Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастыру (диссертация)
Қазақстан Республикасы экономикалық салаларын дамытудың негізгі бағыттарын анықтай отырып, экономикалық дамудың концепциясы және модельдерін таңдады. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде кәсіпорындардың тәуелсіздігін, олардың экономикалық және құқықтық жауапкершіліктерін, шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығы мәнінің өзгерісін негізге алды. Нарықтық экономика жағдайында мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық өмірінде күрделі өзгерістер жүруде. Қаржы жұмыстарын ұйымдастырудың бұрынғы тәсілдері жаңа тәсілдермен сәйкес келмеді, кәсіпорындардың қаржылық қызметтерінің алдына жаңа талаптар қойыла бастады. Оның маңызды себептерінің бірі экономиканың нақты секторларындағы реформаның «тежелуі». Мақта өңдеу кәсіпорындары басшылары мен менеджерлері алдында қаржы ресрстарын тиімді пайдалану мәселесіне көбірек көңіл бөліне бастады. Өйткені кәсіпорындар қызметін жоспарлауға алдын қолданылған көрсеткіштер мен процедуралардың, мысалы, өндірілген өнімнің көлемінің құнының өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы салдарынан жеңісті бәсекелестікке әкелмейтіндігі анықталады және бәсекелестердің пайда болуы дәстүрлі пайданы алуға кедергі келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар кей жағдайларда пайданы ең төменгі деңгейге дейін жеткізеді. Кәсіпорында басқару жүйесін жетілдіру, шығындарды төмендету, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануды басқарудың қажеттілігін кәсіпорын басшылары мен менеджерлері тез түсінеді. Бұл жерде туындайтын мәселе біреу ғана, ол осы шараларды қалай жүзеге асыру жолдарын қарастыруды талап ету, есептеу жолдарын жетілдіру. Өнімнің өзіндік құнын есептеу жолдарын жетілдіру, қолда бар қорылар бар жағдайында сатып алу көлемін қалай жоспарлау керек, қандай процестерді жетілдіруге ең алдымен қаражаттарды инвестициялау керек және т.б. осындай басты мәселелерді шешу диссертациялық жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып отыр. Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар. Мәселенің өзектілігі Қазақстанның жеке меншік иелігіндегі және өз қызметінің ерекше салалық, өндірістік және технологиялық ерекшеліктеріне ие, мақта тазалау өнеркәсібінің кәсіпорындары үшін оның жеткіліксіз жасалуымен күшейеді. Аталған жағдайлар диссертациялық зерттеу тақырыбы ретінде қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін мақта тазалау кәсіпорындарында ұйымдастыру, оның өзекті мәселелерін таңдауды анықтады. Диссертация тақырыбының зерттелу дәрежесі. Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді. Осы мәселелерге төмендегі қаржы ресурстары мен оны басқару мәселелеріне қазақстандық келесі ғалымдар өз еңбектерін арнаған: Джуманов А.М., Жуйриков К, Ильясов К.К., Касенов М.Р., Купешов Ш.К., Мельников В.Д., Мырзалиев Б.С., Сатыбалдин А.С, Сабден О.С., Отаров Э.К., Тажибаев С.Д. және т.б. Ресейдің келесі экономист ғалымдарының еңбектері де осы тақырыпты ашуға арналған: Большаков С.В, Балабанов И.Т, Докучаев М.В, Кочеткова А.И, Моляков Д.С, Родионова В.М., Сенчагов В.К, Стоянова Е.С, Уткин Э.А, Федотова М.А және т.б. Сонымен қатар ғылыми басылымдарда қаржы ресурстарының анықтамасы қаржы түсінігімен түсіндіріледі. Қаржыны басқару әлі де болса Кеңес Одағынан қалған тәсілдермен жүргізілуде, ал нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруға көп көңіл бөлу керек, өйткені қаржы ресурстарын басқарудың тиімді механизмін қалыптастырмай тұрып кәсіпорынның тиімді жұмысы туралы сөз қозғауға болмайды. