Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Төребек Османов – қазақтан шыққан тұңғыш банкир

Төребек Османов – қазақтан шыққан тұңғыш банкир

Қазақ жеріндегі тұңғыш банк 1871 жылы Петропавлда қалалық қоғамдық банк деген атпен ашылды деген деректер бар. Бұл Ресейдің мемлекеттік банкінің бөлімшесі болса керек. Кейін бөлімшелер 1876 жылы Оралда, 1887 жылы Семейде, 1895 жылы Омбыда, 1912 жыл Верныйда ашылады. Бұлардың барлығы  «Орыс сауда-өнеркәсіп банкі» деп аталады.  Бұл банкте кім істеді, кім басқарды, бұл бөлек тақырып. Архив ақтару қажет. Қазақ жеріндегі тұңғыш банк тақырыбын қарастырып отырып тұңғыш қазақ банкир  туралы деректі көзіміз шалды. Онда тұңғыш қазақ банкирі Төребек Османовтың  қазақ жерінде банк саласын құруға атсалысып, басқарғаны туралы айтылады. Мысалы ол құрып, басқарған Өнеркәсіп банкі кейін КСРО тараған соң Тұран банкке, кейін Әлем банкпен бірігіп, Банк Тұран Әлем, кейін БТА-ға айналып, қазір жоқ болды.

Тұңғыш қазақ банкирінің өмірі

Төребек Османов 1893 жылы 3 мамырда Сырдария губерниясының Перовск қаласында дүниеге келеді. Алғыр бала ортамектепті, 1910 жылы қалалық училищені, кейін 1914 жылы Ташкентегі мұғалімдер семинариясын бітіреді.  1916 жылға дейін Ташкентуездінде мұғалім болады, әрі несие-жинақ серіктестігінде есеп жүргізуші болып істейді. 1916-18жылдары Ташкенттегі мемлекеттік банкте шағын кредиттер бойынша нұсқаушы-іс жүргізуші, бухгалтердің көмекшісіболыпеңбек атқарады. Бұдан кейін Түркхалкомқаржыда шағын кредит бойынша нұсқаушы болады. Сондай-ақ бірқатар уақыт Перовскідегі жұмысшы кооперативінің төрағасы болғаны туралы дерек бар.

Білімі мен білігі жоғары маман 1920 жылдан бастап жауапты қызметтер атқарады. Ақмешіттегі Халықтықеңбек комиссариатында комиссар ісін басқарушы, Тұтынушыкооперациясының басқарма төрағасы, Қызылордаоблыстық Атқару комитетінің мүшесі, Перовск аудандық ұйымының басшысы,  «Қосшы» қалалықодағының төрағасы болады.

1922 жылдың қыркүйегінен 1925 жылдың 5 қыркүйегіне дейін Ташкентте, Түркістан өңірлік тұтынушылар қоғамы одағының басқарма мүшесі, 1924-25 жылдары Түркауылодағының, Орталықодақ мекемесіне қарасты кеңес мүшесі болады.

1925 жылы бірнеше ай Ауылшаруашылығы кооперацияларының облыстық мекемесінің басқарма төрағасы болады. Дәл осы жылдың қазан айында  Өнеркәсіп банкінің Қазақ бөлімшесінің басқарушысы болып тағайындалады.

Арадабір жыл өткен соң 1926 жылдың қазан айында Қазақ өңірлік ауыл одағының  төрағасы болып тағайындалады. Банктегі қызметін де қоса атқарады.

Еңбек жолына қарап отырсақ жиі қызмет ауыстырған. Бірақ дәл сол кезеңде Қазақстан экономикасына жергілікті жерді жақсы білетін сауатты мамандар тапшы болғанын ескерсек, Төребек Османовтың қаржыға қатысы бар барлық жерге керек болғаны сөзсіз. Әрі ол қазақ, орыс, араб тілін жақсы меңгерген маман болады.

