Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

Анар Мешімбаева бостандыққа шықты

Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – 6 ақпанда 08:00 бен 09:00 аралығында 2014 жылы сотталған статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешімбаева бостандыққа шықты, деп хабарлайды Алматы облысы ҚОЖ Департаменті.

Мекеменің мәліметінше, сотталушы соңғы айларда жазасын Алматы облысы, Іле ауданы, Жауғашты ауылындағы ЛА 155/4 түзету мекемесінде өтеген.

Естеріңізге салайық, 2014 жылы Анар Мешімбаева жеті жылға сотталды. Сот оны ҚР ҚК 176 бабы "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену" және 307 бабы "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша кінәлі деп тапты. Мешімбаева Алматы облысындағы жалпы режімдегі абақтыға жабылды. 2015 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рақымшылық туралы бұйрығымен Анар Мешімбаеваның мерзімі екі жылға қысқарды. 2017 жылы мерзімінен бұрын босату мекемесі 558 249 409 теңге көлемінде шығын төленбегендіктен, Мешімбаеваны босатудан бас тартты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы