаған өндіріске, алдағы кезең шығындарға арналған қаражаттарға, жоспарланған жабдықтау және өнімді өткізу қауіпсіздіген есепке ала отырып тұрақты мұқтаждығын қамтамасыз етуі тиіс.
Норма — айналым қаражаттардың белгіленген шамасы (күн, % т.б. өлшем).
Норматив — айналым қаражаттары элементтері бойынша ауыспалы ең аз шамадағы қорларды құруға арналған қандай да бір жоспарлы кезеңде кәсіпорынға қажетті ақшалай қаражаттың реттелген сомасының көлемі.
Тауарлы — материалдық құндылықтардың нормадан артық қорлардың пайда болуының себептерінің бірі нормалар мен нормативтердің жеткіліксіз түрде негізделгені болып табылады.
Шығындар нормасы — бұл шикізаттың, материалдарың, отынның, электр энергияның және т.б. өнім бірлігін дайындауға немесе жұмыс бірлігін орындау үшін шығатын шығындардың ең көп рұқсат етілетін және қажеттілігі ең аз жоспарлы көлем. Шығындар нормасы материалдардың қажеттілігін есептеу үшін негіз болып табылады.
Қорларды және соған сәйкес өндірістік қорларға салынған қаражат сомасын басқарудың мақсаттарының бірі - қор қауіпсіздіген бақылап отыру болып табылады («Канбан» жүйесі). Қорларды басқару жүйесінің барлық түрлері 2 негізгі түрлерге келіп тіреледі:
1) Тапсырыс белгіленген мөлшерде;
2) Тапсырыс өзгермелі мөлшерде.
Мөлшері белгіленген тапсырыс жүйесін пайдаланған кезде қор қауіпсіздіген талдау үнемі жүргізіледі және қорлардың деңгейі шегіне жеткен кезде, жаңа партияға тапсырыс жасалады. Графиктен көріп отырғанымыздай, тапсырыстар арасындағы уақыт сәйкес келмейді, алайда тапсырыс мөлшері тұрақты.
Тапсырыс өзгермелі мөлшерде болғанда уақыт бірдей болады. Кезекті партия келген сайын қор шегіне дейін жетіп толтырылады.
Осы суретте көріп отырғанымыздай жеткізу арасындағы уақыт кезеңдері тең, тапсырыс көлемі мен айналым капиталдың көлемі өткен кезеңдегі өнімді тұтыну көлеміне байланысты.
Кәсіпорынның өндірістік нәтижелері мен экономикалық қауіпсіздігена өнірістік қорлардың сапасы көп әсер етеді. Өндірістің барысы мен өнім сатудың қалыптылығы үшін қорлар оңтайлы болуы керек. Қорлардың көптеп жиналып қалуы кәсіпорын белсенділігінің төмендеуін білдіреді. Жоспардан тыс көп қорлар айналым капиталының айналымдылығын баяулатады, оның салдарынан кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіге нашарлайды, мүлік салығы көбейеді, өтімділік мәселесі пайда болады, шикізаттар мен материалдардың бұзылуы жоғарылайды, қоймада сақтау шығыны өседі, осының бәрі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесіне теріс әсерін тигізеді.
Сонымен қатар қордың жетіспеушілігі (шикізат, материалдар, отын, т.б.) кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігена теріс әсер етеді, өйткені жеткізуді тездеткені үшін баға көтеріледі, өндірістің тоқтап қалуына байланысты өнім өндіру қысқарады, шикізат қорлары бағасының өсуі сезіледі, табыс сомасы азаяды. Сонықтан әр кәсіпорын өндірісті уақтылы және толық көлемде барлық қажетті қорлармен қамтамасыз етуге және олардың қоймада жатып қалмауын болдырмауға тырысу керек.
Біздің кәсіпорынымызда ағымдағы активтердегі үлкен үлес салмақты дайын өнім (тауар) алады және кәсіпорының негізгі қызметі тауарларды өткізу болып табылады.
Дайын өнімдер қорларының айналымдылығы дайын өнімді тұтынушыға жеткізу ұзақтығына тең. Ол мына формуламен анықталады:
Длгп = ДӨХТ
ӨӨТТ
мұндағы: ДӨ — дайын өнімнің орташа көлемі (мың тг);
ӨӨТТ - өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім (мың тг).
Бұл көрсеткіштің қысқаруы кәсіпорынның өніміне сұраныстың өскенін білдіруі мүмкін, ал көбеюі сұраныстың төмендеуіне байланысты дайын өнімнің жиналып қалуын, өткізудегі қиындықтардың болуын көрсетеді. Дайын өнімнің қорларын ішкі талдау кезінде талдамалық есептің деректері пайдаланады.
Кесте-2.
«Футура» ЖШС-ң дайын өнім (тауар) айналымын талдау
Көрсеткіштер | Өткен жыл, 2007 | Есепті жыл, 2006 |
1. Дайын өнімнің орташа қалдықтары, мың тг | 177104,4 | 162564,2 |
2. Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім, млн тг | 141819,6 | 146731,4 |
1.Дайын өнім айналымының ұзақтығы, күн (1х 360) | 287,3 | 468,6 |
2 |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған.
Кестеден көріп отырғанымыздай дайын өнім айналымының ұзақтығы 181,3 күнге көбейді, демек тауарларға деген сұраныс төмендеді. Бұған бағалық және бағалық емес факторлар (тұтынушылардың табыс деңгейі, олардың талғамы, бәсекелестер саны т.б.) әсер етуі мүмкін. Осыған орай кәсіпорын басшылығы шұғыл шаралар колдануы тиіс.
Дайын өнім қалдықтарының әрбір түрі бойынша құрылымын, ұзақтығын және шектен тыс қалдықтарының себептерін талдау үшін аналитикалық және қоймалық есеп мәліметтері, түгендеу және өткізу бөлімінің деректері, маркетинг бөлімінің деректері қолданылады.
Дебиторлық берешек қауіпсіздіген талдау.
Ағымдағы активтерге салынған капиталдың айналымдылығына, демек, көсіпорынның экономикалық қауіпсіздігена дебиторлық берешектің азаюы мен көбеюі көп әсер етеді. Дебиторлық берешекті талдау әсіресе инфляция кезеңдерінде маңызды болып табылады.
Дебиторлық берешектердің және оның үлесінің ағымдағы активтерде күрт ұлғаюы кәсіпорынның сатып алушыларға қатысты қате несиелік саясатын жүргізуі немесе сатып алушылардың бір бөлігінің төлем қабілетсіздігі мен банкроттығы туралы хабар береді. Дебиторлық берешектердің өсуі барлық кезде теріс бағаланбайды. Қалыпты және мерзімі өтіп кеткен берешектерді айыра білу керек. Соңғысының болуы экономикалық қиындықтарды тудырады, өйткені кәсіпорын өндірістік қорларды сатып алуда, еңбекақы төлеуде қаржы қорының жеткіліксіздігі пайда болады. Сонымен қатар, қаражаттарды дебиторлық берешектерге салып тоқтатып тастау, капитал айналымдылығын баяулатады.
Сондықтан әрбір кәсіпорын өзіне тиеселі төлемдердің уақытын қысқартуға мүдделі. Д. Стоун мен К. Хитчиннің айтуынша, бұл бейне түрінде автомобиль қозғалысын еске түсіреді. Дебиторларды күштірек "қысқан" сайын, кәсіпорын айналымына тезірек ақша түседі.
Талдау процесінде дебиторлық берешктердің қарқынын, себептері мен қашан пайда болғанын зерттеу қажет, оның құрамында өтелуге келмейтін немесе мерзімі өтіп кеткен соманың барлығын анықтау керек (кесте-4). Егер мұндайлар бар болса, онда оларды қайтарып алу бойынша шұғыл шараларды қарастыру қажет (вексельдерді рәсімдеу, сот орындарына хабарлау, т.б.).
Қолдағы ақшаның қалдығы мен қозғалысын талдау.
Ақшалай қаражаттарды басқару қорлар мен дебиторлық берешектерді басқару сияқты өте маңызды. Ағымдағы активтерді басқару өнері есеп-шоттарда ағымдағы жедел жұмыстарға қажетті ақша қаражаттарының сомасының ең аз мөлшерін ұстауында жатыр. Жақсы басқарылатын кәсіпорынға қажетті ақша қаражаттарының сомасы - ақша ағымдарының қысқа мерзімді теңгерімсіздікті жабуға арналған сақтандыру қоры. Сома барлық алдыңғы кезектегі төлемдерді жүргізу үшін жететіндей болуы керек. Өйткені, ақша қаражаттары кассада немесе банктегі есеп айырысу шотында жатса, табыс әкелмейді. Оларды қолда қауіпсіз ең аз шамада ұстау керек. Ұзақ уақыт бойы ақшаның көп қалуы айналым капиталын дұрыс қолдана білмеудің нәтижесі болуы мүмкін.
Кез келген бизнес капиталдан басталады, олар өндірісті бастау үшін қорларға айналады (немесе алып-сату тауарларына). Одан соң тауар өндіріледі, өткізу сатысында — ақшаға айналады. Айналым капиталдың айналуы негізгі шаруашылык операциялармен тікелей байланысты:
- сатып алу шикізаттардың, материалдардың, тауарлардың және берешектердің ұлғаюына алып келеді;
- өндіру дебиторлық берешектердің және касса мен есеп айырысу шоттарындағы ақша қаражаттарының өсуіне алып келеді.
Бұл операциялар көп рет қайталанады және ақшалай түсімдер мен ақшалай төлемдерге келіп тіреледі.