1927 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің басқармасы Төребек Османовты Қазақ Мемлекеттік өңірлік банкінің басқарушысы етіп тағайындайды. Бұл қызметте ол Төрехожинды ауыстырады. Тегіне қарасақ қазақ, бұл кісіде алғашқы банкирлерінің бірі болуы мүмкін. Османов бұл кезде Ауылшаруашылығы банкінің басқарма мүшесі еді. 1928 жылы 9 мамырда ол Қазақ ауылшаруашылық банкінің  төрағасы болып тағайындалады. Бұл банк 1930 жылы мамырда Бүкілодақтық ауылшаруашылығы Кооперативтік-колхоз банкі болып қайта құрылып, Төребек Османов басқарушы болады. Төребек бұл қызметте де ұзақ отырмайды. Желтоқсан айында ол Мемлекеттік банк төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Бұл қазіргі Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымы. Төребек бұл қызметте әлеуметтік сала, құрылыс, жедел сектор мен Алматы қаласы бойынша кредит секторына жауапты болады. Республикадағы экономикалық, қаржы,банк жүйесінің кеңеюімен өңірлерге басшылыққа білікті мамандар қажет болады. Мемлекеттік банк басқарушысы Прасловтың 1935 жылы 1 қаңтардағы Қаулысымен Төребек Батыс Қазақстан облыстық филлиалының басқарушысы болып тағайындалады. Оның Еңбек халық комиссариатындағы, Тұтынушы кооперациясындағы, Өнеркәсіп банкіндегі, Мемлекеттік банктегі, Ауылшаруашылығы банкіндегібасқарушылық қызметі мен Қазақстандағы ауылшаруашылығы, тұтынушылық кооперацияны ұйымдастырушылардың бірі болғаны ескеріліп өңірдегі жаңа филиалды құру тапсырылады. Бұл сенім ақталып 1,5 жылда Мемлекеттік банктің облыстық бөлімшесі ең үздіктердің бірі болады. Ауданорталықтары, колхоздар мен бөлімшелері, МТС-да қаржы мәдениетін қалыптастырып, Мемлекеттік банкке ақша салымдарын көбейтуге қол жеткізеді. 1936 жылы 20 маусымда Төребек Османов қайтадан Мемлекеттік банк төрағасының орынбасары болады. Бұл қызметте ол 1937 жылдың 16 шілдесіне дейін еңбек етті.

Лауазымды, жауапты қызметтеріне қарамастан ол елдегі қоғамдық өмірге дебелсене араласады.  Оның басшылығымен Түркістан өлкесі қазақстарының ауылшаруашылығы-кредиттік одағының «Қамқор» кооперативтік журналын шығады. Журналдың бірінші нөмірі 1925 жылы қазақ тілінде 55 бет болып, 1000данамен шығады. Төребек журналды шығарушы ғана болып қоймай, белсенді авторы болады. Оның «Қарақалпақ автономиялық ауылшаруашылығы кооперацияларының міндеті», «Түркістан қазақтары шаруа кооперацияларының қызығушылықтары», «Одақ ісі», «Кредит пен баланстың түрлері» атты мақалалары журналдың бірінші нөмірінде жарық көрген.

Ол сонымен қатар Ортаазияық университетте лекция оқиды, ТүркістанХалық комиссариатының Түркістан бонын (жерглікті ақша) айналымнан алу ісімен айналысатын уәкілетті адамы болады. Түрлі комиссиялардың мүшесі болады. Кеңестердің алтыншы Бүкілқазақ сьездінде КазЦИК мүшесі болып сайланады. «Игілік» қаржы одағын құру, ұйымдастыру жұмыстарына белсене араласады. Ауыл, аудандарда  сайлауды қадағалау ісіне қатысады. Төребектің атсалысуымен 1931 жылы Алматыда КСРО Мемлекеттік банкінің есеп-экономикалық техникумы ашылады.

Өкінішке қарай 1937 жылдың зобалаңы тұңғышқазақ банкирінің де өмірін жалмады. Ол 1937 жылы тұтқындалып,  РСФСР ҚК-нің 58 бабының 7,8,9,10,11 тармақтарына сәйкес қылмысты деп танылып, 4 қазан күні Алматыдағы НКВД жертөлесінде атылады. Әйелі Фатима Османованы да 1937 жылдың 16 қазаны күні тұтқындап, тоғыз жылға АЛЖИР-ге айдайды. Артында қалған қыздары Айткүл, Лаураны Алай өлкесіндегі Солошен ауданындағы балалар үйіне, кенжесі Зариманы Алматыдағы сәбилер үйіне өткізеді. 1958 жылы 20 мамырдағы Қаулымен Төребек Османов пен әйелі Фатима ақталады.  Бүгінде Қызылорда қаласындағы көшенің бірі тұңғыш қазақ банкирінің атымен аталады.

Дінмұхаммед Алдаберген

Похожие материалы