Экономика
Медиа
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК қазақстандық PR-мамандардың пулын құруда
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті көрмеге қатысушы мемлекеттермен бірлесе отырып, қазақстандық PR-мамандардың пулын дайындауда. Бұл туралы "ЭКСПО-2017" сайтында жазылды.
Көрме өткізу барысында қатысушылар өз жұмысын көрсету үшін және павильондарға келушілер санын арттыру мақсатында жергілікті мамандар қызметін пайдаланатындығын тәжірибе ретінде көрсетіп отыр.
Ұйымдастырушылар тарапынан көрмеге қатысушыларға ұсынылатын арнайы тізімде болу үшін, түйіндеме мен портфолионы мына мекен-жайға
PR@expo2017astana.com жіберуге болады.