Экономика
Выбор редактора
Депутат көп дейді, «Самрұқ-Қазынадағылар» жоқ дейді
Маусымның басында Мәжілістегі отырыстардың бірінде депутат Тінекеев Ұлттық компаниялардың басшыларының жалақысын сынға алған болатын. Оның ішінде «Самрұқ-Қазына» АҚ басшылығы да бар. Тінікеев қор басшылығы жыл сайын бонустар мен сыйақыларды қосқанда 20-40 млн теңгеге дейін жалақы алады деген еді.
Ол сондай-ақ Ұлттық компаниялардың қызметкерлері үшін бассейніне дейін төленіп, 1,5 миллион теңгеге дейін айлық алады дегенді де айтқан.
Алайда бүгін Forbes Kazakhstan ұйымдастырған дөңгелек үстелде
Ұлттық қордың басшылығы жалақымыз аз, сол үшін тіпті жұмыстан кетуге дайынбыз деді.
informburo.kz-тің жазуынша қордың қаржы директоры Нұрлан Рахметов журналистерге берген сұхбатында қайта құрылымдаудан кейін жалақысы өспесе жұмыстан кетуге дайын екендігін айтқан.
«Мен бұл мәселені қарастырудамын. Иә, бұл шындық, кетемін» депті Рахметов журналистерге.
Рахметовтің айтуынша жалақы тақырыбы ол үшін өте үлкен мәселе екен.
«Бірнеше рет мамандарды ұстап қалудың мүмкіндігі болмаған кез болды. Маған келсек, бүгін нақты айттым: алты жылдан бері жалақым өскен жоқ. Мен қордың қаржы директорымын. Біз осы алты жылда акционердің әлеуетін үш триллион теңгеге өсірдік. Компанияның жарты жеке капиталы мен қызмет еткен кезде жасалды. Ал, менің нақты жалақым үштен бірге, бір жарым емсге азайды. Бұл әділетті ма, білмеймін», деді ол.
Нурлан Рахметов басқа шағын компаниялардың қаржы директорларының өзі жоғары жалақы алады деп атап өткен.
Ол бұл мәселені арнайы дөңгелек үстелде Өмірзақ Шүкеевке де айтып салыпты.
«Шындығына келсек, мен менеджер ретінде қазіргі жалақымен салыстырмалы түрде айтсақ, көбірек табыс таба аламын. Материалдық жағынан шығын үшін Өмірзақ Естайұлының алдына меніжұмыстан босату туралы мәселе қойдым. Жеке секторға кетіп, көбірек табыс тапқым келеді. Мүмкін Өмірзақ Естайұлы, қайта құрылымдаудан соң, жіберетін шығарсыз?», депті ол Шүкеевке қарата.
Оған жауап ретінде Шүкеев те қордағы жалақының аздығына шағымданған.
«Біз шындығына келгенде жалақымыздың көлемін көп болғандықтан жарияламаймыз. Мысалы мен біз адамдарды рекрутингтік компаниялар арқылы тартатындықтан жариялауға қорқамын. Олар жалақы көлемін көріп, бізбен сөйлеспейтін болады. Шынымен мен келгелі жалақы көтерілген жоқ. Одан бері үш жылдық инфляция өтті, девальвация болды. Шынымен, адамдар, Нұрлан маған «Бізге не істедіңіз? Сіз біздің материалдық жағдайымызды нашарлаттыңыз. Бізді жіберіңіз» дейді. Мен оларды тістеп жібермей отырмын», деді ол.
Бұдан кейін сөз алған қордың аппарат жетекшісі Ұлан Тәжібаев қор мен жеке нарықтағы компаниялардың жалақысының айырмашылығы 3,5-тен 11 есеге дейін екендігін атап өткен.
Сонда қор қызметкерлері қанша жалақы алады?