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми зерттеу жұмыстың басты мақсаты - мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиімділігін кешенді зерттеу және оны басқарудағы негізгі мәселелерді анықтау мен бірқатар ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа сәйкес ғылыми зерттеуге мына міндеттері қойылды: • кәсіпорынның қаржы ресурстарының теориялық аспектісін зерттеу және оның қаржылық қызметіндегі мағынасын анықтау; • шаруашылық субъектілерінің қаржы ресурстарын тиімді басқару арқылы жоғарғы пайданы алу мен рентабельділікті көтеру жолдарын нақтылау; • мақта өңдеу кәсіпорынның жоғарғы пайдалалылыққа жету құрылымын оңтайландыру және оның қаржылық тұрақтылығын көтеруді анықтау, инвестициялық-инновациялық қызығушылығын арттыруды зерттеу; • мақта өңдеу кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқаруда тиімді саясатты қалыптастыруды жетілдіру және оны басқарудың тиімді механизмін дамыту; • қаржы ресурстарын және оларды пайдаланудың тиімділігін арттырудың жолдарын анықтау, ақша қаражаттары ағынын ұйымдастыруды жетілдіру; • мақта өңдеу кәсіпорындарында қаржысын жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру; • қаржы ресурстарының айналымын көтерудің ішкі резервтерін анықтауда экономико - математикалық тәсілді кеңінен қолдану. Зерттеу пәні болып мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын басқару есептелінеді. Зерттеу объектісі Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өңдеу кәсіпорындары болып табылады. Зерттеуге ақпараттық базасы болып ҚР заңдары, ҚР Президентінің нұсқаулары мен қаулылары мақта тазалау кәсіпорындарында 2000-2006 жылдар аралығындағы бухгалтерлік есептілік, статистикалық және нақты мәліметтер есептелінеді. Танымның диалектикалық тәсілі, жүйелі талдау, экономикалық талдау теориясы, экономика математикалық әдістер және т.б. зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі болды. Жұмысты зерттеу процесінде бухгалтерлік есептің стандарттары, өнеркәсіп кәсіпорындарында есепке алу мен есептілікті ұйымдастырудың нормативті құжаттары, сонымен қатар бухгалтерлік есеп және талдау облысындағы шетелдік және отандық ғалымдар мен мамандардың ғылыми еңбектерінің нәтижелері, кезеңдік басылымдардағы мақалалар, заңды актілер пайданылды. Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Қаржы ресурстарын басқаруды талдау кезінде көлденең тәсіл, тік тәсіл, коэффициенттер талдауы (салыстырмалы шамалардың), салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Диссертацияның ғылыми жаңалығы мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың мәселелерін кешенді, жүйелі зерттеу және оның экономикалық механизмін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша нұсқау беру. Ғылыми зерттеу жұмыстың аса маңызды жаңалығы төмендегіше: • кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың қалыптастырудың теориялық негіздері дамытылды; • нарықтық экономика жағдайында, бәсекелестік қабілеттілікті арттыруда, пайда алуды, рентабельділікті көтеруді ең жоғарғы деңгейге жеткізуде басты орынды алатын қаржылық ресурстарды басқаруды талдаудың методологиясы жетілдірілді; • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы жүйесінің ішкі резервтері анықталды; • қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға қатысты маңызды мәселелерді экономико - математикалық тәсілмен шешуде «Оптималды түсу» тәсілі мақта өңдеу кәсіпорындарында алғашқы рет қолданылды. Диссертациялық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы ондағы ұсыныстар мен нұсқаулардың төмендегі бағыттар бойынша қолданыла алатындығымен анықталады: • мақта өңдеу кәсіпорынның қаржы ресурстары бойынша ғылыми зерттеулерді одан әрі тереңдете отырып жалғастыру; • кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару процесінде ұсынылған механизмдерді пайдалану; • қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін анықтауда ұсынылған нұсқауларды пайдалану; Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі тұстары: • қаржы ресуртарын қалыптастырудың ішкі және сыртқы қайнар көздері; • мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқару саясатын қалыптастыру; • кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігі; • мақта өңдеу кәсіпорындарында ақша ағынын ұйымдастыруды жетілдіру; • кәсіпорындарда қаржылық ресурстардың айналымын көтеру жолдарын жетілдіру жолдары; • мақта тазалау кәсіпорындарында активтерді болжау мәселелерін шешу барысында экономика математикалық тәсілдерді қолдану.
