Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері (дипломдық жұмыс)

Банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері (дипломдық жұмыс)

Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа­һан­дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ.

Банктік қызмет - нарық қажеттілігін маркетингтік зерттеу негізінде құрылған кәсіби интеллектуалдық өнім, оның негізгі мақсаты - пайда алу. Банктік қызметтер-қызметті көрсетуде күшті жеке персонификациялы қызметтер. Жалпы банктік қызметтер келесі қасиеттерден тұрады. Қызмет сапасының тұрақтылығының кепілдемесінің және жинақталуының банктік қызметтер сферасын қызметтің жоғары тәуекелді сферасы деп саналады. Жаңа банктік  қызметтерді көрсету ең жоғары тәуекелділікті қажет ететін шешім болып табылады. Әсіресе тәуекелді болып қызмет көрсетуге бейімделген индустрияға қызмет көрсету саналады, себебі бұл сферада бәсекелестермен мұндай қызметтер өнеркәсіптердің басқа өндірістік салаларына қарағанда тез ұдайы өндіріледі. Банк менеджменті деп – осы сферада қызмет ететін персоналдарды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк  ісін  жүргізу  тәжірибесімен  нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді. Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды: жоспарлау, талдау, реттеу, бақылау. Осыған байланысты дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады.

Менің тақырыбымның өзектілігі нарықтық экономика жағдайында  отандық банктердің және басқада несиелік институттардың даму болашағы мен оны іс жүзінде басқарудағы менеджмент жүйесін жетілдірукеректілігі.

Банктік менеджментінің дамуы клиенттер үшін де, банктің өзі үшін де аз шығындармен банктік қызметтерді көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге икемді бағаларды қолдануды білдірді. Кең клиентуралы банктік операциялардың тиімді икемді жүйесі ішкі жинақтарды жинауға ықпал етеді. Аса мәнге өзгермей экономиканың қажеттілігіне тез ыңғайланатын икемді бантік қызмет көрсету.

Банктік қызметтерді тұрғындарға дәстүрлі орындаумен бірге, яғни депозиттерге қаражаттарды тартумен, ссудаларды ұсынумен, тұрғындарға есеп айырысу кассалық қызметтерді көрсетуді жүзеге асырумен бірге біздің елде қазіргі банктік институттар электрондық қызметтер, клиенттер тапсырма бойынша маркетингтік зерттеулер, валюталық операциялар, қор операциялары, чекстік операциялары, карточкалар ашу, ссудаларды ұсыну, құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар, басқа да қызметтер, соның ішінде трасттық, ақпараттық анықтамалық кеңес беру, қор операцияларын да орындайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы банктік менеджменттің қазыргі жағдайы мен даму болашағаны анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:

- банктік менджменттің негізгі теориялық аспектілерін ашу;

- банк менеджментінің мазмұны және құрылымы қарастыру;

- банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздерін анықтау;

- банк саясатының негізгі бағыттары және қалыптасу ережелерін қарастыру;

- «Kaspi bank» АҚ– ның  экономикалық процестерін басқаруды талдау;

- банктің активтерін және пассивтерін басқаруын талдау;

- банк қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне баға беру;

- банк менеджменті және оның даму ерекшеліктерінің жетілдіру жолдары анықтау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектiсi  болып банк менеджменті және оның даму ерекшеліктері болып табылады.

Зерттеудің ғылыми жаналығы:

- банктік менджменттің теориялық негіздері ашылды;

- банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрылымының негіздерін анықталды;

  • банктің активтері мен пассивтерін басқаруы талданды;
  • банк қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне баға берілді;

- банк менеджменті және оның даму ерекшеліктерінің жетілдіру жолдары айқындалды.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері, қорытынды мен ұсыныстар «Kaspi bank» АҚ– ның қызметінде пайдаланылады.

Дипломдық жұмыстың құрамы. Дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды, үш тараудан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде банктік менджмент және оның даму ерекшеліктерінің теориялық негіздері, оның ішінде банк менеджментінің мазмұны және банктің ұйымдық құрылымының негіздері мен банктің экономикалық процесстерін басқаруы қарастырылған.

Екінші бөлімде банктік менджментті және оның даму ерекшеліктері талданған, оның ішінде банктің активтері мен пассивтерін басқаруын талдау («Kaspi bank» АҚ-ның мысалында) және банк қызметінің қаржылық көрсеткіштерін басқаруына баға берілген.

Үшінші бөлімде банктік менеджменті және оның даму ерекшеліктерін жетілдіру  жолдары анықталған.

1 Банктік менджмент және оның даму ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1.1 Банк менеджментінің мазмұны және банктің ұйымдық құрылымының негіздері

Дамыған елдерде, менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды факторлары қатарына жатады. Нарықтық  жағдайдағы шаруашылықта оған басты назар аударылады, себебі менеджмент қосымша капитал салымдарын  талап етпей-ақ, шығындарды төмендете отырып  жоғарғы табысқа жетуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың ең тиімді формаларын қолдану жолымен табыс табу. Сондықтан, нарықтық қатынастары қатаң бәсекелестік жағдайда дамыған елдерде, менеджмент – бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланыста болады. Дамудың жөнді алғы шарттарын иелену үшін, басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет, сонымен қатар,  теория мен тәжірибеде қорланған білімдерді  тез игере, өзгермелі жағдайларда  – жаңа, қалыптаса қоймаған шешімдерді қабылдай білу керек [1].

Менеджмент – басқару және ұйымдастырудың  ең бір рационалды жүйесі туралы ғылым, бірақ оның ұғымын әр түрлі мағынада түсінуге болады. Қысқа мағынада менеджментті – адамдар ұжымын басқару және ұйымдастыру, кең мағынада – банк қызметін және оның персоналдарын басқару және ұйымдастыру деп түсінеміз. Банк менеджменті нақты  мекеменің қызметіне сәйкес белгілі бір спецификаға ие. Ойткені банк,  өкіміндегі несие ресурстарын ақылы түрде  – кәсіпкерлердің, ұйымдардың, халықтардың, мемлекеттің қосымша қаражатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ұсынатын , яғни бизнеспен айналысатын өз алдына кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар банкте, әртүрлі меншік иелерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік қоғамдардың және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары жинақталады.

Банк қоғам капиталын сақтаушы және орналастырушы ( екі жақты, пайда табу мақсатында), сондай-ақ, банк  шоттарына салынған  ақша қаражаттарының сақтаулы (немесе, дер кезінде, салыну шарты бойынша қайтарылуға тиіс) болуына иелері алдына жауапты мекеме. Нәтижесінде банк, жеке өз мүддесімен қатар, қоғам мүддесін қорғауды да көздейді. Мұндай мүдделер сәйкестілігі баланс өтімділігін, яғни ақша нарығында банк тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып, банк менеджментінің келесідей мақсаттарын анықтайды:

  • банкті, ақша нарығы жағдайында қызмет жүргізетін субъект ретінде, табысты жұмыспен қамту;
  • банк сенімділігінің кепілі ретінде көрінетін баланс өтімділігін және салымшалар мен кредиторлардың мүдделерін қамту;
  • іскерлік қатынастарды тұрақтандару және ұзарту мақсатында пайдала- нармандардың (клиенттердің) банк қызметіне деген  көлемдік, құры- лымдық және сапалық қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;
  • ұжымның әлеуметтік, коммерциялық, өндірістік проблемаларын өз ара жетік шешілуін қамту;
  • мамандардың әлуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру мақсатында, мамандарды орнықтыру, даярлау және қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.

Негізгі мақсаттармен  қатар, банк менеджменті,  бір қатар көлемдік, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштердің орындалуын бағдарлайды. Сандық (көлемдік) көрсеткіштердің, банк қызметін басқару аяларының барлығына қатысы бар, олардың қатарына: банк клиенттерінің және олардың шоттарының санын, депозиттер көлемін,  кредиттік салымдарды, инвестицияларды және банк жүзеге асыратын  қызметтер мен операциялардың көлемін жатқызуға болады.

Банк қызметінде басты орын алатын сапалық көрсеткіштер қатарына келесілер жатады:

  • банктің табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері (осылардың көмегімен банк пайдалылығын басқару іске асады);
  • қаражат айналымының жылдамдық, операциялардың орындалуына қатысты шығындардың еңбек сиымдылығының және материалдарды өңдеу жылдамдығының  көрсеткіштері;
  • банк көрсететін қызметтердің сапасына, құрылымына, көлеміне деген клиенттер сұранымдарын қанағаттандыру дәрежесінің көсеткіштері;
  • банк қызметымен  байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту  және мәліметтерді сақтау қабілеттілігі.

Әлеуметтік көрсеткіштер, ұжым мүшелерінің кәсіби дайын-дықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік пробле-малардың  шешілу дәрежесін сипаттайды. Банк менеджментінің басқа бір ерекшелігі, ол депозиттер мен  ақшалай салымдар иелерінің мүддесін қорғау мақсатында банк қызметінің мемлекет тарапынан реттелуінде. Бұл біріншіден, банк қызметін реттейтін – міндетті нормативтер, заңдар және жазбалардың орындалуымен уағдаласылған еркін шешім қабылдаудың шектеуі бар екенін білдірді. Екіншіден, ақша нарығы конъюнктурасының үнемі өзгеріп тұратын  жағдайында,  банк өтімділігін қамту жолын таба білетін менеджерлердің қажеттілігін көрсетеді [2].

Сонымен, банк менеджменті деп – осы сферада қызмет ететін персоналдарды және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк  ісін  жүргізу  тәжірибесімен  нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді.

Басқару процесінің мазмұны. Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды: жоспарлау, талдау, реттеу, бақылау.

Банкілік басқарудың ең жауапты бөлімі ол жоспарлау,  осы процесс барысында – перспективаға іс әрекетті анықтайтын, банк саясаты құрылады. Жоспарлау, жиынтық көрсеткіштер негізінде банк қызметінің барлық жақтарының өзара байланыстыруға және  оның орындалуын  еңбекке ынталандыру жүйесі арқылы ұжымның мүддесімен байланы- стыруға мүмкіндік береді.

Жоспарлауды, банктің ішкі мүмкіндіктерін және ақша, валюта нарықтарының  коньюнктурасын талдау негізінде, жалпы банк қызме- тінің бағыттарын, жаңа сфера мен өнім түрлерінің  тиімділігін баға- лайтын процесс деп тануға болады. Жоспарлаудың  негізгі бағыты,  нарық жағдайында банк қызметінің технико-экономикалық негізделуі ретінде  бизнес-жоспарды  жасау. Бизнес-жоспарды  дұрыс пайдалана білу – қаржы ұйымдарын  тиімді басқарудың негізін құрайды.

Банктің аналитикалық қызметінің негізін, баланс көрсеткіштерін талдау арқылы ашып көрсетуге болады. Оның негізгі бағыттары:

  • банк қызметінің көлемдік көрсеткіштерінің динамикасын бағалау: активтерінің, депозиттерінің, меншікті капиталының, кредиттерінің, табысының;
  • ресурстық базаны бағалау: көлемін, құрылымын және оның құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын (меншікті капиталының, депозит- терінің, банкаралық  кредиттерінің);
  • банк активтерінің жағдайын бағалау: көлемін, құрылымын және банк активтерінің  құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын (кредиттері- нің, инвестицияларының, депозиттерінің);
  • банк өтімділігін бағалау – қаржы коэффиценттерін есептеу мен оларды критериалдық деңгеймен салыстыру және көрсеткіштер деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтау негізінде жүзеге асады;
  • банк табыстылығын бағалау: баланс мәліметтеріне, кіріс және шығыс есебіне талдау жүргізу негізінде жүзеге асады. Осы талдау, банк табыстылығын басқару механизімінің негізі болып табылады.

Банк саясатын  құру барысындағы аналитикалық жұмыстардың бір бөлігі ретінде, банк маркетингі көрінеді. Банк қызметінде   маркетинг түсінігі: берілген аймақтағы және оның шегінен сырт банк қызметіне  деген сұраныс пен ұсынысты талдау;  әртүрлі қызметтерді қанағаттандыру негізінде банктің орналасқан жерін бағалау (инвестициялау, кредиттеу, қолма-қолсыз  есеп-айырысуды  ұйымдастыру; лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.);  әртүрлі банктердің  сәйкес операцияларды жүргізудегі шығындарының нормасын салыстыру; жарнамалар жүргізу ұғымдарын білдіреді [3].

Коммерциялық банктер, жоғарыда аталғандардан басқа, тағы бірнеше  бағыттар бойынша  аналитикалық жұмыстар жүргізеді:  кредиттік және  бағалы қағаздар қоржындарын, клиенттердің несие қабілеттігін, меншікті  капиталдың жеткіліктілігін, пайыздық  маржаны және т.б. талдау.

Банк менеджментінің жүйесінде, реттеу  белгілі ерекшеліктерге ие, ол коммерциялық банктер қызметтерінің  мемлекет тарапынан  реттелуімен ұштасады. Сондықтан, банктің ішкі  реттеу жүйесінің жұмысы,  мемлекет- тік бақылау органдары: банктерді лицензиялауға, банк қызметінің шектілуіне, капиталдың жеткіліктілігіне, өтімділікке, міндетті резервтердің қалыптасуына  қатысты белгілеген  нормативтер мен талаптардың орын- далуына   бағытталған.

Банктің ішкі реттеу процессіне келесі бағыттарды жатқызуға болады:

  • банк қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында, барлық бөлімшелерді қоса банк құрылымын қайта қалыптастыру және жетілдіру;
  • банк басқару сапасының жоғарылауын қамтитын, әдістемелік және нұсқаулық құралдарды, шешімдер қабылдау процедураларын енгізу;
  • өндіріс ішінде және сыртқы ортада қалыптасқан жағдайлар негізінде, банк саясатын құру;
  • банк тәуекелін шектеу мен төмендетудің негізгі бағыттарын әзірлеу;
  • банк ішінде бақылау жұмыстарын ұйымдастыру, кадрлар саясатын және персоналдың профессионалды өсуін қамтитын  шараларды әзірлеу.

Банк қызметіндегі бақылау жұмысы, сыртқы және ішкі бақылау болып бөлінеді. Сыртқы бақылауды, Қазақстан Республикасының  орталық банкі және сыртқы аудиторлар жүргізеді. Ішкі бақылауды банктің өзі ұйымдастырады. Бұл жұмыстың басты мақсаты, банк қызметіндегі теріс тенденциялар мен жетіспеушіктерді анықтау және оларды жою шараларын  қабылдау үшін, оперативті жүйе құру [4].

Банк  басқару  аялары. Банк менеджметінің  нақты бағыттарын үлкен екі  аяға (сфераға) бөлуге болады. Бірінші топ, банк құзыретіндегі экономикалық процесстерді басқару мен ұйымдастыруға байланысты  мәселелерді қамтиды (бұл бөлім қаржы менеджменті деп аталады). Оның басты бағыттары: банк қызметін- дегі бөлек аялар (сфералар) бойынша  нақтыланған банк саясатын құру (депозиттер, кредиттер, инвестициялар, қызметтер ж.т.б.); банк маркетингі; банк активтері мен пассивтерін басқару, банк өтімділігін, табыстылығын, меншікті капиталын, кредиттік қоржыны мен  банк тәуекеллерін басқару.

Қаржы менеджментінің ерекшелігі, біртұтас банк жүйесі шеңберінде банк  процедураларын  ұйымдастыру  мен  экономикалық процесстерді басқаруда,  біркелкі технологияның жоқтығы.

Екінші топты, қаржы менеджменті тиімділігінің  шарты ретінде көрінетін, банк қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімдерін рационалды қолдануға бағытталған, ұжымды  басқарумен байланысты туындайтын мәселелер құрайды. Бұл топқа: банк қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және мотивациялау; кадрларды орнықтыру; еңбек ақы төлеу, еңбекке ынталандыру және көтермелеу механизмі; бақылауды ұйымдастыру; қызметте өсу жүйесін қарастыру, ұжымдағы қарым-қатынасты қалыптастыру принциптері кіреді.

Шетел тәжірбиесінде, әр бір банктің басқарылу сапасына баға беріледі ойткені, көптеген жағдайда, жалпы банк жүйесінің және нақты  банк сенімділігінің  деңгейі осы көрсеткішке тәуелді [5].

Менеджмент дұрыс жүрмеген жағдайда, теріс факторлардың пайда болу себебін анықтауға үлкен көңіл бөлінеді. Оларды дер кезінде анықтау, дұрыс жұмыс істемейтін банктердің  қызметіне араласуға құқығы бар, мемлекеттік бақылау органдарының  негізгі міндеті болып табылады.

Дұрыс емес менеджментке: банк басшылары мен қызметкерлерінің әлсіздігінен басқару процесінде пайда болатын техникалық қателерді және  жалған активтер мен шығындарды жабу үшін жасалған есептер бұрмаларын, сонымен қатар уақытша тартылған қаражаттар арқылы  қиын қаржы жағдайын жасыруды (банкаралық несие) жатқызуға болады.

Банктің  ұйымдық құрылымы. Белгілі функциялар мен операцияларды орындайтын банктің кәсіпорын ретіндегі мәні, басқару аппараты мен оның ұйымдық  құрылымдарының  қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Жылдар бойы банкілерде бір қатар ұйымдық нысандар  қалыптасып, оның әрқайсысы тұтынушылар қажет ететін  функциялар мен қызмет түріне ыңғайланған. Бүгінгі жағдайда қалыптасқан, банк типтерінің қатарына: әмбебаб, маманданған, инвестициялық, ипотекалық, жинақ, арнайы  тағайындалған және тағы басқа банктерді жатқызуға болады. Алайда, күнделікті жәй операцияларды  және басқа да өзіндік өзгешілігі бар қызметтерді көрсететін әр бір банкте, басқару блоктарының міндетті жинағы болуға тиіс. Бұлардың қатарында:

  1. Банк Кеңесі.
  2. Басқарма.
  3. Басқарудың жалпы мәселелері.
  4. Коммерциялық қызмет.
  5. Қаржылар.
  6. Автоматтандыру.
  7. Әкімшілік.

Бірінші блокты банк құрылтайшылары қалыптастырады. Олардың саны әр түрлі болуы  мүмкін, бірақ әрқайсысының  жарғылық капиталдағы үлесі  35% аспауы  керек. Банк құрылтайшылары қатарында мемлекеттік  құрылымдар және жеке заңды тұлғалар болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде, банк меншігінің акционерлік нысаны  көп тараған, мұнда құрылтайшылар мен акционерлер ретінде әртүрлі меншік нысандарын   иеленетін жеке  және заңды тұлғалар  көрінеді.

Басқарудың  негізгі  органы – банк акционерлерінің жиналысы, ол банк  қызметінде  келесі стратегиялық  міндеттерді  орындайды: банктің ашылуы туралы және қорларының  қалыптасуына қатысты шешімдерді  қабылдау, банк жарғысын  және шығындарды жабу мен тапқан пайданың қолдану жолдарын анықтау, банк жұмысы туралы  есепті бекіту [6].

Банк жұмысын басқару, сондай-ақ банк  Басқармасы және  Тексеру комиссиясының жұмыстарын қадағалау мен бақылау үшін, акционерлер жиналысы, белгіленген мерзімде өкілеттілік  жүргізетін банк  Кеңесін  сайлайды. Сондай-ақ, банк акционерлерінің  жалпы  жиналысы  Кеңес мүшелерінің санын  анықтайды. Кеңес  мүшелері  көп  дауыспен  банк  Кеңесінің  төрағасы  мен  оның орынбасарларын  тағайындайды, бірақ Кеңес мүшелері бір мезгілде Тексеру комиссиясының немесе  Басқарма  мүшелері  қатарында болмауы шарт.