Осылайша, ақша қаражаттарының қозғалысы шикізатқа, материалдарға (тауарларға) ақша төлеу мен дайын өнімді (тауарларды) сатқаннан ақшаның түсуі арасындағы кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің ұзақтығына мыналар әсер етеді: кәсіпорынды жабдықтаушылардың несиелеу кезеңі; кәсіпорынның сатып алушыларды несиелеу кезеңі; шикізаттар мен материалдардың қорда болу кезеңі; дайын өнімді өндіру мен қоймада сақтау кезеңі.
Банктегі есеп айырысу шотында жатқан ақша қалдықтарының көбеюі немесе азаюы ақша ағымының теңгерімсіздік (несбалансированность) деңгейімен белгіленеді, яғни ақшаның келуі (приток) және кетуімен (отток). Сонымен қатар экономикалық ресурстар ағымдарының кіруі мен шығуына жоспарлау мен бақылауды күшейту керек. Кәсіпорын үшін ең бастысы меншікті айналым қаражаттарының көлемін оңтайлы қалыптастыру болып табылады.
Ақшаның келуінің ақшаның кетуінен асып кетуі еркін ақшаның қалдығын көбейтеді және керісінше кетудің келуден асып кетуі ақшаның жетіспеуіне және несие алу қажеттілігін ұлғайтады. 5- суретте ішке қарай бағытталған жебелер (стрелки) ақша қаражаттарының келуін, сыртқа қарай — кетуін
көрсетеді.
Ақша ағымдары жоспарланады, ол үшін 1 жылды айларға бөле отырып, ал жедел басқару үшін тоқсандарға және бес күндерге бөліп, кірістер мен шығыстар жоспарлары құрылады. Егер біршама уақыт бойы ақша қаражаттарының оң қалдықтары болжамалса, онда оларды алдын ала тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек. Кейбір кезде қалдығы ақшаның жетіспеушілігі пайда болуы мүмкін. Онда заемдық қаражаттарды тарту көздерін жоспарлау керек.
Талдау процесінде банктегі ақша қалдықтарының қарқыны мен активінің осы түрде болу кезеңін зерттеу қажет. Капиталдың қолдағы ақша түрінде болу кезеңі мына формуламен анықталады:
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі қүралдардың нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруіне ерекше назар аударылады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активінің барлық сомасының 50 пайызынан кем бомауы тиіс (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б., 2001).
Біздің кәсіпорынымызда баланс валютасындағы негізгі құралдардың қалдық құнының үлесі жыл басында, ал жыл сонында. Негізгі құралдар үлес салмағының кемуі қор қайтарымдылығының кемуіне әкеледі.
Негізгі құралдардың техникалық қауіпсіздіген сипаттайтын маңызды көрсеткіш - негізгі құралдардың тозу сомасының оның белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті деп аталады.
Біздің кәсіпорынымызда негізгі құралдардың тозу коэффициенті жыл басында- 11,8% (2,736 : 23,017), жыл аяғында 14 % (4,575 : 32,452), яғни 2,2 пунктке өскен. Бұл мәліметтер, негізгі құралдардың сапалық (моральды) тозуы мен олардың табиғи (физикалық) ескіргендігін көрсетеді. Кейбір экономисттердің жетілдіру жолдарылары бойынша 50% -дан жоғары тозу коэффициенті жағымсыз құбылыс болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылығы осы кәсіпорынның материалды-техникалық базасын нығайтуға және жетілдіруға қатаң қөңіл аударуы тиіс.
Талданып отырған кәсіпорында ұзақ мерзімді активтерден-материалдарды емес активтер (ветеринарлық қызметке лицензия) мен басқа да негізгі құралдар (компьютерлер, факс, ксерокс, офистік жиһаз, т.б.) бар. Ал қалған негізгі құралдар жалға алынған.
Баланс активтерінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.
Нарық қатынастары қауіпсіздігенда кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Айналым қаражаттарды меншікті және қарыз деп бөледі. Әр елде меншікті және қарыз капиталы арасында әр түрлі пропорциялар пайдаланылады.- Мысалы, Ресейде 50/50, АҚШ-та 40/60, Жапонияда 30/70. Меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын көрсетеді. Ең бастысы кәсіпорынның меншікті капиталына назар аудару қажет.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын аңықтау маңызды. Бұл көрсеткіш – тәуелсіздік коэффициенті деп аталады. Осы коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықталады:
Ктс = Мк : Ак
мұндағы: Ктс – тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы).
Біздің кәсіпорынымызда есепті жылдың соңында (2007 ж) Ктс = 47421 : 13819498 = 0,0034 тең болды. Жыл басында кәсіпорын зиян шеккендіктен коэффициенттің жыл басындағы мәні есептелінбейді.
Баланс мәліметтерін қарайтын болсақ 2007 және 2006 жылдары кәсіпорын ұзақ және қысқа мерзімді қарыз капиталын алмағанын көреміз. Бұл кәсіпорынның экономикалық тәуелсіз екенін көрсетеді.
Осы коэффициенттің өсуі кәсіпорынның экономикалық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық қауіпсіздігенда алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Бірқатар авторлар коэффициенттің ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді. АҚШ пен Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффициентінің жоғарғы деңгейі болып 0,5-0,6 саналады.
Келесі көрсеткіш тәуелділік коэффиценті деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Кт = Қк : Ак немесе К, = 1 - Ктс
мұндағы: Кт – тәуелділік коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы);
Ктс — тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың , жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кэсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда қатыстырылған капитал (кредиттер мен заемдар) болмағандықтан бұл коэффициент есептелінбейді.
Келесі, кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Кк = Мк : Қк
мұндағы: Кқ- қаржыландыру коэффициенті;
Мк — меншікті капитал;
Қк - қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициенті < 1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициялау коэффициентін де есептейді. Ол батыс фирмаларында кеңінен қолданылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады. Біздің мысалымызда ол жыл басында 2,7-ге тең (62000/23017), ал жыл соңында 1,9-ға (62000/32425) тең болды. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды астып алуға ғана емес, кәсіпорынның экономикалық есеп беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады.
Меншікті капиталды талдау. Меншікті капиталға: жарғылық капитал, қосымша төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) кіреді.
Меншікті айналым қаражаттарының көлемін анықтау үшін, меншікті капиталдың сомасынан баланс активінің бірінші бөлімінің жалпы сомасын (қорытындысын) алып тастау керек.
Жыл басына меншікті айналым қаражаттарының көлемі есептелінбейді, өйткені кәсіпорын зиян шекті (-198), ал жыл аяғына -15,793 мың теңгеге (47,421-31,628), яғни меншікті айналым қаражаты көбейген. Ол өз кезегінде тауарларды өткізу көлеміне тікелей байланысты болып табылады (13358,133-5504,288) - 7853,845 мың теңгеге.
Талдау кезінде меншікті айналым капиталының абсолюттік мөлшерін анықтаумен қатар, оның жалпы меншікті капиталдағы үлес салмағын табу керек. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының әлдеқайда нақты сипаттамасы болып саналады. Ол көрсеткіш-маневрлық коэффициенті деп аталады.
Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қандай бөлігі, осы қаражаттарды еркін жүмсауға болатын, мобильді нысанда екендігін көрсетеді және келесі формуламен анықталады:
Кж = Ма.к.
Мк
мұндағы: Кж - маневрлық (жүмсау) коэффициенті;
Ма к - меншікті айналым капиталы;
Мк — меншікті капитал.
«Футура» ЖШС-те жыл соңында Кж = 0,33 ( 15,793 / 47,421) тең болды, яғни жұмсау коэффициентінің өскенін көріп отырмыз. Бұл кәсіпорын үшін жетістік деуге болады.
Экономикалық көзқараспен айтсақ оның өсуі және жоғары деңгейі кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген оңды деп сипаттайды : бұл кезде меншікті қаражаттар мобильді, олардың көп бөлігі негізгі құралдарға да, айналымнан тыс активтерге де емес, айналым қаражаттарына салынған.
Оптималды мөлшері ретінде жұмсау коэффициенті > 0,5 деп алынуы мүмкін, бірақ іс жүзінде көрсеткіштің тұрақты қалыптасқан мәндері жоқ. Бұл көрсеткіштің ұсынылып отырған деңгейі кәсіпорынның менеджері мен оның меншік иелері өз қаражаттарын мобильді және иммобильді активтерге салудың тепе-теңдік принципін сақтау керек екендігін көрсетеді, бұл баланс өтімділігін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының басты көрсеткіштерінің бірі болып қорларды қалыптастырудың өз көздерімен қамтамасыз етілу коэффициенті саналады, ол меншікті айналым қаражаттарының тауарлы -материалдық қорлар мен шығындардың құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті тауарлы - материалдық қорлар мен шығындарды жабу коэффициенті деп атайды. Ол келесі формуламен есептеледі.
Ққ/қ = Ма.к.
Қтм
мұндағы: Ққ/қ - тауарлы-материалдық қорлардың қамтамасыз етілу коэффициенті;
Ма.к. - меншікті айналым капиталы;
Қтм - тауарлы - материалдық қорлар.
Бұл коэффициент қандай дәрежеде ТМҚ мен шығындар меншікті қаражаттармен жабылғанын және қарыз қаражаттарын тартуды қажет етпейтінін көрсетеді.
Оның қалыпты мәні (А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфулин) – Кқ/қ > 0,6-0,8.
Біздің кәсіпорынымызда бұл коэффициент мәні жыл соңында Кқ/қ = 0,0011 (15,793.: 13358,133) тең болды, яғни жыл соңында тауарлы-материалдық қорлар мен шығындар меншікті қаражаттармен көбірек жабылғанын көрсетеді. Көрсеткіштің тым аз мәні қарыз қаражатын тарту қажеттілігін көрсетеді. Бірақ кәсіпорын алдағы уақытта қарыз қаражаттарымен жұмыс істемейтіндіктен, өзінің ішкі шаруашылық қажеттіліктерін меншікті қаражаттар есебінен толық қанағаттандыруға тырысуы қажет (Дүйсенбаев К.Ш. жэне т.б.,2001).
