Экономика
Выбор редактора
Қазақстандықтар Грузияға бір жыл визасыз бара алатын болды
Қазақстан және өзге де 94 елдің азаматтары енді Грузияға визасыз барып, бір жыл көлемінде тұра алады. Аталған қаулы Грузияның заңнамалық жаршысы сайтында жарияланды.
Тізімге ТМД елдері, Еуроодақ мемлекеттері, АҚШ және т.б елдер кіреді.
Құжат бойынша, Еуроодақ елдері Грузияға жол жүру құжаты, БҰҰ төлқұжаты және аты-жөні, суреті көрсетілген құжаты арқылы кіре алады.
2014 жылдың 1 қыркүйегінен бері енген алдыңғы визалық ережелер күшін жойды. Ол ережеде бірнеше реттік визаларды 180 күнге беру, елде 90 күнге дейін болуға рұқсат секілді шарттар болған.
Визасыз режим Грузияда еуропа елдеріне, ТМД және НАТО елдерінің мүшелеріне және Грузияның маңызды серіктестеріне қарастырылған.