Экономика
Медиа
Google виртуалды редакция құрды
Google кәсіпқой журналистер мен әуесқойларға және өзіндік БАҚ құруға ұмтылған кәсіпкерлер үшін арналған News Lab сервисін құрды.Бұл туралы корпорацияның ресми блогында хабарланған. Әзірге сервис тек ағылшын тілінде ғана қолжетімді.
News Lab негізгі 3 блоктан тұрады: тақырып іздеу мен ақпарат жинақтаушы негізгі құрал Tools, нақты тақырыпқа қатысты іздеу жүйелерінің өтініштері мен қызығушылығын сараптайтын Google Trends және әлем бойынша барлық жаңалық ресурстарына сілтеме беретін Programs. Құрастырушылардың ойынша, ол жекелеген тілшілер мен бүтін редакциялардың жұмыс алаңы ғана емес, ақпараттық қоғамдағы тәжірибе алмасу болуы қажет.
Tools блогы материалды дайындау және ақпарат жинақтау кезінде қажет құралдарды біріктіреді. Мұнда сурет және географиялық карта бойынша Google-дағы және видео бойынша YouTube-тан кеңейтілген іздеу қызметі кіреді. Сондай-ақ блоктың жарияланған материалға Google Analytics арқылы аудитория редакциясын анықтайтын Optimize бөлімі және YouTube-тың аудиториясын сараптау құралдары бар.
News Lab Google жобаларына азаматтық журналистиканы дамыту бойынша енгізіледі. Алаңда кәсіби тілшілерге әуесқойлар түсірілген видеоны пайдалануға мүмкіндік беретін YouTube Newswire қызметі болады. Жоба 18 маусымда News Lab жұмысының қарсаңында басталды.
17 маусымда Google енді Google Trends-тің іздеу жүйелеріндегі трендтер өзгерісін шынайы уақытта жариялап отыратындығын хабарлады. Бүгінде сервис 28 елде жұмыс істейді, ал корпорация жақын арада оның географиясын кеңейтуге уәде берді.