Қарастырылған көрсеткіштер үшін тұтас нормативті критерийлердің жоқтығын тағы бір рет атап өтейік. Олар көптеген факторлаға байланысты: кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне, несиелеу принциптеріне, қаражат көздерінің қалыптасқан құрылымына, айналым қаражаттарының айналымдылығына, кәсіпорын беделіне және т.б. Тек бір ғана ереже қалыптастыруға болады, ол әр типті кәсіпорын үшін "жұмыс істейді": кәсіпорын иелері (акционерлер, инвесторлар жэне жарғылық капиталға салымдарын қосқан енгізеген басқа да тұлғалар) динамикада қарызға алынған құралдар үлесінің парасатты өсуін қалайды; керісінше кредиторлар (шикізаттар мен материал жеткізушілер, қысқа мерзімді несие беретін банктер және басқа контрагенттер) жеке капиал үлесі жоғары, экономикалық автономдылығы үлкен кәсіпорындарды артық көреді.
2.2. Баланс өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау және жетілдіру жолдары.
Баланс өтімділігін талдау.
Баланс өтімділігін талдау мәселесін карастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның "өтімділігін" анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп - «кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі», - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше, өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу кабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәспорын болып саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы. Н.П. Кондраков өтімділік деп -«материалдық және тағы баска құндылықтардың сатылуы және олардың ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігін айтады". Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде "фирманың өтімділігі - бұл оның барлық қажетті төлемдерін, олардың төлеу уақыты келгенде, жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеттілігін" деп көрсетілген. "Өтімді" сөзінің өзі дейді олар "ақшаға оңай айналатын" деген ұғымды білдіреді. Профессор В.В. Ковалев: "қандай да бір активтің өтімділігі ол оның ақша қаражатына түрлену, айналу қабілеті", - дейді. Ол "өтімділік дәрежесі, оның түрлену уақыты жүзеге асырылатын уақыттың ұзақтығымен анықталады, уақыт қысқа болған сайын, осы активтің өтімділігі жоғары болады", - деп жазады. Бұл қорытынды профессор А. Д. Шереметтің қорытындысымен үндес: "Берілген актив ақшаға айналу үшін уақыт неғұрлым аз керек болса, соғұрлым оның өтімділігі жоғары". Өтімділіктің екінші тұжырымдамасымен келісе отырып мен, өтімділік кәсіпорынның міндеттемелерін ақшаға айналу уақыты міндеттемелерін өтеу уақытымен сәйкес келетін активтерімен жабу дәрежесімен анықталады деп санаймын. Осы айналу қаншалықты тез жүруіне кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен несие беру қабілеттілігі тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорынның өтімділігі өзшің міндеттемелерін уақыты келгенде төлеу үшін, қолда бар қаражаттарды (активтерді) тезірек жұмылдыру мүмкіндігінде жатыр. Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,2001).
Кәсіпорынның өтімділігі туралы айтқанда, келісім - шартта қарастырылған өтелу мерзімі бұзылса да, қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу үшін теориялық жеткілікті мөлшерде айналым қаражаттарының болуын көрсетеді. Анықтаманың мәні, егер өндіріс пен өнімді өткізу процесстері қалыпты режимде жүрсе, онда сатып алушылардың төлеген ақша соммасы кредиторлармен есптесуге, яғни ағымдағы міндеттемелер бойынша есептесуге жеткілікті болатынында.
Өтімділіктің негізгі белгісі болып қысқа мерзімді пассивтерден айналым активтерінің формальды асып түсуі (құндық жетілдіру жолдарыда) табылады. Бұл алшақтық неғұрлым үлкен болса, соғұрлым кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіге қолайлы болып саналады (айналым активтер > қысқа мерзімді пассивтер). Егер айналым активтерінің мөлшері қысқа мерзімді пассивтермен салыстырғанда жеткіліксіз болса, кәсіпорынның ағымдағы қауіпсіздіге тұрақсыз болып табылады -онда кәсіпорынның өз міндеттемелерімен есептесуге қажетті ақша қаражаттарының мөлшері жеткіліксіз болуы мүмкін және оған табиғи технологиялық процесті бұзуға (мысалы, қорының бір бөлігін дереу сатуға немесе жаңа одан да қамбат қарызға кіруге) немесе ұзақ мерзімді активтердің бір бөлігін сатуға тура келеді.
Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жетілдіру жолдары үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігі төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады.
Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесдей топтарға бөлінеді.
А1 Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.
Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді экономикалық инвестициялар) - айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.
А2 Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш баска да активтерді жаткызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу құжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтьң экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика қауіпсіздігенда жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды.
Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.
Сатуға арналған дайын өнім жэне материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.
А3 Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің «Тауарлы-материалдық қорлар» бабы және баланс активінің I бөліміндегі «¥зақ мерзімді инвестициялар» (жарғылық қорға басқа кәсіпорынның салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.
Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарында аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.
А4 Қиын өткізілетін активтер - баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарының басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді экономикалық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады — кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді экономикалық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін» (өтімді капиталын), яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін көрсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1 Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер - бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
П2 Қысқа мерзімді міндеттемелер - қысқа мерзімді несиелер мен заемдар жэне жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3 Ұзақ мерзімді міндеттемелер - ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4 Тұрақты міндеттемелер - пассивтің I бөлімінің "Меншікті капитал" баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің "Алдағы кезең шығындары" бабы бойынша сомаға азайтылады.
Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді келесідей қатынастарда саналады:
А1 > II1
{ А2 > II2
А3 > II3
А4 < II4
Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.
Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуын төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын экономикалық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының барын дәлелдейді.
Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттағыға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсалютті өтімділіктен азды-көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем қауіпсіздігенда аз өтімді активтер неғүрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды.
«ФУТУРА» ЖШС-ң 2007 жылғы баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.
Кесте-3.
«ФУТУРА» ЖШС-ң баланс активінің өтімділік дәрежесі және пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы
Актив | Сомасы, мың тг | Пассив | Сомасы, мың тг | Төлеу артықтығы | |||
(+), жетіспеушілігі | |||||||
Жыл | Жыл | Жыл | Жыл | Жыл | Жыл | ||
басын | аяғында | басын | аяғында | басында | аяғында | ||
да | да | ||||||
1.Ең | 2841,8 | 1246,9 | 1)Неғұрлым | 2878,7 | 2986,2 | 36,9 | 1739,3 |
өтімді | тезірек | 09 | 77 | 6062,17 | 02 | ||
активтер | төленуге | 9 | |||||
тиіс | , | ||||||
міндеттемел | |||||||
ер | |||||||
2. Тез өткізілеті н активтер | 2523,6 | 3819,7 | 2) қысқа | - | - | 2523,6 | 3819,7 |
мерзімді | 2 | 2 | |||||
міндеттемел | |||||||
ер | |||||||
3. Баяу өткізілеті н активтер | 27607,12 | 21822,8 | 3) ұзақ мерзімді міндеттемел ер | - | - | 27607,12 | 21822,8 |
88 | 33 | ||||||
4. Қиын өткізілеті н активтер | 20553,5 | 25760,9 | 4) тұрақты міндеттемел ер | - | - | 20553,5 | 25760,9 |
Жиыны: | 53526 | 52650,3 | Жиыны: | 2878,7 | 2986,2 | - | - |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы мәліметтері негізінде жасалған.
Төлем қаражаттарының бірінші тобы (At) төлем міндеттемелерін айтарлықтай жауып тұрған жоқ.
Актив пен пассив баптарының I тобының жиындарын салыстыру жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.
Актив пен пассив баптарының II тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) қауіпсіздігеның жақсаруы немесе нашарлауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда баланс активті мен пассивті баптарының I және II топтарының салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді. Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін (төлем қабілетсіздігін) көрсетеді. Талданып отырған кәсіпорынның жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 3838,642 мың теңгені (3306,73+531,912) құрады, ал тез қайырылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелердің, яғни жалпы ағымдағы активтер - 9368,909 мың теңге (9368,909 +0), бұл 5530,267 мың теңге (9368,909-3838,642) немесе (6062,179+531,912) төлем қаражатынан көп. Жыл соңында төлем жетіспеушілігі 13342,340 мың теңгені [(13,775+415,962) - (13772,077+0)]=429,737-13772,077 немесе (-13758,302+415,962) құрады.
Баяу өткізілетін (жүретін) активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа экономикалық қауіпсіздігеның жақсаруы немесе нашарлауын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. Талданып отырған кәсіпорында жыл басында да, соңында да төлем қаражаттарының айтарлықтай артықшылығы болған. Егер жыл басында оның мөлшері 5504,288 мың теңге болған болса, жыл аяғында 13358,133 мың теңгені құрады, немесе есепті жылы 2,5 есе өскен.
Баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері (меншік иелері) алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіз принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін жоғарыда келтірілген теңсіздік сақталуы тиіс: А1 < П1, яғни меншікті қаражаттарының көзі иммобильді активтерден көп болу керек. Талданып отырған кәсіпорында бүл теңсіздік сақталған. Бірақ 1-ші теңсіздік (А) > ПІ) сақталмаған. Бұдан шығатын қорытынды баланс толық өтімді емес.
