Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Адамзат тарихындағы атақты 7 алаяқ пен суайт

Адамзат тарихындағы атақты 7 алаяқ пен суайт

Адамзат тарихында "ауырдың үстімен, жеңілдің астымен" жүріп ақша тапқысы келген алаяқтар немесе өтірік айтып елге танылғысы келген суайттар аз болған жоқ. 7kun.kz 1 сәуір күні назарларыңызға осындай "ерекше" жеті оқиға туралы әңгімелейді.

Джордж Псалманазар

Psalmanazar Джордж Псалманазар (1679-1763) шамамен 1700 жылы Солтүстік Еуропада пайда болады және өзін Формоза аралының Кәрі құрлықты көруге келген алғашқы тұрғынымен деп таныстырады. Түр-келбеті мен киімі еуропалыққа келгендіктен, формозалық аборигендердің қолына ертеде тұтқынға түсіп қалғанмын дегенді және қосады. Сөзіне дәлел ретінде аралдың дәстүрі мен мәдениеті жайлы нақты деректер мен дәйектер келтіріп, елді сендіреді. Кейінірек Псалманазар «Формоза аралының тарихи және географиялық сипаттамасы» атты кітап жариялайды. Оның сөзіне қарағанда, аралда тұратын еркектер анадан туғандай жалаңаш жүреді-мыс, ал сүйікті асы жылан еті екен. Күйеуінің көзіне шөп салған әйелдерді жеп қояды, кісі өлтіргендерді төмен қарата басымен салбырата асып о дүниеге аттандырады дегенді де ел осы кітаптан оқиды. Сонымен қатар, автор еңбегінде арал тұрғындарының алфавитін де келтіреді. Кітапты халық таласа-тармаса оқиды, ал Псалманазардың өзі бұл кезде арал тарихы бойынша дәрістер өткізе бастайды. Тек 1706 жылы ғана бәрінен жалыққан ол осы уақытқа дейін айтқанының бәрі ойдан шығарылғанын жариялап, өтірік екенін мойындайды.

Вильгельм Фойгт

36010402 Неміс Вильгельм Фойгт 1906 жылы 6 қазанда Берлин маңындағы Кепеник деген жерде прусс капитанының киімін жалға алып, көшеде кетіп бара жатқан, өзі танымайтын төрт гренадерді тоқтатып, Кепениктің бургомистрі мен қазына басшысын тұтқынға алуға бұйырады. Осыдан кейін ешқандай қарсылық көрмей жергілікті ратушаны басып алып, қалалық қазынаны тәркілейді. Бір қызығы, оның бұйрығын солдаттар да, бургомистр де бір ауыз қарсы сөз айтпай орындап отырған екен. Ақшаны алып, солдаттарға жарты сағат ішінде ешқайда шықпауды тапсырып Фойгт вокзалға бет алады. Поезда киімін ауыстырып, қашады. Алайда, бәрібір қолға түсіп, төрт жылға түрмеге тоғытылады, бірақ бір жыл өткен соң Фойгттың ісіне тамсанған Германия кайзерінің бұйрығымен босатылады.