Банк Кеңесі  басқару және банктің даму міндеттерін орындай отырып, жыл  ішінде кемінде бір ретт мәжіліске жиналады. Банк Кеңесі:

  • банк саясатының бағытын және нақты экономикалық жағдайға, дивиденттер мен пайыздық  мөлшерлемелер көлеміне байланысты операциялар  шеңберінің  кеңеюін  анықтайды;
  • банк Басқармасы мен Тексеру комиссиясының жұмыстарына  бақылау  жүргізеді;
  • банк өкілдіктері  мен  филиалдарының  ашылу мәселелерін  шешеді;
  • банк жүргізетін кредиттік және инвестициялық саясаттың орындалуына бақылау жүргізеді;
  • банк төрағасын, оның орынбасарларын және басқада басқарушы тұлғаларды тағайындайды;
  • жұмыс жүргізетін комитеттерді бекітіп, олардың мүшелерін сайлайды.

Кеңес мүшелері, банк қызметін реттейтін заң актілерінің бұзылғаны және банк жарғысымен қарастырылмаған операциялардың орындалғаны  үшін, сондай-ақ тиімсіз шешімдер қабылдану нәтижесінде шығындардың туындауына  жауапкершілікте болады.

Банк басқармасы (екінші блок) банк қызметінің стратегиялық бағыттарын бекітуге  және жалпы басқару жұмыстарына жауапты. Басқарма құрамына банктің ірі бөлімшелерінің жоғарғы басшылары және осы кредиттік мекемені толық немесе жартылай иеленетін тұлғалар кіреді.

Банк басқармасы төрағасының құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі банк жарғысымен бекітіледі. Банк басқармасының төрағасы:

  • банк атынан сөз жүргізуге өкілетті;
  • банкті басқаратын жоғарғы органның шешімдерін қабылдап, сол шешімдердің орындалуын қадағалайды;
  • банк ұжымын ұйымдастырып, басқарады;
  • банкті басқаратын орган алдында банк жұмысының заңдылығына жауап береді.

Банк Кеңесі (басқармасы) жанынан екі комитет құрылады: Кредиттік және Тексеру. Кредиттік комитеттің функцияларына жататындар:

  • банктің кредиттік саясатын, тартылатын қаражаттар құрылымы мен оларды тиімді орналастыру бағыттарын қарастыру;
  • сенімгерлік (трасталық) операцияларды жүргізу мен қорларды инвестиялауға байланысты мәселелерді қарастыру;
  • банктің жеке бөлімшелерінің қызметін бақылау.

Тексеру комитетінің құрамы акционерлердің жалпы жиналысында тағайындалады. Банк Кеңесінің мүшелері  және банктің штаттық қызметіндегі басқа тұлғалар Тексеру комитетінің құрамына сайланбайды. Тексеру комитеті –  банктің бақылау жұмысының қалыптасуын, касса  мен мүлік жағдайын  және жыл ішінде жүргізілетін валюталық, есеп-айырысу, кредиттік операциялардың банк қызметін реттейтін заң актілеріне сай орындалуын қадағалап отырады.

Үшінші блоктың жұмысы – банк қызметін жоспарлау мен  болжауды ұйымдастыру, банк қызметінің (активтер сапасы, капитал жеткіліктігі, өтімділік және тағы басқадай) негізгі бағыттары бойынша  Ұлттық банктің талаптарын орындау, басқару әдістемесін тағайындау (методологиясын).  Бұл блоктың мәселелері экономикалық-жоспарлау басқармасы шеңберін- де шешіледі.

Төртінші блок – әртүрлі банк қызметтерін ұйымдастыруды қамтиды (несиелендіру, инвестициялау, валюталық, трасстық және басқа да активті операцияларға қатысты). Бұл блокқа кіретіндер: кредитті басқару бөлімі, опциондық басқару, бағалы қағаздар мен операцияларды басқару және т.б.

Кредиттік басқару – кредиттік қоржынның қалыптасуына, пайдаланармандарды  несиелендіруге, несиелердің қамтамасыз етілуін және филиалдардың кредиттік қызметін бақылауға, кредиттік операцияларды талдау мен оларды әдістемелік құжаттармен қамтуға қатысты барлық жұмыстарды іске асырады.

Қаржылық блокқа: бухгалтерия, табыстар мен шығыстардың есебін дайындайтын касса, ішкі банкілік есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар бөлімшелері, сондай-ақ коммерциялық кәсіпорын ретінде банктің өз қызметінің есебі кіреді.

Алтыншы блок – ақша ағымдары бойынша мәліметтердің электронды өңделуін қамтамасыз ететін, техникалық блок (несиелендіру, есеп айрысу және басқа да операциялар).

Кадрларды жинақтау, жұмыс орындарына қажетті кандидаттарды таңдау, қызметке қабылдау, қызметтен шығару, қызмет сатысының  өсуіне қатысты және басқа да жұмыстарды – кадрлар бөлімі, яғни  жетінші (әкімшілік блогі) блок  қамтиды. Бұл блокқа, сондай-ақ канцелярия, секретариат және әкімшіліктің шаруашылық  бөлімін жатқызуға болады.

Банкті ұйымдастыру қағидаттары. Банкті ұйымдастырудың негізгі қағидаларына жататындар:

  • банктерді орындайтын қызметтеріне сәйкес құру;
  • ұйымдастыру буындары және билік өкілеттілігі бойынша сатылар (иерархия);
  • банк қызметінің қойылған мақсаттарға сәйкес болу қағидасы;
  • бірлескен және үйлестірілген іс-әрекеттер, басқаруды рационализация- лау;
  • банк қызметінің қоршаған орта талаптарына толық сәйкес болу қағидасы;
  • персонал қызметін регламенттеу;
  • жедел және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз етілу.

Банкті ұйымдастыру қағидалары – бұл банкке  тән функциялар мен операциялардың орындалуы үшін алғы шарттарды құратын, банк жұмысының бастапқы ұйымдастыру жағдайлары.

Негізгі функционалдық қағида дегеніміз, банктің ұйымдық құрылымының, банк қызметінің нақты бағытына және көрсететін қызметтерінің көлемі мен түрлеріне сәйкес, қалыптасуын білдіреді. Сондықтан, банк операциялары мен  функциялары және олардың масштаб-тары банк басқару жүйесінің құрылуын  негіздейді.

Банк бөлімшелері бойынша, билік өкілеттілігінің сатысы биліктің екі буынын қарастырады. Олардың  бірінші буына, Кеңес пен Басқарманы, Тексеру комиссиясын, Кредит комитетін жатқызуға болады. Екінші буынға,  жалпы банк ісіне және пайдаланармандарға  қызмет ететін  бөлімдер  жатады.  Банк қызметінің басқармасы, банк операцияларының  функционалды белгіленген бағыттары бойынша, жіктелуін есепке ала құрылады:

1) банк қызметін болжау  (жоспарлауды) басқармасы, банк қызметінің негізгі қағидаларын (өтімділік, пайдалылық және сенімділік)  қамту мақсатында, банктің басқару функцияларын жүзеге асырады;

2) кредиттік  басқарма, әртүрлі кредиттік операциялардың орындалу негізі  болып саналатын  несие қорының қалыптасуын, берілетін несиелердің функцияларын, қолдану аясын және оларды қамсыздандыруды қамтамасыз етеді;

3) коммерциялық банк қызметінде маңызды орын алатын валюта басқармасының негізгі функциялары:

  • валюта жайғасымы мен валюталық шоттарға басшылық ету;
  • валюталарды сату және сатып алу;
  • салымдарға қаражаттарды қабылдау және несие беру;
  • тәуекелділіктерді қамсыздандыру.

4) депозиттік операцияларды басқару бөлімі, банктің меншікті капиталы мен  тартылған қаражаттарын талдауға және олардың есебін жүргізуге  арналған. Оның функцияларына келесілер жатады:

  • банктің депозиттік қаражаттарының, мерзімдері  және жеке депозиттері бойынша   есебін жүргізу;
  • банк ресурстары және олардың банк балансының өтімділігіне тигізер     әсерін бағалау мақсатында – депозиттік қаражаттарды, олардың құрылымы мен даму динамикасын талдау;
  • банк ресурстарын жоспарлауға қажетті, ақпаратты ұсыну.

5) есеп айырысу-кассалық қызмет басқармасының функцияларына келесілер жатады:

  • есеп айырысуға қажетті шоттарды ашу және оларға басшылық ету;
  • кассалық операцияларды жүргізу.

6) талдау және статистика басқармасы келесілерді қарастырады:

  • статистикалық ақпаратты жинақтау мен талдауды;
  • банк қызметі туралы есептерді, жоспарлар болжамын дайындауды;
  • банк балансының статистикалық өңделуін;
  • пайдаланармандарға ақпаратты-анықтамалық қызмет көрсетуді.

7) маркетинг басқармасы, оның функцияларына жататындар:

  • рыноктық конъюнктураны зерттеу;
  • банк қызметтерінің жаңа түрлерін әзірлеу және еңгізу;
  • клиенттері мен әріптестеріне қатысты іскерлік байланыстарды орнату;

8) банк филиалдарының басқармасы келесілерді қарастырады:

  • филиалдардың қызметтеріне басшылық жасау;
  • жүргізілетін банк саясатының дұрыс болуын қадағалау және банк жұмысы тиімділігінің жоғарылауын қамту.

Қойылған мақсаттарға сай келу қағидасы, банктің негізгі міндеті – пайда табуға бағыттап жалпы банк қызметін ұйымдастыруды қарастырады. Сондықтан, банктің ұйымдық құрылымы, барлық қызмет бөлімшелерінің  жұмысын үйлестіріп, дұрыс жүргізілуін  қамтамасыз етеді. Банктің ұйымдастыру қағидаларының қатарына, басқаруды парасаттау да (рационализациялау) жатады. Ол – нарықты зерттеу, өндіріс шығындарын қысқарту және көрсетілетін қызмет түрлерінің кеңейюі бағытында банктің мақсатты дамуын қарастырады [7].

Банк  құрылымының қалыптасуынаәсер ететін факторлар. Банктің ұйымдық нысаны оның функцияларымен негізделген, өйткені  банктер ұйымдық құрылымы тұрғысынан алда тұрған міндеттерді максималды тиімді  орындауға бағытталып құрылады.. Әрине, ірі банктер әр түрлі көптеген  функцияларды іске асырып, банк қызметінің кең спектрін игеруді көздейді. Сондықтан, банк көлемі оның ұйымдық құрылымын анықтауда басты фактор болып табылады. Банктің ұйымдық құрылымын және оның қызметінің  тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер қатарына, жоғарыда аталған, банк көлемі және функцияларымен  тең жүретін басқада біраз факторларды жатқызуға болады: банк персоналының сапа және сан жағынан қажетті көлемін, қызмет бағытын, шығындарды үнемдеу есебін және персоналдың жұмысбастылығын. Банктердің қызметіне мемлекеттік реттеу жүргізу, олардың ұйымдық құрылым нысанының және  көптеген қажеттіліктерінің қалыптасуына өз ықпалын тигізеді [8].

Банк көлемінің оның ұйымдық құрылымына әсер етуі, ірі және майда банктердің  құрылымдарын салыстыру кезінде көрінеді. Жүздеген банктер мысалы АҚШ-та,  майда және орта шаруашылық құрылымдарына қызмет көрсетумен, жеке тұлғалардан  кішігірім депозиттерді тартумен, сондай-ақ майда кәсіпорындарға қарыз қаражатын және тұтыну кредиттерін берумен айналысады. Мұндай банктерді әдетте бөлшек банктер деп атайды. Ірі «көтерме» қаржы-несие институттары (мысалы, «Морган гэренти энд бэнкерс траст оф Нью-Йорк», секілді), корпорацияларға ірі заем берумен және комерциялық кәсіпорындарға қызмет көрсетумен айналысады.

Кіші банктердің даму деңгейі,  аймақтың экономикалық жағдайына тәуелді. Осы банктердің көбі ауылшаруашылық өндірісімен тығыз байланысты қызмет жасайтын  болғандықтан, жергілікті кәсіпорындар жағдайының тұрақтылығы да олар үшін өте маңызды. Өйткені, жергілікті кәсіпорындардың қаржы жағдайының төмендеуі, банк қызметінің өсу қарқынына және оның депозиттер, несиелер және табыс көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Ірі банктерге қарағанда кішігірім банктердің  жұмысында кездесетін тәуекеллер деңгейі төмен болғанымен, олардың жаңа қызметтер түрін игеру және тез даму мүмкіндіктеріде өте төмен [9].

Ірі банктердің кіші және орта банктерге қарағанда біраз артықшылығы бар, олар пайдаланармандарға кең көлемде қызмет көрсете отырып, көптеген және әртүрлі нарықтарда жұмыс атқарады. Сол себебте, олардың  қызметі территориалды және ұсынатын қызметтерінің түрі мен көлемі бойынша әртараптанған. Бұл ұтымды, өйткені экономикалық тұрақсыз жағдайда  банк тәуекелдігі деңгейінің  төмен болуын қамтиды. Мұндай ірі қаржы-несие  институттарының даму деңгейіне  салалардың, аймақтың   немесе тіпті мемлекеттің экономикалық жағдайының өзгеруі ешқандай  әсер етпейді. Мысалы, «Ситикорп» және «Чейз Манхэттен» сияқты банктер АҚШ шегінен тыс территорияларда өздерінің  табыстарының көп бөлігін табады. Мұндай  банктердің тағы бір ерекшелігіне – төмен шығынмен    капиталды жұмылдыра білу қабілетілігін жатқызуға болады.

Келесі фактордың  мәні  мынада, нарықтың технологиялық  және экономикалық  параметрлерінің өзгеруі, банктердің табысты және тиімді қызмет етуінің негізі болып табылатын, жоспарланған кадрлар құрылымын  өзгертеді. Экономикалық өсу мен қатаң бәсекелестік жағдайда, банктер тұтынушылардың қаржы қызметтеріне деген сұраныстарының өзгеруін қатаң бақылауға, басқа банктермен және банкілік емес қаржы-несие ұйымдарымен бәсекелестікке дайын болуға мажбүрлі. Осындай жаңа талаптарға сай банк қызметін жүргізу үшін, банк пайдаланармандарының қажеттіліктерін зерттеуге баса назар аудара алатын, өзгермелі сұраныс жағдайында қызметтердің ескі түрін өңдей және жаңа түрлерін әзірлеп, енгізе алатын  қызметкерлер мен менеджерлер қажет [10].

Банк құрылымына оның мамандануы мен әмбебаптылығы  да әсер  етеді. Әмбебап банктердің көптеген қызметтер түрін ұйымдастыруға қажетті арнайы бөлімдері бар болуы керек. Керісінше, банктің нақты қызмет түріне мамандануы  мұндай бөлімдердің  қалыптасуы  мен  бірқатар  операциялардың орындалуын қажет етпейді.

Банк қызметі бойынша шығындарды үнемдеу, ұсынылатын   қызметтер  табыстылығының жоғарылауына және банк жұмысының  тиімді  болуына әсерін тигізеді. Банк коммерциялық кәсіп орын  ретінде өз жұмысында  минималды шығындармен пайда табуға мүдделі. Тиімсіз шығыстардың қысқару бағыттарының бірі, банк персоналының жұмыспен ұтымды қамтылуын көздейтін, орындалатын жұмыстар көлеміне банк жұмысшылар  санының сәйкес болуы.

Банк құрылымын қалыптастырудағы соңғы мақсат – банк қызметкерлерінің еңбек өнімділігі  кешенін тиімді басқару және қызметте табыстылыққа жету. Осы жағдаймен  байланысты, банк құрылымы икемді, қозғалмалы, өзгертуғе ыңғайлы болуы және банктің басты мақсаты табыс табу жолында қызмет етуі керек.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыттары. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз, банк қызметіндегі басқару процессінің негізгі  ұтымды бағыттарын  анықтау, даму идеологиясын жасау  және  алға қойылған міндеттерді  тиімді орындау. Банк сферасында, стратегиялық жоспарлар қатарына банк саясатын жатқызуға болады. Ол банктің  ұзақ мерзімді міндеттерін, даму бағыттарын және осы аталғандарды іске асыру  бойынша шаралар кешенін анықтайды.

Қазақстан банктерінің  осы даму кезеңіндегі  негізгі проблемаларының  бірі стратегиялық деңгейде банк басқарудың алдыңғы қатарлы  әдістерінің жоқтығы. Банкілерде стратегиялық жоспарлаудың кейбір элементтері қолданғанмен, ол қажетті тиімді деңгейге толық сай келмейді [11].

Бүгінде, көптеген банктерді өз қызметтіндегі стратегиялық аспек-тілерден гөрі, оперативті мәселелер қызықтырады. Бірақ, шаруашылықтың  нарықтық жағдайға көшуі, отандық банк жүйесінде бәсекелестіктің өсуі, әлемдік қоғамдастықта саясаттық және экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы  – банк ісінде  стратегиялық жоспарлаудың  қажетті түрде қолдануын талап етіп отыр.

Казахстанның алдыңғы қатарлы банктері өздерінің пайдаланарман-дарына  көптеген операциялар мен қызметтерді  көрсетуге мүддесі зор, мұндағы мақсат – банктің табыстылық базасын кеңейте отырып, оның бәсекелесу қабілетін жоғарылату. Тағы бір ескеретін жәй, банк ісінің  –пайдаланармандарға көрсетілетін қызметтер  бағасының қолайлы және сол қызметтер бойынша  шығындардың екі жақты минималды болуын көздей  дамуы  (банк және клиент үшін).

Осыдан біраз жыл бұрын, отандық банктер сертификат, вексель және кредиттік карточкалармен жұмыс  істеуді білмейтін. Сондай-ақ, факторинг, лизинг, контокоррент, опцион, банкомат және басқада осындай  түсініктер банктің профессионалдық лексиконында жоқ болатын. Олда түсінікті, ойткені сол кезде банктер, орталықтанған бөлініс жүйесінде  жұмыс атқаруымен байланысты,  шектелген ғана қызмет түрін  көрсететін. Нарық  жұмысқа жаңа талаптар қойды: банктер  пайдаланармандарға қажетті жаңа операцияларды игеруге, сонымен қатар өз қызметінің сферасын кеңейтуге  мәжбүр болды.

Мысалы, «Казкоммерцбанк» – бүгінгі күнде, Қазақстан  банктерінің ішінде бірінші болып  халықаралық  кредиттік рейтинті   иеленіп  отыр. 1998-2000 жылдары  банктің  айналысқа шығарған бағалы қағаздар  көлемі 21,6% өсіп, оның ішінде ең көп бөлігін 1998 жылы 100 млн. АҚШ доллары көлемінде шығарылған айналыс мерзімі 3 жылдық еврооблигациялары құрады. 2000 жылы желтоқсан айының аяғында  20 млн. АҚШ долларына 2008 жылы өтелетін субординацияланған  еврооблигациялар шығарылды. Халықаралық қаржы институтының статусын иелену үшін банк акционерлер қатарына басқа халық өкілдерін тартты. Осы мақсатта  банк 1997 жылы ADR/GDR депозитарлық қол хат  шығару програмасы бойынша халықаралық инвесторлар арасында өз акцияларын орна-ластырды [12].

Сонымен, отандық банктердің халықаралық деңгейде қызмет істеуін ескере отырып және оперативті басқарудың маңыздылығын еш кемітпей, банк жүйесінің нарықтық жағдайда дамуының негізгі аспектісі ретінде – ұзақ мерзімді міндеттерді жоспарлау дұрыс деп есептейміз

Стратегиялық басқаруды,  банктің сыртқы нарықтағы  іс-әрекетін және    ішкі процесстерін, құрылымын-экономикалық өзгерістерге сәйкестей, банктің  оптималды  тиімді даму бағытын анықтау деп түсінуге болады. Стратегиялық басқару құрамына – стратегиялық жоспарлау, ұйым-дастыру,  бақылау және  реттеу кіреді.

