Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кредитті "жауып бергіш" алаяққа алданып қалған жағдайда не істеуге болады?

Кредитті "жауып бергіш" алаяққа алданып қалған жағдайда не істеуге болады?

Сәлеметсіз бе? Маған көмек керек. Күйеуім жұмыс жоқ, қысқарту болған соң таксист болып қызмет істеді. Солай жүріп өзімен жасты бір құрдасымен танысады. Кейін араласып жүріп, бір күні үйіне қоннақа барғанда белгілі бір банкте (белгілі себептермен бак атауы көрсетілмейді) күйеуімнің екі кредиті бар екенін, оны төлей алмай жатқанымыз туралы әңгіме арасында айттық. Содан оның әйелі аталған банкте менің танысым бар, 180 мың теңге берсең екі кредитті бірден жабады деді. Содан осыған сеніп, кредитті жабу үшін тағы 180 мың теңге кредит алып, жеке құжатымен бірге бердік. Алайда кредит те жабылмады, ақша да жоқ, 1 жыл болды. Әне береміз, міне береміз дейді. Хабарлассаң телефонын көтермейді, SMS жазады. Ақшаны берген кезде ақшаны алғаны туралы қолхатта жаздырып алмағанбыз. Милицияға барайық десек қолхат жоқ. Қазір менде, күйеуімде жұмыссыз. Бұған заң бойынша не істеуге болады? Қандай кеңес бересіздер? Ақшаны алғандардың көлік нөмірін, мекенжайын біліміз, бірақ екеуінің де фамилиясын білмейміз.

Аноним

Сәлеметсіз бе! Бұл жағдайда сіздерге, аталған адамдармен араңызда қолхат болмағанына қарамай қылмыстық іздестіру органдарына (полицияға) хабарласуыңызға болады. Аталаған азаматтардың, нақтырақ айтқанда сіздің сенімізге кіріп ақша алған әйелдің іс әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабында көрсетілген қылмыс санатына жатады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігінде төмендегідей көрсетілген:

Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену – мүлкі тәркіленіп, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қолхаттың болмауы арыз беруге кедергі емес. Қылмыстық іздестіру органдарының міндетіне осы қылмыстың орын алғанын дәлелдеп, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту кіреді. Сізден ақша алған адамның фамилиясы сізде болмағаны да, сіздің полицияға арыз өткізуіңізге кедергі емес.

Алайда сіз полицияға арыз жазып барғаныңызда, әдетте олар сіздің арызыңызбен жұмыс істегілері келмей, әр түрлі сылтау айтып, сізді шығарып салуға тырысады. Полицейлердің жұмыс істеуден жалтаруын сізге алдын ала ескерту ретінде айттық.

Басқа да түсінбеген сұрақтарыңызбен жұмыс күндері осы телефон арқылы хабарласа аласыз:8 701 887 55 81

Сұраққа жауап берген «Заң Ақиқат» заңгерлік компаниясының заңгері — Жанат Маликбаевич Бутинбаев.


Құрметті оқырман! Егер банктерге қатысты (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 700 973 8377 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.

Похожие материалы