Антони Джигнак

Vfc4aan6aTM 2002 жылдың жазында Чикаго полициясы колумбиялық Антони Джигнакты тұтқындайды. Ол 9 жыл бойы «сауд ханзадасы Халед, Әбделәзиз патшаның немересі» ретінде өзін елге таныстырып келген екен. Ойдан шығарылған есім мен жалған банк карточкалары бар алаяқ осы уақыт ішінде жеке тұлғалар мен мемлекеттен 200 миллион доллар көлеміндегі қаржы ұрлап үлгерген. Қымбат киім киген және алтынмен апталған «ханзада» лимузин не ең қымбат «мерседес» мініп, жеке күзет ұстаған. Сондай-ақ, ең қымбат қонақ үй номерлерінде тоқтап, өзінен кейін үлкен қарыз қалдырып кетіп отырған. Майамидегі «Гран Бей» қонақ үйінде ғана құны тәулігіне 10 мың доллар болатын пентхауста 10 күн қызылды-жасылды күндер өткізген. Жалған «ханзаданың» құпиясы жарты миллион доллардың лимузинін сатып алу үшін байқамай өз атына рәсімделген несие карточкасын қолданған кезде барып ашылады Milli Vanilli d03__milli_vanilli_mus_26_2934774390-шы жылдары музыка әлемінде Milli Vanilli атты жаңа неміс тобы пайда болады. Оның «Girl You Know It’s True» атты алғашқы клипі үлкен танымалдылыққа ие болады, сатылым бойынша, тіпті Майкл Джексонның рекордын бұзады. Ең үздік дебюттік жоба ретінде Grammy жүлдесін алады, альбомдары АҚШ-та алты рет, Канадада он рет платиналы болып танылады. Бұған American Music Award байқауындағы үш жеңісті қосып қойыңыз. Атағы аспандап тұрған топ есірткіге үйір бола бастайды, порнофильмге түсуге бел байлайды, ақыр соңында осы уақытқа дейін жұмыстарын жүргізіп келген продюсерлерінен бас тартады. Ренжіген продюсер сахнаға шығып жүрген Роб және Фабтың орындалатын әндерге ешқандай қатысы жоқтығын, оларды басқа адамдардың айтатынын журналистерге ақтарып салады. Үлкен дау туып, топқа берілген бүкіл жүлде қайтарылып алынады, миллиондаған айыппұл төленіп, жалған әншілердің дискілері дүкендерге қайта өткізіледі. Өз дауыстарымен ән айтпақ болып тыраштанған, Роб пен Фаб бірнеше жыл өткен соң бұрынғы продюсерлеріне қайта оралып, жаңа альбом жазбақшы болады, алайда бұл жолы оларынан ештеңе шықпайды.

Мануэль Элизальде

tasad3 1971 жылдың 7 маусымында филиппиндік шенеунік Мануэль Элизальде Минданао аралында бүкіл батыс мәдениетін дүр сілкіндірген жаңалық ашады. Ит тұмсығы өтпейтін ну орманда ол Тасадаи тайпасымен байланыс орнатады. Өркениетті елдің үлкен қызығушылығын тудырған тасадаилықтар тас дәуірінде қалып қойған болып шығады, яғни осы уақытқа дейін олардың сырт әлеммен ешқандай байланыс орнатпағаны, байланысыңыз не, тіпті өздерінен басқа жұрттың бар екенінен бейхабар болғандығы анықталады. Тайпа тұрғындары тастан жасалған құралдарды қолданып, үңгірлерде тұрған. Шөп тамырларын, жеміс-жидек жеп, аңшылықпен айналысқан. Оның үстіне, «соғыс», «жау» деген сөздерді мүлдем білмей келген. Баладай аңғал тасадаилықтар әп сәтте алды америкалықтардың, арты қалған әлемнің сүйіктісіне айналып шыға келеді. Газеттер «Сенсация!» деп шулап, National Geographic деректі фильмдер түсіреді. Тіпті Джон Рокфеллердің қатысуымен PANNAMIN атты тайпаға қолдау білдіру қоры құрылады. Сол тұстағы филиппиндік диктатор Маркос үңгір адамдары тұратын жерді қорық деп жариялап, сырттан ешкімді кіргізбеуге бұйырады. Барлық экскурсиялар Мануэль Элизальде мен әскерилердің қатысуымен өтеді. 15 жыл өтіп, төңкеріс болып, Маркос орнынан алынып тасталған соң, билікке демократиялық күштер келеді. Тасадаилықтарға қойылған әскери блокада жойылады. Қорға ақша құйып тұрғандар бар, қызығушылық танытқандар бар, енді кез келген адам үңгір адамдарының тұрмыс-тіршілігін еркін келіп көре алатын болады. Осыны пайдаланғысы келген антрополог ғалым Освальд Итен аралға келіп... тас дәуірінен бері өмір сүріп келе жатқан тайпаның орнын сипап қалады. Үңгірлер бос жатыр, тіпті ұзақ уақыт адам тұрған жерге де ұқсамайды. Ары қарайғы зерттеулер тасадаилықтарды рөлін сол маңдағы өзге тайпалардың тұрғындары ойнағанын көрсетеді. ABC арнасы «Ешқашан болмаған тайпа» атты деректі фильм түсіреді. Аң-таң болған батыс әлемі экраннан өздері біраз жыл бойы тас дәуірінің тұрғыны деп танып келген «таныстарын» Levis шалбары мен футболка киген кейіпте көреді. Жалған тасадаилықтар Элизальденің өздерін осы жерге қуып тығып, әлгі тайпаның өкілдерін ойнауға бұйырғанын мойындайды. Шенеуніктің өзі болса 15 жыл бойы Коста-Рикада «табиғаттың төл перзенттеріне» деп бөлінген Қордың 35 миллион доллар көлеміндегі ақшасын құртып, жақсы өмір сүрген екен.

