Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Британия жұлдыздары Дэвид Кэмеронға ВВС-ді қорғау туралы хат жолдады

Британия жұлдыздары Дэвид Кэмеронға ВВС-ді қорғау туралы хат жолдады

Отызға жуық британдық танымал өнер иелері елдің премьер-министрі Дэвид Кэмеронға ВВС-ді қысқартулардан қорғау туралы ашық хат жазды. Бұл туралы ВВС-дің орыс қызметі хабарлайды.

Қол қойған 29 жұлдыздың ішінде актерлер Дэниел Крэйг пен Джуди Денч, жабайы табиғат туралы ең танымал бағдарламаның жүргізушісі Дэвид Аттенборо, жазушы, актер және тележүргізуші Стивен Фрай және Гарри Поттер туралы кітаптың авторы Джоан Роулинг бар.

Хат "британдық өмірдің орталығы болып қалған ВВС-ді" сақтап қалуға шақырып, "қысқартылған ВВС қысқартылған Британияны білдіреді" деп ескертеді. Бейсенбі күні ел үкіметі Британдық телерадиокорпорациясының реформалар жобасын жарияламақшы. Құжатта ВВС бағдарламаларының қысқартылуы туралы айтылған. Ал Кэмеронға жолданған хатта "ВВС-өте құнды институт" делінген. "Барлық ұйымдар тәрізді оның да кемшіліктері болады, бірақ көп жағдайда шығармашылық күш жақсылық әкеледі", - дейді хат иелері. Қол қойғандардың арасында танымал спорт комменататорлары Клэр Боулдинг пен Гари Линекер, Top Gear бағдарламасының жаңа жүргізушісі, атақты ди-джей Крис Эванс және Британиядағы ең танымал телешоудың жүргізушісі Грег Нортон бар. Олардың барлығы ВВС-дің жоғары табысты жұлдыздары болып есептеледі. ВВС-дің жылдық есебінде олардың жалпы жалақы қоры 2013-14 жылдардағы 194,2 млн фунттан (303,5 млн доллар) 2014-15 жылдардағы 208,4 млн фунтқа (325,6 млн доллар) өскендігі көрсетілген.

Похожие материалы