Кіріспе бөлімінде зерттеу пәнінің ғылыми тақырыбының өзектілігі - қазіргі таңдағы Қазақстандағы мақта өңдеу кәсіпорындарының заман талабына сай және бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену жолындағы, бәсекелестік нарыққа шығару мақсатында өнім өндіруде кездесетін қиыншылықтардың ең бастысы ретінде кәсіпорынның қаржылық ресурстарға қажеттілігі есептелетіндігінен және оны ғылыми түрде шешу керектігінен көрінеді. Осы орайда зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталады, олардың ішіндегі қаржы ресурстарын ұйымдастырудың экономикалық механизмдері мен басқару тиіміділігін зерттеу маңызды орынды алады. Зерттеудің объектісі ретінде кәсіпорынның қаржы ресурстары алынған. Осы зерттеуге ақпараттық базасы анықталады, зерттеу тәсілі ашылады. Бірінші бөлімде шетелдік және отандық әдебиеттердегі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық мазмұны, мақсаты, тапсырмасы, принциптері ашылады да мақта тазалау кәсіпорындарының, олардың кәсіпорын қаржысын қалыптастыруға әсері, салалық, өндірістік, технологиялық ерекшеліктері негізінде зерттеледі. Екінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау, кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқару саясатын ұйымдастыру, қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін бағалау сұрақтары зерттеледі және осының негізінде оларды жетілдірудің әдістемелік және ұйымдастырушылық принциптері ұсынылады. Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруды жетілдіруде экономико математикалық тәсілдерді қолдану, ақшалай қаражаттар айналымын жетілдіру, сатушылар және тұтынушылармен есеп айырысуды ұйымдастыруды жетілдіру сұрақтары қарастырылады. Қорытындыда зерттеулердің нәтижелері келтірілген, мақта тазалау кәсіпорындарында қаржы ресурстарын басқарудың экономикалық механизмдері бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар беру негізделген. Зерттеу нәтижелерін апробациялау және жүзеге асыру. Диссертацияда қамтылған ғылыми зерттеудің нәтижелері «Нимекс» корпорациясы мен «Контал» ЖШС мақта өңдеу зауытындағы тәжірибелік қызметінде енгізуге қабылданған, сонымен қатар «Контал» ЖШС мақта тазалау кәсіпорнында апробациядан өтті. Диссертациялық жұмыстың негізгі ұсыныстары, келесі халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми–практикалық конференцияларда жарияланып, талқыланды: 1. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын тиімді басқару кезеңдерін құру.ҚазЭУ ХАБАРШЫСЫ, т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің ғылыми-қоғамдық басылымы, №5, маусым 2006 жыл, 97 – 101 б. 2. Қаржы ресурстарының экономикалық мәні мен қызметтері. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетенің ХАБАРШЫСЫ, №3 2006 жыл, 165 - 173 б. 3. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастырудың объективті қажеттіліктері мен жалпы принциптері. Экономика и статистика №1, 2007 жыл, 34 – 37 б. 4. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай ресурстарын болжау, Халықаралық ғылыми журнал, Қазақстан ғылыми әлемі, № 1, 2007, 123 – 129 б. 5. Некоторые проблемы решения финансовых ресурсов предприятий. Халықаралық ғылыми -техникалық конференция «Развитие розничного банковского бизнеса»,Ташкент, 11-12 мамыр 2007 жыл, 336 – 338 б. 6. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың принциптері. «Қазақстан Республикасы экономикасы-ның қаржы тетігін дамытуды жетілдіру- бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы/ Қ.