Стратегиялық  бағдарды (ориентир) негіздеу  және  банк құрылымын ұйымдастырудың ең тиімді нысандары мен әдістерін таңдап алу үшін, жалпы банк жағдайын және бәсекелестік орта мен банк сферасындағы қозғалыс күштерінің және олар мен байланысты өнімдер мен қызметтердің ерекшеліктерін бағалау және оларға стратегиялық талдау жүргізу қажет. Даму стратегиясы,  банктің қаржы жағдайын есепке ала отырып, ең  негізгі деп саналатын, ішкі және сыртқы  факторларға  талдау жүргізу  арқылы  әзірленеді. Банк дамуының  стратегиялық жоспарының  мазмұны және негізгі кезеңдері:

  1. Банк міндеттері мен мақсаттары:
  • банк дамуының негізгі ұтымды бағыттарын анықтау;
  • құрылымдық бөлімшелердің деңгейін және олардың даму жоспарын  анықтау;
  • табыс табу көзі ретінде «сыртқы» ортаның өзекті позициясын анықтау (енгізілген қаражаттар клиенттердің, партнерлардың  қажет-тіліктерін қамту арқылы табыс әкеледі);
  • қойылған мақсаттарға жету мерзімін анықтау.
  1. Қызметтің әр түрінің мақсатын белгілеу:
  • мақсаттың белгіленуіне әсер ететін факторларды анықтау;
  • болашағы мол банк өнімдері мен қызмет қатарын анықтау;
  • банкті бір шама жақсы нәтижеге жеткізген, нақты қызмет сферасын  анықтау;
  • банк қызметінің тұрақты, асық нәтижеге жететін сфераларын анықтау.
  1. Банктің бастапқы жағдайын бағалау:
  • қызмет етілетін нарықты анықтау (банк клиенттерін және олардың кажеттіліктерін айқындау, қызмет етуге қажетті ресурстар көлемін анықтау);
  • нарық сегменттерін анықтау (ортаны талдау, бәсекелестерді бағалау, нарық жағдайын бағалау);
  • нарық тартымдылығын бағалау (сегменттердің сапасын бағалау, оларға мақсатқа сай қызмет көрсету).
  1. Банк стратегиясына әсер ететін факторларды анықтау;
  • банк стратегиясына әсер ететін микро- және макроорталар фак-торларын айқындап, талдау.
  1. SWOT – талдау:
  • банк дамуындағы ұтымды және ұтымсыз тенденцияларды анықтау;
  • банк ісіндегі мүмкін  болатын  қолайлы және  қолайсыз аспектлерді болжау.
  1. Шаруашылық қоржынының даму стратегиясы:

-  даму стратегиясын таңдауға әсер ететін  факторларды талдау негізінде, мүмкін  болар стратегиялық альтернативаларды анықтау.

  1. Реттелетін факторлардағы өзгеру стратегиясы:

- іс жоспары түрінде  көрінетін, нақтыланған банк стратегиясының жоспарын жасау.

Стратегиялық даму жоспары – тұрақты және ұзақ мерзімді алғы бәсекелестікті қамтуға бағыталған, өз ара сәйкестелінген бағдарламалар пакеті ретінде көрінеді. Стратегиялық, сондай ақ оперативті басқару негіздерін жасап шығару бағыты әртүрлі болмақ.

Стратегиялық жоспарлаудың, идеялы-теориялық негізі  ретінде банктің даму концепциясы көрінеді. Даму концепциясы (тұжырымдамасы) – бұл банк ісіндегі өзекті, ұтымды бағыттарды бөліп көрсету, жалпы мақсаттар мен оның ішінде алғыларын анықтау. Банктің даму концепциясына: банк миссиясы, банктің қаржы нарығында алар орны, несие және қызмет көрсету саясатының қағидаттары, менеджмент  қағидаттары  және банк имиджі (бет-бейнесі) жатады. Игілікті банктің – өсу қарқыны тұрақты, шығыны минималды, тәуекел деңгейі оптималды, қаржы нарығы сегменттерінде  нақты орны және  ауқымды қызметтік базасы бар болып келеді [13].

Стратегиялық мақсаттар тактикалық шешім қабылдауды болжамдайды, яғни жүргізілетін операциялардан табыс табу тәсілдерін, орындалу мерзімдері мен жағдайын, ұсынылатын  банк қызметтерінің көп түрлі болуын, банк капиталы мен  баланс валютасының өсу жоспарын, клиенттік базаны,  банк активтері мен пассивтерінің ауытқуымен мен құрылымын,  табыс шамасы бойынша жоспарды және т.б. қарастырады. Сонымен, стратегия дегеніміз – перспективаны көру (болашақты), тактика –стратегиялық жоспардың орындалуын  бақылау деп, қортынды жасауға болады.

Осыдан кейін, активтер және пассивтер көлемін, құрылым боынша жоспар мен пайыздық мөлшерлемелерді болжау негізінде – банктің табыстылығы, маржасы және пайдасының болжамды көлемдері анық-талады.

Банктің осындай маңызды көрсеткіштерін жоспарлау барысында, негізделмеген тәуекеллерді жою мақсатында, біздің республикада – олардың әлем деңгейіндегі мәнін есепке ала  қабылданған,  регулятивті нормаларды (реттеуші) ескерген жөн. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға бо-лады:

  • Базель келісімімен бекітілген және тәуекел есебінен таразыланған активтердің 8% төмен болмайтын капиталдың жеткілікті деңгейін;
  • активтердің жалпы сомасындағы 65% аспайтын кредиттердің шекті үлесін;
  • кредиттердің, банк депозиттік базасы негізінде  қамтылуын;
  • пайыздық және пайыздық емес табыстар есебінен банк пайдасының өсуін;
  • өтімділік нормасының белгіленуін.

Банктің кадрлық саясаты. Банк қызметін ұйымдастырудағы негізгі буынның бірі банк персоналын басқару. Ойткені, көбіне банк қызметінің тиімділігі жалпы банкті басқаратын немесе жеке банкілік операцияларды орындайтын адамдарға байланысты.

Сондықтан, нарық жағдайында компанияны басқарудың үйреншікті авторитарлы стилінің орнына демократиялық түрін қолдану тиімді болмақ.  Басқару түрінің бұл нысанын келесі позициялар құрайды:

  • нұсқаулардың – ұсыныстар нысанында берілуі;
  • бағыныштыларға құрметті, назарлы қатынас, достық ілтипатпен қарау;
  • бұйрық және тиымдарды – талқылаулар арқылы іске асыру;
  • мадақтау мен ұялту іс әрекеттерін – кеңестер арқылы жүргізу;
  • басқарушының позициясы немесе басқарушылық позиция – ұжым ішінде (ұжымның, жалпы компания қызметіне қозқарасын, ұсы-ныстарын, есепке алу) шешілуі.

Басқарудың бұл түрінің мазмұнын, алға қойылған талаптардың орындалу есебінен келесілер құрайды:

  • іс-шаралардың алдын-ала емес, тікелей ұжымда жоспарлануы;
  • шешімдердердің ұжымдық талқылау негізінде қабылдануы;
  • қабылданған ұсыныстардың жүзеге асуына барлығы бірдей жауапты (басшыда, бағынушыда) болуы.

Басқарудың демократиялық стилі – банкілік құрылым нақты адаммен емес қағидалармен басқарылуы қажет деп санайды. Сондада,  бұл кезеңде басқарушының процестегі ролі аса маңызды, өйткені бұл жағдайда оның басқаруының объектісі ретінде құрылымдар, қызметкерлер және ұйымның идеялары мен құндылықтары көрінеді.

Банк қызметінің сәтті болуының міндетті шарты – мекемеде жоғары білікті және өз жұмысына қызығушылық танытатын мамандардың болуы. Бұл үшін біліктілік дәрежесін өсіру және кәсіптік оқытудың  іс-жүзіндегі жүйесі және қызметкерлерді өзіндік шығармашылыққа итермелейтін мықты стимулдар іздестіріліп, енгізілуі қажет. Мұндай стимулдар ұжым өмірінің барлық: материалды, рухани-психологиялық, ұйымдастырушы- лық аяларында маңызды орын алады.

Еңбек үшін сый ақы берілуі тиіс, сый ақы ретіне адам өз тарапынан құнды деп есептегеннің бәрі жатады. Мадақтаудың мұндай түрлері – ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Біріншісіне, өзін-өзі құрметтеу сезімі, нәтижелерге қол жеткізуден қанағаттану, жұмысты орындау процесінде туындайтын өз еңбегінің маңыздылығы мен мағыналығын сезіну жатады. Сыртқы сый құрметке, орындалған жұмыстының орнына кредиттік мекеме тұрғысынан ұсынылатын: еңбек ақы, сыйлықтар, қызметте өсу, әртүрлі жеңілдіктер мен мадақтаулар жатады [14].

Әрбір несиелік мекемеге, оның ерекшеліктеріне, мүмкіншіліктеріне сай, жалпы банктың және оның қызметкерлерінің жеке мүдделерін толық қанағаттандыратын ынталандыру жүйесі енгізілуі қажет.

Соңғы уақытта ұйымды басқаруға қызметкерлердің барлығын жұмылдыру маңызды орын алып отыр. Жұмысшы – талдау, жоспарларлау, стратегия мен тактиканы қалыптастыру, банк қызметін ұйымдастыру мен бақылау процесстеріне тартылған жағдайда, ол – жалпы ұжым жұмысына өзінің тиістілігін, қызметінің маңыздылығын сезіне, қабылданатын ше-шімдердің мазмұнына өзінің пәрменді әсер еткенін сезінеді. Егер, осы   талпыныс, ынталандырудың материалдық  және басқа да әдістерімен қатар бірлесе қолданыс тапқан жағдайда, жұмысшылардың тиімді, рационалды қызмет (еңбек қайтарымын жоғарылататын) ету құштарлығы сөзсіз молаяды.

Еңбекке сый ақы төлудің жоғарыда аталған нысандарының орындалуы, банк ұсынатын қызметтердің сапасын және еңбектің табыстылығын көтеру нәтижесінде, банк операцияларының өзіндік құнының қысқаруын қам-тиды.

Сонымен, персоналды басқару ретінде іс барысында,  қызметкерлердің  потенциалды мүмкіншіліктерін толық қолдану мақсатында, олардың қызметіне, тәртібіне және мүдделеріне басқарушылық әсер ететін кешенін түсінуге болады (қағидалары, әдістері, құралдары мен нысандары). Экономикалық категория ретінде персоналды басқару,  жұмысшылардың еңбегі максималды қайтарымды болу үшін, олардың (мотивациясын) мүдделерін мақсатты түрде өзгертуге бағытталған үздіксіз процесс нысанында көрінеді. Дұрыс жүргізілген басқару процессі, қызметтің  ақырғы жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізеді.

1.2 Банктің экономикалық процесстерін басқару       

Банктің меншікті капиталын басқару. Банк тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігі үшін меншікті капиталдың маңызы зор. Акционерлік капитал түріндегі меншікті капитал банк қызметінің алғашқы, құрылтайшылар бірінші кезектегі бір қатар шығындарды жүзеге асыру кезінде қажет. Банктің меншікті капиталы бірінші деңгейдегі және екінші деңгейдегі капиталдар сомасынан, акцияға жұмсалған инвестиция мен субординацияланған борышты алып тастау арқылы анықталынады.

Субординацияланған борыш – бұл, депозит болып табылмайтын  банктің қамтылмаған міндеттемесі, ол банктің жазбаша ресімделген шарттары бойынша оның жоюлу кезінде ең соңғы кезекте (акционерлер арасында қалған мүлікті бөлу алдында)  қанағаттандырылады.

Екінші деңгейдегі капитал құрамына кіретін субординацияланған мерзімді борыштың алғашқы өтелу мерзімі 5 жылдан кем болмайды, бұл жағдайда бес жылдың соңындағы әр жылда меншікті капитал есебінен субординацияланған борыштың бастапқы құнының 20% шығарылып отырады.

Активті операцияларды қаржыландыруда  меншікті капиталдың үлесі көп емес, бұл жағдайда ол активті операциялардың жүргізілуінің  қаржылық негізін құрай отырып, өзінің оперативті функциясын орындайды. Меншікті капиталдың оперативті функциядан басқа, тағы  қорғаныс және реттеу функциясын атап кетуге болады.

Банк капиталының қорғаныс функциясы ағымдағы шығындарды жабу арқылы іске аса, несиегерлер мен салымшылардың мүддесін қорғайды.

Реттеу функциясы, қоғамның банк жұмысының ұтымды жүруіне мүдделі болуымен  және Ұлттық банктің  мемлекеттік орган  өкілі ретінде екінші деңгейлі банктер қызметіне  бақылау жүргізуіне мүмкіндік беретін,  заңдар мен ережелерге  байланысты жүзеге асырылады.

Аталған функцияларды банк капиталы өзінің көлемі жеткілікті болған жағдайда  ғана орындай алады.

Банк капиталының жеткілікті көлемі – біріншіден, ірі салымшыларға сенімділік  кепілі ретінде көрінетін, екіншіден – оның активтерінің өсуін қамтамасыз ететін маңызды көрсеткіш.лрешегініңздыңу және банк қарыз

Меншікті капиталды жеткілікті болу позициясынан басқару, келесі-лерге қатысты  жүзеге асады:

  • банк көлеміне;
  • тәуекеллі активтер көлеміне;
  • өлмелі(шиелініскен) және құнсыз активтердің көлеміне;
  • банк жоспарына, мақсаттарына, күтілетін (жақсы) нәтижеге;
  • басқару сапасына;

Банк көлемін сипаттау (жергілікті, аймақты) барысында төменде нұсқалған  жұмыстардың жүргізілуін қадағалау қажет:

  • алғашқы (негізгі) капитал коэффициентін, оның ең төменгі деңгейімен салыстыру;
  • жиынтық капиталдың түсу (төмендеу) аймағын анықтау;
  • қарастырылып жатқан банк көрсеткіштерін басқа теңдес банктердің орташа көрсеткіштерімен салыстыру.

Тәуекеллі активтер көлемін талдауда төменде көрсетілген жағдайларды   ескерген жөн:

  • тәуекеллі активтердің пайда болу себебін анықтау;
  • олардың мақұлданған  деңгейін анықтау;
  • капиталдың жеткілікті деңгейін және банк несиесі бойынша мумкін болар шығындарды жабуға құрылған резервтердің дәлдігін бағалау.

Шиелініскен (өлмелі) және құнсыз активтер көлемін талдауда таразы-ланған саралау коэффициенті мен тәуекел коэффициенті анықталады. Таразыланған саралау коэффиценті – активтердің сәйкес топтары сомасының  тәуекел коэффициентіне көбейтіндісі ретінде көрініп,  несиелер бойынша күтілетін шығынды есептеу және кредиттік операциялар бойынша мүмкін болар шығындар резервтерін құру негізін қалып-тастырады.

Саралау көрсеткіштері, немесе тәуекелдік коэффиценттері, активтердің шиелініскен және сапасыз топтарына  қажетті резервтер көлемін сипаттайды. Егерде, активтің аталған топтары бойынша құрылған резервтер – жиынтық капиталға тең немесе, одан жоғары болса, банкті сенімсіз банктер тобына жатқызуға болады.

Банктің  өсу жоспарлары  мен қызметінің  кеңею перспективалары,    оның меншікті капитал шамасының  абсолютты өсуін көздейді.

Осы кезеңде, банктың активті операциялары тиімді даму үшін капиталдың жеткілікті деңгейін анықтау мақсатында, активтер мен капитал жиынтығының өсү қарқыны талданады. Бірақ, активті операциялардың өсу қарқыны – меншікті капитал көлемінің ұлғаю қарқынынан аспауы шарт, кері жағдайда банк капиталының  жеткі-ліктілігінің  белгіленген өлшемі орындалмай қалу тәуекелі туындайды [15].

Меншікті капиталды басқару сапасы – шығарылған акциялар бойынша  дивиденттер көлемі және тартылған капиталдың (ұзақ мерзімді вексельдер, облигациялар) акционерлік капиталға қатынасы (k<0,5)  арқылы сипатталынады. Дивиденд мөлшерінің өсуі, банк қызметінің  табыстылық деңгейінің өсу  айғағы.

Меншікті капиталдың қалыптасу көздері және оның жеткіліктілігін  бағалау. Банктің меншікті қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін қамтуда өте маңызды орын алады. Банктің активті операцияларын  кеңейту  және депозиттер көлемін  өсіру кезеңінде, оның меншікті капиталын ұлғайту қажеттілігі туындайды. Сондықтан, меншікті капиталды басқаруда тиімді құрал ретінде, банк шығарған акциялар бойынша дивидент аймағындағы саясат саналады. Дивидендтер өсуі, акция бағасының өсуіне әкеледі, ал бұл – қосымша акциялардың сатылу мүмкіншілігінің  пайда болуы және  меншікті капитал көлемінің өсуі.

Банктің меншікті қаражаты, пайда есебінен құралатын – жарғылық, резервтік, сақтық қорлары негізінде қалыптасады. Қорлардың  құралу және пайдалану тәртібінің ережесін банк Кеңесі бекітеді. Банктің жарғылық қоры банк міндеттемелерін қамтамасыз ете, банкте жүргізілетін опера-циялардың негізгі қайнар көзі болып табылады. Бұл қор (мемлекеттік банкті есепке алмағанда) акция сату немесе құрылтайшылар жарнасы есебінен қалыптаса  отырып, өз көлемін қосымша акциялар шығару, оның ішінде банк пайдасын капиталдандыру және акцияның атаулы құнын жоғарылату есебінен, банк облигациясын оның акциясына айырбастау, арқылы ұлғайтады

Қазақстанның екінші деңгейдегі банктері, қалыптасу тәсілдеріне қарай: акционерлік, дербес, коммерциялық, бірлескен, акционерлі – комерциялық жэне мемлекетаралық болып бөлінеді. Ең көп бөлігі акционерлік банктерге келеді (жалпы көлемінен 60%  құрайды).

Резервтік қор күтпеген шығыстарды және банк залалдарын жабу үшін қажет. Бұл қор жыл сайынғы аударым түрінде қалыптасады (ол банк пайдасы бөлігінің 5% мөлшерінде аударылып, бірақ түбінде жарғылық қордың 25 %-н  құрауы қажет).

Банкте басқа да қорлар құрылады: материалдық ынталандыру, арнайы тағайындалған, өндірістік және әлеуметтік даму қорлары. Банктің меншікті қаражаты ретінде, төменде келтірілген түсімдер есебінен жүргізілетін банк операцияларының негізінде қалыптасатын табыстар көрінеді:

  • несиелер бойынша пайыздар;
  • басқа банкілердегі корреспонденттік және мерзімдік шоттар бойынша пайыздар;
  • банк иелігіндегі бағалы қағаздардың табысы;
  • валюталық және қаржылық операциялар түсімдері;
  • сақтандыру сыйлықтары және т.б.

Меншікті капиталды басқару, оның жеткіліктік өлшемдерін негіздеуді және осы жеткіліктік деңгейін бағалауға қол жеткізетін көрсеткіштерді таңдауды көздейді.

Кейбір баланстан тыс міндеттемелер бойынша тәуекел деңгейін  анық-тауда, ағымды немесе одан кейінгі екі ай ішінде құжаттарға сай (кейін балансқа енгізілетін) пайда болатын міндеттемелерді есепке алған жөн.

Активтерді басқару стратегиясы. Банк активтерін басқару, банк менеджментінің маңызды бағыттарының  бірі бола, келесі кезеңге көрсетілген банк саясатын іске асырұға мүмкіндік береді.

Банктің активті операцияларын басқару процессінің мәні, ең жоғарғы табыстылықты табу мақсатымен банктің меншікті және тартылған қаражаттарын тиімді орналастыру. Ойткені, банк өтімділігі,табыстылығы, қаржылық сенімділігі  мен тұрақтылығы оның активті операцияларының сапалы басқарылуымен байланысты  болмақ.

Еске алатын жағдай, банк активтері біркелкі пайда әкелмейді және олардың тәуекелдік дәрежесіде әртүрлі болады. Сондықтан, банктің барлық активтерін, қаражаттардың енгізілу мерзіміне, олардың табысты-лығы мен тәуекел дәрежесіне байланысты жіктеу керек. Осы мақсатта, кестелік құралдың көмегімен (қосыша кестеге қара), несие қоржынының сапасын және құрылымын талдау, активті операциялардың сапасын бағалау және басқа да жұмыстардың орындалуын  қарастыру қажет [16].