Берілген схема бойынша жүргізіліп жатқан талдау уақытылы есеп айырысу мүмкіндіктері бойынша экономикалық жағдайды толығымен көрсетеді. Алайда ол берілген кезеңдегі кәсіпорынның нақты экономикалық қауіпсіздіген әрқашан да дәл көрсете алмайды, оның себебі бухгалтерлік есеп берулер негізінде сыртқы талдау жүргізіп жатқан талдаушының ақпараттарының шектеулілігінде. Баланстың өтімділігін бұдан да дәл жетілдіру жолдарыды есеп мәліметтерін пайдалану негізінде, яғни экономикалық жағдайды ішкі талдау шеңберінде жүргізуге болады. Бұл жағдайда басты назарды дебиторлық борышқа (оның мөлшеріне, төлеу уақытына, дебиторлардың есеп айырысу көздеріне) аудару керек, себебі ол ақша қаражатына ең жақын тұр және қысқа мерзімді қарыздар бойынша борыштарды жабудың негізгі көздері болып табылады.
Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:
Кө = а1А1 + а2А2 + а3А3
а1П1+ а2П2 + а3П3
Мұндағы: Көж - жалпы өтімділік коэффициенті;
А1 а2, а3 - салмақтық коэффициенті;
А мен П - актив пен пассив бойынша сәйкес топтарының жиындары.
Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлық өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелерінің өтелуін есепке алатын, салмақты коэффициентермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.
Бұл теориялық мәні 0,9-дан төмен болмауға тиіс көрсеткіш кәсіпорынның міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша қашықтағы және таяу арадағы есеп айырысуды жүзеге асыру қабілетін көрсетеді. Ол тіркелген кәсіпорынның әр түрлі есепті кезеңдерге жататын баланстарын және әр түрлі кәсіпорындардың баланстарын салыстыруға жэне егер салмақты коэффициенттерін келесі шектеулерге бағынған жағдайда қай баланс өтімді екендігін анықтауға мүмкіндік береді:
Бұл шектеулер экономикалық жағдайларды баланс өтімділігі дәрежесі бойынша саралауды және әр түрлі жағдайларда тәртіптің қатынасын беретін шарттарды қарастыру бағасына негізделген.
Баланс өтімділігі үшін ең өтімді активтер мен мерзімі ең қысқа міндеттемелер бірінші орытнда болатындықтан бірінші коэффициент 1-ге тең деп алынады. Осы жағдайды ескере, 2-ші және 3-ші салмақтық коэффициенттерге шектеулер жүйесі былай болады:
1 > а2 + а3; а2 > а3; а3 > 0.
Бұдан шығатыны а3 < 0,57.
Бұл шектеулерге, мысалы, келесі салмақтық коэффициенттердің жиыны сәйкес келеді. а1 = 1; а2 = 0,5; а3 = 0,3.
Сонда өтімділіктің жалпы көрсеткіштерінің берілетін түрі:
Көж = А1 + 0,5 А2 + 0,3 А3
П1 + 0,5 П2 + 0,3 П3
Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы экономикалық қауіпсіздігеның өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш, сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әулетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті таңдағанда қолданылады.
«ФУТУРА» ЖШС-те оның көлемі жыл басында — 0,5575, жыл соңында - 0,3070 құрады, яғни 0,25 пунктке азайған, сонымен қатар көрсеткіштің деңгейі теориялық мәнінен (0,9-дан) төмен, ал бұл кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетеді.
Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкінідіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін жетілдіру жолдары үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсалютті өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төменде айтылады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін оның экономикалық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланыста болады. Сол себепті нарық экономикасы қауіпсіздігенда оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік-талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Экономикалық талдау бойынша кейбір авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы, О.С.Ефимова төлем қабілеттілігі: «кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған», - деп жазады. «Фирманың қызметін экономикалық талдау» кітабының авторлары да осы көзқарасты ұстайды.
«Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды».
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорнның тек қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, «Шаруашылық қызметті талдау» оқулығының авторлары «Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп есептейді. Бұл - түсінікті М.Н.Крейнина толығырақ баяндады. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл кәсіпорнынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары қарыздарын өтеуге дайындығы». Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі болады. Төлем қабілеттілігі - бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.
Профессор В.В.Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның «қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізуі қабілеттілігін» түсінеді. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің болуы». Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т.Балабановтың анықтамасы. «Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бар ақша сомасының белгілі бір мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, оңда бұл шаруашылық жүргізуші субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеу себептерін анықтау керек».
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор А.Д.Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол «кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі» деп жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П.Кондраков береді. Оның пікірінше «төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкінлігі». Бұл жағдайда міндеттеме — бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысты, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары «несиелер» 60 бөлімшесінің 601-603 синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсінуі керек деп есептейміз.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы мінедттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады. Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі) міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Біздің кәсіпорнымызда бұл коэффициент жыл басында 0,35-ке тең (3306,732/9364,909), ал жыл соңында 0-ге тең (13,775/13746,681). Бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоқ екенін көрсетеді.
Төлем қаражаттарының сомасын анықтау мәселелсі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаражаттарын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе көмегімен есептелуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, экономикалық және басқа да органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем қабілеттілігіне байланысты. Егер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады.
Ағымдағы төлем қабілеттілігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.
Экономикалық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға байланысты ақша қаражаттарының түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату, қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипатын өзгерту дегенді білдіреді.
Ақша қаражатын қарызға алу қабілеттілігі, әр түрлі себептерге байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен, тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың құрамы және құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен қауіпсіздіге сияқты сыртқы факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда жэне кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды. Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) — потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері. Кәсіпорынның экономикалық икемділігін жетілдіру жолдары кезінде оның вексельдері, облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың щектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
Ағымдағы (кысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны болашақта қолдану мүмкін емес.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді - бір жылдан аса) төлем қабілетін жетілдіру жолдары үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштерінің бірі өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде - осы кезеңдегі ағымдағы міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражаттарының ағымын көрсетеді.
Нарықтық эконмика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қоладнылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу қабілеттілдігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның экономикалық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті жетілдіру жолдары үшін ақша қаражаттарының жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады. Ақша қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенті (Кжа) кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивидендтерді төлеуді жабу үшін табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.
Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде жыл ішіндегі мәліметтер алынады.
Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
Кжа = Өнім өткізуден түскен табыс______
Күрделі шығындар + дивиденд төлеу + Айналым
қаражатының өсуі
1-ге тең ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға қабілетті емес.
Кжа кәсіпорынның экономикалық қажеттілігіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.
Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті (Кжа) кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:
Кск = өткізуден түскен табыс-төленген дивидендтер
алғашқы қүны бойынша негізгі қүралдар + инвестициялар
басқа активтер + меншікті айналым капиталы
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті болып саналады (Дүйсенбаев К.Ш. және т.б.,2001).
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
1) абсалютті өтімділік коэффициенті;
2) аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсалютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:
Ка,.>0,2-0,5.
Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай белігі жедел өтелуді керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П.Палий бұл коэффициенттің мәні 0,2-0,25-тен жоғары болуы керек деп санайды.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторларымен өз уақытында есеп жүргізу қауіпсіздігенда болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір керсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін жетілдіру жолдары былайша өрнектеледі:
Кар.е>1.
В.Ф. Палий "бұл коэффициенттің теориялық ақталған жетілдіру жолдарыы 0,7-0,8 аралығында жатыр" деп есептейді.
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды.
Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын керсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату қауіпсіздігенда бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бүл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін жетілдіру жолдары кезінде ерекше мән береді. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:
1) біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бүл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;
2) екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақша қаражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) кезінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күштірек болуы, кредитор үшін соншалыкты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал немесе қаржы-эксплуатациялық, қажеттілік деп атайды.
Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:
Каг.в. > 2.
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды.
Осы көрсеткіштің нормативті маңызына байланысты басқа пікірлер де кездеседі. Ол 1 мен 3 арасындағы шектерде болуы тиіс. Төменгі шегі ағымдағы міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болуы тиіс, жетпесе кәсіпорын төлеуге қабілетсіз болуы мүмкін.
Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерден екі есе артық болуы орынсыз болып саналады, себебі бұл компанияның өз қаражаттарын рационалды салмауы мен олардың тиімсіз пайдалануын көрсетеді.
Ағымдағы өтімділік коэффициентінің 2-ге тең нормативтік мәні біздің елімізде есеп беру кәсіпорындардағы нақты жағдайды ескермей, кәсіпорынның банкроттығы туралы шешім қабылдау үшін қажет белгілердің бірі ретінде алынған. Ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мәні барлық кәсіпорындар үшін бірдей, яғни шаруашылық субъектісінің өндіріс түрі мен салалық ерекшеліктері есепке алынбайды.
Көптеген отандық кәсіпорындарды банкроттық анықтамаға жаткызуға болады. Яғни, бұндай белгілермен анықтау дұрыс емес, себебі көп кәсіпорындар ішінен нақты банкроттық шаралар қаупі төнген кәсіпорындарды бөліп көрсетпейді, Біздің елде де статистикалық материалдарды жинақтау мөлшеріне қарай бұл көрсеткіштің мәні салалар мен салааралық бойынша бөлшектеп, активтің өтімділігін талдауда қолдану керек.
Кәсіпорын өтімді қаржының болуын оларға ұтымдылық қажеттілік шегінде реттеуі қажет. Ол - әрбір нақты кәсіпорын үшін келесі факторларға байланысты:
- кәсіпорын жэне оның қызметінің көлемі, мөлшері (өндіру және өткізу көлемі қаншалықты көбірек болса, соншалықты тауарлы-материалдық қүндылықтар қоры мол болады);
- өнеркәсіп және өндіріс салалары (өнімге деген сұраныс және оларды өткізуден түсімнің түсу жылдамдығы);
- өндірістік цикл ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
- материал қорын қалпына келтіруге қажет уақыт (олардың айналу ұзақтығы);
- кәсіпорын жұмысының маусымдылығы;
- жалпы экономикалық конъюнктура.
