Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Ақтау теңіз порты" АЭА 2015 жылы 6 жоба іске асырмақ

"Ақтау теңіз порты" АЭА 2015 жылы 6 жоба іске асырмақ

2015 жылы "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы (АЭА) жалпы сомасы 8 млрд теңге болатын 6 жоба бастамақ. Бұл жөнінде "Ақтау теңіз порты" АЭА АҚ-ның басқарма төрағасы Әмірбек Төлегенов брифингте мәлімдеді.

«2105 жылы біз жалпы инвестиция көлемі 8 млрд теңге болатын 6 жобаны бастауды жоспарлап отырмыз. Бұлар: "Достық Полимер" ЖШС, "Ақтау-ҮҚК" ЖШС, "Азерсун өндіріс және логистика орталығы" ЖШС, "Пиетро фиоринтини Қазақстан" ЖШС, "Қараойқұрылыс-ҮҚК" ЖШС, "Ча-Кур Медикал фарм" ЖШС. Өнеркәсіп орындарын ашуды негізі қазан-қараша айларында ашу жоспарда бар. 2016 жылы шамамен, 11 жобаны бастаймыз. Одан бөлек, 2016 жылға жоспарланған 2 жобаны осы жылы аяқтағалы отырмыз. Олар: «Sirius Kazakhstan»  ЖШС және caspianbarrel.org», - дейді Әмірбек Төлегенов.

Айта кетерлік бір жәйт, «Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС мен «Sirius Kazakhstan» ЖШС "Ақтау теңіз порты" АЭА АҚ-ның құрамына ағымдағы жылдың ақпан айында кірген болатын.

«Барлық жобаларға жер телімдері берілді. Мамыр айынан бастап жалпы жер және құрылыс жұмыстары басталады. Өнімдердің алғашқы легі желтоқсан айының соңы мен қаңтар айының басында шығарылады деп күтілуде. «Kazakhstan Pipe Traders»  ЖШС біз үшін өте маңызды жоба. Инвестициясының көлемі де үлкен - 40 млн доллар. Бұл жоба басталған соң 100 жұмыс орны ашылатын болады. Олар ТШО-ға қызмет көрсетеді», - дейді "Ақтау теңіз порты" АЭА АҚ-ның басқарма төрағасы.

Похожие материалы