Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономикалық жүйе

Экономикалық жүйе

Кез келген экономикалық жүйе экономиканың негізгі үш сұрағын: не, қалай және кім үшін деген сұрақтарды шешеді. Әрбір экономикалық жүйеде экономиканың үш мәселесі шаруашылық жүргізу процесінде әр түрлі шешімін табады.

Осы заманғы әлемде экономикалық жүйелердің мынадай негізгі әр түрлі көріністері бар: дәстүрлі, нарықтық, әміршілдік және аралас жүйелері болады.

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестер жиынтығы. Ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады.

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

  1. Меншік типтері бойынша;
  2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.

Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені шешуді төмендегідей типтер арқылы бөледі:

а)  дәстүрлі экономика;

э) әкімшілдік-әміршілдік экономика;

б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;

в) қазіргі рыноктық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.

Технократиялық өркениет тұрғысына қарағанда, дәстурлі экономика даму дәрежесі төмен елдерге тән болады. Ол шынында экономикалық жүйенің бастапқы, тұңғыш типіне жатады, оның әр алуан түрі бар, өйткені салтқа, достүрге,. үлттық, мөдени, рухани тамырларға негізделеді. Бүңца меншіктің бірнеше түрлері мен формалары пайдаланылады. Осындай экономикаға тән бірнеше қасиеттерді атап өтейік: экономикалық іс-қимылдар бастапқы, ең жоғарғы байлық деп есептелмейді; индивид алдымен өзінің бастапқы қауымдасының мүшесі болып саналады; экономикалық өкімет саяси өкімет пен қосылған, бірге жүргізіледі.

Дәстүрлі экономика өте тұрақты келеді. Оны реформалау оңай шаруа емес. Бұүған дәлел, осы қоғамның табиғаты. Жеке адам әлеуметтік бірлестіктен бөлініп шықпаған жағдайда және экономикалық әрекеттер алғашқы нақты байлық деп мойындалмаған жағдайда, қоғамның тұрақтылығын сақтап қалу индивидті қорғау арқылы және оның осы статусын ұдайы өндіріп отыру арқылы жүзеге асырылады. Батыс типтес нарық экономикасына көшу дәстүрлі қоғамның тұрақтылығын күйретуге бағытталады. Бұның нәтижесінде тұрақтылықтың ескі шарттары құлдырап, жаңалары әлі жасалынбайды. Реформаны осылай жүргізу алдын ала оның нәтижесіз аяқталуына әкеліп соғады.

Патриархалдық жүйеде (дәстүрлі қоғамда) экономикалық тәртіптің барлық нормалары, тіпті өндірістің сандық параметрлері мен нақты игіліктерді бөлуге дейін, тұрақты өзгеріссіз делік. Олар экономикалық субъектінің белгілі бір бөлігі сияқты болады. Дәстүрлі қоғамға жаңа мүше кірген кезде экономикалық тәртіптердің нормалары мен ережелері оған қоршаған ортаның қуатты идеологиялық соның ішінде дін әсері арқылы белгіленеді. Ресурстарды, қызметтердің түрін және тағамдарды өндіріп, пайдалануда осы жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін дәстүрлердің рөлі өте зор. Дәстүрлі экономиканың осы жетістігі ең басты кемшілік болып табылады, себебі экономикалық тәртіптің нормасы мен ережелерінің өзгеруіне патриархалдық жүйе әрдайым өте көп қарсылық жасайды. Сондықтан, қандай да болмасын техникалық, экономикалық және әлеуметтік дамуда жетістіктер енгізу өте қиын.

Экономикалық жағынан нашар дамыған елдерде дәстүрлі экономикалық жүйе болады, Экономикалық жүйенің бұл түрі артта қалған технологияға қол еңбегінің кеңінен таралуына, экономиканың көп құрылымдылығына негізделеді.

Похожие материалы