Виктор Люстиг

lustig_con.jpg__600x0_q85_upscale Виктор Люстиг тарихта Эйфель мұнарасын екі рет сатқан адам ретінде қалды. 1925 жылдың мамырында ол Парижде атақты мұнараның ескіргені жайында және оны не алып тастау, не жөндеу керектігі туралы оқып қалады. Люстиг мұндай сәтті жіберіп алғысы келмейді. Алаяқ жалған сенім грамотасын жасатып, өзін Почта және телеграф министрлігі басшысының орынбасары ретінде таныстырады. Үкімет бланкісін толтырып, Еуропаның ең ірі деген болат өндірумен айналысатын алты ауқатты адамына Эйфель мұнарасының болашағы туралы әңгімеге шақырып хат жібереді. Люстиг оларды қымбат қонақ үйде күтіп алады. Кездесу кезінде мұнараны ұстап тұруға кететін шығынның тым үлкен екенін, сондықтан үкімет оны алып тастап, жабық аукционда металл ретінде сатып жіберуді шешкенін жеткізеді. Мұнараның жалпы салмағы 9 мың тонна, ал металл конструкцияларының өзі 7,3 мың тоннаны құрайтын. Люстиг ұсынған баға, тіпті, Эйфель еңбегін жай ғана металл деп қараған күннің өзінде тым-тым арзан болатын. Болат байлары мұны тағдырдың берген сыйы деп ұғады. Ақыр соңында мұнараны бұзу құқығын Люстиг миллионер Андре Пуассонға береді, онысы үшін 50 мың доллар ақша алады. Лицензияда көрсетілген күні Пуассонның бригадасы мұнараға жетіп келеді. Үлкен дау-дамай туады. Соңында билік те, алданған бай да бұл істі жылы жауып қоя салады. АҚШ-қа қашқан Виктор Люстиг отызыншы жылдары Парижге қайта оралады да.. Эйфель мұнарасын 75 мың долларға тағы сатып жібереді.

Кристоф Роканкурт

christophe-rocancourt-naomi-campbell-4126220xsmcm_1713 1968 жылы Францияның оңтүстігіндегі кішкентай ғана Хонфлер ауылында дүниеге келген Кристоф Роканкурт бала күннен-ақ алтын сататын дүкен тонайды, кейін өзін бірде Софи Лореннің ұлы, бірде Доди аль-Файедтің бауыры деп таныстырып, жалғызбасты, дәулетті, егде әйелдердң есебінен өмір сүреді, Интерпол, ФББ (FBI), Нью-Йорк, Лас-Вегас, Гонконг полициясынан қашып-пысып, ұстатпай жүреді. Алайда, оның ең үлкен алаяқтық ісі  өзін әлемге танымал бай, «Standard Oil» негізін қалаушы Рокфеллерлер әулетінің өкілі Кристофер Рокфеллер деп таныстыруы болды. Алаяқ Беверли-Хиллздан үлкен үйді жалға алады, тек тікұшақпен жүреді, қымбат ресторандардан тамақтанады, тіпті «Формула 1-ге» қатысады. Билл Клинтон мен Бруней сұлтанын достарым деп атайды. Айналадағылардың әбден сеніміне кірген ол голливудтық ортаның «өз адамына» айналады. Роканкурттың сөзіне қатты сенгендердің қатарында Жан-Клод Ван Дамм, Микии Рурк болған екен. Әсіресе, Ван Дамм «жеке фильміңе қаражат тауып беремін» деген сөзден кейін «Рокфеллер» туысының ізінен қалмағанға ұқсайды. Алайда, басты мақсаты жергілікті кино жұлдыздарымен танысу емес, солардың қасында жүрген бай-бағландардың қалтасына қағу болған Роканкурт «болашағынан зор үміт күттіретін жоба» деп түрлі сылтау айтып, американдық бизнесмендерді жағалай бастайды. Күндердің күнінде шыдамы таусылған кредиторлардың бірі полицияға хабарласады. Сол сәтте-ақ, елден қарызға ақша алып жүрген алаяқтың кім екені белгілі болады. 2002 Кристоф Роканкурт түрмеде тоғытылады. 2005 жылы бостандыққа шығады.

Похожие материалы