Егер ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндет-темелдің ара қатынасы 1:1 — төмен болса, онда кәсіпорын өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда да кәсіпорынның каржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де Каго мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.
Кәсіпорын кредиторлары тұрғысынан, айналым құралдарын құрудың осы варианты аса жоғары бағаланады. Сонымен бірге, менеджердің көзқарасы бойынша кәсіпорында қорлардың өте көп жиналуы, қаржыларды дебиторлық борышқа аудару кәсіпорынның активтерін шебер пайдалануымен байланысты.
Өтімділіктің әр түрлі көрсеткіштері тек өтімді қаржыларды есепке алудың әр түрлі дәрежесінде кәсіпорынның қаржы қауіпсіздігеның тұрақтылығын жан-жақты сипаттап қана қоймай, сонымен бірге талдау хабарламаларының әр түрлі сыртқы пайдаланушыларының мүдделеріне жауап береді. Мысалы, шикізат пен материал жеткізушілері үшін абсолютті өтімділік коэффициенті қажет. Осы кәсіпорынды несиелейтін банк өтімділіктің аралық коэффициенттеріне (Карө) көп көңіл бөледі. Кәсіпорынның сатып алушылары немесе акциялар мен облигацияларды ұстаушылар кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын ағымдағы өтімділік коэффициенті (Кағ ө,) бойынша бағалайды.
Көптеген кәсіпорындар үшін аралық өтімділіктің төмен коэффициентінің жалпы өтімділіктің жоғары коэффициентіне сай келуі тән екенін атап өту керек. Бұл кәсіпорында шикізат, материал, жинақ бөлшектер, дайын өнімнің шектен тыс қорлары барлығына байланысты болады. Бұл шығындардың негізделмеуі ақырында ақша қаражатының жетіспеуіне әкеледі. Осыдан, жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуына қарамастан, оны құраушының, әсіресе баланстың үшінші тобына кіретін баптары бойынша, қауіпсіздіген және динамикасын айқындау керек.
Осы мақсатта өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, аяқталмаған өндірістің айналымын есептеу керек.
Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің төмен және жалпы өтеу коэффициентінің жоғары болуы кезінде, айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің нашарлауы осы кәсіпорынның төлем кабілетінін нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін объективті жетілдіру жолдары үшін осындай төмендеу себептерін айқындау керек.
Осы кезде тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету көлемін анықтау керек. Есептеулер 4-кестеде келтірілген.
Кесте-4.
«Футура» ЖШС-қ ағымдағы активтерінің өтімділік көрсеткіштері*, мың теңге
№ | Көрсеткіштер | Жыл басында 2007 | Жыл соңында 2006 | Өзгеріс (+;-) (2гр.-1 гр.) |
1. | Ағымдағы активтер мың теңге, оның ішінде: | 33082,5 | 27049,4 | -6033,1 |
1.1. | Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді экономикалық салымдар | 2951,8 | 1406,9 | -1544,9 |
1.2. | Дебиторлық борыш және басқа да активтер | 4997,3 | 7606,9 | 2609,3 |
1.3. | Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы-материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салым дарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары . | 27679,6 | 25833,4 | -1846,2 |
2. | Қысқа мерзімді міндеттемелер Мың теңге, оның ішінде: | 23910,8 | 24035,6 | 124,8 |
2.1. | Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар | - | - | - |
9-шы кестенің жалғасы
2.2. | Кредиторлық борыш | 19032,1 | 19769,1 | 737 |
2.3. | Басқа да ағымдағы міндеттемелер | 1316,4 | 1226,4 | -90 |
3. | Өтімділік көрсеткіштері | - | - | - |
3.1. | Абсалюттік өтімділік коэффициенті (1.1. қ:2қ) | 0,124 | 0,059 | -0,065 |
3.2. | Аралық өтімділік коэффициенті ((1.1. қ + 1.2.):2 қ) | 0,332 | 0,376 | 0,044 |
3.3. | Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті (1.1. қ + 1.2 + 1.3 қ):2 қ) | 1,490 | 1,449 | -0,041 |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы мәліметтері негізінде жасалған.
4-кестенің мәліметтері жыл аяғындағы өтімділік жыл басында қарағанда біршама төмендегенін көрсетеді. Осылай, абсалютті өтімділік коэффициенті 0,352 пунктке, аралық - 0,378 пунктке төмендеді, ал ағымдағы - 0,0041 пунктке өсті. Егер бірінші көрсеткіш жыл басында теорияға сәйкес, ал екінші ең төменгі талап етілген шектеуден аз болса, онда жыл аяғында бұл көрсеткіштің деңгейі біршама төмендеді, сәйкесінше 0,001 және 0,031-ді құрады.
Жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффициенті жыл басында да, жыл аяғында да талап етілген шектеуге жауап бермеді және жыл басына қарағанда 0,0041 пунктке өсті.
Келтірілген есептеулерден, жалпы өтеу коэффициентіне дебиторлық борыштар (0,78 есе азаюы кері), ал тауарлы-материалдық қорлардың (2,4 есе) күрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады. Кредиторлық борыштың 1,4 есе және басқа да ағымдағы міндеттемелердің 6,3 есе өсуі, сонымен бірге өтімді активтердің азаюы осы көрсеткіштердің төмендеуіне әкеледі.
Осылайша, біз кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі - төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар - елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының қауіпсіздіге, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы қауіпсіздіге жэне басқалар әсер етеді. Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде қарастыру маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржы қауіпсіздіген объективті жетілдіру жолдарыға мүмкіндік береді.
2.3 Кәсіпорын табыстылығы мен іскерлік белсенділігін жетілдіру жолдары.
Кәсіпорынның табыстылығын зерттеу.
Табыс (пайда) табу кез-келген кәсіпорынның мақсаты болып табылады. Сонымен қатар нарықтық экономикада кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады.
"Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі".
Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштеріне : өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынған (түскен) табыс және т.б. жатады. Ал салыстырмалы көрсеткіштеріне: активтер табыстылығы; сату көлемінің табыстылығы; өткізілген өнім табыстътлығы; меншікті капитал табыстылығы және т.б. жатады.
Кесте-5.
«Футура» ЖШС-ң табыстылығын талдау
Көрсеткіштер | Есептеу формуласы | Өткен жыл 2008 | Есепті жыл 2007 | Ауытқу (+,-) мың тг |
А. Абсолютті көрсеткіштер | ||||
1.Өнімді өткізуден түскен түсім (ӨӨТТ) | Өткізуден түскен барлық табыс сомасы | 6896,606 | 10262,222 | 3365,616 |
2.Жалпы табыс | ӨӨТТ-ӨӨӨҚ (өзіндік құн) | 1248,108 | 2677,339 | 1429,231 |
3.Негізгі қызметтен түскен табыс | Жалпы табыс -кезең шығындары | -4,858 | 193,28 | - |
4.Негізгі емес қызметтен түскен табыс | 5,261 | 2,699 | - | |
5.Салық салынғанға дейінгі табыс | Негізгі қызмет -негізгі емес қызметтен түскен табыс | -36,994 | 87,345 | - |
6.Салық салынғаннан кейінгі табыс | Салық салынғанға дейінгі табыс -табыс салығы | 36,994 | 47,618 | - |
7. Таза табыс | -36,994 | 47,618 | - | |
В.Салыстырмалы көрсеткіштер, (%) | ||||
1.Активтер табыстылығы | Таза табыс / кәсіпорын активі | - | 0,0034 | - |
2.Ұзақ мерзімді активтер табыстылығы | Таза табыс / ұзақ мерзімді активтер | - | 1,505 | - |
3.Ағымдағы активтер табыстылығы | Таза табыс / ағымдағы активтер | - | 0,0034 | - |
4.Негізгі өндірістік қорлар табыстылығы | Таза табыс / негізгі өндірістік қорлардың орт. жылдық құны | - | 1,47 | - |
5.Сату көлемінің табыстылығы | Жалпы табыс / ӨӨТТ | 0,18 | 0,26 | 0,08 |
6.Өткізілген өнім табыстылығы | Таза табыс / ӨӨТТ | - | 0,0046 | - |
10-шы кестенің жалғасы
7.Меншікті капитал табыстылығы | Таза табыс / меншікті капитал | - | 1,0041 | - |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы және қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған.
5-кестеден көріп отырғанымыздай 2003 жылды кәсіпорын зиянмен аяқтаған. Сондықтан да салыстырмалы көрсеткіштердің табыстылығын анықтау мүмкін емес. Тек сату көлемінің табыстылығы 0,18-ді құрағанын көреміз. Ал 2008 жылы кәсіпорынның каржылық қауіпсіздіге жақсарып жылды табыспен жапты. Есепті жылы өнімді өткізуден түскен түсім 3 365,616 мың теңгеге, жалпы табыс 1429,231 мың теңгеге өсті. Жалпы табысқа әсер ететін факторлар :
- өткізілген өнімнің өзіндік құны;
- өнім бірлігінің бағасы;
- өткізілген өнім көлемі ( саны );
- өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Таза табыстың өсуі өз кезегінде салыстырмалы көрсеткіштердің: активтер табыстылығы, ұзақ мерзімді, ағымдағы активтер табыстылығы, негізгі өндірістік қорлар табыстылығы, өткізілген өнім табыстылығы, меншікті капитал табыстылығы т.б.-ға әсер етеді. Есепті жылы аталған көрсеткіштер табыстылығы өсті. Бүл оң деп бағаланады, өйткені табыс — мемлектттік бюджет табысының көзі, екіншіден кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі болып табылады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің көрсеткіштерін талдау.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін жетілдіру жолдары және талдау экономикалық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі экономикалық қауіпсіздігенда ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатың қаншалықты тиімді пайдаланғандығын анықтауға мүмкіндік беретін, әр түрлі экономикалық айналымдылық коэффициенттерінің деңгейі мен қозғалысын зерттейді. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіге активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады. Елдегі экономикалық жағдай мен оған байланысты шаруашылықты жүргізу шарттары кәсіпорын активтерінің айналымдылығына әсер етеді. Мысалы, елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер, кәсіпорындардың басым көпшілігінің жабдықтаушылармен, сатып алушылармен реттелегн шаруашылық байланысының болмауы шамадан тыс қор жинақтауға әкеліп соқтырады, бүл қаражат айналымын айтарлықтай бәсеңдетеді.
Қаражаттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі қауіпсіздігемен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек. Шынында да, қолданылған баға саясаты, құрылған актив құрылымы, пайдаланылған тауарлы-материалдық қорларды жетілдіру жолдары әдістемесіне байланысты кәсіпорын өз қаражатының айналымының ұзақтығына көп немесе аз әсер ету еркіндігіне ие болады. Іскерлік белсенділік коэффициентінің кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары үшін үлкен маңызы бар, өйткені қаражаттың айналым жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бірдей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өндірістік - техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кесте-6.
«Футура» ЖШС - ң іскерлік белсенділігінің көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Есептеу формуласы | Өткен жыл 2008 | Есепті жыл 2007 | Ауытқу (+,-) мың тг |
1 | Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті | Кк=ӨӨТТ / жиынтық капитал | 3,1 | 0,74 | -2,36 |
2 | Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті | Кск= ӨӨТТ / меншікті капитал | 187,4 | 216,4 | 29 |
3 | Негізгі капиталдың айналымдылық коэффициенті | Кск= ӨӨТТ / негізгі капитал | 299,6 | 316,2 | 16,6 |
4 | Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті | Кта= ӨӨТТ / ағымдағы активтер | 3,1 | 0,74 | -2,36 |
5 | Айналым қаражаттарын бекіту коэффициенті | Кз= Ағымдағы активтер / ӨӨТТ | 0,32 | 1,34 | 1,02 |
6 | Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті | Кг= ӨӨТТ / дайын өнім | 3,31 | 0,76 | -2 55 Z,,_>.J |
7 | Алашақ қарыздың айналымдылық коэффициенті | Кдз= ӨӨТТ / дебиторлық берешек | 3831,44 | 24,67 . | -3806,77 |
8 | Берешек қарыздың айналымдылық коэффициенті | Ккз= ӨӨТТ / кредиторлық берешек | 3,16 | 0,74 | -2,42 |
9 | Перманентті капиталдың айналым жылдамдығы | К пер.к =ӨӨТТ / перманентті капитал | 187,4 | 216,4 | 29 |
10 | Іскерлік белсенділік индексі | Ида= ӨӨТТ / кызмет жасаушы капитал * Негізгі қыз меттен түскен табыс / өткізілген өнімнің өзіндік құны | 3,8 | 1 | -2,8 |
«Футура» ЖШС-ң бухгалтерлік балансы және қаржы — шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп мәліметтері негізінде жасалған.
5 - кестеден көріп отырғанымыздай капиталдың жалпы айналымдылығы, ағымдағы активтердің айналымдылығы, дайын өнімнің айналымдылығы, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналымдылығымен іскерлік белсенділік төмендеді. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты әрі тәуелді. Іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әсер еткен факторларға: қызмет жасаушы (айналым) капиталдың айналымның бәсеңдеуі, айналу кезеңінің ұзаруы, өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі, түскен түсімнің айтарлықтай өспеуі, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлем тәртібінің бұзылуы, сұраныстың болмауы немесе азюы және т.б.
Іскерлік белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын сатудан түскен түсімді өсіріп, өзіндік құнды азайтуға тырысуы керек. Сонымен қатар айналым капиталын бақылауға алып, жаңа нарықтарды жаулап алу, тауар ассортиментін, тауар саясатын қайта қарауы керек.
2.4 Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру жолдары.
Ағымдағы және келешек жоспарды ғылыми тұрғыдан негіздеу кәсіпорынның өткен жылдардағы қызметінің нәтижесіне терең экономикалық талдау жүргізбей және келешекке негізделген болжауларсыз, кәсіпорын экономикасының даму заңдылықтарын зерттеп алмай, орын алған кемшіліктер мен қателіктерді анықтамай ғылыми түрғыдан негізделген жоспарды жасауға, басқару шешімінің ұтымды нұсқасын таңдап алуға болмайды.
Қорларды үнемді пайдалану жоспары мен басқару шешімінің орындалуын бақылау керек. Талдау тек фактілерді анықтау мен қол жеткен нәтижелерді жетілдіру жолдары мақсатында ғана емес, сонымен қатар кемшіліктерді, қателіктерді анықтап алу және экономикалық процестерге шұғыл түрде әсер ету мақсатында да жүргізілуі тиіс. Сондықтан талдаудың шұғылдығы мен әрекеттілігін арттыру қажет.
Объективті жэне субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың шаруашылық қызметтің нәтижелеріне әсерін зерттеу.
Алдыңғы қатарлы тәжірибелерді және ғылым мен практиканың жетістіктерін үйрену негізінде кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін арттыратын резервтерді іздестіру.
Кәсіпорын жұмысының жоспарды орындауы, экономикасының дамуының қол жеткен деңгейі, қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалануы мен оның өнімдер мен қызмет рыногындағы қауіпсіздіген тексеру бойынша нәтижелерін жетілдіру жолдары. Объективті тексеру бизнес-процестерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Есепті кезеңнің соңында әрбір басшы өзінің бухгалтериясынан кәсіпорын жұмысының қорытындысы бойынша экономикалық құжаттарды алып отырады. Оларды айқын талдау басқару шешімін дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Төменде кәсіпорын жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар келтіріледі:
Біріншіден, қандай да болмасын экономикалық талдауды кәсіпорынның экономикалық мониторигісінен бастаған жөн. Кәсіпорынның өткен белгілі бір кезеңдегі негізгі экономикалық сипатын, олардың тенденциясын анықтау мақсатымен. Оның үстіне тенденция көрсеткіштердің мәніне қарағанда маңыздырақ, өйткені бағытты, қозғалыс жылдамдығын сипаттайды және белгіленген нәтижелерге жету қабілетін немесе қабілетсіздігін көрсетеді.
Экономикалық мониторингтің міндетіне экономикалық көрсеткіштерді анықтау кіреді: белгілі бір кезеңдегі тұрақтылық, өтімділік, айналымдылық және т.б. және олардың тенденциясы. Осы және басқа да көрсеткіштер бизнес пен инвестиция әлеміндегі қатынас тілі болып табылады, сондықтан оларды білу және түсіну қажет. Сондай-ақ алынған нәтижелерді, тұжырымдар мен ұсыныстарды талдау керек.
Экономикалық мониторинг өткізу үшін мынандай құжаттар керек: баланс (№1үлгі); кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп (№2үлгі); ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп (№4үлгі).
Тереңірек талдау үшін бухгалтерлік есептің қосымша құжаттары керек болады. Көптеген жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғаларға қарағанда өз баланстарын жүргізбейді, өйткені бұны қажет деп санамайды, сондықтан өздерінің нақты қауіпсіздіген дұрыс жетілдіру жолдары мүмкіндігінен айырылады. Оны олар, әдетте, «тірі» ақшамен, не болмаса өндірілген өнімнің көлемі мен түрлері бойынша, немесе оны бәскелесінен ерекшелендіре алатын басқа да
Кәсіпорынның экономикалық мониторингін жүргізу керек болатын ең аз мерзім бір жыл, ал талдау кезеңі бір тоқсаннан аспауы тиіс.
Екіншіден, баланс баптарының өзгерісін жалпы жетілдіру жолдары. Баланс баптарының жалпы тенденциясының кезеңдер бойынша өзгеруі кәсіпорын қызметінің нақты сипаттамасын бере алады. Қорытынды көрсеткіштерді кезеңдер бойынша салыстыруды бір графикпен жүргізген дұрыс болады: баланс валютасы; айналымнан тыс активтер; айналым активтер; қаржыландырудың меншікті көздері; ұзақ мерзімді міндеттемелер; қысқа мерзімді міндеттемелер.
Үшіншіден, талдауға қарап кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасын беруге болады. Жоғарыда айтылған сипаттардың барлығы қалай болса да тек екі парметрмен ғана: активпен және кредиторлық берешекпен байланысты. Мұнда актив ретінде баланс активіне кіретін баптардың жай ұлғаюы ғана емес сонымен қатар, ақша ағымын құруға қабілетті құралдар жиынтығы Кәсіпорын үшін ең жақсы ара-қатыс активтің көбейюі, ал кредиторлық берешектің азаюы болып табылады. Тамаша жағдай, дегенмен әрдайым осылай бола бермейді. Кәсіпорын тұрақты болып қала беруі мүмкін, егер де актив көбейсе және осы кездегі оның өсу жылдамдығы кредиторлық берешектің өсу жылдамдығынан тезірек болса. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі мына вариант болған жағдайда мүмкін, активтің азаюы кредиторлық берешекке қарағанда азырақ болса.