Активтерді басқару әдістері көбіне, тиісті кезеңде банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен  анықталады. Сонымен қатар, пассивтердің құрылымына қарай, активтердің орналасуында тығыз байланыс бар болуы, активтерді басқару теориясын және оны іске асыру әдістерін жасап шығаруды  болжамдайды. Қазіргі жағдайда, ақша нарығы дамыған елдерде активтерді басқару экономико-математикалық модельдер негізінде іске асады. Бұл жағдай, берілген пайдалылық және өтімділік нормативтерін есепке ала отырып, пассивтердің күйі мен активтердің орналасуы  арасындағы анық байланысты белгілеуді болжамдайды. Бұл үшін, әртүрлі экономикалық жағдайларға қатысты, альтернативті  варианттар  әзірленеді.

Өтпелі кезеңде, комммерциялық банктер активтерінің құрылымы өздерінің әртарапты болмауымен ерекшелінеді. Банк активтерінің құры-лымында  өтімді активтердің  және  кредиттік салымдардың  басым болуы, банктің өтімділік деңгейіне және оның активтерінің басқарымды болуына нақты әсерін тигізеді.

Кредиттік салымдар, уақытында өтелмеуімен және берілген несиелер-дің ұзартпасымен (пролонгациясымен) сипатталынады, бұл жағдай ак-тивтерді басқаруда  банкті  қосымша  ресурстарды тартуға итермелейді. Алайда, мұндай іс-әрекеттер банк өтімділігі мен төлем қабілеттілігі деңгейіне қері әсерін тигізеді. Сондықтан, қазіргі уақытта активтерді басқарудың маңызды шарты, несие қайтарымын және сенімділікті бағалау-ды жеткілікті негіздеу болып табылады. Бұл жерде, несиелер бойынша мүмкін болар залалдардың орнын толтыру үшін резервтерді құруға үлкен көңіл бөлу қажет. Резервтердің мөлшерін белгілеу, өтімділік көрсеткіште- рін есептеу кезінде, өтімді активтердің құрамына кіретін несие берешегінің  көлемін бір қалыпқа келтіруге және активтердің табыстылығын қамтуға бағытталған бірқатар  шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Активтерді басқару принциптері. Активтерді басқарудың  негізгі  принциптеріне жататындар:

  • активтер құрылымының мақсатқа сәйкес болуын қадағалау;
  • активті операцияларды әртараптандыру;
  • тәуекелдікті қадағалау және резервтерді құру;
  • активтердің табыстылығын қолдау.

Активтердің, сапалық сипаттамаларына және басқа да ерекшеліктеріне сай, дұрыс таңдалған құрылымы, олардың өтімділігінің жоғарылауын болжамдай отырып, банк қызметінің тұрақты, сенімді  болуын  қамтамасыз етеді. Банктің алғашқы резервтеріне жататын өтімді активтерін,  қысқа мерзімде және минималды шығынмен  банк міндеттерін өтеуге бағыттауға болады.

Ликвидті активтерге жататындар: кассадағы  қолма -қол ақша, Ұлтық және коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы (оның ішінде, шетел корреспондентт-банктерінің), сонымен қатар банктер сатып алған мемлекеттік қарыз облигациялары; 30 күн ішінде өтелуге тиіс, банк есебіне кететін  несие және басқа да  төлемдер.

Коммерциялық банктер үшін, ресурстарды қолданудың негізгі бағыты несие беру. Активті операциялар құрылымында несие қаражаттарының басым болған жағдайында, активтерді басқару мәселесі банк өтімділігін қамтумен және несиенің қайтарылу сенімділігімен тығыз байланысты болады.

Банктен алынған  несиені өтеу барысында, несиелік операцияларға  салынған қаражаттар өзінің статусын өзгертіп, өтімділігі төмен  нысаннан   өтімділі өте жоғары, яғни ақша қаражаттары нысанына ауысады. Активтер құрамында құрылымдық өзгерістер пайда болып, нәтижесінде – банктің корреспонденттік шотындағы қаражаттар қалдығы өсіп, сонымен қатар несие берешегінің абсолюттік көлемі төмендейді. Өтелуге тиісті  кредит-тердің мерзіміне сай, банктің өз міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіншілігі туындайды. Берілген несиелер банкке қайтарылмаған  немесе пролонгацияланған жағдайда, берілген кредиттер мен тартылған ресурстар арасындағы мерзімдер сәйкестілігі бұзылады. Бұл жағдайда банк, өз активтерін басқару мен балансының өтімділігін қамту мақсатында, ақша нарығында қосымша ресурстарды тартуға немесе жедел төлемдерді орындау үшін ағымдағы төлемдер резервтерін пайдалануға мәжбүрлі. Аталған екі жағдайда да банк балансының  өтімділігі  нашарлайды. Бірінші жағдайда, міндеттемелердің жалпы сомасы жоғарылайды, екінші жағдайда – ағымдағы төлемдер резервтертерінің көлемі жеткіліксіз болуымен байланысты, банк балансы  өтімсіз болып қалуы ықтимал.

Сонымен, банк балансының өтімділігіне – кредиттің қайтарылуының сенімді болуы көп әсер етеді. Кредиттердің   қайтарымдылығы, кредит қоржынының сапасын дұрыс басқару мен  әр бір жеке несие бойынша кредиттік   қауп-тәуекел дәрежесі мен шамасын анықтау әдістерін игеру нәтижесінде қамтылады.

Банк қаражаттарының  тартылатын көздері мен  қолдану бағыттарын әртараптандыру (диверцификациялау),  тәуекелді төмендету тәсілдерінің бірі болып саналады. Бұл жерде, диверцификация – қоржынды және географиялық  болып  бөлінеді. Қоржынды  диверсификация – клиенттер қауымы арасында кредиттік қаражаттар мен депозиттердің бөлінуін білдіреді. Клиенттер қатарында, ірі және кіші кәсіпорындар, әртүрлі салалар мен үй шаруашылықтары. Олардың табыс табу көздері мен кепілзаттық төлемдері де әр түрлі.

Географиялық диверсификация – банк қызметінің сферасын, әртүрлі географиялық аудандарда немесе әртүрлі экономикалық шартты елдерде өз іс әрекетін енгізу есебінен, кеңеюін білдіреді. Диверсификацияның мұндай нысандары банк тәуекелін тиімді түрде төмендеуін қамтиды,  өйткені, әртүрлі топтағы клиенттерден түсетін табыстар, өз уақытында әртүрлі бағыттарда өзгеріп отырады. Бұл жағдайда бір топтағы клиенттер- ден түсетін табыстың азайуы, басқа топтан түсетін табыстың ұлғайуы арқылы орнын толтырып отырады. Коммерциялық банктердің активті опе- рацияларының жеткіліксіз диверсификациялануы және оның құрамында несие операцияларының басым болуы, банктің өтімділік тәуекелін жоғарылата, активтерді басқару сапасы төмендетеді. Активтерді басқарудағы бұл кемшіліктердің  нәтижесін, кредиттер мен ағымдағы және есеп айырысу шоттары арасалмағының деректі деңгейі арқылы жорамалдауға болады. Банктің активтері мен міндеттемелері бойынша қоржынын  басқаруда, басты орында сапа стандартына сай келетін табысты несиелер көрінуі қажет. Несие қоржынының басқару  процессінде  орын алатын тәуекеллерден сақтану үшін, мерзімінде өтелмеген берешектерді жабу мақсатында жалпы, арнайы және бүркемелі резервтердің құрұлуын ескерген жөн.

Резервтерді қалыптастыру тәртібі. Провизиялар (резервтер), қайтарылмаған активтердің немесе олардың құнының төмендеуімен байланысты болар шығындарын  жабуға қажетті   қаражаттар сомасын көрсетеді. Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Банктің барлық активтерінің жиынтығы бойынша (арнайы провизиялар құруды қажет ететін активтерден басқа) мүмкін болатын шығындарды жабуға, резервтік капиталдың минималды мөлшері бекітіледі. Резервтік капитал сомасы – жіктелуге жатпайтын банк активтер көлемінің бес пайызынан төмен болмайтын  мөлшерде бекітіледі.

Арнай провизиялар, ағымды құны бастапқы құнынан екі есе төмен және ысырап болу тәуекелі бар, нақты классификацияланған активтер шығындарын жабу үшін құрылады.

Жіктелу, актив сапасына негізделеді – оның қайтарылу мүмкіндігіне немесе активтің ағымдағы (нарықтық)  құнына, ал шартты міндеттемелер – талап ұсынылған тұлғаның, өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігіне.

Активтер мен шартты міндеттемелер, стандартты және классификацияланған  болып бөлінеді.

Стандартты деп – ағымды құны банктің сатып алған құнынан төмен болмайтын немесе активтер бойынша талаптары келісім шартқа сәйкес орындалатын активтерді есептейміз.

Классификацияланған активтерге – ағымдағы құны банктің сатып алған құнынан төмен болатын немесе активтер бойынша талаптары келісім шарттқа сәйкес орындалмайтын активтерді жатқызамыз

Шартты міндеттемелердің жіктелуі – шартты міндеттемелер, жабыл-маған аккредитивтер және расталған кепілдіктер бойынша жүргізіледі.

Стандартты шартты міндеттемелерге – қызмет мерзімі бітпеген, жабылмаған аккредитивтер мен  расталған кепілдіктер бойынша банк міндеттемелері жатады, бұл жағдайда талап қойылатын тұлғаның, қаржы күйі тұрақты шаруашылық субъектісі ретінде көрінуі шарт.

Міндетемелердің орындалу мерзімі жеткенде, шартты міндеттеме-лердің жіктелуі келесі тәртіпте жүргізіледі:

  • қарызгердің қаржы күйі тұрақты болған жағдайда, міндеттемелер сомасына кредит ресімделіп және  банктің несие қоржынының жіктелу ережесіне сай,  жіктеледі;
  • міндеттемелер, дебиторлық берешек түрінде ресімделгенде, банктің дебиторлық берешегін жіктеуге белгіленген тәртіп бойынша жіктеледі;
  • қарызгердің қызмет көрсеткіштері төмен болған жағдайда, жіктелу берешекке ұқсас кредит бойынша, бірақ қаржы жағдайына қатысты критерияларды есепке ала жүргізіледі.

Жалпы классификацияланған активтер мен міндеттемелер субстан-дартты, қанағаттанарлықсыз, күмәнді және сенімсіз болып бөлінеді.

Активтерді жіктеу және айдың ең ақырғы жұмыс күніне жеті күн қалғанға дейінгі жағдайына сай, қажетті, провизиялар мөлшерін  қайта қарастыру, ай сайын жүргізіліп отырады.

Пассивтерді басқару стратегиясы. Төменде келтірілген мақсаттарға сай, қаражат көздерінің жаңа, тиімді құрылымды – қисындық сызбасын қарастыратын, менеджменттің  дара бағыты, пассивтерді  басқару деп аталады:

  • банк табысы мен капиталын өсіру мақсатында, қаражаттарды тартумен байланысты  болатын  шығындарды төмендететін көздерді қолдану;
  • қордың қажетті тұрақтылық денгейін қамтамасыз ете, банкте жоғары табысты активтерді ұстауға мүмкіндік беретін – депозит, қарыздар мен капитал көлемдері  арасында тиімді қатынасты таңдау.

Банктің пассивті операцияларының дұрыс қалыптасуы үшін – пасив-терді басқару стратегиясы жасалуы қажет. Оның мақсаты: банк қаражат көздеріне дұрыс деңгейде  бақылау жүргізу.

Басқарудың басты тұтқасы бағалар, оның ішінде, пайыздық мөлшерлеме  көлемі және банктің депозит иелері  мен несиегерлерге (қорлардың ойдағы көлемін, құрылымын және шығындарын қамту үшін)  ұсынатын  басқа да  шарттары болуы мүмкін. Бірақ банктің пассивті операцияларының дамуы тек оның көлемінің жоғарылауын ғана емес, сонымен қатар осы операциялардың түрлерінің кеңеюін  де қарастырады. Осы шарттың орындалу негіздерін ақша мен қаражат нарығының нақтылығы, меншікті жекешелендіру процесінің жеделдетілуі және ақша айналымының тұрақтылығы құрайды.

Банк пассивтерін басқару тактикасының негізгі бағыттарына келесі-лерді жатқызуға болады:

  • банк сенімділігін және банктің активті операциялары қатарының кеңеюін (мақсаттаған табыстылыққа жету) қамтамасыз ететін, жеткілікті және қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтау (мақсатталған өтімділікке жету);
  • банк пайданалармандар алдындағы өз міндеттемелерін орындауға (мақсаттаған өтімділікке жету) және активті операциялардың дамуына (мақсаттаған табыстылыққа жету) қажетті  ресурстарды  іздестіру;
  • баланстың (теңгерімнің) өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында мерзімді депозиттерді тарту және «арзан» ресурстарды қолдану есебінен банк пайда табуына қажетті талап еткенге дейінгі депозиттерді тарту.

Макродеңгейде пассивтерді басқару қызметін Қазхстан Республикасының Ұлттық банкі іске асырады. Ұлттық банк, коммерциялық банктер пассивтерін екі топты құралдар көмегімен басқарады. Бірінші топқа, ақша нарығының үш саласында, Ұлттық банкпен  жүргізілетін операциялар жатады. Бұл несие ресурстар нарығы, бағалы қағаздар нарығы және валюта нарығы.

Несие ресурстары нарығында Ұлттық банк өкілеттілігінде, коммерциялық банктер мен Үкіметке берілетін несиелер шектелімін бекіту  және дисконт деңгейін өзгерту. Бірінші құралдар, пассивтердің қалыптасуына ықпалын тигізеді, бірақ оның кемшілігі – шаруашылықтың  ақша ресурстарына деген объективті қажеттілігін  есепке алмайды.

Екінші құрал – дисконт, ол несие ресурстары нарығында орын алатын сұраныс пен ұсыныс  заңын есепке алу арқылы, экономикалық көз қарастан  сипатталынады. Дисконттың  жоғарылауы  несие ресурстарына қатысты сұранымның  төмендеуі,  бұл жағдай  комерциялық банктердің бос резервтерінің мөлшерін және олардың жаңа пассивтерді құру потенциалды мүмкіншіліктерін  төмендетеді.

Дисконтты төмендете, Ұлттық банк сұраныс деңгейін көтереді, бұл  жағдай коммерциялық банктердің бос резервтерінің мөлшерін  жоғарылата отырып, оның  пасивті шоттарындағы ақша қаражаттарының өсуіне әсерін тигізеді.

Ұлттық банк, мемлекеттің несиегері және мемлекет бюджетінің орындаушысы ретінде аса өтімді – мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынына  ие. Осыған байланысты, Ұлттық банк қор нарығында сатушы да, сатып алушы да бола алады. Ұлттық банк коммерциялық банктерге  және олардың пайдаланармандарына бағалы қағаздарды сата отырып, өлардың бос резервтерін, сонымен қатар жаңа депозиттерді құрудағы эмиссиялық мүмкіндіктерін шектейді; ал бағалы қағаздарды сатып алу арқылы, комерциялық банктердің бос резервтерін молайта отырып, олардың пасивті шоттарда жаңа қаражаттар құру мүмкіншіліктерін   жоғарылатады.

Сонымен қатар, Ұлттық банк валютаның ірі иесі ретінде, коммерция-лық банктерге валюта сата отырып, кредиттік рестрикция (шектеу) саясатын жүргізеді, ал банкілерден валюта сатып алу негізінде кредиттік экспанция (кеңею) саясатын іске асырады. Ақшалы-кредиттік  реттеудің екінші топ құралдары Ұлттық банк белгіленген нормативтер мен нормалардың  қолдануларымен  байланысты.

Экономикалық нормативтер қатарына – заңды және жеке тұлғалар алдындағы, банктің барлық депозиттік міндеттемелерінің тіркелген пайызы ретінде анықталатын – минималды резервтік талаптар да жатады. Минималды резервтік талаптарды есептеуге қажетті пайыздық мөл-шерлеменің көлемі Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен белгіленеді. Бантерге минималды резервтік талаптардың орындалуының екі тәсілі ұсынылады. Бірінші тобтағы банктердің қаражаттары резервтік  активтерге бір ай ішінде орналасулары  қажет, яғни резервтік активтердің орта айлық сомасы – минималды резервтік талаптардың  орташа айлық  көлемінен төмен болмауы шарт.

Ұлттық банк «Банктердің банкісі» ретінде бұл норматив мөлшерін реттей алады. Кредиттік экпанция саясаты жүргізілгенде, бұл норматив  төмендеп,  комерциялық банктертер өздерінің  пассив шоттарында жаңа ақша қаражатын құру мүмкіндігін алады. Кредиттік рестрикция саяса-тының жүргізілуі, бұл нормативті жоғарылатып, комерциялық банк-тертердің пассив шоттарында ақша қаражатын құру мүмкіндігін қысқартады. Сонымен  қатар пассивтерге әсер ететін құрал ретінде банк өтемпаздық нормативтері де  қолданыс табады.

Коммерциялық банктердің микродеңгейде пассивтерді басқару жұмы-сының мақсаты – пайда табу мен банктің өтімділігін сақтау, сондықтан да банк қызметінде басты назар пассивтердің құралу көзі – депозиттік операциялардың жүргізілуіне аударылуы қажет.

Депозиттік операцияларды іске асыруда банк келесі принциптерге сүйенеді:

  • депозиттік операцияларды ұйымдастыруда, банк жұмысының табысты болуын көздеу;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыруда, депозиттік операциялар субьектілерінің әр алуандығы мен депозиттердің түрлі нысандарының үйлесімін ескеру;
  • депозиттік операцияларды жүргізуде – осы  операциялар мен мерзімдері және депозиттер сомасы мен кредиттік салымдар бойынша, несие беру операцияларының арасында, өзара байланыс пен өзара келісім болуын қамту;
  • депозиттік операцияларды ұйымдастыруда, банк балансы өтімділігін биік дәрежеде қамтитын депозит түрлеріне назар аудару;
  • депозиттық операцияларды ұймдастыруда, депозиттік шоттардағы бос қаражаттар резервтері минималды болуын қарастыру.

Банк пассивтерін басқару – оларға мұқият талдау жүргізуді болжам-дайды. Бұл үшін  меншікті  қаражаттармен  қатар, тартылған қаражаттарға  жіктеу  жүргізе отырып,  тартылған қаражаттардың құрамынан – мерзімді депозиттерді (депозиттік сертификаттардың көптеген түрін қоса), талап етуге дейінгі депозиттерді, халықтың жинақ салымдарын, бағалы  қағаздарды бөліп  көрсету қажет. Ойткені, әр бір бөлек шоттар мен айналымдағы қаражаттар қалдығы туралы мәліметтер, осы шоттардағы қаражаттың тұрақты қалдығын есептеудің негізі болып табылады. Бұл жағдай банктерге, банк және кәсіпорындар арасында, екі жақты ұтымды болатын операцияны іске асыруға жол береді. Кәсіпорын қарсы болмаған жағдайда оның есеп айырысу  шотындағы қаражаттардың кейбір (қалдық бөлігі) бөлігі мерзімді депозиттер шотына ауыстырылады. Ал, кәсіпорын- дарға есеп айырысу шотындағы қаражыттардың қызметке жеткіліксіз болып қалу тәуекелінен сақтану үшін, депозиттік шартта депозит шотындағы  қаражатқа төленетін сыйақыға тең пайыздық мөлшерлемемен төлем кре-дитінің берілуін ескерген жөн.

Көптеген елдердің тәжірбиесінде кездесетін, депозиттерді тартудың  басқа да түрлері бар: салымшыларға тауар түрінде сыйлықақы беру, пайда-ланармандарға көлік ішінде немесе байланыс бөлімінде қызмет көрсету, депозиттерді ресімдеудің автоматталған жүйесін енгізу және т.б.

