Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикасының сақтандыру жүйесінде елеулі өзгерістер  болып жатқаны баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда  нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесіне үйрене отырып, сақтандыру жүйесі  дамып жатыр.

Сақтандыру өмірдегі әртүрлі жеке азаматтарға, кәсіпорындарға, стихиялық және басқа да кездейсоқ жағдайлардың есебінен болатын шығындар мен зиянды  қайтару үшін құрылған арнайы қордың қолдануда қалыптасатын экономикалық қатынастар жүйесі.

Сақтандыру туралы заңда Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің тиісті баптарынан, Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актілерінен және соларға сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының Президент  пен Үкіметтің нормативтік актілерінен тұрады.

2005 жылғы 1 тамызда 37 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, оның ішінде 3 өмірді сақтандыру бойынша, 29 көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру лицензиясын ие, сондай – ақ 10 сақтандыру брокерінің, 28 актуарийдің, 35 аудиторлық ұйымның және 70 аудитордың сақтандыру қызметіне аудитті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар.

Ағымдағы жылдың шілдесінде Агенттік “Мемлекеттің аннуитетік компаниясы” өмірді сақтандыру бойынша компаниясы”  АҚ қайта құрылған сақтандыру  ұйымына “өмірді сақтандыру” саласы бойынша құрылған лицензия береді.

Одан басқа, шілде айында “IIB” Индустриалды сақтандыру брокері” ЖШС-не және “BRAND SECURITIES” сақтандыру брокерлік компаниясы” ЖШС-не сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беріледі.

Міндетті сақтандырудың түрлері заң актілерімен белгіленеді. Міндетті сақтандыруды жүргізудің тәртібі мен шарттарын олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделмегендігінне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.

Қазақстан Республикасында “Евразия” сақтандыру компаниясы белсенді жұмыс істейді. Компанияның ұсыныстары бойынша бірнеше қызметтерді жүзеге асырады. Солардың ішінде қайта сақтандыру, мүлікті сақтандыру және тағы басқы қызметтерді жүзеге асырады.

Сақтандырудың экономикалық  категориясының  материалдық ақшалай иелері сақтық қорлары бола алады, олар  қоғамдық ұдайы өндірістің элеметтері, сақтық  қатынастары қатысушыларының жарналары, мемлекеттік  бюджет қаражаттары, қаражаттардың ерікті аударымдары, қайыр көрсету және сақтық қатынастары қатысушыларының тарапынан болатын бірқатар басқа айрықшалықты төлемдер есебінен  қалыптасатын ақшалай  немесе  материалдық  қаражаттардың резервтері болып табылады.

Сақтық қорлары – қоғамның ұлттық шаруашылығындағы сан алуан, алдын ала болжануы мүмкін емес  жайттардан сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорлары жүйесінің қажетті құрамды бөлігі.

Экономиканың нарықтық қатынастарға и көшеуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы  өзара келісмшарт міндеттемелердің кеңеюің сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің  берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қолғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.

Курстық жұмысты жазу барысында келесі сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Олар:

  1. Сақтандырудың әлеуметтік – экономикалық мәні, оның іс - әрекет сфералары;
  2. Нарықтық экономикадағы Қазақстан Республикасының сақтандыру компаниясы;
  3. Әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік қоры, яғни осы сұрақтарға байланысты жауап алуға тырыстым.

І. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік негіздері

1.1.Сақтандырудың әлеуметтік – экономикалық мәні, оның іс - әрекет сфералары

Сақтандыру өндірістік қатынастың ажырамас бөлігі болып табылатын адамдар арасындағы қоғамдық – экономикалық қатынастың ежелгі категориясы болып табылады. Сақтандыру сөзінің бастапқы мағынасы қорқу, үрей сөздерімен байланысты. Қазіргі кезде сақтандыру термині жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүддесін қорғау құралы деген мағынаны білдіреді. Сақтандырудың алғашқы формасы ежелгі дәуірде пайда болған. Құл иелену дәуірінде қозғалмайтын мүлік, сауда, кеме қатынасын сақтандыру  туралы келісімдер жасалған. Мұндай келісім шарттың мақсатын табиғи апаттан келтірілген зиянды әрбір тұлғаға бөлу. Мұндай  құжаттар қазіргі кезге дейін сақталып келген. Ең алғашқы сақтандыру палатасы 1310 жылы Германияның Брюгге қаласында құрылған. Бұл палата көпестердің мүліктік мүддесін қорғау операцияларын жүргізген. Кеме қатынасы арқылы халықаралық сауда жаңа сауда рыноктарының пайда болуымен, дамуымен байланысты мүліктік мүддені қорғау қажеттілігі арта түсті. Осы қажеттілікке сай мүлігі бар бірнеше тұлғалар өзара біріккен сақтандыру мекемелері пайда бола бастайды. Осы кезде кәсіпкерлік қызметтің обьектісі ретінде мүліктік сақтандырумен қатар ортамен сақтандыруда дами бастады. Мысалы, 1666 жылы Лонданда болған өрт  қаланың бүкіл орталығын  жойған, осыдан кейін “Өрттік полис” басқа да үйлермен ғимараттарды сақтандыру үшін құрылған. Мұндай сақтандыру өзара  сақтандыру деп аталады. Өзара сақтандыруда оның қатысушылары қызметтің мұндай түрінен пайда табуды мақсат етіп қоймаған. Олар өздеріне келітірілетін зиянның мөлшерін төмендетуді көздеген. Сақтандыру бірлестіктері бірте – бірте коммерциялық професионалды сақтандыру компаниялары болып қайта құрыла бастады. Мұндай компаниялардың басты мақсаты осындай операциялардан пайда табу болды. Экономиканың дамуымен байланысты  сақтандыру компанияларының саны көбее түсті. Батыста 60 – жылдардың басында мүліктік және жеке сақтандырудың 100 – ге жуық түрі болды. Уақыт талабына сай сақтандыру формалары мен әдістері өзгеріп отырды.

Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтардыру сферасы адам өмірінің, өндірістік  және әлеуметтік – экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам  өмірінің қаупі – қатерлі сипаты.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүгедектерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

  1. Қатынастардың ықтималдылық сипаты;
  2. Қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда – мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде);

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

  • Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
  • Сақтандырудың қоғамдық өнімінің құнын қайта бөлуге қатысуы;
  • Оның іс – қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
  • Сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
  • Ақша қорларын жасап, пацдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы);

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субьектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін экономикалық жүйе шеңберіндегі айырықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы – кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұщырағанға көмек көрсетілгендігінде. Демек, сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айырықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымның көрінісі ретінде оның бөлу, өтімдік, жинақтық және бақылау функцияларына сай келеді.

