Экономика
Бір сағат ішінде Қытайдың басты индексі 2009 жылдағы рекордтық көрсеткішінен асты
Бүгінгі сауда-саттық соңында Қытайдың негізгі қор индекстері кешегі төмендеудің орнын толтырды. РБК сарапшылар мұндай өсу қарқынын АҚШ Федералды резерв жүйесіндегі бәс көтеріледі деген болжамдарға қатысты екендігін атап өтті.
Құлдыраған Қытай биржасының көрсеткіштері өсе бастады. Екі күнде 6%-ға құлдыраған Shanghai Composite негізгі қор индексі 3152 көрсеткішіне жетті. Ал бұл кешегі сауданың жабылу сәтімен салыстырғанда 4,89%-дан да жоғары және қыркүйек айындағы ең жоғарғы өсу көрсеткіші болды.
РБК Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып, осы жағдайдың 2000 жылдан бергі саудадағы ең қарқынды өзгерісі екенін хабарлайды.