Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда 4,3 мың бала кепілді әлеуметтік пакет алады

Алматыда 4,3 мың бала кепілді әлеуметтік пакет алады

Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Данияр Әлкебайұлы айтты.

2020 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың балалары үшін қажетті қосымша заттары бар кепілді әлеуметтік пакет қарастырылған.

«Бізде 4 мыңнан астам бала кепілді әлеуметтік пакет алатын болады. Бүгінгі күні 4,3 мың КӘП тағайындалды. Бұл балалар жақында әлеуметтік пакеттерді алады», — деп хабарлады Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Д. Әлкебайұлы.

Әлеуметтік пакет:
• мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар тағамы және гигиеналық керек-жарақтарды;
• мектеп жасындағы балалар үшін-мектептерде ыстық тамақ, мектеп формасы мен керек-жарақтарын сатып алу, қоғамдық көліктерде жол жүрудің 50%-ын өтеуді қамтитын болады.

Ресми ақпарат көздерінде кепілді әлеуметтік көмекті алудың орны мен шарттары туралы қосымша хабарланатын болады. Сонымен қатар, кепілді әлеуметтік пакеттерін беру мәселелері бойынша жүгінуге болатын call орталықтар жұмыс істейтін болады.

Похожие материалы