Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Independent басылымы соңғы рет қағаз нұсқада жарық көреді

Independent басылымы соңғы рет қағаз нұсқада жарық көреді

Ресейлік кәсіпкер Александр Лебедевке тиесілі британдық The Independent басылымы соңғы рет қағаз нұсқада шығады деп жазады ВВС. Енді газет тек онлайн түрінде жарық көрмек.

Бұл Ұлыбританиядағы ірі басылымның 1995 жылдан бері алғаш рет жабылып, толығымен онлайн нұсқаға көшуі деп хабарлайды ВВС. The Independent газеті 1986 жылы ашылып, төрт жылдан кейін тиражы 400 мыңға дейін жетті. Бағыты - либералды-демократиялық. Саясат мәселесіне келгенде солшыл The Guardian және консервативті The Times арасындағы партиялық таңдаудан тәуелсіз басылым ретінде танылған. Тоқсаныншы жылдардан бастап қаржылай қиындықтарға тап болды. 2009 тиражы 184 мың экземплярға дейін төмендеді. 2010 жылы басылымды Александр Лебедев 1 фунт стерлингке сатып алды. Өткен жылы күн сайынғы тиражы 58 мыңға дейін төмендегендіктен, осы жылдың ақпанында редакция толығымен онлайн нұсқаға көшетіндігін хабарлады.

Похожие материалы