Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Германияда алғашқы ислам банкі ашылды

Германияда алғашқы ислам банкі ашылды

Греманияда алғашқы ислам банкі қызмет көрсете бастады. Банк Майндағы Франкфуртте ашылды деп хабарлайды Deutsche Welle.

KT Bank AG банкі Кuveyt Turk Bank кувейт-түрік қаржы институтының еншілес фирмасы болып табылады. ГФР-да шамамен 4-5 млн мұсылман тұрады. Шариғат заңдарына сәйкес, KT Bank қару, ішімдік, темекі саудаларын қаржыландырмайды және үстіне пайыз қоспайды. Шағын және орта бизнес өкілдері, жылжымайтын мүлік сатушылар банктің тұтынушылары бола алады. Одан бөлек, KT Bank басшылығының айтуынша, банк алдағы уақытта Парсы шығанағы елдерінен инвестор тартуды жоспарлап отыр. Аталған қаржы орталығы әлем бойынша да, тіпті араб елдерінде де көп емес. Түркияда олардың көлемі барлық банктердің 5-7 пайызын құрайды. Десе де, мұндай нарық сегменті тек мұсылман елдерінде ғана емес, Еуропада да көбейіп келеді. Франкфуттан бөлек, KT Bank AG филиалдарын Кельн мен Дюссельдорфте де ашу жоспарланып отыр. Оған себеп - аталған жерде тұрғындардың басым көпшілігі мұсылмандар. Ақпарат көзі: ВестиФинанс

Похожие материалы