Я.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті, Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 202 – 204 б. 7. Ауыл шаруашылығы саласының қаржысын басқаруды ұйымдастырудың маңызы. «Қазақстан Республикасы экономикасы-ның қаржы тетігін дамытуды жетілдіру- бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы/ Қ.Я.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті, Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 232 – 234 б. 8. Финансирование субъектов сельскохозяйственных предприятий. «Қазақстан Республикасы экономикасы-ның қаржы тетігін дамытуды жетілдіру- бәсекелестікке қабілеттілігінің айғағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы/ Қ.Я.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті, Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 230 - 232 б. 9. Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталын қалыптастыру және жетілдіру жолдары, “ Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы тетігін дамытуды жетілдіру – бәсекелестікке қабілеттілігіннің айғағы “ атты халықаралық ғылыми – практикалық конференциясы / Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универститеті, Шымкент институты, 24-25 қаңтар-2007 жыл, 93 – 94 б.
Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша барлығы 9 жалпы көлемдегі 2.80 б. жұмыстар жарияланды. Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Көлемі 147 бет.
Жұмыстың негізгі мазмұны Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары, объективті қажеттілігі мен мақта өңдеу кәсіпорындарының салалық, технологиялық, өндірістік ерекшеліктері және олардың қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруға тигізетін әсері сипаталады. Кез келген ғылыми жұмыс зерттеу пәнінің қалыптасу және даму тарихын зерттеуден, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою мен оны шешудің әртүрлі пікірлері мен тәсілдері келтірілген арнайы әдебиет пен кезеңдік басылымдармен танысудан басталады. « Қаржы ресурстары » мен « капитал» түсініктері арнайы экономикалық әдебиеттерде және кезеңдік басылымдарда, сонымен қатар кәсіпкерлік бойынша нұсқауларда еркін талқыланады. Категориялық аппаратты жетік игермеу қаржы жүйесі мен қаржы механизмінің түсінігін бұрмалауға әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, экономист-теоретиктер қарастырылып отырған категорияларды талқылаудың біріңғай жүйесіне әлі де болса келмеген. Осы орайда біз қаржы ресурстарының анықтамасын әртүрлі позицияда бағалап көреміз. Онда біз осы мәселе бойынша әртүрлі көзқарасты беретін, жалпы тенденцияларды анықтайтын методологиялық артықшылықтарға тоқталамыз. «Қаржы ресурстары» категориясына бір мәнді және негізделген талқылама жасау дегеніміз - оның қаржы қатынастарының материалды тасымалдаушысы ретіндегі, қаржы ресурстарына тән ішкі мазмұнын, кәсіпорынның қаражаттар айналымындағы олардың ролін, қызметтерін анықтауды білдіреді. Қаржы ресурстары категориясын қарастыру кезінде критерийлердің негізделуі есепке алынуы керек. Кәсіпорын экономикасы және қаржы бойынша арнайы әдебиеттерде қарастырылып отырған мәселенің негізгі үш жалпы ғылыми әдістемелік тәсілі кездеседі. Бірқатар экономистер қаржы ресурстарын анықтау кезінде негізгі кезең ретінде олардың айналыс шегін немесе нақтырақ айтқан кезде - олар объектісі болып саналатын, басқару деңгейін қабылдайды, олардың қатарына: мемлекеттің жалпы қаржы ресурстарын, кәсіпорын мен мекемемелердің қаржы ресурстарын және т.