Бөлу функциясы бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелділік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналарымен – қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сақтық қатынастардың бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысылған және  жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс істейтін қорлардан басқа (жалпымемлекеттік материалдық резервтерден, Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдыруы мүмкін. Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақұрылымның обьектілерін жаңғыртуға, экологиялық тепе – теңдікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды - әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағытталған болатын.Бұл қатынастардың іс - әрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен байланысы.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдала отырып және олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен әл – ауқатын, олардың мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субьектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтандыру кезінде сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың екі негізгі әдісі қолданылады, олар: бюджеттік және сақтық әдістері.

Қаржыларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттердің қаражаттарын, яғни бүкіл қоғамның қаражаттарын пайдалануды болжайды.

Сақтық әдіс қорларды шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың жарналары есебінен жасауды алдын ала қарастырады, жарналардың мөлшері және оларды төлеудің  тәртібі сақтандырудың түріне қарай немесе заңмен не сақтық қатынастарының қатысушылары арасындағы арнайы келісімшартпен анықталады.

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді әрі орнықты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субьектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс. Сақтандыру мәселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, әлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Сақтандыру, табыс түсіру мақсатымен коммерцияның шекес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдардың қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.

Сақтандыру – сақтық ұйым  өз активтері  есебінен жүзеге асыратын сақтық төлем арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға  байланысты қатынастар кешені.

Сақтандыру процесі сақтандыру шарты негізінде не өзара сақтандыру қоғамына мүшелік негізінде жүзеге асырылады.

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлуеге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың (сақтық сомасының) шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексі бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:

  1. Міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті;
  2. Сақтандыру обьектісі бойынша – жеке және мүліктік;
  3. Сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша – жинақтаушы және жинақтаушы емес;

Міндетті сақтандыру – заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны  және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

Ерікті сақтандыру – тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

Сақтық қызметі – сақтық (қайта сақтандыру) ұйымның сақтық (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.

Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық  ұйымның сақтық қызметі “өмірді сақтандыру” саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.

Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру.

Жалпы сақтандыру сақтандыру  саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру, көлік құралдарын(автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру; жүктерді сақтандыру; мүліктерді сақтандыру (көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын сақтандыру; шарт бойынша азаматтық – құқықтық  жауаптылықты сақтандыру;зиян келтірілгені үшін азаматтық – құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасмалдаушының азаматтық – құқықтық жауаптылығын қоспағанда).

Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнім болып табылады.

1.2. Міндетті әлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыру – азаматтарды еңбек  ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айыруларына, сондай – ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі. Алайда бұл екі жүйенің арасындағы айырмашылық азаматтардың еңбек қызметіне қатысты және еңбекке жарамсыздар үшін қорларды қалыптастыру әдістерімен қаланған.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру категорияларының обьективті қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндіріс процесінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін  қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Әлеуметтік арналым қорларын қалыптастырудың екі қағидаты бар:

  1. Ұрпақтар ынтымақтастығының негізінде, жұмыс істейтін ұрпақ жұмыс істемейтіндерді қамтамасыз етеді, ал, өз кезегінде, еңбекке жарамдылықтан айырылуына қарай оларды еңбек қызметіне кірген жаңа ұрпақ ауыстырады. Бұл қағидатқа негізделген жүйе Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылады;
  2. Әлеуметтік қорларға, көбінесе әлеуметтік қорға азаматтардың дербес аударымдарының негізінде; бұл қағидаттың іс - әрекеті кезінде төлемақылардың мөлшері нақты тұлғаның бүкіл жұмыс істеген кезіндегі салған сомасына байланысты болады. Бұл қағидаттың іс - әрекетіне негізделген жүйе Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізіне қойылған.

Бірінші қағидатқа негізделген және Қазақстанда 1998 жылға дейін қолданылған жүйе мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

  1. Зейнеақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
  2. Әлеуметтік қамсыздандыру қорларына түсетін міндетті зейнетақы жарналарының топтастырылуы;
  3. Жүйе ішінде қаражаттарды қайта бөлу.

Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың жұмыспен толық қамтылуы, мемлекет тарапынан жан – жақты бақылау, зейнеткерлерге жұмыс істейтін халықтың жоғары ара қатынасы жағдайында тиімді болады. Өмір сүрген жүйе азаматтардың түрлі кәсіптік және әлеуметтік санаттарына арналған жеңілдіктердің көптеген түрлерінің болуымен сипатталады.

90 – жылдардың басы мен ортасындағы экономиканың дағдарысы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің де дағдарысына қозғау салады, бұл жарналарды төлеудің базалық көрсеткіштерінің құлдырауынан да, сондай – ақ әлеуметтік қорларға  оларды толық және уақтылы аударып отыруға  төлеушілердің мүдделігінің болмауынан да әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарналардың жиналымдығының төмен деңгейінде көрінетін еді; бұл зейнетке мен жәрдемақылар алатындар алдында берешектің үлкен көлеміне жеткізеді; әлеуметтік қорлар қаражаттарының инфляциялық құнсыздануы зейнеткерлердің күнкөріс минимумдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етпеді және қорлар қаражаттарының аса шектеулілігі жағдайында әлеуметтік төлемақыларды өнбойы индексацияланып отыру қажеттігін тудырады.

Қазақстанда жүргізіліп жатқан зейнетақы реформасының негізіне қойыоған екінші қағидаттың іс - әрекетіне негізделген жүйе мыналармен сипатталады.