Салымдарды тартуда банк ғимараты мен қызметкелерінің  ролі  өте зор. Пайдаланармандар көбіне тартымды ғимаратта орналасқан, тәжірбиелі, әдепті қызметкелері бар банктермен қызметтес болуға ынталы.

Кредиттік  операциялардың  технологиясын басқару. Шаруашылықтың нарық жағдайына көшүі несие операцияларын жүргізуде абай болуды, яғни, қарызгердің кредит өтеу қабілетін, кредитті қамтамасыз ету сенімделігі мен несиелендіру объектісін, кепіл мен кепілзаттың сапасын бағалауда қажетті тәжірибені  талап етеді және  бұл  аталғандар, жалпы несиелендіру процесін тиімді басқарудың маңызды бағыты болып табылады. Жоғарыда айтылғандарды тұжұрымдай  отырып, банктің  несие операцияларын  басқаруды екі үлкен объектіге бөлуге болады:

  • кредиттік процесстердің технологиясын басқару;
  • кредит тәуекелін басқару.

Кредиттік процесстердің технологиясын басқаруды, кредиттік жоба бойынша барлық ұйымдастырушылық, техникалық, аналитикалық жумыстарды орындайтын банктің әр бір кредит бөлімшелерінің  атқарымын анықтау және жалпы банктың кредиттік қызметін қарастыру деп түсінеміз.

Кредит операцияларын басқару, соның ішінде кредит  тәуекелін басқару жауапкершілігі  кредит Комитетіне жүктеледі.  Кредит   Комитетін  банк басқармасы және директорлар Кеңесінің мүшелері, кредиттік бөлімше-лердің өкілдері және олармен байланысты банктің басқа да бөлімшелерінің өкілдері құрайды (мысалы  құқықтың бөлімнің өкілдері).

Кредит комитеті, пайдаланарманның кредит алуға өтінішін және кредиттің берілу мүмкіншіліктерін қарастыруға уәкілетті. Егер, қарыз-гердің құжаттарында немесе қаржылық мүмкіншіліктерінде банк талап-тарына қатысты, сәйкессіздіктер кездесетін болса, кредит қаражаттарының берілмеуі мүмкін. Осы аталғандардар дұрыс болған жағдайда, Кредит эксперті несие шотының ашылуына және кредиттің берілуіне өкім шығарып, банктің кредит бөліміне кепілзат құжаттарын өткізеді (кепілзат шартын, кредит шартын).

Кредит беру сызбасының қысқаша сипаттамасы:

  1. Кредит комитетінде жобаны бекіткеннен кейін:
  • клиент жеке шот (жеке тұлға) немесе есеп айырысу шотын (заңды тұлға) ашады;
  • банк несие шотын ашады (бұл үшін, кредит эксперті несие шотының ашылуы туралы өкім шығарады);
  1. Кредит эксперті несие шарты мен кепілзат шартын жасайды, ал клиент барлық қажетті анықтамалырды жинауға тиіс;
  2. Заңгер, шарттарға қатысты барлық құжаттар мен анықтамалардың бар болған кезінде ғана, оны мақұлдайды (қол қояды);
  3. Банк директоры келісім-шарттарға қол қояды;
  4. Клиент ипотекалық келісім-шарттарды жылжымайтын мүлік орта-лығында тіркеүден өткізеді;
  5. Кредит эксперті несиені беруге, сондай-ақ кепіл бойынша құқық беретін құжаттарды иемденуге өкім шығарады.

Несие операцияларының технологиясын тиімді басқару, осы қызмет аясына кредит құжаттарын және әдістемелік базаны құруды қарастырады. Әдістемелік құжаттардың  негізінде, банк несиесінің және оған қатысты келісімдер түрлері; қолданылатын кредит желісінің  түрлері мен оларды басқару тәртібі;  кредиттік тәуекелді  бағалау әдістері; кепілзаттар түрлері бойынша мүмкін болар маржаны есептеу, кепілзат мен кепілдіктерге талаптар; кредиттік құжаттардың  ресімдеу тәртібі; пайданаларманның банк алдында есеп беру  материалдарының  тізімі  және т.б. анықталады.

Кредиттік құжаттауға,  төменде келтірілген кредит досьесін құрайтын құжаттардың барлық тізімі кіреді:

  • кредиттің технико-экономикалық негізделуі және несиелендірілетін объект (іс-шара) бойынша шығындардың өтелу есебі;
  • мердігерлік шарттары (контрактар);
  • несиенің берілуіне өтініш;
  • бухгалтерлік есеп, табыстар мен шығындар туралы есеп, табыстар туралы декларациялар және қарызгердің кредит өтеу қабілетін анықтау үшін басқа да мәліметтер (соңғы 2 жылға);
  • бизнес жоспар;
  • кредит шарты;
  • қамтамасыз етілу жағдайын тексеру актісі;
  • несиені өтеудің қосымша көздері туралы құжаттар (кепілзат шарты, кепілдік нысандары, вексельдер, кредит желісінің жандануы туралы шарт, бағалы қағаздарға құқықтардың ауысуы туралы құжаттар);
  • қарызгердің есеп айырысу, несиелік және валюталық шоттары ашылған банктердің атаулары;

Банктің кредиттік қызметін тиімді басқарудың анықтаушы аспектілерінің бірі, кредит ресурстарының  пайдалануына мақсатты түрде бақылау жүргізуді  жүзеге асыру болып табылады. Оның негізгі бағыттарына келесілерді жатқызуға болады:

  • кредит қаражаттарының мақсатты қолдануын тексеру және несиелендіру лимитін сақтау;
  • толық көлемде несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз ету;
  • несие пайызының уақытында төленуін тексеру;
  • пайдаланарманның қаржылық жағдайын бағалау.

Кредиттік  тәуекел, көптеген қаржылық тәуекеллердің бірі ретінде көрінеді. Ол контрагенттердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан қаржылық шығындардың пайда болу мүмкіндігін білдіреді. Кредиттік тәуекел – несиелендіруде; бағалы қағаздар қоржының құруда; банкаралық валюталық операциялар жүргізуде; кепілдіктер, жасанды бағалы қағаздарға қатысты жұмыстарда және дилерлік қызметте кездеседі. Төменде кредиттік бөлім деңгейінде кредиттік тәуекелді басқару жүйесі шеңберінде  жүргізілетін іс-шаралар келтірілген (1 кесте).

1 - Кесте

Кредиттік  тәуекелді  басқару жүйесінің элементтері

Кредиттік тәуекелдің бөлінісі Тәуекелді  анықтау Тәуекелді бақылау Мониторинг
1 деңгей –   кредит саясаты кредиттік талдау құқықтық қорытынды кредит қоржынын бақылау
2 деңгей – кредиттік жоспарлау кредит шартын қарастыру және бекіту (автоматизация) қаражаттардың мақсатты пайдалануын бақылау қызметкерлік есептер
3 деңгей –кредитке баға белгілеу ішкі кредиттік рейтинг қауіпті (проблемных) кредиттерді бақылап, байқау ішкі (кредиттік) аудит

Дерек көзі: Камшибаев Р.А. Методика оценки кредитной деятельности филиалов банков Казахстана и определение их сводного рейтинга. Алматы: Экономика, 1999.

Кредиттік тәуекелді басқару жүйесінің барлық элементтерінің кезеңді және кешенді орындалуы, кредит қоржынын тиімді орналастырудың кепілі болып табылады. Кредиттік тәуекелді басқару процесін келесі кезеңдерге бөлуге болады:

  • кредит саясаты банктің кредиттік қызметінің тіреушісі ретінде;
  • салалық басымдарды (приоритеттерді) іске асыру мен шектеу үшін кредит қоржынының қалыптасуының негізгі бағыттары;
  • банк табыстылығының жоспарлы нормативін қамту мақсатында комиссиялық және сыйақы мөлшерлемесін  бағдары ретінде кредиттер бағасын  есептеп, әзірлеу.

Кредиттік операциялардың сәтті жүргізілуі үшін, банк қызметінде  кредиттік тәуекелді басқарудың икемді жүйесі  орын алуы керек. Бұл  жүйенің негізін құрайтын, осы банк үшін  ресімделген  несиелендіру стандарттары және  нақты инструкциялармен жанасатын тиімді кредит саясаты.

Кредиттік тәуекелді басқару, кредит қоржынын үздіксіз талдауға және проблемді ( мәселелі) кредиттердің жұмыстары болып  жіктеледі.

Кредит қоржыны берілген несиелердің жиынтығы ретінде көрінеді. Бұл жерде несие қаражаттары, кредиттік тәуекелдің  әртүрлі факторларымен  және одан қорғану тәсілдерімен байланыста болатын критериялар негізінде жіктеледі. Несие қаражаттар қоржыны қаржылық қызметпен қатар жүретін тәуекелдің барлық негізгі түрлеріне душар болуы мүмкін, мысалы: өтімділік тәуекелі, пайыздық мөлшерлеме тәуекелі, несиені қайтармау тәуекелі (кредиттік тәуекел) және т.б.

Осы аталған тәуекеллер ішінде ең маңыздысы (кейбір қарызгерлер  өз берешегін уақытында қайтармау нәтижесінде туындайтын), кредиттік тәуекел, өйткені ол банктің үлкен залалға немесе банкротқа ұшырауының  бірде  бір себебшісі.

Банк басқару жүйесінде  кредит қоржынына жүргізілетін талдау, қара- жатарды орналастырудың, банктің кредиттік саясаты бағытының, кредит- тік салымдарды диверцификациялау арқылы тәуекелді төмендетудің,  клиенттерге – олардың төлем төлеу қабілетіне, меншік түріне, қызмет ету саласына байланысты несие беру үшін шешім қабылдаудың ең оптималды нұсқаларын таңдап алуға мүмкіншілік береді.

Кредитік тәуекелді  басқару жүйесінің негізгі элементтеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • кредит қоржынын құрайтын несиелер сапасын бағалау үшін крите-рияларды таңдау;
  • кредиттерді кредиттік тәуекел деңгейі бойынша бағалау (рейтингін бекіту) және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • тәуекел топтары бойынша несиелерді жіктеуге қатысты жұмыстарды ұйымдастыру;
  • банктің жыинтық тәуекелі және кредит қоржынындағы несиелер топтарының шегінде кредиттік тәуекелдің абсолютті мөлшерін анықтау (банк бойынша статистикалық ақпараттар негізінде);
  • кредиттер бойынша мүмкін болар шығындарды жабу үшін, құрылатын резервтер көлемін анықтау;
  • қаржы коэффиценттері және  кредит қоржынын сегментациялау негі-зінде, кредит қоржынының сапасын бағалау.

Лизинг, кепілзаты лизингіге берілген активтер болатын кредит ретінде жіктеледі. Банктермен берілетін кредиттер, сол   кредиттің  қарызгермен қайтарылу мерзіміне байланысты (негізгі борыш және пайыз бойынша сыйақылар) болатын сапасына, қарызгердің қаржы жағдайына, қарыз-гермен банктің ара қатынасына, кредиттің қамтамасыз етілуіне және оның сенімділік дәрежесіне, сондай-ақ өтімділігіне қарай келесі топтарға  жіктеледі:

  • стандартты;
  • күмәнді, ол өзінше тағы субстандартты, қанағаттандырылмаған және тәуекелі жоғары күмәнді несиелерге бөлініп кетеді;
  • сенімсіз.

Стандартты кредит деп – қайтарым  мерзімі жетпеген және сапасы күмән тудырмайтын кредитті айтамыз, мұнда:

  • қарызгер, меншікті капиталмен жеткілікті деңгейде қамтылған және өтелмеген кредиті жоқтығымен сипатталатын, қаржылық жағдайы тұрақты шаруашылық субъектісі болып табылады;
  • кепілзаты сенімді және өтімді. Қарызгерге берілген кредит қамсыз-дандырылған деп есептелінеді егер, заңға сәйкес, банкіде берешегін өндіріп алу қажеттілігі туындағанда, қамсыздандырылуы дұрыс ресім-делген және оның көлемі берешек мөлшерімен  оған қатысты сыйақыны  қайтаруға жеткілікті болса;
  • банкте қажетті кредиттік досьенің болуы.

Бұл категориядағы кредиттерге – банкіге міндетті түрде қайтарылатын кредиттер жатады.

Субстандартты кредиттерге, келесі негіздемелердің біреуі  кездесетін кредиттерді  жатқызуға болады:

  1. Негізгі борыштың немесе сыйақының қайтарылуы бойынша төлем-дердің 30 күнге дейін кешігуі;
  2. Бір ретт пролонгацияланған.

Бұл топқа сондай-ақ, қаржылық жағдайы тұрақты, бірақ біршама қанағаттанарлықсыз көрсеткіштері бар (дебиторлық қарыздың өсуі, өтімсіз дайын өнім мен тауар қоры) пайданалармандарға берілген кредиттер де жатады. Қарызгерге  қатысты кредиттік досье міндетті түрде болуы керек.

Қанағаттанарлықсыз кредитке, келесі негіздемелердің біреуі кездескен  жағдайда, кредитті жатқызуға болады:

  1. Негізгі борышпен сыйақыны қайтару бойынша төлемдердің  30-дан 60 күнге дейін  кешігуі;
  2. Бір рет пролонгацияланған;
  3. Қарызгердің қаржы жағдайының нашарлауы;
  4. Қарызгерге қатысты банкте  кредиттік досьенің болмауы.

Банкте кредиттік досьесі жоқ пайдаланармандарға  берілген кредиттер, басқа жағдайларға қатыссыз осы топқа жатады.

Жоғары  тәуекеллі күмәнді кредиттерге келесі негіздемелердің біреуі орын алған  кезде кредиттерді жақызуға болады:

  1. Негізгі борыш және сыйақыны қайтару бойынша төлемдердің  60-тан 90 күнге дейін  кешіктірілуі;
  2. Қарызгердің негізгі борышпен сыйақыларды (қызығушылықтарды) жабу үшін табыстарының жеткіліксіз болуы, себебі, негізгі табыс көздерінен түсетін қаражаттар көлемінің төмендігі;
  3. Бір жылдан төмен мерзімге санация жариялануы;
  4. Қарызгерге материалдық шығындар әкелген форс-мажор жағдайлары-ңың орын алуы;
  5. Басқа банкілерден алынған кредиттер мен кепілдіктер бойынша мерзімі өткен берешектердің пайда болуы.

Сенімсіз кредитке келесі негіздемелердің біреуі кездескен жағдайда  кредиттерді жатқызуға болады:

  1. Негізгі борыш және сыйақыны қайтару бойынша төлемдердің 90 күннен жоғары мерзімге  дейін  кешігуі;
  2. Борышкерді банкрот етіп жариялау;
  3. Бір жылдан жоғары мерзімге санация жариялануы;
  4. Қарызгерге материалдық және оның қызметін тоқтататын шығындар әкелген  форс-мажорлы және басқа да жағдайлар.

Кредиттік тәуекелді жабатын  резервтер сомасы, кредиттік тәуекеллер шкаласы бойынша, тәуекел тобына және олардың әр қайсына белгіленген тәуекел коэффициентіне байланысты (коэффициент пайызда, несие бере-шегінің көлеміне қатысты анықталады) банк балансын құратын мерзімге есептелінеді.

Несиелер бойынша мүмкін болар шығындарға резерв құрудың экономикалық мәні, банктің өз қызметінің экономикалық нормативтерін есептеуде, құрылған резервтер сомасы, банктің меншікті қаражаттарының құрамынан шығарылады. Бұл жағдай, банк өтімділігін берілген несиелер бойынша мүмкін болар шығын мөлшеріне  төмендете, банк активтерінің сапасын нашарлатады, сондықтан осы кезеңде  банктің несие қоржынын басқаруға көп көңіл бөлген жөн.

2 Банктік менджментті және оның даму ерекшеліктерін талдау

2.1 Банктің активтері мен пассивтерін басқаруын талдау («Kaspi bank» АҚ-ның мысалында)

Актив кірісінің және меншікті капиталының ұлғаюының себебісі, жоғарғы өтімділікті ұстаудың нәтижесінде, тәуекелдің барлық түрін қазіргі әдіспен басқаруды қолданудың нәтижесінде болуда. Пайданың өсімділік жетістігі – бұл технологияларды жаңартудың, қызмет саласын кеңейту және аудандық экспанси, қызмет сапасын жоғарлату есебінен болып отыр.

Тартылған жаңа акционерлердің және бағалы қағаздар эмиссиясының есебінен меншікті капиталды ұлғайту, яғни бұл актив көлемін ұлғайтуға алып келді. Бірінші кезекте салым – бұл экономика саласының динамикалық дамушы негізінде өндіріледі. Яғни, ауылшаруашылық, құрылыс, машина -  құрылыс,  мұнай – химия, көлік және байланыс және т.б.

Ашылған жаңа филиалдар банктен қосымша техникалық қаруландыруды, персоналдарды оқытуды, құрылымдық бөлімдердің өзара әрекетінің тиімді жүйесін құруды талап етеді.

Банктің орталық офисінің персоналдарының профессионалдық деңгейін жоғарлату, оның барлық филиалдары мен есеп – касса бөлімдерінің деңгейін жетілдіру. Командамен жұмыс дағдыларын жетілдіру, даму тапсырмасын шешу мүмкіншілігі және бизнесті нығайту.

Банктік, соның ішінде көтерме бизнестің халықаралық стандарттарына сәйкестігін, жаңа қаржы өнімдерін дер кезінде енгізу.

Банктің бөлімшелерінің дамуындағы экономикалық мақсаттылық позициясын сақтау арқылы жаңа филиалдар ашу.

“Банк Каспийский ”АҚ 1996 жылы «Каздорбанк ААҚ мен «Банк Каспийский» ЖАҚ қосылу нәтижесінде пайда болды. 1997жылы12 қараша айында ҚР зандылықтарына сәйкес қайта тіркеуден өту нәтижесінде «Банк Каспийский деген атқа  қайта ие болды.1997жылы желтоқсан айынан бастап «Банк Каспийский» ААҚ Жамбыл филиалы болып тіркелді.

Банк филиалында төмендегідей операциялары жүргізіледі:

-депозиттерді қабылдау;

-кассалық операциялар: айырбастау,коммуналдық төлемдер жүргізу,клиенттердің шоттарына ақша қабылдау және шоттарынан ақша алу қызмет және т.б.;

-заемдық операциялар:заемдық ақшаларды қарызға беру;

-сейфтік операциялар;

-трасталық операциялар.

«Kaspi bank» АҚ Жамбыл филиалының құрылымы банкті басқару құрылымына және оның  функционалдық бөлімшелелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

1990 жылы   Тараз қаласында АҚ «Банк Каспийскийдің» филиалы ашылды. Қазіргі кезде филиал 1991 жылы 4 маусымда берілген №239 ұлттық және шетел валютасында жүргізілетін банктік операциялар бойынша лицензияның негізінде қызмет етеді. Филиалдың атқаратын негізгі функциялары келесідей:

  • аймақтағы банктің қызығушылығын көрсету;
  • клиенттерге банктік қызметтердің толық кешенін ұсыну;
  • нарыққа жаңа банктік өнімдерді енгізуден максималды пайданы қамтамасыз ету;
  • көрсетілетін қызметтердің сапасын әрдайым жетілдіру үшін филиал қызметкерлерінің мамандану деңгейін көтеру.

Жалпы алғанда, филиал қызметінің негізгі бағыттары мынадай: ағымды шоттарды ашу, аударым операциялары, инкассация, конвертация, кепілдемелерді ұсыну, заңды және жеке тұлғалардан депозиттердің алуан түрі қабылданады, несиелендірудің барлық формалары және басқа да банктік операциялар. Филиалдағы несиелендірудің негізгі шарты болып үш айдан кем емес мерзім аралығында табысты әрекет ететін бизнестің болуы табылады. Қазіргі кезде Тараз қалалық филиалы аймақтағы банктік нарықта белсенді әрекет етіп, сондай-ақ оның тұрақты ірі клиенттері және шағын, орта бизнес субъектілері қатарына жататын тұрақты клиенттері бар. Оларға жоғары сапалы банктік сервис көрсетіліп, банктік өнімдердің кең көлемі ұсынылады. Сонымен қатар филиал басқа банктердің клиенттерін өзіне тарту үшін агрессивті саясатты жүзеге асырып отыр. Демек, олар үшін банктік қызметтерге төленетін тарифтерде едәуір жеңілдіктер бар, ал несиелендіруде оларға негізгі қарызды өтеу мерзімі шамалы ұзартылған болатын.Тараз қаласында алғашқы банктер қатарында «Kaspi bank» АҚ  кіші несиелерді беру тәжірибесін еңіздірді. Қаладағы барлық сауда орталықтарымен келісім шартқа өтырып түтынушыларға несие беру пункттерін ашып түтыну несиесін дамытуда.

