Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Энергетика министрлігінің бюджетіне түзету енгізілді

Энергетика министрлігінің бюджетіне түзету енгізілді

ҚР Энергетика министрлігінің бюджеті 15,1 млрд теңгеге немесе 20,1%-ға түзетілді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.

"Ағымдағы бағдарламалар бойынша әкімшілік, іс-сапарлық, капиталдық шығындар, сонымен қатар ағымдағы шығындар 708,9 млн теңгеге түзетілді", - деп айтылады министрлік хабарламасында.

Бекітілген бюджет - 76 629,8 млн теңге.

Бұрындары белгілі болғандай, Қазақстанда мемлекеттік органдарды ұстауға жұмсалатын шығындар 2015 жылы 9%-ға немесе 103 млрд теңгеге оңтайландырылады.

Ақпарат көзі: kapital.kz 

Похожие материалы