Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Альфа-банк директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Альфа-банк директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

Ресейлік Альфа-банктің Қазақстандағы үлестес бөлігінің жалғыз акционерінің шешімімен директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Арман Ақтайдың өкілеттіктері жеке бастамасы бойынша тоқтатылды делінген "Альфа-Групп" сайтында.

А.Ақтай директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор лауазымдарын 2012 жылдың 30 шілдесінен бастап атқарып келген.

Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі әлі сайланбаған.

Қазіргі уақытта банктің директорлар кеңесінің құрамы 4 адамнан тұрады: директорлар кеңесінің төрағасы Ильдар Каримов, директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Нұрлан Аханзарипов, директорлар кеңесінің мүшелері Андрей Косогов және Илья Поз.

Похожие материалы