«Kaspi bank» АҚ Тараз қалалық филиалы бас банктен берілген құқықтар шеңберінде әрекет етіп, оның директоры банктің басқарма төрағасымен тағайындалып, сондай-ақ ол сенімхат негізінде өз уәкілеттілігін жүзеге асырады.

«Kaspi bank» АҚ Тараз қалалық филиалының бас жауапкершілікті тұлғасы болып филиал директоры саналады. Ол филиалдың қызметіне толық жауап беріп, оның басты даму бағыттарын анықтайды. Директор босқаруды негізінен өз орынбасары арқылы жүргізеді. Директор орынбасары филиалдық құқық шеңберінде есеп берулерді, баяндамаларды, басқа да ақпараттарды дайындайды, клиенттерге кеңес береді, филиалдың несиелендіру мамандарын басқарады, жалпы шаруашылық сұрақтарды шешеді, сондай-ақ статистикалық және қаржылық есеп берулерді уақытылы ұсынуды бақылайды. Сонымен қатар ол филиалдың барлық бөлімдерінің қызметін реттеп, бақылап, директор алдында жауап береді. Директор орынбасары директор болмаған жағдайда аса маңызды сұрақтар мен үәкіліттіліктерді шешуге құқылы. Демек, директор орынбасары директордан кейінгі екінші үәкілітті тұлға болып есептеледі. Сонымен қатар бас банктің бұйрықтарын тікелей қабылдайтын тұлға болып табылады.

Қаржылық жағдайды талдаудың негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады.Бухгалтерлік баланс – қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен міндеттемелердің колда барын, дебиторлық және кредиторлық борышкерлердің динамикасы мен жағдайын және несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Бухгалтерлік баланс 2 бөліктен: актив және пассивтен тұрады.

Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.

Баланстың пассиві – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және сол сияқты операцияларды тартып, қаражат жүргізеді. Пассив операцияларына салым қабылдау, өзінің бағалы қағаздарын шығару, банк аралық несиелер алу, міне осылар жатады. Яғни, банктің қаржылық жағдайын білу үшін банктің активін және пассивін талдаймыз.

«Kaspi bank» АҚ-ң активі өткен жылы 2008 жылды 2009 жылмен салыстырғанда +71891026 мың теңгеге, яғниөсу қарқыны 90,2 % құрап отыр. 2009 жылы активтің +71891026 мың теңгеге өсуі ссудалық портфельдің және басқа банктердегі депозиттердің 3,33 % өсуінен болды.

Банктің ақша қаражаты 2009 жылы 4217464 мың теңгені құраса, 2008 жылы 9587 033 мың теңгені құрап отыр. Яғни ақша қаражаты бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақшалар. Өйткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны –57,9 % -ға кеміген.

Міндетті резервтер 2009 жылы 2118420 мың теңгені құраса, 2008 жылы 1011728 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 99,3 % -ға өсіп отыр. ҚР заңдарына сәйкес, кез-келген банк Ұлттық банкте пайызсыз депозиттер түрінде белгілі – бір ақша резервін ұстап тұруы керек.

Сауда – саттыққа арналған бағалы қағаздарды өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 76 % -ға артқан. Яғни 2009 жылы 24194231 мың теңгені құраса, 2008 жылы 1346056 мың теңгені құрап отыр.

Банктерге берілген займдар мен қаржы 2009 жылы 7404079 мың теңгені құраса, 2008 жылы 2674516 мың теңгені құрап отыр. Яғни өсу қарқыны 76,9 % -ға артқан. Яғни банктерге берілген займдар мен қаржылардың өтелу мерзімі келуіне байланысты қаржы ресурстарының көбеюінен болып отыр.

Құнсыздануға резервтерді шегеріп тастағанда клиенттерге займдар 2005 жылы 107907328 мың теңгені құраса, 2008 жылы 49431820 мың теңгені құрап отыр.Яғни бос қаржы ресурстарды айналысқа жіберу мақсатында клиенттерге несие ұсынылды. Содан өсу қарқыны 98,2-ға артқан.

Негізгі қаржы және материалдық емес активтер 2009 жылы 3281577 мың теңгені құраса, 2008 жылы 2560106 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 28,1-ға өскен.

Құнсыздануға резервтерді шегеріп тастағанда басқа активтер өткен жылмен салыстырғанда 45,6 –ға өскен.

Ал капиталға келетін болсақ, меншікті капиталдар 2009 жылы +16004122 мың теңгені құрады, яғни базистік жылмен салыстырғанда +6406212 мың теңгеге өскен. Оның ішінде жарғылық капитал 2009 жылы 7685500 мың теңгені құраса, 2008 жылы 5797282 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 32,5 %-ға өскен. Яғни бұдан инвестицияланған қаржы сомасының артып отырғанын көруімізге болады. Қосымша төленген капитал 2009 жылы 525347 мың теңгені құрап отыр, 2004 жылы 521530 мың теңге болып отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 0,7 % -ға артқан.

Міндетті резерв 2009 жылы 469868 мың теңгені құраған, бұл көрсеткіш өзгермеген, яғни 2009 жылы да осы көрсеткішті көрсеткен болатын.

Негізгі қаражатты қайта бағалау қоры 2009 жылы 429438 мың теңгені құраса, 2008 жылы 443599 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны –3,1% - ға кеміген.

Бөлінген табыс 2009 жылы 6898630 мың теңгені, 2008 жылы 2390618 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 188,2%-артқан.

Яғни меншікті капиталдардың ұлғаюы бұл банктің пассив құрылымының сапасын және санын өзгертуге мүмкіншілік береді.

2009 жылы «Kaspi bank» АҚ Қазақстандағы банктер ішіндегі несиелеу операциялар бойынша бірден бір лидер болып келуді.

2 - Кесте 01.01.2009 жылы ссудалық портфелдің салалық құрылымы

Салалардың атауы 01.01.2009 жылға Үлесі % мың теңге
1 Энергетика 5249532 14,8
2 Құрылыс 3340336 9,5
3 Ауылшаруашылық 866821 2,5
4 Сауда 14606501 41,3
5 Көлік және коммуникация 711706 2,0
6 Өндірістік және өнеркәсіптік қызмет 3298017 9,3
7 Мұнай – газ саласы 129668 0,4
8 Басқалары 7126512 20,2
Барлығы 35329093 100

Дерек көзі: «Kaspi bank» АҚ-ның деректері бойынша.

Нақты секторларды несиелеу – бұл банктің маңызды әлеуметтік – экономикалық функциясы болып табылады. Яғни, 2009 жылы «Kaspi bank» АҚ-ның клиенттерге деген несие көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге өскен. Несие портфелі (клиенттердің займдары) 2009 жылы 1 қаңтарда 35,3 млрд теңге немесе 62,6% жасалынған шығындарды алып тастағаннан кейінгі валюта балансынан құрайды. Банктегі заемдардың ішінде Қазақстанның экономика саласын көтеруші кәсіпорындар бар. Олар: мұнай – газ, химиялық, тамақ өнеркәсібі, энергетика, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылық және тағы басқалары. Яғни, осыларға тоқтала кетейік (2 кесте).

2009 жылы кіші және орта кәсіпорындарды жәрдемдесуге және дамытуға 16 млрд теңгеден астам орта пайыздық мөлшері 16,4% шамасында қаржы берілген. Осы сектор саласында несиені өтеудің жалпы сомасы 11,6 млрд теңгені құрады.  2008 жылы банк ішінде ссудалық портфелді классификациялау критерисі енгізілген. Соған байланысты классификацияланған займдардың үлес салмағы 17,67%-ды құрады. Ал, 2009 жылға 100% провизилердің қалыптасуы бойынша 934,3 млн. теңге сома құрады. Сондықтан, осыған байланысты 2009 жылы банктің кірісі 1805 млн. теңгені құрады.

Банктің саясаты банк саласындағы қызметтеріндегі берілген займдарды жоғарлату мүмкіншілігін және осы ұсыныстарды ұлғайту болып келеді. 2007 жылы наурызда кәсіпорындарды және жеке тұлғаларды жаңа «экспрес - кредитпен» несиелеу өнімі енгізілген. Жыл аяғында Қазақстан бойынша экспрес – кредиттің 47 бөлімі ашылды.

Осы жаңа өнімді енгізудің арқасында 2009 жылы Банк нарықта дәстүрлі түрде өзінің несиелеу программасының қозғалысын жалғастыруды жөн көрді, яғни ссудалық портфелдің көлемін ұлғайтып және сапасын жақсарту болып келеді.

Бұл несие саясаты несие нарығында банк жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді және ссуда бойынша шығындарды алып тастағандағы пайда көлемінің тербелісінен алшақ болуға мүмкіндік береді.

Көптеген салымшыларды тартуға байланысты бөлшек депозит нарығы үшін жаңа өнімдер қатары және жарнамалар жасалынды.

«Kaspi bank» шетелден тартылған қымбат емес ресурстардың есебінен Қазақстан экономикасы жүйесінің және саласының несиелендіру тізімін ұлғайтты. Нәтижесінде, Банктің ссудалық портфелінің көлемі 2009 жылы 35%-ға өскен. 2008 жылмен салыстырғанда 48 млрд. теңге құрады. Қазіргі таңда, Kaspi bank несиелері сауда, құрылыс, ауыл-шаруашылық, химиялық, мұнай-химия, мұнай-газ салаларында, өнеркәсіпте, өнім өндіру және де басқа да экономика салаларында қызмет етуде. Яғни, осыны кесте түрінде көрсетіп өтейік (3 кесте).

3 - Кесте 2009 жылы берілген займдардың көлемі мың теңге

Займдардың  түрі Жыл басындағы берілген сома мың теңге Берілген займның сомасы теңге Шетел валюта-сында берілген займның сомасы
1 Қысқа мерзімді 60773344 47761093 13012251
2 Ұзақ мерзімді 27850252 22404953 5445304
Барлығы 88623601 70166046 18457555

Дерек көзі: «Kaspi bank» АҚ-ның деректері бойынша.

Яғни, бұл жерде қысқа мерзімді займның жыл басындағы берілген сома 60773344 мың теңге, ал ұзақ мерзімді займның жыл басындағы берілген сома 27850252 мың теңге құрап отыр, бұл жерде қысқа мерзімге берілген займ 32923092 мың теңгеге көп болып отыр. Ал шетел валютасында берілген займ сомасында да қысқа мерзімдікі 7566947 мың теңгеге көп.

«Kaspi bank» АҚ кіші және орта бизнеске көп көңіл бөлген. 2009 жылы кәсіпкерлерге – 19,2% орта көтерме пайыз есебінде 17 млрд. Яғни, сәуір айынан бастап кіші және орта бизнесті несиелеи бағдарламасы іске аса бастады. Осы бағдарламаны іске асыру барысында 4,5 млрд. теңгеге 1500 келісім жасалды.

Осы жылы жеке тұлғаларға  орта көтерме сыйақы 14,07% мөлшерлеме кезінде 2 млрд. теңге шамасында 484 ипотекалық займ берілді. Ал, жыл соңында жеке тұлғаларға займдардың жалпы ссудалық портфелі 14 млрд. теңге құрады. Тұрғындарға ссуда 10% - 26% үстінде берілді. Яғни, жоғарыдағы кестедегі мәлімет осыларды көрсетуде.

2009 жылы тартылған салымдары банктің негізгі қызметінің артықшылық санына қосылған. Клиенттерден тартылған қаржы құралдары бойынша өткен жылы банктің өнімдер тізімі едәуір кеңейген. Енді клиенттер банктегі әр түрлі салымдарды қолдана алады. Яғни, олардың әрқайсысы өзінің кірісін қолайлы етіп шешумен ғана емес, сонымен қатар өніммен немесе басқа да өніммен жұмыс жасай алу ыңғайын қарастырады.

4 - Кесте анктің жалпы депозиттерінің көлемі

Атауы 2009жылы мың теңге 2008жылы мың теңге Ауытқуы (+;-) Өсу қарқыны
Депозиттер 9570731 7699003 1871728 124,31
Оның ішінде: Талап етілгенге дейінгі депозиттер     3013209     4007422     -994213     -75,19
Жинақтау депозиттері   6026   8287   -2261   -72,71
Мерзімді депозиттер   6551496   3683294   2868202   177,87

Дерек көзі: «Kaspi bank» АҚ-ның деректері бойынша.

Клиенттердің ақшаларын әр қашанда сақтау және көбейту бұл банктің негізгі қызметі болған және болады да. Банкке сенімділік білдіретін бұл оның клиенттері – бұл маркетингтік стратегияның үлкен нәтижесі емес, сонымен қатар бірінші кезекте оның нарықта тұрақты жұмыс кезінде қаржылық институтының сенімді абыройының қалыптасуын зерттейді. Яғни, банктің негізгі депозиттерін қарастырып өтейік (4 кесте).

Яғни, жалпы депозиттер 2008 жылға қарағанда 2009 жылы 1871728 мың теңгеге немесе 124,31%-ға өскен. Оның ішінде, талап етілгенге дейінгі депозиттер 2008 жылға қарағанда 2009 жылы -994213 мың теңгеге немесе -75,19%-ға және жинақтау депозиттері -72,71%-ға кеміген. Ал, клинеттердің депозиттерінің көлемі 28,5 млрд теңгені немесе жылдың басында көрсетілген 158%-ды құрады, соның ішінде мерзімді депозиттердің өсімі 177,87%-ды құрады. Яғни бұның ішінде жеке тұлғалардың салымдары 33,39% (343,2 млрд теңге) және заңды тұлғалардың салымдары 61,45%-ды құрады. Яғни, банк қызметін пайдаланатын клиенттер саны 65 мың адамға көтерілген. Демек, бұл клиенттердің банкке деген сенімділігін білдіреді.

2.2  Банк қызметінің қаржылық көрсеткіштерін басқаруына баға беру («Kaspi bank» АҚ-ның мысалында)

Соңғы үш жыл ішінде негізгі қаржылық көрсеткіштердің өзгеруі бұл Банктің даму деңгейін және бағыттарын көрсетеді. Яғни, стратегия мақсатының дұрыс таңдауының кепілі болып отыр. Сондықтан, банктің негізгі қаржылық көрсеткішін талдаймыз (5 кесте).

5 - Кесте Банктің негізгі қаржылық көрсеткішінің динамикасы

Көрсеткіштер 2007 2008 2009
Валюта балансы (актив) 29021967 54934410 80027422
міндеттемелер 26065773 48772598 70378115
Меншікті капитал жиыны (пруденциалды нормативтер) 3567342 8655893 13441157
Қосымша капиталды қосқандағы жарғылық капиталы 1755383 3875987 6324726
Ссудалық портфель 19614434 35329093 47868930
Бағалы қағаздарға инвестициялар - 1080001 1250000
Бағалы қағаздар портфелі 5075106 7746716 12945347
Депозиттер (оның ішінде): 18101334 28512996 31880738
Заңды тұлғалардың құралдары 15171178 22017371 19762811
Жеке тұлғалардың құралдары 2930156 6495625 12117927
Айналымға шығарылған Банктің облигациялары 2308328 9155460 17086369
Кірістер 4433094 6863461 11178413
Шығындар 3754734 6007616 10038101

Дерек көзі: «Kaspi bank» АҚ-ның деректері бойынша.

2009 жылы валюта балансы 80,03 млрд теңге немесе 46% - ға өсті. Өткен жылмен салыстырғанда банк 2 орынға көтірілді және нақты көрсеткіштер бойынша ІІ-ші деңгейлік банктер рейтингісінде 7-ші орынға шықты. Абсолюттік тұрғыда айтқанда өсім 25,1 млрд. теңгеге тең. Яғни, осы тұрғыдан валюта балансының өсу қарқынына байланысты банк банктер жүйесіндегі 5-ші лидерге кірген.

Меншікті капитал – бұл банктің негізгі сенімділік көрсеткішін және потенциалдың ары қарай өсуін және дамуын көрсетеді.2009 жылы Активтердің үлесі бойынша ондаған банктердің ішінде Банк өзінің ең жоғарғы капитализация көрсеткішін сақтай білді. Банктің меншікті капиталы активтегі  орташа қатынасының жиыны 17%-ды құрады, лидерлер ішіндегі орташа үлесі 12% құрады. 1 жылда Банктің меншікті капиталы 4,8 млрд. теңгеге өскен, 13,4 млрд. теңге құраған.

Несиелеу бұл банктің активті операция құрылымында басты көрсеткіштің бірі болуда. Ссудалық портфелдің өсім қарқынын (клиенттерді несиелеу) активтердің өсім қарқынымен жалпы салыстыру.Банктің несиелік портфелінің көлемі 1 жылда 12,5 млрд. теңгеге өскен.

«Kaspi bank» АҚ несиелік портфелін ұлғайта отырып, несиелік тәуекелді максималды түрде диверсифицироват етуге ұмтылуда, яғни кіші және орта бизнесті несиелеуді, ипотекалық несиелеуді белсенді түрде енгізуде. 01.01.08 жылғы жағдай бойынша жеке тұлғаларға несиелер 29% шамасында ссудалық портфелді құрады.

Банкте орналасқан клиенттердің салымдары 3,4 млрд. теңгеге ұлғайған. 2009 жылы Қазақстандағы банктер ішіндегі тартылған салымшылар бойынша банк 10-шы орыннан 8-ші орынға ауыстырылды. 1 жылда есепке түскен талап етілгенге дейінгі салымдардың жалпы көлемі 1407млрд. теңге құрады. Мерзімді салымдардың үлесі 61%-ға тең.  Яғни, бұл банкке деген сенімділігін өте ашық көрсетуде.

Бөлшек нарықтағы белсенді жұмыстың негізіндегі депозиттердің 2009 жылғы қорытындысы. Қазақстандағы банктердің жеке тұлғалардың салымдары бойынша Банк 10 орыннан 8 орынға көтерілді.

Көрсетілген кезеңдегі жеке тұлғалардың депозиттік портфелі 2 есеге ұлғайған (86% өскен). 2 жылдың ішінде портфелдің негізгі құрылымы өзгермегендіктен ол мынандай болып келеді: 93% - келісілген мерзімдегі салымдар;  7% - талап етілгенге дейінгі салымдар.

Банктің көрсеткішінің тұрақтылығын және сенімділігін көтеруге бағытталған банктің активі мен пассивін белгілі бір өлшемге байланысты тиімді басқару бұл банктің қолайлы пайда алуға мүмкіншілік береді. Корпоративті салық салуды төлегенге дейінгі Банктің пайдасы 1,46 млрд теңге, 2008 жылмен салыстырғанда 42%-ға көп.

Корпоративті салық салуды төлегеннен кейінгі таза пайда 1,14млрд. теңгеге тең - бұл ҚР-ның Банктердің ішіндегі 8-ші нәтиже (2007 жылы – 10-шы орын). Бюджетке төленген корпоративті табыс салығының сомасы 322 млн. теңгені құрады.

2007 жылдан бастап Банк жеке облигацияларын өте жақсы эмиссиялауда және орналастыруда. Осы уақытқа дейін 4 эмиссия орналасуда (оның ішінде 2 эмиссия субординарланған облигация). 2009 жылы 1 эмиссияны өтеу бойынша міндеттеме толық орындалды. 01.01.08 жылғы жағдай бойынша облигациялық займдардың портфелі 17 млрд. Теңгені құрады.

