Экономика
Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрімен кездесті
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
Екі елдің түрлі саладағы ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін және екі елдің ұзақ мерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын айтты.
Ә. әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды.