Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк "2017 жылғы қазан-қараша" кезекті болжамдық раундын аяқтады

Ұлттық банк "2017 жылғы қазан-қараша" кезекті болжамдық раундын аяқтады

Алматы. 29 қараша. 7kun.kz — Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жылына 4 рет болжамдық раундтар өткізеді. Олардың барысында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, бірінші кезекте инфляцияның орта мерзімді кезеңге (алдағы 7 тоқсанға) арналған болжамы жүзеге асырылады. Алынған болжамдар мен бағалаудың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша-кредит саясаты бойынша, оның ішінде базалық мөлшерлеменің деңгейі бойынша шешімдер қабылдайды.

2017 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «2017 жылғы қазан-қараша» кезекті болжамдық раундын аяқтады. Болжамдық кезең – 2017 жылғы 4-тоқсан – 2019 жылғы 2-тоқсан аралығында.

Болжамдарға сәйкес Қазақстандағы жылдық инфляция 2017 жылғы төртінші тоқсанда 6-8 пайыздық нысаналы дәліздің жоғары шегіне жақын болады, ал 2018 жылы 5-7 пайыздық нысаналы дәлізге біртіндеп кіре бастайды.

Сонымен қатар, «2017 жылғы шілде-тамыз» алдыңғы болжамдық раундының шеңберінде бағалаумен салыстырғанда нысаналы дәлізге кіру бағыты өсу жағына қарай өзгерді. Бұл ет өнімдері және жеміс-көкөніс өнімі нарығындағы ұсыныс күйзелістерін, сондай-ақ, ЖЖМ нарығындағы күйзелістерді және іргелі емес факторлардан туындаған теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының әлсіреуін көрсетеді. Бұл инфляциялық күтулердің өсуіне әкелді.

Бұл ретте 2018 жылғы 2-3-тоқсандарда бұл күйзелістердің әсерінің сарқылуы күтіледі. Мұнайға және астық өнімдеріне тұрақты бағалар, ішкі сұраныс тарапынан әлсіз дезинфляциялық қысым кезінде инфляциялық күтулердің төмендеуі инфляцияның 2018 жылы 5-7 пайыздық және 2019 жылдың басында 4-6 пайыздық нысаналы дәлізге кіруіне апарады.

Соңғы бағалауға сәйкес экономикалық өсімнің қарқыны 2017 жылы 3,5 пайызға дейін (алдыңғы болжамдық раундта 3,1 пайыз) үдейді және 2018 жылы 2,8 пайызға дейін (алдыңғы болжамдық раундта 3 пайыз) шамамен баяулайды. Өсім қарқынын қайта қарау 2017 жылғы үшінші тоқсанда экономиканың нақты секторында қалпына келу процестері үдемелеуімен байланысты. Минералдық ресурстарды өндіру көлемінің ұлғаюы экономиканың өсуіне негізгі үлесті қосты.

Похожие материалы