Кірістер –  экономикалық тиімділіктің ұлғаюы, яғни бұл банктің есеп беру кезіндегі активтердің ұлғаюы немесе кредиторлық қарыздың төмендеуі. Яғни,  пайда табу бағытында меншікті капиталдың өзгеруі.

Шығындар – бұл есеп беру кезіндегі экономикалық пайданың төмендеуі, яғни капиталдың кемуіне алып келеді.

Сондықтан, банктің кірісін және шығысын талдаймыз.

6 - Кесте Банктің кірісі және шығысы мың теңге

Статьялардың атауы 2009 жылы Үлес салмағы % 2008 жылы Үлес салмағы % Ауыт қуы (+;-) өсу қар-қыны (%)
Пайыздық кіріс Клиенттерге займдар 15429014 92,6 7482812 93,2 7946202 206
Сауда- саттыққа Инвестициялық бағалы қағаздар 777917 4,6 492315 6,1 285602 158
Банктерге берілген қаражат пен займдар 454615 2,7 45871 0,5 408744 991
16661546 100 8020998 100 8640548 207
Пайыздық шығындар Клиенттердің қаражаттары -2076879 33,9 -1378353 44 698526 150
Субординарлық қарыз -966151 15,8 -914006 29,2 52145 105
ҚР Үкіметі мен кредиттік мекемелер қаражыты, займдар -1555765 25,4 -497362 16 1058403 312
Берешек бағалы қағаздар -1512871 24,7 -337499 10,7 1175372 448
-6111666 100 -3127220 100 2984446 195
Несиелер бойынша шығындарды, резерв-терді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық кірістер 10549880 100 4893778 100 5656102 215
Пайыздық  активтерді құнсыздануға резерв қалыптастыру -2929742 -27,7 -1809426 -36,9 1120316 161
Таза пайыздық кірістер 7620138 72,2 3084352 63 4535786 247
Комиссиондық және алым түріндегі кірістер 2524817 114,3 1484225 117,5 1040592 170
Комиссиондық және алым түріндегі шығыстар -317207 -14,3 -821934 -65,1 -504727 38
Комиссиялық және алымдар 2207610 100 1262291 100 945319 174
Саудалық бағалы қағаздар бойынша таза табыс/(шығын) 218779   -45041 263820
6-кестенің  жалғасы
Шетелдік валюталармен операциялар бойынша таза табыс/(шығын): - делингтік операция-лардан таза табыс 243699   464499 -220800
- бағам айырмашылығынан таза табыс 45753   60238 -14485
- сақтандыру қызметінен таза табыс/(шығын) -161156   38484 -199640
Айыппұл және өсім   Басқа табыс /(шығын) 658297   -80899   175483   55515 48284   -136414
Таза пайыздық емес кірістер 3131483 100 2011469 100 1120014 100
Операциялық табыстар   10751621   100 5095821   100 5655800 100
Жалақы және оған қатысты төлемдер -2731070 50 -1564866 53,6 1166204 174
Негізгі қаражат пен материалдық емес актив-тердің амортизациясы -242686 4,4 -173501 6 69185 140
әкімшілік және операциялық шығындар -488988 9 -1111489 38,1 -622501 44
Кепілдіктер мен басқа баланстан тыс міндетте-мелер бойынша резерв     -9848 0,1     -66689   2,2 -56841 14
Операциялық шығыстар -5472592 100   -2916545 100 2556047 187
Операциялық пайда 5279029 117,4 2179276 122,6 3099783 242
Басқа операциялар бойынша құнсыздануға резерв қалыптастыру -98086 -2,1 -836 -0,04 97250 11732
Табыс салығы бойынша пайда 5180943 115,2 2178440 122,5 3002503 237
Табыс салығы бойынша шығындар -684677 -15,2 -400778 -22,5 283899 170
Таза пайда 4496266 100 1777662 100 2718604 252

Дерек көзі: «Kaspi bank» АҚ-ның деректері бойынша.

Банктің кірісінің құрамында алғашқы орында пайыздық табыс алады, оның үлесі жыл ішінде 8640548 мың теңгеге өскен, яғни өсім қарқыны 207%-ды құрады. Соның ішінде, клиенттерге займдар 2009 жылы 92,9% құрады, Сауда- саттыққа инвестициялық бағалы қағаздар2008 жылмен салыстырғанда 285602 мың теңге, 4,6%, банктерге берілген қаражат пен займдар 2,7% үлес салмағын құрап отыр.Пайыздық табыстың жақсы динамикасын айқындайтын фактор – ресурстық базаның өсімі арқасында мүмкін болған несиелендірудің көлемінің өсуі болды.

Одан кейін операциялық табыстар 2009 жылы 10751621 мың теңгені құрады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 5655800 мың теңгеге өскен.Несиелер бойынша шығындарды, резервтерді қалыптастыруға дейінгі таза пайыздық кірістер 2008 жылмен салыстырғанда 5656102 мың теңгеге өскен, яғни өсім қарқыны 215%. Оның ішінде Пайыздық  активтерді құнсыздануға резерв қалыптастыру үлес салмағы 2009 жылы -27,7%, таза пайыздық кірістер 2004 жылмен салыстырғанда 4535786 мың теңгеге өскен.

Таза пайыздық емес табыстар жалпы табыстың 2008 жылмен салыстырғанда 1120014 мың теңгеге өскен.  Мұндай нәтиже ұсынылатын қызмет аясының кеңеюінен, клиент базасының көбеюінен және Банктің аймақтық желілерін нығайтудан қол жеткізілді. Пайыздық шығыстардың 2984446 мың теңгеге өскен. Оның ішінде клиенттердің қаражаттардың үлесі – 33,9%, субординарлық қарыз – 15,8%, ҚР Үкіметі мен кредиттік мекемелер қаражыты, займдар – 25,4%, Берешек бағалы қағаздар – 24,7% құрады.

Айта кету керек, Банктің қызмет масштабының кеңеюі жағдайында операциялық шығындар 2009 жылы -5472592 мың теңгені құрады. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 2556047 мың теңгеге өскен. Оның ішінде жалақы және оған қатысты төлемдер 2008 жылмен салыстырғанда 1166204 мың теңге, негізгі қаражат пен материалдық емес активтердің амортизациясы         -69185 мың теңгеге өскен, әкімшілік және операциялық шығындар 622501 мың теңгеге, кепілдіктер мен басқа баланстан тыс міндетте-мелер бойынша резерв -56841 мың теңгеге кеміген. Бұл рационалды жоспарлау мен бюджеттендірудің, сондай-ақ жалпы қызметтің тиімділігі. Операциялық пайда 5249029 мың теңгені құрады, яғни 2008 жылмен салыстырғанда 3099783 мың теңгеге, басқа операциялар бойынша құнсыздануға резерв қалыптастыру 97250 мың теңгеге, табыс салығы бойынша пайда 3002503 мың теңгеге өскен, ал табыс салығы бойынша шығындардың үлесі 2005 жылы -15,2% құрады. Яғни, таза пайда 2008 жылмен салыстырғанда 2718604 мың теңгеге өскен.

Қандай да  болмасын шаруашылық субъектілер, олардың қандай салада қызмет атқаратынына қарамастан барлығының да міндеттемелері болады. Қаржының жетіспеушілігінен банктер банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз несие алып өздерінің жұмысын жалғастырып жатыр.

Банк міндеттемелері (Тартылған және заемдар қаражаттар)-бұл банкке жатпайтын, бірақ уақытша банктің активі операцияларының қайнар көзі ретінде банк қорларының айналымында жүретін қаражаттар. «Kaspi bank»  АҚ-ң міндеттемелері

«Kaspi bank» АҚ-ң қарыз капиталын талдау барысында, яғни міндеттемелерге келетін  болсақ, банктің барлық міндеттемелері 2009 жылы 135520756 мың теңгені құраса, 2008 жылы 70035942 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 93,6 %-ға өскен. Оның ішінде ҚР Үкіметінің қаржысы 2009 жылы қаржысы 2005 жылы 94604 мың теңгені құраса, 2008 жылы 73260 мың теңгені құрап отыр. Өсу қарқыны 29,1% -ға өскен.

7 - Кесте Қарыз капиталының құрамы мен құрылымын талдау

Сомасы, мың тг. Капиталдың құрылымы, %
2008 жыл 2009 жыл өзгеруі 2008 жыл 2009 жыл Өзгеруі
Міндеттемелер ҚР Үкіметінің қаржы Кредиттік мекемелердің қаржысы мен займдары Клиенттердің қаржысы Шығарылған берешек бағалы қарыздар: Субординацияланған берешек бағалы қағаздар Субординцияланбаған берешек бағалы қағаздар Мерзімі ұзартылған салық міндеттемесі Резервтер Басқа міндеттемелер 73260   20189314   31695136     10572891   6629142     - 189735 686464 94604   45987377   4227760     10505665   35285180     29885 193656 1146789 +21344   +25798063   +10582464     -67226   +28656038     +29885 +3921 +460325 0,1   27,5   43,1     14,3   8,9     - 0,25 0,9 0,06   29,1   26,8     6,7   22,6     0,01 0,06 0,3 -0,04   +1,6   -16,3     -7,6   +13,7     +0,01 -0,19 -0,6
Міндеттемелердің барлығы 70035942 135520756 +65484814 100 100

Дерек көзі: «Kaspi bank» АҚ-ның деректері бойынша.

Несиелік мекемелердің қаржысы мен займдары 2009 жылы 45987377 мың теңгені құраса, 2008 жылы 20189314 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 127,8%-ға өскен.

Тартылған қаражаттардың негізгі көздері клиенттердің қаражаттары, яғни салымдары болып табылады. Яғни 2005 жылы 42277600 мың теңгені құраса, 2008 жылы 31695136 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 33,3%-ға өскен.Клиенттердің қаражаттарының ұлғаюы банкке кіріс көлемін арттыратынын сипаттайды.

Шығарылған берешек бағалы қағаздарға келетін болсақ:

оның ішінде субардинарлық берешек бағалы қағаздарды 2008 жылмен салыстырғанда  -67226 мың теңгеге кеміген, бағалаы қағаздың бұл түрі өткен жылмен салыстырғанда өте жақсы қолданбауда. Бұл жерде айта кететін жайт, субардинарлық қарыз деп отырғанымыз-бастапқы қайтару мерзімі 5 жылдан жоғары болып келетін меншікті капиталға жататын қарыз. Ал субординарлық емес бағалы қағаздарды өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 432,2 %-ға өскен.

Резервтер 2009 жылы 193656 мың теңгені құраса, 2008 жылы 189735 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 2,06%-ға артқан. Резерв бұл капиталмен арнаулы несие жүйесі арқылы берді.

Және де басқа міндеттемелер 2009 ылы 1146789 мың теңгені құрады, 2008жылы 686464 мың теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 67,05%-ға өскен.

Яғни бұл көрсеткіштердің кемуі де, өсуі де халықаралық рейтингіде банктің сенімді түрде жоғарлауына және банкаралық займдардың көлемінің ұлғаюына үлкен мүмкіндік беруде.

3 Банктік менеджменті және оның даму ерекшеліктерін жетілдіру  жолдары

Адам ресурстарын жоспарлау  мен  банк персоналын жоспарлау  -    стратгеиялық басқарудың құрамдас бөлігі.  Егер адам ресурстарын  жоспарлауды жеке алып  қарастырсақ,   оның тиімділігі аз, себебі    персоналды басқару  саласында  шешімдер қабылдауға  банкті басқарудың  мынадй бөліктері  маркетингтік жоспарлау,  стратегиялық жоспарлау, қаржылық жоспарлау, қаржылық мендежмент әсерін  тигізеді.

Адам ресурстарын жоспарлау  екі деңгейде жүргізіледі:  Оның біріншісі,   қызмет түріне, бөлімдеріне, атқаратын функцияларына қарай ресурстарды орналастыру.   Екіншіден,  ресурстар  банктің бір бөлімінде немесе   бүкіл банкте  қалайқолданып, қандай пайда әкелетіні  шешіледі.

Алайда,  өзге ресурстарды пайдалануды жоспарлаудан  ерекшелігі   (мысалы, қаржылық)   адамдардың мінез –құлығының   ұзақ мерзімге  жоспарлануы мүмкін еместігінде. Сондықтан  тәуекелдік  деңгейіне байланысты мәселелерді,  мүмкін нұсқаларды, болжаулар мен  шығындарға байланысты  мәселерді  шешу қажет.

Персоналды басқарудағы болжау  жоспарлаумен тығыз байланысты.  Жоспар мен болжау  өзара бір- бірін толықтырып отыратын  сатылар, болжау  персоналды басқару жүйесінде  персоналды дамытудың көп нұсқалы  жоспардар алдындағы  үлгісі болып табылады.  Жоспарлау мақсаты  банкті қажетті  жұмыс күшімен  қамтамасызету және   болатын шығындарды анықтау. Жеке кәсіпорынньщ, өзінің қүқықгық нышандарына қарамастан басшылығы болуы тиіс. Басқадай баскару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе кызмет көрсету, баскаша айтқанда, жұртшылықтың қажетін өтеу, немесе нарык аркъшы әлеуметгік қажетгілікті қанағаттаіідыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа үйымдардан өзгешелігі, олар өзінін шешімдеріңде экономикалықтүсінікті басшьшыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалык нәтижесіне негізделеді.

Менеджмент теориясы мен тәжірибесінде   жоспарлау құралдарына әр түрлі көзқарас қалыптасқан.  бБіреулер  адам ресурстарын жоспарлау  қазіргі таңда және болашақта  нақты  математикалық үлгілерді қолданып орындаған пайдалы дейді,  ал бұл қымбат тұратын әдіс.  Екіншілер  шығыны аз  жәй әдістерді қолдауды ұфсынады [17].

Адам ресурстарын  жоспарлаудың  бір көрінісі  ағылшындық менджерлер ұсынағн  үлгі  жобада назарларыңызға  берілген.

Мекеме  стратегиясынндағы  өзгерістер  адамдарғада әсер етеді.  Америкалық ғалымдар  жұмыс күшін жоспарлаудың  үш маңызды көрсеткішін бөліп көрсетеді  -  бұл  жұмыс күшін  жоспарлау, жұмысқа жалдау, оқыту және  дамыту.

Кейбір ағылшың  ғалымдары  адам ресурстарын  жоспарлауды   түсініктемелік етіп бөліп,  жұмыс күшін  жоспарлауды  мақсат пен  үрдістің айырмашылыы деп бөледі.

Адам ресурстарын жоспарлауда  адамдар уәждемесіне  көңіл бөлінеді -  мұнда  шығындар,  сандар,  бақылау мен  өзара жүйелер  бірге әрекет ететін    процесс.  Жұмыс күшін жоспарлауда   менеджерлер  сандық сипаттарға және  болжау, ұсыныс және сұраныс, бақылау секілді  элесенттерге  сүйенеді.

Ағылшын ғалымдарының  тәжірибесіне сүйеніп  олардың  жоспарлау әдістерін  жеңіл және қатаң жоспарлау  әдістеріне  бөлгенін айту қажет.

Жоспарлаудың жеңіл әдістеріне   негізінен әлеуметтік әдістер жатады:  қызметкерлерді анкеталау,  әңгімелесу,  бағалау,  өзарабағалу,  қызметкерлерге мінездеме,  кадрлар қозғалыс жөнінде  мәліметтер.

Осы  мәліметтерді талдау арқылы  мынаны анықтауға болады:  қызметкерлердің уәждемесін,  банк мәдениетінің негізгі элементтерін, банктегі басқару  үлгісін,  қызметкерлердің бизнес  --мақсатты түсінуі,  мінез –құлық ерекшеліктері.

Қатаң жоспарлау  мынадай бағытта жүреді.  Болашақтағы адам ресурстарына сұранысты есепке алу, адам ресурстары көлеміндегі  өзгерістерді анықтау және  адам ресурстарына қажеттіліктің тиімділігі, адам ресурстарының ағымдағы жағдайын атлдау, ішкі  адам  ресурстары  ұсынысы  мәліметтері,  болжау жасау,  және нақты деректер , шешім қабылдау мен жоспарлау.

Банктің  жалпы  еңбек ресурстарына  қажеттілігі  тікелей  жоғары басшыдан, сонымен бірге  бөлім басшыларына алған бастапқы мәліметер негізіндегі  персонал қызметімен анықталады. Бұл ақпарат екі санатқа бөлінеді: Банкітң даму стратегиясына байланысты жүзеге асырылатын, еңбек ресурстарының болашақтағы қажеттілік  пен  нақты  құрылымдық   бөлімдердегі еңбек  ресурстарына  ағымдағы қажеттілігін, сонымен бірге  қысқа мерзімді қажеттілікті  көрсететін санаттар. Қоғамда үнемі  өзгерістер болып отырғандықтан, жоспаралрды да үнемі қайта қарап,  үйлестіріп, әсіресе  банк жүйесінде   үнемі өзгерістер енгізіп отыру қажет.

Адам ресурстарын қатаң   жоспарлауда  неге назар аудару қажет екендігін білдіретін әдістер  қолданылады.

Қызметкерлерге  қажеттілікті бағалау үшін статистикалық әдіс қолданады, мысалы,  компанияда жұмыс істейтіндер санын   зерттеу, статистикалық әдістің екінші үлгісі  -  мекеменің  қызметкерлерге сұранысы мен  сыртқы орта қатынасын зерттеу, мысалы,  корреляциялық  тәуелділікті есептеу.   Тағы бір жиі қолданылатын   әдіс »жұмысты зерттеу». Ол   еңбек  нәтижелерін, өндірістік көрсеткіштерді  зерттеуге негізделеді.   Субьектитві әдістер арасынан менджерлердің  қызметкерлер  жұмысын   мен Дельфи техникасын бағалауын  бөліп көрсетуге болады.

Қызметкерлерді  әлеуетін пайдалануды зерттеу үшін  әдетте мынадай факторларды қарастырады:  қызмет көрсету технологиясын өзгерістер енгізу: мекемеге   жаңалық енгізу,  мекеменің дамуы,  еңбек ақы төлеудің жаңа әдістерін қолдану, бонустар жобасы,  өнімділік,  уақыт,  кезең және  жұмыс кестесінің өзгерісі [18].

Адам ресурстарын   жоспарлау үшін  еңбек рыногындағы ағымдағы ұсынысты   зерттеу талап етіледі, оны  статистикалық талдау арқылы жүргізеді.

Жұмыс күшін  сырттан ұсынуды болжауда мыналарды қарастыру керек:  осындай  банктер  құрылымын   ауданда, қалада,  облыста  ашу не жабу, жаңа құрылыстар салу, көлік ағымына өзгерістер енгізу, жұмыссыздық деңгейі,   бұрынғы персонал жинау   тәжірибесі,  ЖОО  бітірушілер  саны,  яғни   бос орындарға әлеуетті  үміткерлерді қарастыру.

Сонымен бірге   мекеменің өзіндегі жұмыс күшін де есепке алу қажет. Ішкі жұмыс күшінің  ұсынысын зерттеу үшін   мекмеден кеткен  қызметкерлер санына (кадрлер ағымына,  тұрақтылық индексіне)   талдау жасалады.  Нарықтық қатынастар кезінде банк құрылымында  тұрақты қызметкерлер саны,  кадрлар құрамы  ұзақ мерзім бойы сақтала бермейді.  Бәсекелестік орта,  сұраныс пен  ұсыныстың жедел  даму  серпіні  және клиенттерге қызмет көрсетудің  технологиясының өзгерістері -  осының бәрі  персонал құрылымы  мен басқару процесін үнемі үйлестіріп  отыруды қажет етеді. Мұнда  жоспарлауға мынадай талаптар қойылады: банктің жалпы дамуына  әсер ететін корпоративтік сипаттағы міндеттердің басымдығы,  персоналды басқару жүйесіне бағытталған  жоспарлауды кешенді жүргізу, жоспарлық міндеттерді үнемі, әсіресе қаржылық  міндеттерді салыстырып отыру,  банктің нақты мүмкіндігі мен  оны   жүзеге асыру   мүмкіндіктерін  зерттеу.