Ең нашар вариант - актив азаяды, ал кредиторлық берешек өседі. Егер де бұл тенденция болса онда, осы екі параметрге - актив пен кредиторлық берешекке тиімді әсер етуі бойынша басшылардың басқару тұтқалары жетіспегенін білдіреді. Әдетте, мұндай құбылыс кенеттен пайда болмайды. Әдетте бұл басшылардың экономикалық талдаудың маңыздылығын түсінбеуі салдарынан немесе қаржы тұрғысынан білімі таяз болып, соған байланысты назарын басқа көрсеткіштерге аударуы салдарынан болады. Кәсіпорын актив пен кредиторлық берешекті басқару тұтқаларын жетілдіру керек.
Төртіншіден, табыс пен шығындар туралы есептің шегіндегі экономикалық коэффициенттерді талдау өте маңызды. Табыс пен шығындар туралы есепті жалпы талдау, мысалы түскен ақша мен шығындар динамикасынның қатаң белгіленген тенденциясы жоқ екендігін және олардың әр кезеңде неше түрлі өзгеріп отыратынын көрсетіп отыр. Кейбір кезеңдерде өсіп отырады, ал кейде - төмендеп кететіні байқалады. Алайда экономикалық сипаттың осы кезеңдегі теріс тенденциясы жалғаса беруі мүмкін. Бұл кәсіпорын басшысының өндірістік және өткізу қызметтерінің экономикалық сипатын нығайта алмай отырғандығын көрсетеді.
Бесіншіден, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті талдау –кәсіпорынның инвестициялық саясаты мен ағымдағы қызметі туралы ақпарат бере алады. Басшылар «тірі» ақша көбейе бастаған кезде қателіктер жібере бастайды. Дәл осындай кезеңдерде кэсіпорынның құлдырап қалуына алып келетін шешімдер қабылданады. Тек ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті талдау ғана басшылардың ақша ағымын басқаруға қабілеттілігі туралы айқын көріністі бере алады. Бұндағы кеңінен -таралған қателік - ұзақ мерзімді жоспардың және ағымдағы жылға жан-жақты зерттелген жоспардың болмауы. Инвестициялық жоспардың болмауы кәсіпорынды ақшаның жоқтығынан да бетер құлдыратады. Мұндай құжаттарды жасағысы келмеген басшылар нарық әсерін өз пайдасына қарай өзгертудің орнына өздерін соған тәуелді етеді. Мұндай жоспарлар ең болмаса үшеу болуы тиіс. Біріншісі жағымсыз жағдайларға, екіншісі - оптималды жағдайға, ал үшіншісі - ойдағы ең жақсы мақсаттарды жүзеге асыруға есептеледі. Және де бірінші жоспар екіншінің құрамдас бөлігі, ал екінші - үшіншінің құрамдас бөлігі болуы керек. Бұл осындай жоспарлардың өміршеңдігінің міндетті шарты.
Алтыншыдан, экономикалық талдаулар кәсіпорын басшыларының күнделікті жұмысы болуы керек. Кәсіпорынға өзінің экономикалық қауіпсіздіген жетілдіру үшін, әртүрлі тізбектердің тиімділігін дәл анықтау және олардың әрқайсысына жеке әсер ететін өзінің ағымдағы жұмысындағы тұтқаларды білуі үшін оған бухгалтерлік есепке қосымша басқару есебіне көшу керек.
Кәсіпорында басқару есебін енгізу жыл ішіндегі оның экономикалық Кәсіпорынды дамытудағы ішкі факторлар: өндірістік факторлар (тиімді маркетинг; ағымдағы шығындардың тиімді құрылымы; негізгі қорларды пайдаланудың жоғарғы деңгейі; өнім (тауар) ассортиментінің қажетті деңгейде диверсификациялануы; тиімді өндірістік менеджмент). Инвестициялық факторлар (тиімді қор портфелі; құрылыс — монтаж жұмыстарының төмен ұзақтылығы; тиімді инвестициялық менеджмент). Экономикалық факторлар (тиімді экономикалық стратегия; активтердің тиімді құрылымы (жоғарғы өтімділігі); қарыз капиталының, соның ішінде қысқа мерзімді көздері үлесінің төмен болуы; дебиторлық қарыздың төмендеуі; капитал құнының төмен болуы; тиімді экономикалық менеджмент).
"Футура" ЖШС 2008 жылды зиянмен жапты. Осыған орай мынадай ұсыныстар жасауға болады: түскен түсімді көбейту үшін, ең алдымен алып-сататын тауарлар санын көбейту; тауарлар сапасына мұқият болу керек; сатылатын тауарлар ассортиментін кеңейту; өткізілетін өнімнің өзіндік құнын мейлінше азайту. Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары: өндірістің техникалық деңгейін көтеру; өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сиымдылығын төмендету; басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру; технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жетілдіру және т.б.
Сонымен қатар, серіктестіктерді дұрыс таңдау; тауарлы-материалдық қорлардың қалдығын азайту; еңбек өнімділігін арттыру, нақты еңбекті ұтымды пайдалану; ақша жұмсалуына, дебиторлық және кредиторлық берешек сомаларына бақылау жасау, әсіресе бұрын пайда болғандарға және ірі сомаларына мұқият болу; кезең шығындарын азайту; жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру; есептеу жүйесін жетілдіру; тауарды өткізуді дұрыс ұйымдастыру; қосымша қаражат тарту; негізгі қорларды пайдалануды жетілдіру және т.б.
Дебиторлық борыштың, әсіресе оның күмәнді бөлігінің үлкен мөлшерде болуы айналымның бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады. Егер мерзімі өтіп кеткен сомалар бар болса, онда оларды қайтарып алу бойынша шұғыл шараларды қарастыру қажет. Дебиторлық борыштың пайда болуы есептеулер тәртібінің бұзылуы нәтижесінде болады. Сондықтан кәсіпорын дебиторлық борыштың уақытысында өтелуін үнемі бақылауында ұстауы жөн.
Дебиторлық берешектің өсуі кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігена кері әсер етеді. Сондықтан бухгалтер бұрын пайда болған қарыздарға және берешектің ірі сомасына, олардың пайда болу себептеріне назар аударуы керек. Олар: сатып алушыларға қатысты ұйымның қате несиелік саясаты; серіктестерді дұрыс таңдамау; кейбір тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің болмауы немесе банкрот болуы; сату көлемінің өте жоғары қарқында өсіру; өнімді өткізудегі қиындықтар; ақша қаражаттарының келіп түсуіндегі қиындықтар және т.б.
Дебиторлық борышты басқару үшін оны есепке алып, талдау (көлемі, мерзімі, түрлері бойынша сыныптау) жасап тиісті шешім қабылдау керек. Сонымен қатар оларды төлемеу себептерін анықтау керек.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне әсер ететін факторлар: қызмет көлемі, өнімге деген сұраныс, кәсіпорн қызметінің маусымдылығы, жалпы экономикалық конъюнктура, саяси жағдай, ақша нарығының қауіпсіздіге, банктік заңдардың жетілуі, меншікті капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш көлемі және т.б.
Кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін: түскен түсімді көбейту; сатылған тауарлардың өзіндік құнын төмендету; төлем тәртібіне бақылау жасау; тауарлардың бәсекелестік қабілетін арттыру; дебиторлық борышты бақылау; алдын-ала төлеуді талап ету; ақшаның сақталуы және мақсатты жұмсалуын тексеру; жолдағы ақшаларды тексеру, өнімді (жұмыс, қызмет) сатудан түскен түсімнің толық кірістелуін тексеру; төлем тәртібінің сақталғанын тексеру; банктегі есеп айырысу шотында ақшаны ең аз, қажетті мөлшерде ғана сақтау керек.
Төлем қабілетсіздіктің себептері мыналар болуы мүмкін:
- өнімді өндіру және сату көлемінің төмендеуі, өзіндік құнының өсуі, пайда сомасының азаюы және соның нәтижесі ретінде — кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландыруының меншікті көздерінің жетіспеуі;
- айналым капиталын дұрыс пайдаланбау: қаражаттарды дебиторлық берешекке айналдыру, жоспардан тыс және уақытша қаржыландыру көзі жоқ басқа да мақсаттағы қорларға салып жіберу;
- кәсіпорын клиенттерінің төлем қабілетсіздігі;
- салықты мерзімінде немесе толық төлемегені үшін айыппұл, салық салу деңгейінің жоғарылығы.
Төлем қабілеттілік көрсеткіштерінің өзгеру себебін анықтау үшін ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы бойынша жоспардың орындалуын талдаудың маңызы зор. Ол үшін ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп деректерін бизнес-жоспардың қаржы бөлімінің деректерімен салыстырады.
Ең алдымен операциялық, инвестициялық және экономикалық қызметтен ақша қаражаттарының түсуі бойынша жоспардың орындалуын белгілеп және жоспардан ауытқудың себебін анықтап алу керек. Ақша қаражаттарының пайдаланылуына айрықша назар аудару керек, өйткені кәсіпорын бюджетінің табысты бөлігін орындаған күннің өзінде де ақша қаражаттарын артық және ұтымды емес жұмсау экономикалық қиындықтарға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Кәсіпорынның экономикалық бюджетінің шығыс бөлігі әр бабы бойынша дұрыс немесе бұрыс жұмсалған артық шығынның себебін анықтай отырып талданады. Талдаудың қорытындысы бойынша кәсіпорынның келешектегі төлем қабілетінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақша қаражаттарының кірісін жоспарланған түрде көбейту резервтері айқындалуы тиіс.
