Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Фармацевтер дәрі бағасын көтермейміз деген уәде бере алмаймыз дейді

Фармацевтер дәрі бағасын көтермейміз деген уәде бере алмаймыз дейді

Фармацевтер дәрі-дәрмек бағасын көтермейміз деген уәде бере алмаймыз деп отыр. Бұл жөнінде ҚР фармецевтика ісін қолдау және дамыту қауымдастығы президентінің орынбасары Марина Дурманова хабарлады. 

«Бізде дәріханалардың барлығы нарықтық экономикаға қарайды. Мемлекеттіктер тек ауруханаларда болғандықтан, бізде ешбір дәріханада қор жоқ. Барлығы қоймаларға байланысты. Әдетте, тек бір-екі күндік қор жасайтыны болмаса, көбірек жинамайды. Яғни, бір ай бойы ұстап тұратындай бізде қор жоқ. Сол себепті бағаны көтермейміз деген уәде бере алмаймыз», — дейді Дурманова. Меморандумда көрсетіліп, қауымдастық пен әкімдік келіскен 200 дәрі-дәрмектің бағасы жылдың соңына дейін сол күйі қалады. Сатылымда жүрген дәрілердің 50 пайызға жуығы шетелде жасалады. «Жартысы шетелден әкелінеді. Біз Жол картасында жоспарланғандай нарықтың 50 пайызын отандық өнім болуын қадағалаймыз», — деді ол. Осы жылдың 23 тамызында жүргізген мониторинг нәтижесінде елімізде дәрілер бағасының қымбаттауы анықталған жоқ. Тұрғындардан өтініштер мен шағымдар түскен емес. Сондай-ақ кәсіпкерлерге құны бекітілген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бағасын қайта бағалауға жол бермеу туралы хабарландырылған болатын.

Похожие материалы