Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Министр: жаңа ипотекалық бағдарламаға жекеменшік банктер қатыспайды

Министр: жаңа ипотекалық бағдарламаға жекеменшік банктер қатыспайды

Алматы. 6 наурыз. 7kun.kz - «7-20-25» ипотекалық бағдарламасына  қатысуға жекеменшік банктерді мәжбүрлеу мүмкін емес. Бұл туралы ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.

«7 пайыздық ипотека банктер арқылы берілмейді. Үкімет пен Ұлттық банк арнайы компанияны құратын болады. Аталған компания арзан ипотеканы берумен айналысады. Мәселен, қазіргі кезде екінші деңгейлі банктерде ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 15-17 процентті құрайды. Ал жаңа компанияны Ұлттық банк субсидиялайды. Соның арқасында 7 проценттік ипотека беруге мүмкіндік болады. Аталған шара тұрғын үйдің сапасына кері әсерін тигізбейді», - деді Ж.Қасымбек.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның ипотекалық компаниясы жаңа бағдарламаға араласпайды. Аталған ұйым өз қызметін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалғастыра береді.

Министрдің айтуынша, бір аптаның ішінде Ұлттық банкпен бірге жаңа бағдарламаны іске асыру жоспары дайындалады. Аталған құжатта арзан ипотеканы берудің нақты жолдары көрсетіледі.

«Қазіргі кезде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі барлық ипотеканың жартысынан көбін алып отыр. Меніңше, жаңа компанияның келуімен бәсеке қыза түседі. Әлбетте, халық арзан ипотеканы асыға күтіп отыр. Компания құрылғаннан кейін адам кезегі де көбейді. Оны да жақсы түсінеміз. Алайда Мемлекет басшысы ипотека саласына бір триллион теңгеге дейін қаржы тартуды тапсырған болатын. Сондықтан жаңа бағдарламаны қарбалассыз іске асырылуы тиіс», - деп атап көрсетті Ж.Қасымбек.

 

Похожие материалы