Ағымдағы кезеңде ақшалай активтер сомасының көбеюі келесі негізгі іс-шаралар көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: қысқа мерзімді экономикалық салымдар портфелін ликвидациялау; дебиторлық қарыздың жалпы көлемін азайту мақсатымен оны қайта қаржыландыру; дебиторлық қарыз айналымын жылдамдату; тауарлы - материалдық қорлардың ағымдағы көлемін нормализациялау; тауарлы - материалдық қорлардың маусымдық және Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін жетілдіру жолдары және талдау, экономикалық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады. Талдаудың нәтижесінде іскерлік белсенділіктің төмендеуі байқалды. Оған әсер еткен факторлар: қызмет жасаушы (айналым) капиталдың айналымның бәсеңдеуі, айналу кезеңінің ұзаруы, өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі, түскен түсімнің айтарлықтай өспеуі, шаруашылық байланыстардың үзілуі, төлем тәртібінің бұзылуы, сұраныстың болмауы немесе азаюы және т.б. Іскерлік белсенділікті арттыру үшін кәсіпорын сатудан түскен түсімді өсіріп, өзіндік құнды мейлінше азайтуға тырысуы керек. Сонымен қатар айналым капиталын бақылауға алып, жаңа нарықтарды жаулап алу, тауар ассортиментін, тауар саясатын қайта қарауы керек.
Кәсіпорынның дамуы дұрыс жоспарланған өткізу саясаты мен инфрақұрылымды мемлекеттік реттеу көмегімен болуы мүмкін.
Тауарларды өткізу жүйесін таңдау ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Кәсіпорын үшін ең тиімдісі тікелей тұтынушыларға тауарларды сату үшін жасақталған ветеринарлық дәріханалардың болуы және делдалдар қызметін пайдалану болып табылады.
Өткізу каналын таңдау кезінде мынадай критерийлерді есепке алу керек: тұтынушылардың тапсырысын орындаудың кешенділігі, дер кезінде орындалуы мен толықтығы; өткізу қызметінің пайдалы эффекті өсімінің бірлігіне кеткен шекті шығындардың минимумы, дефектісі бар тауарлардың орнын толтыру мүмкіндігі және сервистің ұйымдастырылуы; каналдағы әрбір қатысушының экономикалық пайдасы.
Тиімді құрылған өткізу каналы мынаны қамтамасыз етеді:
- өнімнің (тауардың) нарықта жылжуының экономдылығы;
- тұтынушыларға мақсатты әсер ету;
- бәсекелестік артықшылықтарды алу;
- өнімді тарату жүйесінің табыстылығы.
Кәсіпорынның өткізу қызметін тиімді басқару үшін мынадай іс-шараларды орындау керек :
- сауда бюджетін құру, тауарлардың сату бағаларын анықтау;
- дебет-кредит талдауын тұрақты түрде жүзеге асыру;
- айналым мен өткізу бойынша тұтынушылар нарығының құрылымындағы ауытқулар мен маусымды ескере отырып ақпараттарды жинау және талдау;
- тауарды сатудың негізделуі;
- тұтынушылар қажеттілігін зерттеу;
- неғұрлым падалы жабдықтаушылар туралы, сонымен қатар тауардың "өмірлік циклының" стадиялары туралы ақпараттарды жинау;
- баға саясатын үнемі жетілдіру.
Сату (бөлшек) бағасының құрамына мыналар кіреді :
- сатып альнған құн (шот, тауарлы-транспорттық накладной, кедендік декларация құжаттарымен қуатталған) жабдықтаушылардан сатып алынған құн;
- акциз ( "Футура" ЖШС оны қоспайды );
- ҚҚС ( "Футура" ЖШС ҚҚС- нан босатылған );
- сауда үстемесі (5-10 % ).
"Футура" ЖШС бөлшек саудамен айналысады және "ЛИФО" жетілдіру жолдары әдісін таңдады.
Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сәйкес болуы керек. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып қалуларына болмайды. Кәсіпорындарды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең маңызды мақсаты -қызметінің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру болып табылады.
Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай кәсіпорынның негізгі міндеттеріне жататындар :
- жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және қолда бар өндірістік мүмкіндіктеріне, сұранысқа сай қызмет көрсету; өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты пайдалану; кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
- ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу; Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру - бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын - энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру болып табылады. Сондықтан негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылап пайдалану жолымен, негізгі көрсеткіштердің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық коффициенті, жабдықтау жүктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін; бұл көрсеткіштерді жетілдіру ғылыми — техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады;
- өз қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың квалификациясының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарына қолайлы саяси-психологиялық ахуалды жетілдіру;
- кәсіпорынның сататын тауарларының бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау; баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Кәсіпорын рыноктағы іс-әрекетінің негізгі үш бағытын жүзеге асыруы керек:
- өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі артады. Ол үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті және жабдықтауды жетілдіру шараларын жаңа технологияны игеруді, өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
Шығындарды жүйелі түрде төмендету - кәсіпорынның жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады :
- ғылыим-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
- өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- экономикалық поцестерді мемлекет тарапынан реттеу.
- өнім өндіруде мамандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі мақсаты - өндіріс өнімінің сапасын жетілдіру, тұтынушылар бағасы жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды көздейді. Ол үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг жүйесі болуы керек;
- кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды. Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген сұранысты зерттеп, соған сәйкес өндірісті ұйымдастырады, яғни осы өнімнің өзіндік құнын төмендету немесе осы өнім өндіруіне жеке мамандану саясатын жүзеге асырады. Кәсіпорын бүкіл рынокқа ғана емес, тек оның бір бөлігіне нақты тұтынушыға, оның сұранысына қызмет етеді.
Қорытынды
Кәсіпорын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда табу мақсатында өнім өндіретін, қызмет істейтін және қызмет көрсететін экономикалық дербес шаруашылық субъектісі. Кәсіпорын дербес жүйе ретінде қоғамдық өндірістің бас буыны болып табылады. Онда ұлттық экономиканың негізгі экономикалық міндеттерінің шешімдері тікелей жүзеге асырылады. Кәсіпорынның мақсаты өзінің өндіретін өніміне немесе қызмет көрсетуіне дер кезінде тапсырыстар алудағы жүйені нығайту қажет. Осы ретте ескеретін жай, межелеген өнімді өндіру немесе қызмет көрсету үшін барлық қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу керек. Нарықтық жағдайдың қозғаушы күші - бәсеке. Ол өндірісті ұлғайтуды, сапасын жетілдіруды және өнімнің бағасын арзандатуды ынталандырады, ғылыми-техникалық жетістіктерді өндіріске толық енгізуді, отандық техниканы, технологияны, өндірісті және еңбекті ұйымдастыруда үдемелі әдістерді толық қолдануына үлкен ықпалын тигізеді. Ірі фирмалармен салыстырғанда кіші кәсіпорындар өздерінің елеулі артықшылығымен көзге көрінеді. Оларға жоғары серпінділік, ықшамдылық, өндірістің бәсекелестік сипаты және демократияландырулары тән. Кіші кәсіпорындар жаңа жұмыс орындарын ашады, халық кәсіпшілігін -жалғастырады, кіші қалалардың экономикалық және әлеуметтік дамуларына ықпал етеді.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкерлік шешімдердің қажетті шарттары болып табылады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі - бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы қауіпсіздіген, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі. Кәсіпорынның және өндіріс қаржы қауіпсіздігеның тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның рыноктағы кәсіпкерлік белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы тұрақтылғы мен төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.
Өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады. Өндіріс шығыны - бұл кәсіпорынның өндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы. Өндірілген өнімді (тауарды) сатудан түскен қажының есебінен өзіндік құнның құрамына кірген, өндірісте тұтынылған элементтер шығынының орны толтырылады, ал қалған қаржының бір бөлігі ұлғаймалы өндірісті дамытуға жұмсалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Абрютина М.С. Анализ финансово экономической деятельности предприятия.: Учеб. прак. пособие. - 2-е изд.испр. - М.: Изд. «Дело и сервис» ., 2000.- 265 с.
- Байбулова Д.Б. Управление финансовой устойчивостью предприятий в переходной экономике (на примере Республики Казахстан). -Дисс.канд.экон.наук. Алматы, 2002. — 141 с.
- Дүйсенбаев К.Ш. және т.б. Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздіген талдау: Оқу құралы / Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. -Алматы : Экономика, 2001. — 330 б.
- Жүйриков К.К. Финансовый анализ предприятия: Учебн. КазАТК, Алматы, 2003
- Жүйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник. -Алматы: Алматинская академия экономики и статистики, 2008. - 512 с.
- Ковалев В.В. Финансовый анализ: методы и прцедуры. - М. : Финансы и статистика, 2003. — 560с. ; ил.
- Любушин Н.П. и др. Анализ финансово экономической деятельности предприятия. Учебн. пособие, М., 2003
- Любушин Н.П. и др. Анализ финансово - экономической деятельности предприятия : Учеб. пособие / Под ред. Н.П. Любушина. - М.:ЮНИТИ / ДАНА 2000. -471 с.
- Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2003. - 252 б.
- Прыкина Л.В. Экономический анализ предприятия : Учебник. - М.: ЮНИТИ, 2001.-360.
- Радионов А.Р. Управление бытовыми запасами и оборотными средствами предприятия. Учебн. пособие.- М.,1999
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятелъности предприятия: Учебн. М.,2006
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник.- 2-е изд., испр. И доп. - М. : ИНФРА-МДООЗ. - 400 с. -(Серия «Высшее образование»).
- Финансовый менеджмент, № 4, 2007
- Финансовый менеджмент, № 1, 2007
- Чимгентбаева Г.К. Реструктуризация предприятия: проблемы и механизмы вывода из кризиса (на материалах легкой промышленности Республики Казахстан). - Дисс.канд.экон.наук. Тараз, 2003.-124с.
- Экономический анализ: Учебн / Под ред. Л.Т. Гиляровской - М., 2008