Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Dogan медиахолдингінің екі топ менеджері Гүленмен байланысы бар деген желеумен ұсталды

Dogan медиахолдингінің екі топ менеджері Гүленмен байланысы бар деген желеумен ұсталды

Түркиялық Dogan медиахолдингінің заң жөніндегі кеңесшісі Эрем Тургут Ючел мен бұрынғы директоры Яхья Юздиен Фетхуллах Гүленге қатысы бар деген желеумен тұтқындалды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Желтоқсан айында тура осындай айыппен аталған медиахолдингтің топ-менеджері Барбарос Муратоглу ұсталған. Dogan холдингі өкілдері БАҚ-на холдинг жұмысында өзгеріс жоғын, тоқтаусыз жұмыс істеп жатқанын айтқан. Алайда топ менеджерлерінің ұсталуы Dogan акцияларына әсер еткен сияқты. Стамбул биржасындағы Dogan акциялары 3,7%-ға, Hurriyet акциялары 5,1%-ға құлдыраған. Еске салайық, аталған холдинг құрамына Hurriyet газеті, Dogan ақпарат агенттігі мен CNN Turk телеранасы кіреді.

Похожие материалы