б. жатқызуға болады. Ғалымдардың келесі тобы қаржы ресурстарын критерий ретінде анықтауда олардың қалыптасуының қайнар көздерін таңдайды, ол жиынтық қоғамдық өнім. Олар қаржы ресурстарының көлемін анықтауда жиынтық қоғамдық өнімнен белгілі шығындарды, ең алдымен қарапайым қайта өндіріспен байланысты шығындарды шегеру тәсілін қолдануды ұсынады. Біздің пікірімізше, осы тәсілге қатысты бірқатар ескертулер жасаған дұрыс. Біріншіден, жиынтық қоғамдық өнім қаржы ресурстарын қалыптастырудың жалғыз қайнар көзі болып табылмайды. Екіншіден, бәрімізге белгілі жағдайдай, елдің экономикасындағы қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде ұлттық байлықтың бір бөлігі де қатысады. Сонымен қатар қаржы ресурстары құрылған құнның ақшалай формасын бөлу және қайта бөлу процесінің нәтижесінде қалыптасады, осы негізде кіріс пен түсімдердің белгілі формалары ерекешеленеді. Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект - меншік иесі болып табылады. Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «қаржы ресурстары деп - шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер». Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді. Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар - бұл меншікті акцияны және облигацияны және басқалай құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар - бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар. Ресурстардың үшінші тобы туралы айтқан кезде шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайына өту кезінде кәсіпорындар маңызды қаржы ресурстарын, ақшалай қаражаттарды сала ішінде қайта бөлу және бюджеттік қаржыландыру негізінде алатындығын айта кеткен жөн. Нарықтық қатынастарды қалыптастыру процесінде қайта бөлу тәртібінде құралатын қаржы ресурстарының құрылымында сақтандыру компанияларынан түсетін сақтандыру төлемдері үлкен рольді алады, ал одан кейінгі орынды бюджеттік қаржыландыру қайнар көздері алады. Қаржы ресурстары - кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы - несие жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар - деген анықтама беру толығырақ болады. Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез - келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурсының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді. Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы ресурстары мен капиталдың теңдігі болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікте қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері - міндеттемелер мен капитал сипатталады. Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың принциптері ретінде олардың өмір сүруіне тән ерекше формаларды түсінуі тән. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру олардың тиімділігін қамтамасыз етудің жалпы кешенінің негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары төмендегіше: 1. қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы; 2. мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары 3. кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу; 4. қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану; 5. қаржы ресурстарының сақталуы; Қаржы ресурстарының құрамы деп оларды құрайтын кірістердің жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген элменттерінің қатынасын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін. Біздің пікірімізше, қаржы ресурстарын анықтаудағы ең қолайлы негізгі принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілетін форма: амортизациялық аударым, жиынтық кіріс (пайда), айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б, сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі ролін нақты айқындау керек. Кәсіпорынның дамуына бағытталатын қаржылық ресурстар келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудын алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері (облигациялық заемдардан басқа); басқа заңды қайнар көздер (мысалы, кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары). Өзін өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен шығындармен шығаратын және әртүрлі объективті себептерге байланысты тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналдық тұрғын үй, жолаушылар транспорты, ауыл шаруашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Қаржылық жоспарлау - бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін оның барлық кірістері мен ақшалай қаражаттарының шығындалу бағыттарын жоспарлау болып табылады. Қаржылық жоспарлау жоспарлаудың тапсырмалары мен объектілеріне байланысты әртүрлі мазмұн мен бағыттағы қаржылық жоспарларды құру көмегімен жүргізіледі. Қаржылық ресурстарды жоспарлаудың мақсаты әртүрлі кәсіпорындарда әр қалай болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды жоспарлау қызметтеріне кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әртүрлі мән берілуі мүмкін. o Бюджет экономикалық болжау ретінде. o Бюджет бақылау негізі ретінде o Бюджеттік тапсырманың қойылу негізі. o Бюджет өкілетті делегатын жіберу құралы ретінде. Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты болады. Өте кіші кәсіпорындарда басқарушылық қызметтерді бөлу болмайды және басшылар осы мәселелердің барлығын жеке шешеді. Ірі кәсіпорындарда бюджеттерді (жоспарларды) құру бойынша жұмыстар орталықтандырылып жасалуы керек. Өйткені өндіріс, сатып алу, өткізу, жедел басқару және т.б. салаларында тәжірибесі мол мамандар бөлімшелер деңгейінде шоғырланған. Сондықтан бөлімшелерде болашақта жасалуы мақсатты болатын әрекеттер ұсынысы жасалынады. Кәсіпорындарда қаржылық ресурстарды жоспарлау туралы әдебиеттерде бюджеттерді (жоспар) құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі сызбасын ерекшелейді: break-down тәсілі бойынша (жоғарыдан төменге) және build-up (төменнен жоғарыға). Break-down тәсілі бойынша бюджетті құру бойынша жұмыстар «жоғарыдан» басталады, яғни кәсіпорынның басшылығы мақсаттар мен тапсырмаларды, оның ішінде пайда бойынша жоспарлы көрсеткіштерді анықтайды. Осыдан кейін көрсеткіштер бөлшекті түрде, кәсіпорынның құрылымының төменгі деңгейлеріне қозғалуы дәрежесіне байланысты бөлімшелердің жоспарларына қосылады. Build-up тәсілінде керісінше. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу бөлімшелері бастайды және осыдан кейін кәсіпорынның өткізу бөлімінің басшысы осы көрсеткіштерді біріңғай бюджетке (жоспарға) жинақтайды, ал ол осыдан кейін кәсіпорынның жалпы бюджетінің (жоспарының) құрамдас бөлігі болуы мүмкін. Break-down және build-up тәсілдері екі қарама-қарсы тенденцияны көрсетеді. Тәжірибеде осы тәсілдердің тек біреуін ғана пайдаланған дұрыс. Бюджетті жоспарлау мен құрастыру әртүрлі бөлімшелердің бюджеттерін координациялауды үнемі жүзеге асыруды қажет ететін ағымды процесс. Кәсіпорын жоспарлау мен бақылауды негізгі екі экономикалық облыста жүргізуі тиіс. Бұл жерде сөз оның қызметінің пайдалылығы (тімділігі) мен қаржылық жағдайы туралы болады. Сондықтан пайда бойынша бюджет (жоспар) пен қаржылық жоспар (бюджет) ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементтері болып табылады. Сапалы жоспарлау керекті қорларды уақытында ғана емес, сонымен қатар ең төменгі бағада табу болып табылады. Бұл үшін осы кезде оны ұсына алатын банкті табу, қорлардың қайнар көзін олар пайдаланылатын мақсаттармен салыстыру, әртүрлі қайнар көздерді баланстау керек, өйткені тек қана банк займдарына, акция шығаруға немесе кірістерден түсімдерге ғана арқа сүйеуге болмайды. Бөлшекті түрде, уақытты дұрыс таңдау қажет: акция нарығы жанданып тұрғанда акцияларды сату, есепті ставкалар жоғары болғанда қарыз алмау және т.б. Екінші бөлімде мақта өңдеу кәсіпорындарының қаржы ресурстарын басқаруды ұйымдастырудың талдауы қарастырылады. Оның ішінде басты назар аударатын нәрсе кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың қайнар көздерін талдау жүзеге асырылады. Қаржы ресурстарының құрылымы олардың түсу қайнар көздері бойынша анықталады. Кәсіпорын деңгейінде қаржы ресурстары көп жағдайда меншікті қайнар көздер - жалпы кіріс пен амортизация арқылы анықталады. Қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану екі формада жүргізілуі мүмкін: қор және қорлық емес. Өзінің функционалдық тағайындалуына байланысты орталықтандырылған қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі - ұлттық кіріс еңбек ақы төлеу қоры мен қоғамның таза кірісіне бөлінеді. Еңбекақы төлеу қаржы ресурстарын қалыптастырудың элементі ретінде қатысады. Қаржының қызметі процесінде еңбекақы қайта бөлінеді және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тартылады. Қайта бөлу формалары ретінде салықтар, бюджеттен тыс мемлекеттік қорларға төлемдер, мүліктік, зейнетақы және жеке сақтандыру қорларына ерікті жарналар қатысады. Таза кіріс толығымен, бірақ әртүрлі формада қаржы ресурстарының құрамына енеді. Таза кірістің барлық құрамдас бөліктері әртүрлі қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылады және қаржы ресурсының түрі болып есептелінеді. Жиынтық қоғамдық өніммен бірге орталықтандырылған қаржы ресурсының қайнар көзі ретінде ұлттық байлық та қатысады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының ұлттық байлық есебінен қалыптасатын негізгі элементтеріне төмендегілер жатады: амортизация, істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім, тұрақты пассивтер, әртүрлі мақсатты түсімдер және т.б. Амортизациялық аударымдар белгілі уақытта айналымнан кетеді және сол уақытта айналым қорлары аванстала отырып үнемі өнідірісте болады. Осы себептерге байланысты кәсіпорынның айналым капиталы қаржы ресурсы ретінде қарастырылмайды. Бірақ өндірістік-қаржылық қызмет нәтижесінде белгілі жағдайда кәсіпорында меншікті айналым қаражаттарының артық көлемі қалуы мүмкін, олар кәсіпорынның өтеулі қаражаттарының (айналым капиталы) жетіспеушілігін жабуға бағытталады. Меншікті айналым қаражаттарының артық көлемі айналымнан босаған қаражаттарды көрсетеді және қаржы ресурсының бір түрі болып саналады. Экономикалық тұрғыдан кәсіпорынның қаржы ресурстарын біздің пікіріміз бойынша негізгі үш топқа бөлу дұрыс болады: • меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстары; • қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар; • қайта бөлу есебінен түскен ресурстар. Меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар есебінен қалыптасқан қаржы ресурстарына төмендегілер жатады: • негізгі қызметтен түскен пайда, ғылыми-зерттеу жұмыстарының пайдасы, құрылыс-монтаж жұмыстарының пайдасы, қаржы операцияларының пайдасы, яғни ақшалай кірістердің бөлігі; • ақшалай түсімдер, оларға: амортизациялық аударымдар, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, азаматтардан түскен мақсатты түсімдер және түсімдердің басқалай түрлері жатады. Қаржы нарығында мобилизацияланған ресурстар меншікті акцияларды, облигацияларды және құнды қағаздардың басқалай түрлерін сату, сонымен қатар несие инвестициялары есебінен қалыптасады. Қайта бөлу есебінен түскен ресурстар - бұл пайда болған тәуекелдерді сақтандыру есебінен жабу, басқа эмитенттердің құнды қағаздары бойынша дивиденттер мен пайыздар, бюджеттік субсудиялар мен ресурстардың басқалай түрлері. Енді қаржы ресурстарын құрайтын элементтерді жеке - жеке қарастырып көрейік. Жалпы кіріс. Өндірістік категория ретінде жалпы кіріс - жалпы өнімнің өндіріс процесінде тұтынылған бөлігін шегергендегі бөлігі. Жалпы өнімнің осы бөлігінің ақшалай формада сипатталған құны - жалпы кіріс қаржы категориясы ретінде сипатталады. Қаржы категориясы ретінде жалпы кірістің мәнін анықтау кезінде оның өнімді өткізу процесінде түсімнің бұрын жүзеге асырылған еңбек шығындарынан асуы ретінде ақшалай сипатқа енетін, еңбекпен қайта құрылған құн екендігін айта кеткен жөн. Жалпы кірістен қосылған құн сияқты ақшалай категорияны ерекшелеу еңбекті керекті және қосымша деп бөлумен байланысты. Қосылған өнім - кәсіпорындарда жұмысшылардың қосымша еңбегі арқылы құралған және қоғамның таза кірісі ретінде болатын өнім. Қосымша өнім екі формада болады: натуралды-заттай және құндық. Тауар-ақша қатынасы жағдайында қосымша өнімнің құны ақшалай формада өткізіледі және жеке қаржы категориясы болатын ақшалай жинаққа айналады. Қоғамның таза кірісінің осы категориясының ерекше белгісі - оның бөлу айырмашылығында. Ақшалай жинақтардың өмір сүруінінің негізгі формалары: пайда, қосылған құн салығы, әлеуметтік және медициналық аударулар және т.