Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Атыраулық мұнай магнатының баласы сүйіктісінің жүрегін жаулап алу үшін K-pop стилінде бейнеклип түсірді

Атыраулық мұнай магнатының баласы сүйіктісінің жүрегін жаулап алу үшін K-pop стилінде бейнеклип түсірді
Атыраулық мұнай магнатының баласы сүйген қызының жүрегін жаулап алу үшін K-pop  стилінде психоделикалық  бейнеклип түсірді. Қара жігіт деген бүркеншек есім алған жас әншінің әні де, бейнесінің стилі де ерекше. «Yellow Table» деп аталатын әннің орындаушысы жүрегін жауалған қыздың сыныптасы екенін айтады. «Мен Айгүлді 5 сыныптан бастап жақсы көремін. Оның сезімі тура менікіндей деп айта алмаймын, бірақ ән бәрін өзгертетін шығар», дейді Қара жігіт. Бейнебаянда Алматы мен Астананың көрнекі жерлері – Алтын адам, Хан Шатыр, Қазақстан қонақ үйі, Бәйтерек бейнеленген. Бұлардың жастардың махаббатына қатысы қаншалықты екені белгісіз. Жас әнші әкесінің аты-жөнін айтуды қаламайды. Тыңдарман әкемнің байлығын емес, өнерімді бағаласа дейді өзі. K-pop – Оңтүстік Кореяда пайда болған, батыстық электропоп, хип-хоп пен биге арналған музыканың, ритм-блюздің қосындысынан тұратын музыкалық жанр. Алғашқыда муызкалық жанр ретінде пайда болған К-рор кейін бүкіл әлем бойынша миллиондаған табынушысы бар музыкалық субмәдениетке айналды. Rolling Stone америкалық музыкалық журналының жазуынша K-pop батыстық сәнді музыка мен энергиясы жоғары жапондық поптың қосындысы. Мұның орындаушылары тыңдаушылардың жүрегін жаулау үшін мәтінге жиі қайталайтын ағылшын тіліндегі сөздерді қосуымен ерекшеленеді. K-pop қазір тек музыка ғана емес, кореялық сән мен стилді әлемге таратушы субкультураға айналды. Интернет пен сантаңбалық контенттің қолжетімділігінің арқасында K-pop әлемге жылдам таралуда.  

Похожие материалы