  1. Зейнеақымен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
  2. Зейнетақы қорын қалыптастыруға қатысқан 30 жастан төмен емес азаматтар үшін ең аз белгіленген күнкөріс минимумын сақтау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері;
  3. Зейнетақы жинақ ақшасын және әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарын межелеу;
  4. Зейнетақы қорланымдарын қалыптастыруға еңбек етуге қабілетті жастағы барлық азаматтардың міндетті қалыптасуы;
  5. Еңбек етуге қабілетті азаматтардың міндетті қатысуы;
  6. Инвестициялаудың тиімділігін және зейнетақы жинақ ақшасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  7. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қорланымдарға азаматтардың мұралану құқығын белгілеу;
  8. Қосымша ерікті зейнетақымен қамсыздандыруға азаматтарға құқық беру;
  9. Зейнетақы жинақ ақшасын экономикаға инвестициялау, бұл оның дамуына жәрдемдеседі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру мынандай түрлерге бөлінеді:

  1. Еңбек ету қабілеттілігін жоғалтқан кезде;
  2. Асыраушысынан айырылған жағдай;
  3. Жұмысынан айырылған жағдай;

Мыналар міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;
  • Әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;
  • Заңға сәкес әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік төлемдерге пайдалану;
  • Әлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;
  • Әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралу;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялық;
  • Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспғанда тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін - өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемелекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынандай мөлшерде белгіленеді:

  • 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 1,5 пайыз;
  • 2006 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2 пайыз;
  • 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап - әлеуметтік аударымдарды есептеуобъектісінен 3 пайыз.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арналуы салық режимі қолданылатын өзін - өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайыз).

Еңбек ету қабілетіне айырылған жағдайда әлеуметтік төлем өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, әлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан тағайындалады.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың заңнамалық актіде белгіленген ең төменгі жалақының сексен пайызын шегергендігі орташа айлық мөлшерін табысты алмастырудың, еңбек ету қабілетінен айырылу мен қатысу өтелінің тиісті коэффиценттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Бұл ретте табысты алмастыру коэффиценті – 0,6 болды.

Еңбек ету қабілетінен айырылу коэффиценті: жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі сексеннен 100 пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айырылған адамдар үшін – 0,7; жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі алпыстан сексен пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айырылған адамдар үшін – 0,5; жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі отыздан алпыс пайызға дейін болатын еңбек ету қабілетінен айырылған адамдар үшін – 0,3.

Қайтыс болған (сот хабар – ошарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болады деп жарияланған) асыраушының - өзі үшін әлеуметтік аударымдыар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының мына отбасы мүшелері асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалуға және алуға құқылы:

  1. Он сегіз жасқа толмаған болса, олар он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалса, осы жастан асқан балалары, аға – інілері, апа – сіңлілері мен немелері. Бұл ретте аға – інілерінің, апа – сіңлілері мен немелерінің еңбек етуге қабілетті ата – аналары болмаған немесе олар ата – аналарынан алимент алмаған жағдайда. Егер жоғарыда аталған адамдар жалпы орта, бастауыш кәсіби білім беретін күндізгі нысанында оқыған жағдайда, әлеуметтік төлем оқу орнын бітіргенге дейін беріледі;
  2. Жасына және еңбек қабілеттілігіне қарамастан, ата – анасының біреуі немесе жұбайы, не атасы, әжесі, ағ – інісі немесе апа – сіңлісі, егер ол қайтыс болған асыраушысының бір жарым жасқа толмаған балаларын, аға – інілерін, апа – сіңлілерін немесе немелерін күтіп – бағумен айналысатын болса.

Өздері үшін міндетті әлеуметтік аударымдар жүргізілген ата – ананың – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысының қамқорлығынсыз қалған балаларға тағайындалған әлеуметтік төлмдер заңнамалық актіге сәйкес айрылып қалған әрбір ата – ана үшін асырап алушыға, қорғаншыға төленеді.

Бала кезінен І немесе ІІ топтағы мүгедектер деп танылған адамдарға әлеуметтік төлемдер мүгедектік белгіленген мерзімге тағайындалады.

Қайтыс болған асыраушысының асырауында болған, асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындалуына және алуға құқығы бар отбасының барлық мүшелеріне бір әлеуметтік төлем тағайындалады.

Асраушысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлемдерінің мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың сексен пайызы шегерілген орташа айлық мөлшері табысты алмастыру, асырауындағылар санының және қатысу өтілінің тиісті коэффиценттеріне көбейту арқылы айқындалады.

Асырауындағылар  санының коэффиценті міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушы қайтыс болғанға дейін асырауында болған адамдар санына қарай айқындалады және асырауында бір адам болса – 0,4, екі адам болса – 0,5, үш адам болса – 0,6, асырауында төрт және одан да көп адам болса – 0,8 болады.

Жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлем жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға адам жұмыссыз ретінде тіркеуге өтініш берген күнінен бастап тағайындалады және оның мөлшері әлеуметтік аударымдар объектісі ретінде ескерілген соңғы жиырма төрт ай ішіндегі табыстың орташа айлық мөлшерін тиісінше табысты алмастыру коэффицентеріне көбейту арқылы тағайындалады.Бұл ретте кірісті алмастыру коэффиценті  - 0,3 болды, ал қатысу өтілінің коэффиценті аталмыш заңның 21 – бабына сәйкес есептеледі.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген жағдайда, оның жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді күнтізбелік есептеумен алғанда:

  • Алты айдан он екі айға дейін – кемінде бір ай үшін;
  • Он екі айдан жиырма төрт айға дейін – ек ай бойы;
  • Жиырма төрт айдан отыз алты айға дейін – үш ай бойы;
  • Отыз алты айдан жоғары – төрт ай бойы алуға құқығы бар;

Өзі үшін әлеуметтік аударымдар  жүргізілген міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесіне қатысушы жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алып тұрса, бірақ жұмысына орналасуы байланысты жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алу құқығынан айырылған жағдайда, кезекті әлеуметтік төлемдер жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алған әрбір айы үшін міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесінің әлеуметтік аударымдар жүргізілген мұндай қатысушысы үшін он екі ай шегеруді негізге ала отырып тағайындалады.

Дүниежүзінің көптеген елдерінде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қорғау шаралары қолданылады. Бұл шаралар  қызметкерлердің еңбек қызметінен жоғалтқын  табыстарына өтемақы төлеудің әр түрлі әдістерін кірістіреді; олардың біліктілікке, жұмыс өтеліне, жұмысынан айырылу себептеріне, байланысты саралануы мүмкін. Тиісінше, жұмысынан айырылғандарға төлемақылар үшін қорларды қалыптастырудың әдістері, бұл  қорлардың деңгейі және олардан төленетін төлемақылардың мезгілдері ажыратылады.

Жұмысынан айырылғандар қысқартылғандар және жұмыссыздар мәртебесіне бөлінуі мүмкін. Бірінші жағдайда жаңа жұмыс іздеу кезінде орташа жалақысының, жұмыс өтелінің сақталуына рұқсат етіледі, әлуетті жұмысқа орналастырудың басқа мүмкіндіктері болуы мүмкін.

Жұмыс іздеуші, жұмыспен қамтудың мемлекеттік службасында тіркелген және өзінің біліміне, кәсібіне, еңбек машығына сай келетін жұмыс алуға нақты  мүмкіндігі жоқ еңбекке жарамды азаматтар  жұмыссыздар деп саналады.

Жұмыссыздарға жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақылар төленеді. Жәрдемақы жұмыссыз ретінде тіркелген мезеттен жұмысқа орналастыру туралы  мәселе шешілгенге дейін, бірақ заңнамамен белгіленген мезгілден аспайтын уақытқа төленеді.

Басқа елдерде жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қолдануды қаржыландыру үшін қаражаттарды қалыптастырудың әр түрлі механизимдері қолданылады. Бірақ негізінен жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды қаржыландыру еңбекке ақы төлеу қорынан жұмыс берушілердіңі сақтық жарналары есебінен жүргізіледі. Мұқтаж адамдарда жұмыссыз мәртебесі болмаған жағдайда олар әлеуметтік көмекті көбінесе жергілікті бюджеттерден немесе қайырымдылық қорларынан алынады. Жұмыссыз мұқтаж адамдарды қолдаудың тап осы нысаны Қазақстанда 1999 жылдан бастап Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қайта ұйымдастырылғаннан кейін қабылданған болатын. Бұл акция мемлекеттің қаржы ресурстарын басқаруды жүргізіліп  отырған орталықтандыру жағдайында амалсыз акция болып табылады.

Жұмысынан айырылғанда әлеуметтік қолдаудың ерекше өзгешеліктері оның уақытша сипаты, харакетшіл халыққа бағдарлануы, мұқтаж адамдардың өздерінің меншікті проблемаларын шешуге қатысуы, яғни өзін - өзі қолдау элементтерінің барлығы болып табылады.

Қазақстан Республикасының “Міндетті әлеуметтік сақтандыру” туралы заңына сәйкес “Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры” акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден – бір құрылтайшысысмен қатысушысының мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

Міндетті мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен қатар мемлекеттік емес зейнетақылық сақтандыру – зейнетақы келісімшарттарына сәйкес қызметкерледің және олардың жұмыс берушілерінің ерікті жарналары есебінен қосымша зейнетақыны қалыптастыру арқылы және мамандандырылған  мемлекеттік емес  зейнетақы қолары арқылы зейнетақыларды төлеу жолымен азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қатыныстары қолданылады.

Қорланымдардың ынтымақтастығы негізіндегі жүйеден дербес қорланымдардың жүйесіне көшу кезеңі еңбегі сіңген зейнетақыларды алуға шыққан зейнеткерлердің құқықтарын сақтауды талап етеді, сонымен бірге зейнеткерлерлік алдындағы жастағы көптеген азаматтардың мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде зейнетақының жеткілікті жинақ ақшасын қордалаудың мүмкін еместігімен сипатталады. Сондықтан шыққан зейнеткерге мемлекеттік зейнетақы қорларынан алатын зейнетақылардың мөлшерінің сақталуына мемлекет кепілдік береді.

Медициналық сақтандыру – бұл жұмыс берушіледің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджет қаражаттары есебінен сақтандырылған адамдарға зиянның орнын өтеу үшін және медицина  мекемелрінің шығындардың  өтемақысын төлеу үшін ауырған, жарақат алған жағдайда денсаулықты қаржыландыру жөніндегі қатынастар. Ол  әлеуметтік бағдарланған экономикасы бар елдердің сақтық қорғауы тұтас жүйесінің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады. Медициналық сақтандырудың шетелдік жүйелері, әдеттегідей, өзін - өзі сақтандыру қағидатында жұмыс істейді және нысандары мен әдістерінің сан алуандығымен ерекшелінеді. Медициналық сақтандыру қорларына сақтық жарналарын төлеуде жұмыс берушілердің міндетті қатысуы заңнамада қарастырылады. Сақтық қорларын қалыптастыру, қызметтер көрсету сияқты, сақтаушылардың табыстарына, қор мекемесінің мәртебесіне, кейде сақтандырылғандардың жасына қарай сараланған.

Қазақстанда медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың белгілі бір тәжірибесі жинақталған еді, бірақ жүйені басқару саласының  төмендігінен және жұмылдырылған қаражаттардың мақсатты және тиімді пайдалануды бақылаудың жеткіліксіздігінен ол беделін жоғалтқан болатын.

Медициналық сақтандыруды ұйымдастырудың жұмыс істеуіі медициналық қызмет көрсетудің нарығын тудырады, онда бұл қызметтер көрсетуді жасаушылардың – медициналық мекемелердің, олардың қызметкерлерінің, жеке машықтанушы дәрігерлердің нақтылы бағалауы болатын өз еңбегінің саны мен сапасына тікелей  мүдделігі пайда болады. Басқа жағынан, медициналық  көмекті тұтынушылар ретіндегі пациенттердің емдеу – профилактикалық мекеме  мен нақтылы дәрігерді таңдау құқығы пайда болады. Бұл Міндетті медициналық сақтандыру қоры тарапынан  пациенттердің мүддесін  қорғаумен қосарланады, ол медициналық  қызметтер көрсетудің сапасы мен көлеміне сараптық  баға бере отырып, емдеу нәтижелеріне кінәрат – талап таға алады, ал қажеттілік кезінде емдеуші мекемеге немесе жеке машықтанушы дәрігерге экономикалық санкциялар қолдана алады.

Сөйтіп, медициналық сақтандыру сақтандыру жүйесінің маңызды құрамды буыны болып табылады және қоғамдық өндірістің аса маңызды факторы – еңбек ресурстарының ұдайы толықтырылуының әлеуметтік – экономикалық процестерінде оның рөлі салмақты. Бұл рөл медициналық сақтандыру қорларының жұмыс істеуінің қағидалық ерекшеліктеріне негізделген қалыптастырудың қоғамдық ынтымақтастығы, іс - әрекетінің орталықсыздандыруы.

Міндетті сақтандырумен қатар жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру процесі жүреді.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын, егер бұл процесс дүлей апат пен басқа  төтенше  немесе күтпеген  оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде  сақтық қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларын құрайды.

ІІ.Нарықтық экономикадағы Қазақстан Республикасының сақтандыру компаниясы

2.1. “Евразия” сақтандыру компаниясының құрылымы.

Компания 1995 жылы құрылып 10 жыл бойы белсенді жұмыс істеп Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі сақтандыру компаниясы болып табылады. Бизнес жүргізу принципінің негізгі құрылымдары яғни сенімділік пен  ашықтық арқылы компания Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы бойынша ең жоғарғы қаржылық көрсеткіштерді көрсетті.

Біздің қаржылық көрсеткіштеріміз және жұмыс жүргізу саясаты бізге тек отандық сақтанушылар сенімімен шектелмей сонымен қатар Армения, Бельгия, Ұлыбритания, Грузия, Дания, Израиль, Италия, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Украина, Өзбекістан, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония мемлекеттерінде  ірі компания сеніміне ие болды.

Евразия”Сақандыру компаниясы” АҚ әмбебап және барлық сақтандырудың қызметтерін көрсетуге бағытты болуы және клиенттің ықпал болуы мүмкін тәуекелінен қорғау. Компания барлық сақтандыру қызметін көрсетуде қайсысы Қазақстан Республикасының Заңнамасында бекітілген. Керекті лицензиялардың бар болуы компания сақтандыру қорғанысын кең ауқымды таптар мен барлық сақтандыру қызметін орындауға құқылы.Сонымен қатар компания қайта сақтандыру қызметін істеуге құқылы. Сонымен қатар қайта сақтандыру құқығы бізге ттепе – тең емес. Қайта сақтандыру бойынша біздің клиенттеріміздің қатарына Қазақстан Республикасының ірі сақтандыру компаниялары мен Қиыр және Таяу шетелдік компаниялар.

Егер сіз міндетті сақтандыру  туралы келісімшарт құрсаңыз сіз ерікті сақтандыру туралы толық қамтылған мәлімет аласыз, қайсысы сіздің иеленуші сақтандыруыңызға маңызды қосымша шарт аласыз.

Клиенттердің тілектерін ескере отырып, біз сақтандыру өнімдерінің комплекстік дамуы үшін үздіксіз жұмыс жүргіземіз. Мысалы, “Euro Complete” пакеті ол заңды тұлғаларға арналып, мүлікті өтеуді ұсынады, үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті өндірістік саладағы өтеу. Басқа комплекстік өнім өндірістік  тоқтау кезіндегі табыс.

Комплекстік сақтандыру клиентке өте тиімді себебі ол барлық тәуекелден қорғайды және оның алынған өнімдері  арзандады, ал әрбір элементтің сатып алуы қымбатқа түседі. Сондықтан клиент өз мүмкіндіктерін арзан қолдана алады.

“Евразия”Сақтандыру компаниясының” АҚ өзінің мүмкіндіктерін сенімділік пен ашықтық принципінде жүргізеді.

“Евразия”Сақтандыру компаниясының” АҚ жұмысшылары жоғарғы дәрежесі бар мамандар. Топты құру алдында біз оның психикалық дайындығын қадағалаймыз. Біздің мақсат – клиенттерге жай консультанат болуы емес сонымен қатар іскерлік қарым – қатынасты достық  қарым – қатынасқа ауыстыру. Әрбір сақтанушыға кәсіби менеджер тіркеледі, әр уақытта сол сақтанушы қорғаныс туралы мәлімет тіркеледі. Бірінші келісімшарт құрумен бастап, соңғы келісімшартты жаңа мерзімге өткізу.

Компанияның корпаративтік саясаттың ірге тасы болғандықтан жылдамдық пен сақтандыру саясатын реттейді.

“Евразия”Сақтандыру компаниясы”АҚ барлық құжаттар пакетін ие болып қазіргі заманғы барлық қызметтерімен қамтамасыз етіп, күйзелген тұлғаға сақтық төлемақы төлейді. Берілген сақтандыру сыйын төлеген кезде сіз маңызды шығыннан құтыласыз. Сапа жүйесіне байланысты керекті құжаттарды дайындау клиент мүддесі болып табылмайды оны тек компания мойнына жүктеледі. Сақтандыру төлемін төлеген кезде, компания барлық сұрақтарын заңды тұлға арқылы шешіп тәуекел – менеджерін шақырады, ол ең алдымен керекті сақтандыру қызметінің тәуекелін анықтап, клиентке мінездеме хатын ұсынады.

Компанияның жақсы дамуына қазіргі заманғы технологиялар әсер етеді. “Евразия”Сақтандыру компаниясының” АҚ қазіргі кездегі жаңа технологияларының дамуына құлақ салып отыр. Компанияның құрылымы, әрбір клиенттің жұмысына бір мамандан даярланған. Белгілі берілген құрылым бойынша front – office – бұл құрылым сақтандыру өнімдерінің реализциясын мамандану және берілген корпоративтік клиенттермен тұрақты қатынас орнату, back – office – бұл құрылым сақтандыру өнімдерін дамыту барысында, шығындардың теңдігін сақтайды.

Компания көп көңілін жұмыстың орындалуын және бизнес – процестік жаңа сақтандыру өнімдерін дамытуға дейін, яғни сатылу технологиясы  мен сатып алудан кейінгі қарым – қатынастардың төлеуін қадағалайды.

Бизнес – процестер ай сайын  оларды бағалайды және оптималды түрде клиенттер қарым – қатынасын жаңарту процесі арқылы жүргізіледі. Компания қызметкерлері тағы бір стандартты емес  көмектер арқылы алдына қойылған шешімдерді шешуге көмектеседі.

Ағымдағы алты ай ішіндегі сақтандыру ұйымдарының жиынтық активтері 23,8 пайызға 54,6 млрд. Теңгеге дейін өсті. Жиынтық есеп айырысу меншік капиталы 15,8 пайызға 27,9 млрд. Теңгеге өсті. Сақтандыру резервтері 27,5 млрд. Теңге болды.

2005 жылғы 1 – шілдеде сақтандыру сыйлықтарының көлемі 31,2 млрд.теңге болды, бұл өткен жылғы дәл сол кезеңінің көрсеткіштерінен 12,4 млрд.теңгеге жоғары. Оның ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықтарының көлемі 3,7 млрд.теңгенң, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 3,8 млрд.теңгені және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 23,7 млрд.теңгені құрады.

2005 жылғы алты ай  ішінде сақтандыру төлемдерінің көлемі 4,67 млрд.теңге болды, бұл өткен жылдың дәл сол кезеңмен салыстырғанда 1,67 млрд.теңгеге жоғары. Оның  ішінде міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің көлемі 1,54 млрд.теңгені, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 0,73 млрд.теңгені және ерікті мүліктік сақтандыру бойынша – 2,40 млрд.теңгені құрды.

2005 жылдың шілде айында Агенттік сақтандыру нарығының қызметін реттейтін заңдардың бұзылуын жою мақсатында сақтандыру ұйымдарының адресіне 1 ұйғарым – хат жіберді.

Ағымдағы күнде сақтангдыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінде 31 сақтандыру ұйымы қатысады.

Негізгі қаржылық көрсеткіштер

01.03.2007 жыл бойынша компанияның негізгі қаржылық көрсеткіштері.

Активтер                                                              26 464 992 мың. теңге

Жарғылық капитал                                             200 000 мың. теңге

Төлемақы төлей алатын фактілік маржасы     13 762 670 мың. теңге

Таза табыс                                                           174 110 мың. теңге

Сақтандыру сыйлары, жалпы соммасы           4 816 611 мың. теңге

Қайта сақтандыруға берілген                           34 793 мың теңге

2.2.“Евразия” сақтандыру компаниясының қызметтері

“Евразия”Сақтандыру компаниясының” АҚ клиенттерге мынандай қызметтер көрсетеді:

  • Қайта сақтандыру

Жеке тұлғаларға

  • Міндетті сақтандыру

     -  АҚЖ Транспорт иелерінің төлемдері

  • Ерікті сақтандыру

   - Ыңғайсыз жағдайлар мен аурулардан сақтандыру

   - Шетелге шығушы азаматтарды сақтандыру

   - Автомобильдік транспорттарды сақтандыру

   - Мүлікті сақтандыру

 Заңды тұлғаларға

  • Міндетті сақтандыру
  • АҚЖ Транспорт иелерінің төлемдері
  • АҚЖ Пассажирлер алдындағы жүргізушіні
  • АҚЖ  Аудиторлар мен аудиторлық  компанияларды
  • АҚЖ  Жеке тұлғалық нотариустарды
  • АҚЖ  Туроператор мен турагентті
  • АҚЖ Объект иеленушілерді сақтандыру, себебі олардың үшінші тұлғаларға зияны
  • Ерікті сақтандыру
  • Мүлікті сақтандыру
  • Жүктерді сақтандыру
  • Автотранспортты сақтандыру
  • Темір жол транспорттарын сақтандыру
  • Әуе транспорттарын сақтандыру
  • Су транспорттарын сақтандыру
  • Мұнай операцияларын сақтандыру
  • Кәсіпкер тәуекелін сақтандыру
  • Құрылыс – монтаж жұмыстарын сақтандыру
  • Ыңғайсыз жағдайлар мен аурулардан сақтандыру
  • Медициналық сақтандыру

Медициналық қызметтер

“Евразия”Сақтандыру компаниясының” АҚ-ң ерікті медициналық сақтандыру қызметткерлері сіздерге және сіздердің кәсіпкерлеріңізге медициналық сақтандыруды ұсынады.

Біздің компания тұрақты қаржылық сенімділікті ұсынып, жас және дарынды қызметкерлерді  Қазақстан Республикасының территориясында  жақсы дамыған медициналық сақтандыру арқылы сақтайды.

Қазіргі кезде, біздің компанияға мынандай компания – клиенті сеніммен сақалынған: ООН өкілдері, Қазақстан Республикасындағы ЮНЕСКО өкілдері, “Американдық Заңгерлер Қоғамдастығының” өкілдері, “Cодеско КазМұнайГаз - Сервис” өкілдері, “Batmen Kazakhstan Oil&Gas Company B.V.”, “BritishAmerican Tobacco” филиалдар өкілдері, Eli Lilly Vostok S.A. компания өкілдері, ТОО СП “КАТКО”, Алматы қаласындағы ОАО “ТНК”КазХром” филиалы, “ООИУПА”Bailyik asset managment” АҚ, “Экспресс - К”ТОО,  ЗАО ОНПФ“Сеним”, ТОО“Казфосфат”, АО “Казмонтажстрой”, ТОО “Транском”, ОАО “Казэлектромонтаж”, ТОО “Панда”, ТОО “Медикус Евразия”  және тағы басқалар.

Біздің қызметкерлер бөлімшесі жоғарғы квалификациялық мамандар, қайсыларында көп жылдық жұмыс стажы бар, сақтандыру бизнесі бойынша және медициналық қызмет көрсету жобасы бойынша. Топ құрған кезде маңызды бөлімі ол персоналдың психикалық сипаты, яғни клиенттермен сөйлесе білу.

Біздің компания медициналық сақтандыру бойынша майысқақ тарифтік жүйе орнатты, яғни клиенттер ұсынысы бойынша жұмыс.”Евразия”Сақтандыру компаниясының” АҚ медициналық сақтандыруды көрсетуді жоғарғы квалификациялық және эффективті медициналық  қызметті  Қазақтан Республикасының территориясында ғана емес сонымен бірге Қырғызстанда және Өзбекстанда  қызмет көрсетеді.

Біздің қызмет көрсету программамыз бойыншы төмендегі пункттар іске асырады:

  • Тегін тәулік бойындағы диспетчерлік қызмет;
  • Алғашқы медициналық көмек;
  • Дәрігерлерді үйге шақыру;
  • Амбулаторлық – поликлиникалық көмек аккредиттік медициналық орталықтарда жоғарғы квалификациялық мамандар арқылы көмек көрсету;
  • Иструментальді – лабораториялық диагностика;
  • Стационарлық емдеу;
  • Қазіргі технологиялық клиникалар арқылы стоматологиялық қызмен көрсету;
  • Гриппке қарсы егу;
  • Компания қызметкерлерін профилактикалық тексеру;
  • Медициналық сақтандыру бойынша отбасыларды медициналық программаға қосу;
  • Қызметтік командировкаға барған кезде шетелдік медициналық көмек.

ІІІ. Әлеуметтік сақтандырудың  Мемлекеттік  Қоры

Әлеуметтік  сақтандырудың Мемлекеттік Қоры – міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі бағыты.

