Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz - Ұлттық банк екінші деңгейлі банктер мен "Қазпоштаның" және басқа да төлем жасайтын ұйымдардың клиенттері туралы ақпараттар жиналған бірыңғай база жасауды жоспарлап отыр.
Кез келген екінші деңгейлі банктердің интернет-банкингтеріне клиенттерді тіркеу мен индентификациялауға жауап беретін жүйе құрылмақ. Ол бір мемлекеттік органның құрамында болады, дәл қайсысында екені әлі белгісіз.
Ұлттық банк ЕДБ-ға таратқан хатта: «Банктің алшақтан қызмет көрсетуін дамытуда еі тиімді жолдың бірі - үшін қаржы жүйесіне алыстағы клиенттердің тұлғасын растайтын механизм енгізу. Мұндай механизмнің болуы клиенттердің, әсіресе, шалғай аймақтағы азаматтардың мемлекеттік және қаржылық қызметтерге қол жеткізуін жеңілдетеді", - деліген.
Банкирлердің өзі бұл идеяға күмәнмен қарайды.
-Біз бұл жоспармен таныспыз және оны өз арамызда "Bank ID" деп атаймыз, - деді "АТФ Банк" АҚ басқармасының мүшесі, атқарушы директор Сергей Коваленко. - Біздің ойымызша, Қазақстандағы ЖСН (тұлғаны растаушы идентификатор ретінде) мен Бірінші кредиттік бюро (кредиттік тарихты жинақтайтын тәуелсіз ұйым ретінде) секілді жүйелердің өзі жеткілікті. Жаңа технологияны енгізудегі қиындықтарды да естен шығармаған абзал. Себебі біздегі банктердің IT құрылымдары мен ІТ-қауіпсіздігінің даму деңгейі әртүрлі.
Ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандары да Ұлттық банктің бастамасына күдікпен қарайды.
-Ресей мен басқа да елдерде интернетте қолданатын индентификатор жүйесі жоқ. Сондықтан олар осындай механизмдерге жүгінеді, - дейді Ak Kamal Security-дің техникалық директоры Павел Карабиди. - Ал бізде мемлекет берген ЭЦҚ бар. Ол желі қолданушысымен жұмыс істегісі келген кез келген ұйымға мемлекеттің базасындағы ақпаратты ашып бере алады. Сонымен бірге кредиттік бюро да бар.
Карабиди жаңа жүйе енгізгенше, қазір egov пайдаланып отырған идентификация мен аутентификация жүйелерін дамыту қажет деп есептейтінін айтты. "Себебі ол қазірдің өзінде өзге жүйелердің қолданушыларына осы қызметтерді көрсете алады. Көбіне "Қазпошта" осы жүйені пайдаланады", - деді ол.