Персоналды жоспарлау  әдістерін таңдауда, менің ойымша,  банктің қаржылық мүмкіндіктеріне, оның көлеміне,  шығын мен табыс арасындағы  айырмашылықты бағалау  жолын таңдаған жөн.

Банк персоналын басқару жүйесі  жағдайын  талдау  және  оның тиімділігін арттыру үшін  өзге  отандық және шетелдік банктердің  қызметін  қарастырып,  оларды ерекшеліктері  мен  айырмашылықтарын анықтау қажет.

Сапалы да тиімді банктік менеджмент тек кана теріс ішкі және сыртқы факторларға қарсы түрып қоймай, өз кезегінде оларды бей-тараптандыру мақсатын жүзеге асыра алады. Сондықтан осындай менеджменттің банкте дүрыс үйымдастырылуы оның түрақтылы-ғын нығайтатүсіп, қызметініңтиімділігін арттырады. Осыған бай-ланысты банктегі менеджмент қызметін бағалау мәселесі немесе қазіргі қолданылып жүрген банк қызметін бағалау көрсеткіштердің сәйкестігіне қатысты мәселесі туындайды. Ең бастысы банктік менеджментгің кейбір рейтингтік жүйелерде, соның ішінде CAMEL рейтингтік жүйесінде АҚШ-та банктердің жағдайын бағалауда пай-даланатыны белгілі.

Банк менеджменті бағаланатын көрсеткіштерді мынадай санат-тарға бөлуге болады:

  • сандық және сапалық (соның ішінде әлеуметтік);
  • объективті және субъективті;
  • формалдық және формалды емес.

Банктік менеджменттің сандық көрсеткіштері банктің мөлшерін, жүргізетін саясатын және мамандануын бағалауда ғана пайдаланады. Сандық көрсеткіштерге мыналар жатады:

  • банк капиталының мөлшері;
  • қүрылтайшыларының саны;
  • активтік және пассивтік операциялар көлемі;
  • клиенттердің саны;
  • экономика саласы мен жүмыс саласының саны;
  • жұмыстың жағрафиясы;
  • филиалдық торабының саны;
  • корреспонденттік қатынастар жасайтын банктердің саны;
  • банктік өнімдердің саны және т.б.

Банктік менеджменттің сапалық көрсеткіштерін мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Несиелік мекемеге қатысты қойылатын кәсіби талаптар түрғысынан банктік менеджменті бағалауға мүмкіндік беретін банктің жағдайы мен қызметін сипаттайтын көрсеткіштер; банк капиталының жеткіліктігі; банк активтерінің сапасы; банктің пайдалылығы; банк өтімділігі; банк операцияларын жүргізу және кұжаттарды өңдеу жылдамдығы; ұсынатын банк өнімдерінің кешенділігі; ұсынатын банктік өнімдердің түрлері, сипаты, көлемі және сапасы жағынан клиенттердің сұранысын қанағаттандыру дәрежесі; тәуекелдерді басқару дәрежесі;
  1. Кез келген кәсіпкерлік қүрылымға нарык экономикасының тарапына қойылатын нормативтік талаптарға банк қызметкерлерінің сәйкес келуін бағалауға мүмкіндік беретін банктік менеджменттің көрсеткіштері:
  • банк әкімшілігінің қүрамы мен біліктілігі (тағайындалған ла-уазымды қызметі бойынша банк жүйесіндегі тәжірибесінің болуы, бірінің орын бірі алмастыруы, кадрлар резервінің болуы, басқару қүрылымының жоғарыдан төменге дейін қадағалау немесе бақы-лаудың болуы және оның сапалығы және т.б.);
  • банктің ішкі саясаты, соның ішінде кадр саясатына, ішкі ба-қылау және аудит ережелеріне сәйкес еңбек тәртібінің сақталуы;
  • банк қызметіне байланысты реттеушілік нормалардың орын-алуы, зандардың, нүсқаулықтардың және зандық күші бар кез кел-ген актілердің сақталуы (банк жүйесінің әр түрлі деңгейіне арнал-ған нормативтердің, шектеулердің және үсыныстардың сақталуы, өткен уақыттарда банк тарапынан заң бүзушылық пен қаржылық қылмыстардың болмауы, ақпараттың ашықтылығы және т.б.)
  • банк әкімшілігі мен қызметкерлерінің нарық коньюнктура-сындағы алдағы уакыттарда мүмкін болар өзгерістерін көре білу және оған уақтылы дүрыс шаралармен жауап беру қабілеті (банктің қызметіне ықпал ететін инфляция, қүлдырау, депрессия жәнет.с.с факторларға қарсы шара қолдануы)
  1. Әлеуметтік көрсеткіштер, соның ішінде:
  • қызметкерлердің еңбекке қатынасы;
  • қызметкерлердің біліктілігі, жауапкершілігі мен еңбегіне сыйақы төлеудың шекті қатынасы;
  • директораттың әлеуметтік адекватгылығы (кәсіби дайындығы, шыншылдығы, міндеттемелерге сенімділігі, келісімшарттар дайын-дығы);
  • әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесі.
  • Қай уақытта банктік менеджмент сапасыз болып табылса, оның арты банктік дағдарысқа үласып, банктің зиян шегуіне, клиент-тердің кетуіне әкеліп соғады. Мүндай менеджментті «мисменедж-мент» немесе «нашар менеджмент» деп атайды. Мисменеджмент бүл кемшіліктері көп және заң бүзатын қызметкерлері бар және оларға бақылаудың болмауымен сипатталатын менеджменттіңтүрі. Мисменеджмент көп жағдайларда банктік менеджменттің бірқатар мектептерінің өкілдерінің басты көңіл аударатын объектісі ретінде қызмет етеді. Экономикадағы қаржы дағдарысы жағдайында мис-менеджмент банктің дағдарысын одан әрі өршітіп, банктің қүлдырауына тікелей себепкер болады.

Мисменеджменттің мынадай түрлері болады:

  • техникалық мисменеджмент;
  • косметикалық менеджмент;
  • дағдарыстық (авантюралық) менеджмент; Техникалық мисменеджмент мынадай жағдайлардан байқалады;
  • банк жаңадан қүрылған, яғни енді ғана үйымдастырлыған және агрессивтік саясат жүргізуі мүмкін, сонымен қатар оның жетекшісінің тәжірибесі жеткіліксіз;
  • банк иелері және жетекшілері ауысады және ол оның саяса-тының өзгерісіне әкеледі;
  • бүрыннан банк жақсы басқарылып келгенмен, кейбір себеп-терге байланысты банктің жетекшілері нарықтағы мүмкін болатын коньюнктуралық өзгерістерді алдын ала көре білмейді.

Техникалық мисменеджмент бүл банктің дүрыс саясат жүргізбеуімен, ішкі бақылау және аудиттің жеткіліксіздігімен, жоспарлаудың әлсіздігмен және қызметкерлердің біліксіздігімен сипатталады. Техникалық мисменеджменттің теріс салдары болға-нымен ол заңға сәйкес жүзеге асырыла береді, бірақ ондай менед-жмент банк үшін қауіпті немесе тәуекелді болуы мүмкін [19].

Косметикалық менеджментте клиенттер тарапынан сенімді жоғалтпау және колайсыз жағдайдан шығару жолын іздестіру және уакыт үту мақсатында банк өзінің кызметіне байланысты орын алған өткен және ағымдағы зияндарын жасырады. Косметикалық мисменеджментің мақсаты — есептік қүжаттарды банк қызметінің бірқатар көрсеткіштерін өзгеріссіз беру арқылы банкте қалыпты жағдайдың барлығын көрсету. Мүндай жасыруларды күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы резервтерді азайту, активтерді қайта ба-ғалау максатында банк активтерінің жіктелімі бойынша есеп беру-лерде пайдаланады. Косметикалық мисменеджмент бүл өзінше тәуекелді күшейтпейді, бірақ онымен күресу шараларын азайта-ды. Ол сонымен катар банк клиенттері мен серіктестері үшін өте қауіпті жағдай туғызады.

Дағдарыстық менеджмент - бүл косметикалық мисменедж-менттің банктің негізгі көрсеткіштерін жасыра алмай қалу жағдайы-на байланысты туындайтын менеджменттүрі. Мүндай менеджмент-тің мақсаты банктің қысқа мерзім ішінде өзінің жағдайын түзетуді көздейді. Мисменеджмент клиенттермен келісім бойынша нарык-тық мөлшерлемеден жоғары пайызбен депозит тартып, келісім-шарт бүзған қарыз алушылардан жоғары пайыз алу, салым иелеріне қаражаттарын қайтаруды кейінге калдыру, валюта, бағалы қағаз, жер немесе жылжымайтын мүліктермен байланысты алыпсатар-лық операцияларды бірден өсіру сияқты шараларды қамтиды [20].

Шын мәнісінде техникалық, косметикалық және дағдарыстық мисменеджмент қоғам үшін қауіпті, серіктестер мен клиенттерге, салымшыларға зиян әкелуі мүмкін болғанымен олардың көздеген мақсаттары бір болып келеді.

Филиалдағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, ресурстардың барлық түрлерін рационалдық пайдалануын реттеумен шұғылданатын уәкілетті тұлға бас бухгалтер саналады. Бас бухгалтердің негізгі міндеттеріне құжат айналымы жүйесін рационалды қамтамасыз ету, прогресивті бухгалтерлік есеп әдістерін пайдалану, түскен қаражаттар мен құндылықтарды толық есепке алу және уақытылы көрсету, бухгалтерлік есеп құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және тағы басқа міндеттер жатады. Тараз қалалық филиалында келесі бөлімдер бар: операционды, несиелендіру, валюталық, кассалық, құқық, ақпараттық техналогиялық және қауыпсіздық қызметі. Операционды бөлім тікелей  бас бухгалтерге бағынады. Оның келесідей функциялары бар: клиенттердің шоттары және төлемдерін жүргізу есеп беруді құрастыру және ұсыну, банктік операциялардың заңдылығын сақтау және тағы басқа. Филиалда әрекет ететін валюталық реттеу бөлімінің қызметкерлері мынадай функцияларын атқарады: валюталық кірістің уақытылы әрі толық түсуін қамтамасыз ету, импорт мақсатына пайдаланатын валютаны заңды және қажетті қолдану, жүргізілген валюталық операциялардың заңға сәйкестігін тексеру. Филиалдың жұмысын озық техналогиялармен қамтамасыз ету ақпаратты техналогиялар бөлімі жүзеге асырылады. Бұл бөлімнің негізгі функциялары келесідей жалпы өндірістік техникалық жұмысын ақпараттандыру, ақпараттандыру облысында филиал қызметтерін жоспарлау, төлімдер макетін жасау және оны бас банкке жіберу, басқа бөлімдерге кенес беру. Филиалдың құқықтық бөлімі оның қызметінің заңға сәйкестігін бақылайды. Оның негізгі қызметтеріне келесілер енеді: басқару органдарына ұсынылатын барлық құжаттардың құқықтық сәйкестігін тексеру, мерзімі өткен несиелерді қайтару бойынша жұмыстарда ат салысу, сот органдарда белгілі сұрақтарды шешеді және тағы басқа. Әрбір банктің қолма – қол қаржыларының айналысым ұйымдастырушы бөлімі касса болады.Оның негізгі функциялары былай топтастырылады: касса мен айыбас пунктінің қаражаттарының толық сақталуын қамтамасыз ету, нақты қаржыларын сақтау, беру, сорттау, қайта есептеу, тексеру, клиенттерге сапалы қызмет көрсету  және тағы басқа. АҚ Банк Каспийскийдің Тараз қалалық филиалында  несиелендіру бөлімі маңызды мәнге еи. Ол бөлім екі сектордан құралған. Олар шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру секторы мен жалпы несиелендіру секторы болып бөлінеді.   Несиелендіру бөлімінің қызметтерін былай топтастыруға болады: клиенттердің несие қабілетілігін талдау және жобаларға экспертиза жүргізу, жаңа клиенттерді тарту жұмыстарын атқару, клиенттерге кеңес беру, клиенттерді жаңа қызметтер туралы хабарландыру. Филиалдың концелярия бөлімі тікелей деректор мен деректор орынбасарына қызмет етеді. Оның негізгі міндеттері: кіріс құжаттары алғашқы өндеу шығыс құжаттарын қабылдау, есептік құжаттарды уақытылы ұсыну.

Қорытынды

Адам  ресурстарын  жоспарлау    мен    банк персоналын жоспарлау стратгеиялык баскарудың кұрамдас бөлігі. Егер адам ресурстарын жоспарлауды   жеке   алып      карастырсак,      оның   тиімділігі   аз,   себебі персоналды баскару саласында шешімдер кабылдауға банкті баскарудын мынадй бөліктері маркетингтік жоспарлау, стратегияльщ жоспарлау, қаржылық жоспарлау, каржылық мендежмент эсерін тигізеді. Банктік кызмет - нарык қажеттілігін маркетингтік зерттеу негізінде құрылған кәсіби интеллектуалдык өнім, оның негізгі максаты - пайда алу. Банктік қызметтер-қызметті көрсетуде күшті жеке персонификациялы кызметтер. Жалпы банктік кызметтер келесі қасиеттерден тұрады. Қызмет сапасының тұрактылығының кепілдемесінің және жинақталуының банктік қызметтер сферасын кызметтің жоғары тәуекелді сферасы деп саналады. Жаңа банктік кызметтерді көрсету ең жоғары тәуекелділікті кажет ететін шешім болып табылады. Әсіресе тәуекелді болып кызмет көрсетуге бейімделген индустрияға кызмет көрсету саналады, себебі бүл сферада бәсекелестермен мұндай кызметтер өнеркәсіптердің баска өндірістік салаларына карағанда тез ұдайы өндіріледі. Банк менеджменті деп - осы сферада кызмет ететін персоналдарды және жалпы банк кызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк ісін жүргізу тәжірибесімен нактыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне негізделеді. Банк менеджментінің мазмұнын келесілер кұрайды: жоспарлау, талдау, реттеу, бакылау. Отандык каржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынактары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек. Қаржылык реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте сырткы займдардын басым белігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер кұруға бағытталуы керек. Банктерді ашык немесе жасырын аффилирленген кұрылымдардан аулак ұстау кажет.

Банктердің тек кана банк кызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі калпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс. Менеджмент басқару қызметтің ерекше түріне айналды, экономикалық, өндірістік және басқа процестер күрделенгенде, барлық қоғамдық процесті қамтиды.

Барлық тікелей міндеті процеске белгілі бір тәртіп (орнату) енгізу, адамдардың біріккен қозғалыстарындың үйлесімділігіне жету болып табылады.

Менеджер — бұл нарык жағдайындағы фирма қызметінің накты түрлері бойынша шешім қабылдау саласындағы өкілетті және тұрақты кызмет аткаратын жетекшісі немесе басқарушысы.

Сонымен, менеджер — бұл нарықтык бәсеке жағдайындағы фирма алдында түрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлык жұмысшыларды үйымдастыруға қабілетгі, еңбекті басқару сішасында ғылыми білімі бар адам. Яғни, ол тек жай ғана басқарушы болмай. алдын-ала болжай алатын, адамдарды үйымдастыратын, олардын іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білу керек. Қысқаша айтканда, басқарушылық еңбек саласында маман болғаны дүрыс.

«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсак. онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім — бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділіғін және менеджерлердіи іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтюкелер аркыды ғана таразылауға болады.

Қандайда бір фирма болмасын жұмысына кірісетін жаңа менеджерге фирманың жоспарлы бағдарламасын жасап беруі керек. Ол жоспарды мына сауалдарға: «не істеу?» «қалай істеу?» «кашан істеу керек?» нақты жауап болғаны жөн. Жоспарды жасау —бұл тек қана алғашқы қадам. Егер менеджер көздеген нәрсені кәп жоспарлап және белсенділік танытып орындамаса, ең жаксы және әбден белгіленген жоспардың өзі қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін. Жетістікке жету үшін ол өзінің қарауындағылармен белсенді әрі мақсатгы бағытга Жұмыс жасауы керек. Бұл Жұмыстағы басты мақсат — әрбір жекелеген адамың «өз кілтін» таба білуде. Жетістікті бағааай отырып, оның белгілеген нәрсені артық әрі өте жақсы орындаудағы ынтасын және творчестволық қалыпын барынша қолдау кажет.

Банк менеджментінің негізгі құраушысы болып қаржы менеджменті табылады. Ол ұйымдастырушылық құрылымдар мен функционалды технологиялық жүйелердің жұмыс істеу режимдерінің оптималды құрудың әдістемелік негіздері мен рационалды талаптарды анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл жүйелер мен режимдер банктің қаржы операцияларын жоспарлау мен жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді жэне оның қойылған параметрлер бойынша тұрақтылығын үнемі ұстап тұрады. Сонымен, қаржы менеджментінің коммерциялық банктегі қызметі ақша ресурстарының құрылу мен пайдалану процестерін басқарумен тікелей байланысты.

Банк менеджменті - нарықтық экономика жағдайында банкті басқару -келесі негізгі қағидаттарды қолдануында жүзеге асырылады.:

  • Әр банкінің нарықтық қажеттіліктер мен сұранысына, банкке пайда әкелетін банкілік өнімдер мен қызметтерді ұйымдастыруына жэне клиенттердің сұранымына бағыттталу.
  • Оптималды нәтижелерге жету мен шығындарды азайту мақсатында банк қызметінің тиімділігінің жоғарлауына үнемі ұмтылу.
  • Нарық жағдайына байланысты банк программаларын, мақсаттарын және тапсырмаларына корректировка жасау.
  • Нарықтағы қызмет процесінде банктің және оның филиалдарының жұмыстың соңғы нәтижесін тексеру.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Андрюшин С.А., А.З. Дадашев Научные основы организации системы общегосударственного финансового контроля//Финансы. №4.2002.

2 Батракова Л.Г. Экономический анализ деятельности коммерческого банка. Москва, Логос, 1999.

3 Банковское дело Учебник. Под ред. Лаврушина О.И. Москва Финансы и статистика – 2000.

4 Банки и банковское дело. / Под редакцией порфессора Балабанова И.Т., Санкт-Петербург, 2000.

5 Банковское дело   Учебник. / Под ред. Белоглазовой Г.Н., Кроливецкой Л. П, Москва Финансы и статистика 2000.

6 Банковское дело. / Справочное пособие под Ю.Л.Бабижевой ,Москва. Экономика, 1993.

7 Банковское      дело./   Учебник   под   ред.   В.И.   Ковлесникова,   А.П. Кроливецкой, Москва Финансы и статистика, 2000.

8 Банковское дело  Учебник. Под ред. Лаврушина О.И.  Москва банк и биржевой научно-консультативный центр 1992.

9 Мақыш    Б.    Коммерциялық    банктердің    операциялары.    Алматы, Экономика, 2003.

10 Печникова А.В, Маркова О.М, Стародубцева Е.Б. Банковские операции. Москва.- 2007.

11 Банковское дело. Учебник/Под ред. О.И.Лаврушина. М.- 2004.

12 Банковское дело. Учебник/Под ред. Г.Г.Коробовой. М.- 2002.

13 Щербакова Г.Н. Банковские системы развизтых стран. М.- 2003.

14 Банковское дело. Учебник/Под ред. А.М.Тавасиева. М.- 2002.

15 Основы банковской деятельности. Учебник/Под ред. Тагирбекова К.Р. М.-2003.

16 Управление деятельностью коммерческого банка. Учебник/Под ред. О.И.Лаврушина. М.- 2005.

17 Банковское дело: современная система кредитования. Учебник/ Под ред. О.И.Лаврушина. М.- 2005.

18 Хамитов Н.Н. Банковский надзор и его эффективность. Алматы.- 2001.

19 Черник Д.Г. Основы банковской системы: Учебное пособие – М.: Финансы, ЮНИТИ, 2003

20 Основы банковского дела: Учебное пособие/Под ред. Ю.М. Ясинского. – Мн.: Тесей, 2002.

21 www. kaspi bank. kz

Похожие материалы