Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Орталық Азиядағы интернеттің дамуы форумы өтуде

Алматыда Орталық Азиядағы интернеттің дамуы форумы өтуде

12 мамыр күні Алматы қаласында  «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2016» атты жетінші Орталық Азия форумы басталды. Шараның биылғы тақырыбы - «Интернетте деструктивті контентке қарсы тұру қатерлері: ксенофобия, насихат және төзімсіздік лексикасы». Жыл сайын өтетін дәстүрлі шара екі күнге созылады.

InternetCA-2016 қатысушылары желідегі деструктив контенттің әр түрлі форматта белең алуын, оған жол бермеу әдістерін, жалпы қазіргі заманда контентті реттеу ережелерін талқылап жатыр. Сонымен қатар, сөз бостандығын шектемей, контентті қалай реттеуге, әрі қадағалауға болатыны жайлы да ой бөлісті. Форум Германия, Франция, Украина, Армения, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің сарапшылары, журналистер, блогерлер, ғалымдар, заңгерлер, ҚР Парламент Мәжілісі және өзге мемлекеттік мекемелер, үкіметтік емес және халықаралық ұйым өкілдерінің  қатысуымен өтіп жатыр. Іс-шараны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Конрад Аденауэр атындағы Қор демеушілігімен ұйымдастырды.

Похожие материалы