Адам өзінің өмірі бойында бірнеше құбылыстармен соқтығысады, олардың ішінде денсаулыққа зиян немесе еңбекке деген қабілеттілікті және төлемақыны жоғалту жөнімен әртүрлі факторларға соқтығысады. Көп жағдайда  адам берілген нақты мәселелерді өзі шеше алмайды, себебі олар екі түрлі негізден тұрады:

  • Қоғамның әлеуметтік – экономикалық жағдайы
  • Өндірістік салаға байланысты сол себептен ол осы күрделі мәселені шеше алмайды

Заңға сәйкес 2005 жылы 1 қаңтарда мынандай заң жарыққа шықты ол, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру” бұл заңға сәйкес адамдарды қорғау мемлекеттік  Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі мәселесі болып табылады.

“Әлеуметтік сақтандырудың Мемлекеттік Қоры” АҚ – коммерциялық емес ұйым болып табылады, бірақ жалғыз ұйымдастырушысы мен қатысушысы Мемлекет болып табылады. Қор міндетті аударымдарды топтайды және міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушыларына төлем төлейді, яғни абайсыз жақтан болған әлеуметтік тәуекел, солардың қатарына кіретін тәуекел түрі асыраушыны жоғалту болып табылады.

Күтпеген оқиғаға байланысты, еңбек қабілеттілігінің  жоғалту құштарлығы, жұмысты немесе асыраушыны жоғалту, міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы, сөйтіп оларға міндетті әлеуметтік төлемдер өткізілген немесе қайтыс болған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алуға құқығы бар.

Қордың негізгі бағыты Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізіп, әлеуметтік төлемдердің мүлтіксіз  сақтаушылықты қамтамасыз ету.

Қордың негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  1. Әлеуметтік аударылған сомманы топтау;
  2. Міндетті әлеуметтік сақтандырудың қатысушыларына әлеуметтік төлемақы төлеу, егер әлеуметтік тәуекелге ұрынса, сол себептен асыраушыны жоғалту;
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы Қор өзінің активтерін инвестициялық әрекет арқылы қаржылық құралдарды енгізу.

Қор өзінің активтері арқылы коммисиялық сыйақы мөлшерлерімен өзінің қызметін жалғастырады. Нақты пайыз мөлшерлемесінің коммисиялық сыйақы мен оның механизмі арқылы әр жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді. Қордың өз меншігіндегі қаражаттарын жарғылық қормен жасйды.

Қор өз меншігіндегі активтерін әлеуметтік төлемақылардан алады, үлесті салмақты активтер бойынша 98,5 % құрайды, әлеуметтік төлемақыларды төлеу мерзімі өткеннен кейін түсетін табыс 0,4 % және инвестициялық жоба бойынша 1,1 %.

2006 жылдың 1 сәуірінде Қордың активтеріне 18 967 млн.теңге түсті. Олардың ішінде:

  • Әлеуметтік төлемақылар мөлшері    18 679,3 млн.теңге;
  • Мерзімі өткен үшін төленетін төлемдер мөлшері 76,2 млн.теңге;
  • Инвестициялық табыс мөлшері 211,5 млн.теңге;

Әлеуметтік төлемдердің ставкасы 2005 жылмен 2006 жылды салыстырғанда 2,4 есе көбейсе, ал 2006 жылмен 2007 жылды салыстырғанда тек 1,9 есе көбейді.

Әлеуметтік қорға түсетін активтер

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың статистикалық мөлшері бойынша:

2005 жылы 1 қаңтарда – 1,5% әлеуметтік төлемдердің мөлшері, ал 2006 – 2007 жылдарда әлеуметтік төлемдер мөлшері  2 – 3 % өсті.

Статистикалық мәліметке байланысты 2006 жылдың 1 сәуір айында Қордың әлеуметтік төлемдері бойынша 31402,8 мың.теңге төленді, соның ішінде еңбек қабілеттілігін жоғалту бойынша 20338,3 мың.теңге, асыраушыны жоғалтқан кезде 10870,2 мың.теңге, жұмысты жоғалту бойынша 194,3 мың.теңге.

2006 жылдың 1 сәуір айы бойынша орташа әлеуметтік төлемдер 1678,3 теңгенң құрайды, соның ішінде еңбек қабілеттілігін жоғалтқан кезде 1548,5 теңге, асыраушыны жоғалтқан кезде 2143,9 теңге, жұмыты жоғалтқан кезде 3313,2 теңге.

2006 жылдың 1 сәуір айында әлеуметтік төлемдерді алатын адамдар саны бойынша 3225 адам,  солардың ішінде еңбек қабілеттілігін жоғалтқан адам саны – 2287 мың адам, асыраушыны мжоғалтқан кездегі адам саны – 892 адам, жұмысын жоғалтқан адамдар саны – 46 адам.

Әлеуметтік төлемдерді алатын адамдар саны

Әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала да береді.2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы»Заң қолданысқа енгізілуі тиыс.

Келесі жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерін 6200 теңге етіп белглей отырып,зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен ілгері оза индексациялау қажет.Зейнетақының орташа көлемі жоғарылатудан кейін 9252 теңгені құрайтын болады.

Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 млрд.теңге  бөлінді.

Жоғарыда айтқанымдай, мемлекеттің қастерлі борышы жұмыс істеу немесе табыс табудың бірдей жағдайына ие болу мүмкіндігін шектеулі адамдарға деген қамқорлығы болып табылады.

Бұл азаматтарға көмектесу – бұл біздің қоғамымыздың ізгелену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі, сіздер мен біздің борышымыз. Осынау борышымызды атқаратын мезгіл мен мүмкіндік  туды.

Келесі жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 мрлд.теңге жұмсай отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды едәуір көбейту қажет. Бұл негізінен 680 мыңнан астам адамды қамтиды.

Мынандай жәрдемақылар:

  • 47 мың бірінші топтағы мүгедектерге – 3 айлық есептік көрсеткішке (2757 теңгеге) ( АЕК – 919 теңге)
  • 193 мыңнан астам екінші топтағы мүгедектерге – 2,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылды (2297 теңгеге)
  • 125 мыңдай дерлік үшінші топтағы мүгедектерге 2 айлық есептік көрсекішке ұлғайтылған жәрдемақы алады (1838 теңгеге)
  • 50 мыңнан астам 16 жасқа дейінгі мүгедектерге 3 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады (2757 теңгеге)

Асыраушысынан айырылған 262 мың отбасы бір айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылатын жәрдемақылар алады.