б. Осыған байланысты жалпы кіріс жан жақты көрсеткіш және кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарының қалыптасу элементі болып саналады олар қаржылық міндеттемелерді орындауға, кеңейтілген қайта өндіріс пен жұмысшыларды экономикалық ынталандыру шығындарын жүзеге асыруға арналған. Өткізуден түскен түсім өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне жұмсалған шығындардың орнын толтырудың, ақшалай қаражаттар қорын құрудың негізгі қайнар көзі болып саналады, оның дер кезінде түсуі қаражаттардың айналымының үздіксіздігін, кәсіпорынның қызмет процесінің үздіксізідігін қамтамасыз етеді. Түсімдердің дер кезінде түспеуі қызметтегі іркілістерге, пайданың төмендеуіне, келісім міндеттемелерін бұзуға, айыппұл санкцияларына әкеледі. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекеленген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді. Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. 1 кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2003 жылы 176806 мың. теңгеге, 2004 жылы 503687 мың. теңгеге, немесе 11,6 %-ке, 29.7 %-ке, артқандығын көретін болсақ, ал 2005 жылы -965715 теңгеге -43.8 %-ке кемейгенін көріп тұрмыз. Бұл кәсіпорынның 2003 және 2004 жылдары әрі қарайғы дамуын көрсететіндігін, оның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды, ал 2005 жылы болса бұл көрсеткіштің құлдырағанын көрсетіп отыр. Алайда активтерді талдай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылдарда неге кебірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорыннын өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет, бұл мәселе бойынша түрлі көзқарастар кездеседі. Бірінші әдістеме бойынша оның құнына негізгі құралдардың, өндірістік қорлардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Анықтайтын активтер құрамына жоғарыда көрсетілгендерге қосымша, аяқталмаған күрделі қаржылар және қондырылатын жабдықтар құны қосылады. Бұл әдістеме кәсіпорындарда болып жатқан даму процесін әлдеқайда дәл сипаттайды. "Шаруашылық тәжірибесінін мәліметтері негізінде, өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің келесі шегі, яғни К„ > 0,5 қалыпты болып есептеледі" деп жазады А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин. Көрсеткіштердің мәні ең төменгі (қатерлі) мәннен аз болған жағдайда, кәсіпорынның есепті кезеңдегі қызметінің қаржылық нәтижелері. Екінші әдістемеде кәсіпорынның өндірістік потенциалын активтерді меншікті қаражат есебінен толықтыруға мүмкіндік бермейтін болса, өндірістік мақсаттағы мүлікті арттыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартқан жөн. Екінші әдістеме бойынша анықталған өндірісті потенциал құны біз талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда 2002 жылда - 612602 мың теңгені 2003 жылда 190086 мың теңгені құрайды, яғни 422516 мың теңгеге немесе 68.97 %-ға кемейген, ал 2003 жылда - 190086 мың теңгені 2004 жылда 13965 мың теңгені құрайды, яғни 17121 мың теңгеге немесе 9,0 %-ға кемейген, ал соңғы 2004 жылда - 13965 мың теңгені 2005 жылда 619561 мың теңгені құрайды, яғни 605596 мың теңгеге немесе 48,36 %-ға әскен. Баланс активтерінің жалпы құнындағы өндірістік потенциал үлесі есепті 2003 жылы 35,34 пунктке кемігенмен 4,98 %-ды құрады, бұл өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициентінің қалыпты мәніне сай келеді.