Нәтижесінде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшін мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін  немесе 50 пайызға жоғарлайды.

Асыраушысынан айырылуына байланасты мемлекеттік жәрдемақылардың орташа көлемі 20 пайзға, 6500 теңгеге дейін өседі.

Бірақ бұл  ұлғайтулар бұған дейін жәрдемақының ең жоғары мөлшерін алып жүрген мүгедектердің бәріне бірдей қатысты емес. Олар үшін бағаның өсуін ескере отырып индексациялау жүзеге асырылатын болды.

Сіздер бен біздің әкелеріміз және аталарымыз алдындағы парызымыздың тағы бір  мәселесі бар, бұл біздің тарихи зердеміздің мәселесі.

Тұтастай алғанда, әлеуметтік қамсыздандыруға 2004 жылы 2,5 миллионнан астам адам қамтыла отырып республикалық бюджет есебінен 217,2 миллиард теңгеге бөлінді, ал 2005 жылы бұл мақсаттарға арналған шығыстарды көбейту шамамен 33 миллиард теңгені құрайтын болды.

Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен қатар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда күнкөріс кедейшілік деңгейінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.

Біз сондай – ақ елімізге халықтың одан әрі көп келуін ынталандыруға тиіспіз, сондықтан оралмандар иммиграциясының квотасын 2005 жылы 15  мың отбасына дейін көбейту керек. Олардың қайта қоныстануы мен тұрғын үй алуы үшін 9,8 миллиард 800 миллион теңге бөлу көзделіп отыр.

Біз еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңнаманы  жетілдіре береміз, Еңбек кодексінде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды көздейміз, еңбекпен қамтудың  қазіргі  заманғы үлгісін қалыптастырамыз.

Адам дамуының басым міндеттерін шешудің маңызы аса зор.

Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдалануылуы тиіс.

Қорытынды

Қазақстан қаржы жүйесінің негізінен сақтандыру жүйесінің сенімділігіне байланысты болып келеді. Сондықтан  мен өзімнің  жұмысымда сақтандыру жүйесінің сенімділігін анықтауға тырыстым.

Сақтандыру қызметінің болашағы әрқашанда қиын болжам болып табылады, сондықтан да бұл  жұмыстың мақсаты – сақтандыру қызметінде кездесетін тәуекелдерді дұрыс бақылау арқылы сақтандыру жүйесінің тарату ісін болдырмау жолдарын қарастырып, оны ең төменгі шегіне жеткізу болып табылады қандай да бір тереңдетілген  зерттеулер жүргізілген жөн.

Сақтандырудың қаржылық жағдайының нығайуы, экономиканың алдыңғы қатарлы  салалармен өзара қатынасының күшейюі. Алайда бұл  үшін клиенттердің  мүдделерін олардың сақтандырумен өзара арақатынасының  барлық кезеңінде қаржылай және заңды түрде қорғайтын  жүйе құру қажет.

Сақтандыру қызметтерінің тұтынушыларға  сақтандыру қызметін ұсынып қаржылық тұрақтылықтың жоғары екндігі жөніндегі кепілдеме  қажет. Бұл мәселені тек сақтандырудың  қадағалауы және сапалы деңгейге өтуі және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшуі жағдайында шешуге болады.

Кепілдік жүйесі қаржылық тұрақтылықты талдау мақсатында, жағдайлары нашар сақтандырудың  тұтынушыларын ақшалай қаражат төлей отырып, мұндай сақтандырулар тартуды жүргізеді.

Сақтандыру жүйесіндегі жаңа технологиялардың өнімдерін өнімдіру өте  маңызды рөль атқарады. Сондықтан әрбір сақтанушы алдында біз жаңа технологиялармен жұмысты жүргізуге тырысамыз. Әрбір сақтанушы үшін жоғарғы квалификациялық мамандар тіркеледі. Әрбір сұрақтарға жауап табуға тырысады.

Сақтандыру кезінде сақтанушы егер сақтандыру компаниясының сеніміне көңілі толмаса онда ол тәуекел – менеджерін шақырып, оның мінездеме хаттын   алуға құқығы бар болып табылады.

Ендеше сақтанушылардың кепілдемесін және сақтандыру компанияларды өзара біріктіру барлық  тәуекел – менеджерлер тарапынан максималды жылдам және  мемлекеттік билік институттарына және сақтандыру жүйесіне  деген сенімділікті арттыруға бағытталған жауапкершілік орталығын құрыду қамтамасыз етеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1.Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлыпыбаев  “Қаржы” Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық, Алматы 2005 жыл.

  1. “Банки” журналдары, алматы 2002 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Коституциясы. – Алматы, Қазақстан, 2000 – 96 бет
  3. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – Москва, ЮНИТИ, 2000. – 527 С.

5.Гостенко Л.Н. Стрaхование. Учебное пособие. Алматы, 2003. – 183 с.

6.Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы

7.Бабич А.М., Павлов Л.Н. Финансы. Учебник. Москва 2001. – 760 с.

8.Әмірқанов  Р.Ә, Тұрғұлова А.Қ. Қаржы  менеджменті. Оқу құралы. – Алматы 2000. – 188 б

9.Статистикалық мәліметтер жинағы 2000 – 20007 жылдар аралығы.

  1. Интернет желісіндегі сақтандыру жүйесі туралы компаниялары.
  2. ТұрғынбаевА.Р. Қаржы жүйесі. Оқу құралы. Алматы 2001. – 450 б.
  3. Қазақстан Республикасының Жарлығы №12, 13, 14 б.
  4. Елубаев Ж.М. Қаржы нарығы . Оқу құралы. Алматы 2001. – 180 б.
  5. Құлпыбаев С. Қаржы теориясы. Оқу құралы. Алматы 2002 – 235 б.
  6. Нысанбаев Қ.Ш., Әбжанов А.Р. Қаржы туралы мәліметтер. Алматы 2004 – 540 б.
  7. Берлин С.И. Теория финансов. Учебное пособие. Москва 2001 – 364 с.
  8. Дюсембаев А.Н. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. Алматы 2005 – 563С.
  9. Қаржы – Қаражат журналы 2001 – 2007 жылдар аралығындағы статистикалық мәліметтер.
  10. Ақша несие банк оқу құралы 2005 жыл.
  11. Газет – журналдардың статистикалық мәліметтері.

Похожие материалы